Тақырыбы: Бата алғанның бағы бар.
Мақсаты: Оқушы бойына рухани адамгершілік,имандылық қасиеттерді
ұғындыру, дамыту. Бабалардан қалған ұлағатты,ғибрат аларлық
сөздерден өнеге алуға баулу.
Ата-бабаларымыздан қалған бай мұраны оқып,үйренуге
тәрбиелеу.
Психологиялық дайындық.
-Балалар, «ата» деп кімді
атаймыз?
-Отбасының
үлкені, ақсақал, қария,қарт
кісі.
-Үйде кімнің
атасы бар? Аты кім?
- Бата
дегенді қалай түсінеміз?
-Өнегелі
сөз,алғыс,тілек,өсиет.
-«Жаңбырмен
жер көгереді,батамен ел көгереді» деп халық батаны
«киелі сөз» деп жоғары бағалаған.
Сондықтан да қазақтар
ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақты батыр, билерден, шашасына
шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар
болған.
-Сіздерге аталарың қандай жақсы сөз, тілектер айтады немесе
қандай баталы сөз естідіңіздер,қандай алғыс
алдыңыздар?
«Үйінде атасы бардың берер батасы бар» дейді қазақ. Бата-
қарт адамның ризалық сезімін,өсиетті ой тұжырымдарын,жақсы
тілектерін білдіреді.
Н.Айтовтың«Алтын сөз» өлеңін оқып
беру.
Қайырлы болсын қадамың,
Білімге қанат басқаның.
Сөмке асынып арқаңа
Мектеп есігін ашқаның.
Білімнен бақыт табармыз
Өсе берсін санамыз.
Балаларым
дарын бол,
Сөнбейтұғын
жалын бол!
Жақсы оқып,ер
жетіп,
Қатардан
асқан ғалым бол!
Әумин!
-Ата сіздерге
не айтты?
-Бата
берді
-Батаны
кімдер береді?
-Қарт
кісілер,ақсақалдар.
-Бата
беретіндер: көпті көрген құрметті ақсақалдар,ауызды
билер,өз ісінің хас шебері.
Батаны халық
арасында жас болса да бас боларлық жолы, жөні бар адам
береді. Ер адамдар отырғанда әйел адам бата бермейді.
Егер әйелдер арасында сөз
білетін ер бала отырса, оған бата беруге болады. Бата көбінесе өлең
түрінде болып келеді.
«Ата сөзі-бата сөз» деп ата-бабамыздың нақыл сөздері мен
ақыл сөздерін,өрнекті өсиеттерін қастерлей қабылдап,жадымызда
сақтайық.
Бұл қасиет ұлттық әдептілік деп
аталады.
-Балалар,үлкен кісілер батаны қандай мерекелерде береді деп
ойлайсыңдар?
Осы біз білетін бата түрлері қалай беріледі екен, соған
тоқталсақ.
Наурыз тойында:
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ
мол болар.
Ұлы кісіден
бата алсаң
Сонда олжалы
жол болар .
Әумин
!
Дастарқанға бата:
Сұрасаң бата
берейін
Үстем болсын
мерейің.
Ықыласпен қол
жайсаң
Ақ тілекті
төгейін.
Дастарқаның
мол болсын!
Абыройың зор
болсын
Абзал досың
көп болсын
Берген батам
сол болсын.
Әумин
!
-Міне,балалар,батаның бірнеше түрлеріне
толталдық.Негізгі бата-халықтікі,ал лебізді бата-халықтың арман
тілегі,келешекке деген үміт-сенімі.
Көрініс
«Әдепті балалар».
-Осы
көріністе әже мен ата балаларға қандай баталы сөздер
айтты?
Өркендерің
өссін!
Қадірлі
азамат болыңдар!
Алла
жарылқасын!
Ізетті,инабатты,иманды
болыңдар!
Өмірлерің
ұзақ болсын!
Көргендерің
қызық болсын!
-Осы бата
тілекті не үшін айтты деп ойлайсыңдар?
-Балаларға
риза болғаннан.
-Көмектескені
үшін.
-Қарт
кісілерді сыйлағаны үшін.
Қорытынды.
Баталы құл –
арымас,
Батасыз құл –
жарымас.
Батаменен ел
көгереді
Жауынменен жер көгереді – дейді
дана халқымыз.
Бата халықтың рухани күш алатын
құдіретті сенім күші және жақсылықтың бастауы. Ол ел сенімін
ақтайтын абзал азаматтарға, таланты жастарға, көптің жүгін
көтерген, адамдарға, жас сәбиге, немесе үлкендер жақсы ісіне риза
болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақалдардың ақ
тілегі, әрі өмірлік жолдамасы. Батаны біл жамағат!,-деп тәрбие
сағатын аяқтаймыз.