Берекелі отбасы
Мақсаты: – студенттерге жақсы тәрбие беру мақсатында берекелі отбасы тақырыбанда тәрбие сағатын өткізіп, отбасының құндылықтары - ең қымбат ұғым екендігін түсіндіру.
Көрнекілігі: слайд, ұлағатты қанатты сөздер,берекелі отбасы тақырыбында бейнероликтер
Түрі: ZOOM платформасы арқылы онлайн түрінде, офлайн форматта
Шараның өту барысы:
-
Кіріспе сөз.
-
«Отбасылық құндылық» ағашымен таныстыру.
-
Отбасы жайлы ұлағатты қанатты сөздер.
-
«Отбасым» өлең жолдарын оқып беру.
-
«Берекелі отбасы» бейнероликті тамашалау.
Тәрбие сағатын Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылы 8 қыркүйекте алғаш рет өткізілген «Отбасы күні» атты мерекесінде сөйленген сөзінен бастаймыз:

«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады»,
Н.Ә.Назарбаев
2) «Отбасылық құндылық» ағашымен таныстыру.
Берекелі отбасы ұғымын терең түсіну үшін отбасылық құндылықтар ағашымен танысып өтсек:

Отбасылардың басты мақсаты бақытты ғұмыр кешу. Адамдар некеге тұрғанда көптеген жанжалдарды бастарынан өткереді. Бірақ олар өз қателерін кешіріп, қайта бірге болады. Оларды біріктіретін құндылық тәрбиелік отбасылық құндылықтардың бірі болып табылады. әрбиелі отбасылық құндылықтарға құрмет, естеліктер жатады.
Қоғамды танып-білу қоғамда тіршілік етіп жүрген адамдарды танудан басталады. Ал, адамдардың адамдық қасиеттерін танып-білудің бірден-бір жолы – олардың өмір сүрген ортасы, яғни отбасы және сол жерде алған тәлім-тәрбиесі. Осы орайда, ізгі және имани тәрбие алған адам – өнегелі, иманды жанұяның ізгі жемісі екені сөзсіз.
Отбасы дегеніміз – адам баласының жанына жақын әлеуметтік ортасы, сондай-ақ ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың асыл мұрасы. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ата-анасы және отбасы мүшелері оны алғаш рет өмірмен, өзін қоршаған ортамен және мінез-құлық нормаларымен таныстырады. Демек, бұл баланың келешекте саналы азамат болып өсуіне негіз болатын баспалдақ. Жанұя – бірлігі жарасқан орта, бала тәрбиесіндегі басты ұжым.
3) Отбасы жайлы ұлағатты қанатты сөздер.
«Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп Абай атамыз бекер айтпаған.

Бұл дегеніміз, отбасы – адамзат ұрпағы үшін еш нәрсемен салыстыруға жатпайтын алтын діңгек, қасиетті өмірлік мектеп. Мектеп деп баланың ақыл-парасаты мен ой-өрісін жетілдіретін тәлім-тәрбие алатын ұжымды айтамыз. Бұл жерде өмірлік мектеп рөліне отбасы, ошақ қасы ие болып отыр.
Отбасының бақ-берекесі имандылықтан, ал имандылық иманнан бастау алады. Осыған байланысты имандылық болашақ ұрпаққа имани тәрбие беруге, дәстүрлі рухани құндылықтар мен салт-дәстүрді дәріптейтін отбасында тамырын жаяды. Бүкіл дүниежүзінде орын алып жатқан қатыгездік, азғындық пен мейірімсіздік – иманы жоқ тәрбиенің нәтижесі. Имансыз қалған адам – бақылаусыз қалған адаммен тең. Бұл жайында көрнекті ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлы «Он екінші қара сөзінде» былай деген: «Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды, ықыласымен өзін-өзі аңдып, шын діни шыншылдап жаны ашып тұрмаса, салғырттың иманы бар деп болмайды». Расында да, бойына имандылықты жинап өскен адам өмірде ешқашан аяғын шалыс баспайды.
Нақты айтқанда, отбасының берекесі барша адамзатты адагершілікке, адалдыққа, мейірімділік пен парасаттылыққа жетелейтін бірден-бір жол – имандылықтан басталады. Сондықтан да қазіргі таңда жас ұрпақты тәрбиелеп отырған қазыналы ата-әжелеріміз, ата-аналарымыз неғұрлым иманды болса, жастарымыз соғұрлым ибалы болары анық.

Әрбір шаңырақ ұрпақты болсын, ырысты болсын,
ырысы жұртқа жұғысты
болсын!
Н. Ә.
Назарбаев
Әйел өзін сенімді сезінген жерде отбасы да
берік, балаларының болашағы да
жарқын.
Н. Ә.
Назарбаев

Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек өзіңіздің
ата - аналық қуанышыңыз үшін ғана тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің
отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ
қайраткер және болашақ күрескер өсіп
келеді.
А. С.
Макаренко
-
«Отбасым» өлең жолдарын оқып беру.
Отбасы-ол,Отаным бақ мекені,
Хақ тағала қияды ақ некені.
Отбасы-бір мемлекет шағын ғана,
Одан ұлы елдер де қап кетеді.
Отбасы тату бір ел тұнып тұрған,
Қамқор ата-аналар билік құрған.
Анаң мейір-шапағат нұр төгуші,
Əкең қамқор қолдаушың,алып тұлғаң.
Бауырларым мақсаттары ұштасқан,
Жұлдызы боп жайнайды түнгі аспан.
Сағынысып бір-бірін іздейді олар,
Əуелі өзгелерді бір құшпастан.
Əкең бақыт,береке бастамасы,
Жүрегі шаңырақтың астанасы.
Əкеміз бола білсін Ұлы патша,
Балалар болсын оның жас қаласы.
Ыстық ұя ұйытқысы ғазиз ана,
Анадан туылады небір дана.
Жүрегінің төрінде біздер бармыз,
Жүректен орын алсын асыл ана.
Тəрбиенің бастауы ыстық ұя ,
Біз құрақпыз,ата-ана бір
дария.
Ғылым білген ғалым да тағзым етер,
Отбасы,ошаққасы,ол-жанұя.
Том тарихты ақтарсаң Абай өскен,
Шаңырақтан жылылық желдей ескен.
Тəрбие мен бірліктің туы биік,
Татулық шықпасыншы үнемі естен.
Ұлт рухының айнасы саналатын,
Ол жаңарса мемлекет жаңаратын.
Отбасының байлығы ата-ана,
Қадірлейміз олардың ғазал атын!

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты, Берекелі отбасы

шағым қалдыра аласыз