Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағаты "Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы" пікіралмасу
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тәрбие сабағының тақырыбы: Біріккен Ұлттар
Ұйымының құрылуы
Сабақты оқытудың
мақсаттары:
Білімділігі: |
Студенттерге Біріккен Ұлттар Ұйымы, оның құрылуы, мақсаты туралы толық түсіндіру |
Дамытушылық: |
Студенттерге тақырып бойынша өз бетінше іздену, зерттеу, шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыру, ой өрісін, қабілетін дамыту. |
Тәрбиелік: |
Студенттерге Отан сүйгіштік сезімді қалыптастыру және оларды өз Отанын қорғауға дайын болуға тәрбиелеу. |
Сабақтың әдісі: |
сұрақ-жауап, топтастыру, пікіралмасу |
Оқулықтар\әдебиеттер: |
Әдеби оқулықтар |
Құрал –жабдықтар: |
оқу құралдары, кесте, суреттер, буклеттер. |
Жоспар:
1.БҰҰ-ның құрылу тарихы, мақсаттары, міндеттері, қағидалары, оған мүшелікке өту мәселелері.
2.БҰҰ-ның құрылымы.
3.Қазақстан Республикасы – БҰҰ-ның мүшесі.
Негізгі ұғымдар: Біріккен Ұлттар Ұйымы, халықаралық ұйым, БҰҰ Бас Ассамблеясы, Қауіпсіздік Кеңес.
Кіріспе
Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің талқылағалы отырған өзекті тақырыбымыздың бірі- Біріккен Ұлттар Ұйымы.
Қазіргі заманғы әр түрлі халықаралық денгейдегі қауіпсіздік құрылымдармен кепілді байланыстарды орнату және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның көпбағытты және баланс-танған сыртқы саясатының принциптеріменен келісіп, оның ұлттық қауіпсіздік мүдделеріменен сәйкес келеді.
Қазіргі уақыттағы ең беделді, әрі күрделі құрылымды халықаралық ұйымдардың арасында 1945 жылы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының саяси салмағы басым. Қазақстан Республикасы үшін БҰҰ – мен бірлесіп әрекет етуі – еліміздің сыртқы саяси қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Еліміз бұл ұйымға 1992 жылдың 2 Наурызында өткен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 46 сессиясындағы нөмір 46/224 резолюциясының қабылдануының нәтижесінде кірген.
Еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымында осыншама қысқа уақытта мүше болғанына қарамастан, Қазақстан әлемдік қауымдастыққа сәтті кіргеннен басқа, ондағы әсер етуші елдердің қатарына қосылуға да үлгерген. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының бірнеше халықаралық конвенциялары мен келісімдерге қосылып, олардың шарттарына сәйкес өзінің әр түрлі ұлттық бағдарламаларын шығарып, оларды сәтті іске асыруда. Бұл еліміздің қалыпты әрі қауіпсіз жағдайларда дамуына әсер етеді.
Ал енді балалар, бүгінгі қарастырып отырған тақырып аясында өз ойларыңды ортаға салыңдар.
Сымбат:
Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы
Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына енгендігі – біздің еліміздің әлемдік қауымдастыққа шынайы тәуелсіз мемлекет ретінде кіргендігін көрсететін маңызды тарихи акция болып табылады.
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына әлемдік қауымдастықтың қарапайым ғана жаңа мүшесі ретінде емес, ядролық қарусыздандыру қозғалысының алдыңғы қатарында тұратын, қазіргі кездегі маңызды халықаралық мәселелерді шешудегі белсенді жақты ұстанатын мемлекет ретінде кірген. 1991 жылы Семей ядролық полигонының Жабылуы мен 1992 жылғы Лиссабон Хаттамасына қосылуы – Қазақстанға үлкен бедел әкеліп, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының жоғары трибунасынан халықаралық қауіпсіздік саласындағы өз бастамаларын жариялауға моральды құқықты қамтамасыз еткен.
Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан делегациясының алғашқы қатынасқан халықаралық форумы – 1992 жылы өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 47 сессиясы болды. Аталған сессияда Қазақстанның халықаралық саясаты жөнінде елбасымыз Н.Ә.Назарбаев сөз сөйлеген. Сөзінде ол Азиядағы Ынтымақтастық пен Сенім Шаралары жөніндегі Кенестің шақырылуын ұсынып, Қазақстанның экологиялық зардап шеккен аймақтары туралы баяндама жасаған.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстан өкіметінің қарусыздандыру облысындағы белсенді рөлі мен бұл саладағы барлық халықаралық келісімдерге жолын ұстаушылықты өте жоғары бағалады.
Біздің еліміз Орталық Азиядағы бейбіт сақтау мен қауіпсіздік саласына өте үлкен маңыз беріп, бұл аймақта ядролық қарудан бос зонаны құруға атсалысады. Біріккен Ұлттар Ұйымы осы бастаманы асыруға Қазақстанға барынша көмек көрсетуде.
Мунира:
1. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ)-құрамына 192 мемлекет кіретін әмбебап халықаралық ұйым. Құрылып қалыптасқалы бері БҰҰ ұдайы даму үстінде. Бүгінгі таңда оның мүшелерінің 2\3сі бір кезде отарлық тәуелдікте болған, қазіргі кезде даму жолындағы мемлекеттер. Дегенмен, Біріккен Ұлттар Ұйымы абсолютті мінсіз ұйым емес. Бұл ұйым 1945ж. 51 мемлекетті біріктіріп, бүгінгі күнге дейін өз құрылымын сақтап қалды, мүшелерінің үш еседей артуына қарамастан, өз жұмысында бәз баяғы рәсімін қолданып келеді. Бүкіләлемдік ұйымның барлық қызметі бір проблеманы шешуге бағытталған: ол-өзіне мүше әрбір мемлекеттің ұлттық мүдделері мен тұтастай алғандағы халықаралық бірлестік мүдделерінің арақатынасын шешу. Осы негізгі проблема шеңберіндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін үш негізгі бағытқа бөлуге болады:
-
- халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау;
-
- БҰҰ-ның әлемді қайта қалыптастырудагы күнделікті әрекеттері
-
- Адамзаттың болашағын халықтар арасындағы ғаламдық ынтымақтастықты реттеу арқылы жоспарлау немесе болжау.
1945 жылы 24 қазан БҰҰның құрылған күні болып есептеледі. БҰҰға алғашында 51 мемлекет мүше болды. БҰҰға мүшелікке өтудің талаптары мынадай:
-
- мемлекет тәуелсіз, бейбітшілікті сүйгіш болуы тиіс
-
- мемлекет жарғылық талаптарға орай өзіне міңдеттемелерды жүктеуі тиіс;
-
- мемлекет өзіне жүктелген міндеттемелерді орындай алады және орындағысы келеді.
-
БҰҰның мақсаттарына мыналар жатады:
-
- халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау;
-
- бейбітшілікке қауіп келтіру мен басқыншылық актілерінің алдын алу және жою үшін тиімді шараларды қабылдау;
-
- халықаралық дауларды немесе оқиғаларды бейбіт құралдары арқылы шешу.
-
-халықтардың теңқұқылық және өзін-өзі басқару қағидасының негізінде халықтардың достық қарым-қатынасын дамыту;
-
-экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық дауларды шешу барысында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру
-
- осындай ортақ мақсаттарға жету жолында ұлттар әрекеттерін үйлестіру орталығы болу.
БҰҰ өз қызметін жүзеге асырғанда мынадай қағидаларды басшылыққа алады:
-
- Ұйымның барлық мүшелерінің дербес теңдік қағидасы;
-
- өздеріне жүктелген міндеттемелерді адал орындау қағидасы;
-
- туындаған дауларды бейбіт құралдармен шешу қағидасы;
-
- күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасы:
-
- БҰҰ-ның Жарғыға сәйкес атқаратын барлық әрекеттеріне барынша көмек көрсету қағидасы;
-
- БҰҰ-ның мүшесі болып табылмайтын мемлекеттердің БҰҰ қағидаларына сәйкес әрекет етуін қамтамасыз ету қағидасы, себебі ол бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға қажет болуы керек;
-
- мемлекеттердің ішкі құзіреттеріне жататын істерге БҰҰ-ның қол сұқпаушылық қағидасы.
Бексұлтан:
2. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымы. Әмбебап халықаралық ұйымның құрылымы алты басты органнан және қажетті қосалқы органдардан тұрады. БҰҰ-ның басты органдары мыналар: Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, ОПЕК жөніндегі кеңес, Халықаралық Сот және Хатшылық. БҰҰ-ның артықшылықтары мен иммунитеттері туралы 1946 ж. 13 ақпанындағы Конвенцияға сөйкес, БҰҰ заңды тұлға болып табылады; жылжитын және жылжымайтын мүліктер алады; мүліктерге билік етеді; сотта іс қозғайды. БҰҰ-ның өкілдері басты және көмекші органдардағы конференцияларда өздерінің қызметтік міндеттемелерін атқарғанда және мәжіліске бару-келу кезінде артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады. БҰҰ-ның лауазымды адамдары сот жауапкершілігіне тартылмайды және қазыналық, кедендік артықшылықтарды пайдаланады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы өзінің қызмет ету кезеңінде бірінші орындағы бейбітшілік пен қауіпсіздік проблемаларына назарын жете аударып келеді. БҰҰ-ның бейбітшілік операциялары бейбітшілік туралы келісімдерді орындауға көмектеседі, қол жеткізілген татуластықты, әскери әрекеттердің тоқтатылуына көмектеседі. БҰҰ-ның өз армиясы жоқ. Бітімгершілік миссияларын жүргізу үшін оған мүше-мемлекеттер ерікті негізде әскер мен жасақ береді. Арнайы бітімгершілік бюджетінен оларға белгілі бір өтемақылар төленеді. Бітімгершілік миссияларын Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері құрайды және айқындайды. БҰҰ-ның барлық мүше-мемлекеттері бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау тәуекелін бөліседі. 1945 жылы 110 мемлекет өздерінің персоналдарын әкелді; ағымдағы бітімгершілік операцияларына ең көп әскерді Пәкстан, Бангладеш, Иордания, Польша, Ресей Федерациясы және Канада берді. Бітімгершілік операцияларына бұл ұйымға мүше емес мемлекеттер де қатыса алады. Мысалы, Швейцария бітімгершілік үшін ақша, тікұшақ, медициналық және өзге де жабдықтар беріп келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы ірі көлемді конференциялар жүргізеді. Соның арқасында ұлттық және халықаралық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар белсенді әрекет етеді; ұлттық саясатты айқындау үшін халықаралық стандарттар мен нормаларды бекітеді; жаңа ұсыныстарды талқылауға және консенсусты іздеуге мүмкіншілдік туады. БҰҰ қызметінің тиімділігін арттыру үшін Бас Ассамблея арнайы сессиялар өткізеді. Мәселен, ірі көлемді конференциялар қатарына БҰҰ-ның қоршаған орта және даму жөніндегі 1992 ж. Рио-де-Жанейро конференциясын; 1993 ж. маусым айындағы адам құқықтары жөніндегі Бүкіләлемдік Вена Конвенциясын; 1994 ж. Каирде өткен халық саны және даму жөніндегі халықаралық конференциясын; 1995 ж. Копенгагаенде өткен әлеуметтік даму жөніндегі Бүкіләлемдік басқасуды; 1995 ж. Пекинде өткен әйел құқықтары жөніндегі Төртінші Бүкіләлемдік конференцияны; 1996 ж. Стамбулда өткен елді мекендер жөніндегі БҰҰ-ның Екінші конференциясын жатқызуға болады. БҰҰ аясында жүйелеу мәселелерінде үлкен маңызы бар бірқатар кептарапты халықаралық келісімдер жасалды. БҰҰ-ның құрамында үкіметаралық келісімдер негізінде құрылған автономды халықаралық ұйымдар бар, олар түрлі салаларда кең көлемді құзыреттерге ие. Бұл ұйымдар Мамандандырылған мекемелер деп аталады, олар Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес арқылы БҰҰ-мен тығыз байланысты. БҰҰ-ның орталық штаб-пәтері – Нью-Йоркте (АҚШ), еуропалық бөлімдердің штаб-пәтерлері Женевада (Швейцария) және Венада (Австрия) орналасқан. БҰҰ-ның жұмысын 5 жыл мерзімге сайланатын, бірақ сайлауға екі реттен артық түспейтін Бас хатшы басқарады. БҰҰ тарихынан бері жеті Бас хатшы сайланған. Бүгінгі күні БҰҰ-ның ең үлкен лауазымды тұлғасы – 2007 жылы сайланған Пан Ги Мун.
Камила:
Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ, Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. Құжат бес тілде – орыс, ағылшын, қытай, фран¬цуз және испан тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталмыш конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны ратификация¬лауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдастықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр.
1944 жылы тамыз-қазан аралығында АҚШ-тағы Вашингтонның маңындағы Думбартон-Окста КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Қытай мемлекеттері өкілдерінің конференциясы болып өтті, онда болашақ Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Жарғысы дайындалды. Бірақ конференцияға қатысушылар БҰҰ-ның маңызды органы - Қауіпсіздік Кеңесінде дауыс беру рәсімі туралы келісімге келе алмады.
1945 жылдың бас кезінде Қырымдағы Ялтада антигитлерлік коалиция мемлекеттері басшыларының конференциясы болды, оған И.Сталин, Ч.Черчилль, Ф.Рузвельт қатысты. Конференцияда әскери және саяси сипаттағы көптеген мәселелер талқыланды.
Жадыра:
Біріккен Ұлттар Ұйымы бірегей халықаралық ұйым болып табылады. Оның негізін Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, елдер арасындағы достық қатынастарды дамыту мен әлеуметтік прогреске көмек көрсетуге, өмір сүру мен адам құқығы саласындағы істің жағдайын жақсартуға арналған бағытты жақтаушы болып табылатын 51 елдің өкілдері қалады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының күшіне енуінің бір жылдығы — 1945 жылғы 24 қазан күні — 1948 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы күні ретінде тойланады. Дәстүр бойынша ол әлемде Ұйымның жетістіктері мен мақсаттарына арналған мәжілістер, пікірталастар мен көрмелер ұйымдастырумен атап өтіледі.
Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 2 наурыздан бастап (БА 46/224 қарары) Біріккен Ұлттар Ұйымының толық қанды мүшесі болды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстандағы өз жұмысын 1992 жылғы 5 қазанда Президент Назарбаевпен сол кездегі БҰҰ Бас Хатшысы Бутрос Бутрос Гали арасында келісімге қол қойылғаннан кейін 1993 жылдың басында бастады.
Ернат:
Бас Ассамблея – сессиялық орган. Сессиялардың 3 түрі бар: кезекті, арнаулы және төтенше. БҰҰ БА-ның кезекті сессиясы жыл сайын қыркүйек айының үшінші сейсенбісінде шақырылады. Арнаулы сессия, егер Қауіпсіздік Кеңесі, БҰҰ-ның көпшілік мүшелері немесе арнаулы сессияны шақырту туралы талапқа БҰҰ-ның бір мүшесінің қосылғандығы туралы ұйымның көпшілік мүшелері хабарлаған кезде кез келген мәселелер бойынша шақырылады. Мұндай сессиялар сессияны шақырту туралы талапты Бас Хатшы алғаннан кейін 15 күн ішінде шақырылады. Ал төтенше арнаулы сессиялар БҰҰ Бас Хатшысы Қауіпсіздік Кеңесінен келіп түскен және Кеңестің кез келген 9 мүшесінің дауысымен мақұлданған, БҰҰ-ның көпшілік мүшесі талап еткен немесе БҰҰ-ның көпшілік мүшелерінің БҰҰ бір мүшесінің осындай шақырту туралы хабарларын алғаннан кейін 24 сағат ішінде шақырылады. Төтенше сессиялар мынадай жағдайларда шақырылады: біріншіден, бейбітшілікке қауіп төнсе; екіншіден, бейбітшілік бұзылса немесе басқыншылық актісі жасалса және егер Қауіпсіздік Кеңесі оның мүшелері вето қағидасына сәйкес бір пікірге келе алмағандықтан, тиісті шараларды қабылдай алмаған жағдайда.
БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі – (БҰҰ ҚК) – Біріккен Ұлттар Ұйымының бас органы, оның құрамында 15 мүшесі бар, оның ішінде бесеуі тұрақты мүшелері – Ресей, АҚШ, ҚХР, Франция, Ұлыбритания; 10-ы – тұрақсыз мүшелер, олар екі жыл мерзімге мынадай квотаға сай сайланады: 3 орын – Африка мемлекеттері, 2 орын – Азия мемлекеттері, 2 орын Латын Америкасы елдері, 2 – Батыс Еуропа, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия мемлекеттері, 1 – Шығыс Еуропа мемлекеттері. Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің құқықтық негіздері БҰҰ Жарғысының V тарауында айқындалған. БҰҰ Жарғысына сәйкес, Қауіпсіздік Кеңесі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау үшін басты жауапкершілік жүктелген тұрақты әрекет ететін орган болып табылады.
Ердаулет:
БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері халықаралық ұйымдардың ерекше тобына жатады және оның Біріккен Ұлттар Ұйымымен ерекше құқықтық байланысы бар. БҰҰ Жарғысының 63-бабына сәйкес, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес – 57-бапта көрсетілген мемлекеттердің кез-келгенімен тиісті мекеменің ұйымымен байланысын айқындайтын келісімдерді жасауға уәкілетті, БҰҰ-ның басты органдарының бірі.
Бүгінгі таңда БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің тобына мыналар кіреді:
1. Халықаралық Еңбек ұйымы (ХЕҰ)
2. БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО).
3. Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі бүкіләлемдік ұйым (ЮНЕСКО).
4. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДСҰ).
5. Бүкіләлемдік Банк – Халықаралық Даму және Қайта құру Банкі (ХДҚБ).
6. Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА).
7. Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК).
8. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ).
9. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО).
10. Бүкіләлемдік Пошта Одағы (БПО).
11. Халықаралық Электрбайланыс Одағы (ХЭО).
12. Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйым (БМҰ).
13. Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО).
14. Бүкіләлемдік санаткерлік меншік ұйымы (БСМҰ).
15. Халықаралық ауылшаруашылық даму қоры (ХАДҚ).
16. Өндірістік және даму жөніндегі БҰҰ (ЮНИДО).
Жоғарыда аталған БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің тізбесі, оның қызмет ету саласының әртүрлілігін дәлелдейді.
Лаура:
Қамқоршылық жөніндегі Кеңес. Қамқоршылық жүйесін қадағалау үшін құрылған. Халықаралық бақылау жүйесі бұрын мандатпен басқарылған елдердің (Ұлттар Лигасының мандат жүйесі) тәуелді аумақтарын басқару үшін құрылған болатын. Қамқоршылық жөніндегі Кеңес Бас Ассамблеяның (85-бап, 87-баптың 2-тармағы) жетекшілігінде, сондай-ақ қажетті жағдайларда Қауіпсіздік Кеңесінің (83-бап) басшылығында әрекет етеді. БҰҰ Жарғысының 91-бабына сәйкес, «Қамқоршылық жөніндегі Кеңес керекті жағдайларда Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің көмегін және мүдделі болған жағдайларда тиісті мәселелер бойынша мамандандырылған мекемелердің көмегін пайдаланады». Бас Ассамблеяның басшылығымен әрекет ететін Қамқоршылық жөніндегі Кеңестің негізгі міндеттері мен өкілеттіктері басқарушы билік ұсынатын мәселелерді, есептерді қарастырудан, петициялар қабылдаудан және оларды қараудан, басқарушы билікпен кеңесе отырып, қамқоршылықтағы тиісті аумақтарды аралаудан, басқарушы билікпен келісілген мерзімдерде қамқоршылық жөніндегі келісім талаптарына сай әрекеттерді жүзеге асырудан тұрады (БҰҰ Жарғысының 87-бабы).
Назгул:
БҰҰ Халықаралық Соты бас сот органы ретінде құрылған, БҰҰ құрылымындағы бас органдардың бірі. БҰҰ Халықаралық Соты БҰҰ Жарғысының ажырамас белігі болып табылатын Халықаралық Сот Статутына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады. БҰҰ Жарғысының XIV тарауының 92-96-баптары Халықаралық Соттың қызметі туралы мәселелерді қарастырады. 92-бапта Ұлттар Лигасының аясында әрекет еткен Халықаралық Статут «Халықаралық әділ соттың Тұрақты Палатасының Статутына негізделген» деп белгіленген.
БҰҰ Жарғысының 93-бабына сәйкес, «Ұйымның барлық мүшелері Халықаралық Сот Статутының қатысушылары іpso facto болып табылады». Ұйымның мүшесі болып табылмайтын мемлекет қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысы бойынша Бас Ассамблея әрбір жағдайда жеке-жеке айқындайтын талаптарда Халықаралық Сот Статутының қатысушысы бола алады. Халықаралық Сот азаматтыққа тәуелсіз сайланатын тәуелсіз судьялар алқасынан тұрады. Судьялар өз елдерінде жоғары сот лауазымдарына қойылатын талаптарға жауап беретін тұлғалар ішінен немесе халықаралық құқық саласында беделді, танылған заңгерлердің ішінен сайланады. Халықаралық Сот Бас Ассамблея және Қауіпсіздік Кеңесі 9 жылға қайта сайлану құқығымен сайлайтын 15 мүшеден тұрады. Әрбір үш жыл сайын Соттың 5 мүшесі қайта сайланады. Бір мемлекеттің екі азаматы Халықаралық Соттың мүшесі бола алмайды. Халықаралық Сот төрағаны, вице-төрағаны және хатшыны үш жыл мерзімге сайлайды. Соттың құрамын басты өркениет нысандарының өкілдері мен әлемнің негізгі құқықтық жүйелерінің өкілдері қамтамасыз ету керек деген Халықаралық Сот Статутының 9-бабы ережелерінің маңызы зор. Сот – Гаагада орналасқан. Судьялар қызметтік міндеттерін орындау кезінде дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады.
Хатшылықтың қызметкерлері мамандарға, дала қызметіндегі қызметкерлерге, жалпы қызмет көрсету қызметкерлеріне және шаруашылық-техникалық қызметкерлерге бөлінеді. Мамандарға лауазымды тұлғалар жатады, техникалық қызметкерлер құрамына хатшылар, машинисткалар, курьерлер және өзге де жұмысшылар кіреді.
Хатшылыққа жұмысқа қабылдау екі түрлі жалдау арқылы жүзеге асырылады: тұрақты шарт негізінде (зейнет жасына жеткенге дейін) және уақытша шарт негізінде (хатшылық қызметкерлерінің 30%-ы осы жалдау түрімен қабылданады).
Сымбат:
Біріккен Ұлттар Ұйымы әрекет етіп келе жатқан кезеңдерден бері, мынадай тұлғалар Бас хатшы лауазымында болды:
1.Трюгве Ли (Норвегия) – 1946 ж. ақпаннан 1953 ж. сәуіріне дейін. Норвегияның мемлекеттік қайраткері, дипломат, заңгер. Ол империализм саясатын жүргізді. Корея соғысы кезінде ол бет-бейнесін ашып алды, онда Трюгве Ли АҚШ пен оның Кореядағы одақтастарының интервенциясын (басқа бір елдің ішкі өміріне зорлықпен қол сұғу) ақтаған еді.
Бексултан:
2.Даг Хаммаршельд (Швеция) 1953 ж. сәуірден 1961 ж. қыркүйегіне дейін. Швед мемлекеттік қайраткері және дипломат. Ол дарынды адам және іскер дипломат еді. Д. Хаммаршельд Африкадағы әуе апатында құпия жағдайда қайтыс болған. Ол Африкаға Конго дағдарысы кезінде катангалық сепаратистермен келіссөз жүргізу үшін барған болатын. Нью-Йорктегі Ист-Ривер көшесіндегі БҰҰ-ның бас ғимаратының алдында оған ескерткіш орнатылған. Даг Хаммаршельд 1961 ж. Нобель сыйлығына ие болды (өлгеннен кейін).
Камила:
3.У Тан (Бирма) 1961 ж. қарашадан 1971 ж. қарашасына дейін. Бирмалық дипломат. Д. Хаммаршельд қайтыс болғаннан кейін 1961 ж. қарашасынан бастап уақытша міндетін атқарушы болды. У Тан қызметі халықаралық ортада кеңінен танылды, ол отар елдер мен халықтарға тәуелсіздік беруді қызу қолдап, бейбіт қатар өмір сүру қағидасын жүзеге асыруды, даулар мен жанжалдарды келіссөздер жүргізу арқылы шешуді жақтады.
Мунира:
4.Курт Вальдхайм 1972 ж. бастап БҰҰ-ның бас лауазымды қызметінде болып, екі рет сайланды. Австрия мемлекеттік қайраткері дипломатиялық мемлекеттің барлық сатыларынан өткен тәжірибелі дипломат. К.Вальдхайм Бас хатшы ретінде үшінші рет жұмыс істеуге дайын екендігін білдіріп, БҰҰ тарихында қызықты факті ретінде қалды. Алайда, көптеген және түрлі сайлау рәсім оған жеңіс әкелмеді. Кейінірек К. Вальдхайм Австрияның Президенті болып сайланды.
Жадыра:
5.Перес де Куэльяр Хавьер – перуандық мемлекеттік қайраткер, 1981-1991 жж. Бас хатшы болған. Аймақтық дау-жанжалдарды шешуге, адам құқықтарын қорғауға үлкен үлес қосты.
6.Бутрос Гали Бутрос(Египет) 1991 ж. желтоқсан айында осы үлкен лауазымға сайланды. Бас хатшы ретінде бір рет сайланған.
Ердаулет:
7.Кофи Аннан (Африка, Гана мемлекеті) – 1997 ж. сайланған, 2001 жылы Нобель сыйлығына ие болды.
8.Пан Ги Мун – (Оңтүстік Корея) 2007 ж. 1 қаңтардан бері БҰҰ-ның қазіргі бас Хатшысы.
Сымбат:
Лауазымдық қызметіне кірісер алдында, Бас Ассамблеяда ант берудің маңызы зор, оның мазмұны төмендегідей болып келеді: «Мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы міндетін бар ынта-жігеріммен, саналылығыммен атқаруға, осы міндеттерді орындауға және өзімнің тәжірибемді Біріккен Ұлттар Ұйымының мүдделеріне сай айқындауға, өз міндеттерімді орындау барысында Біріккен Ұлттар Ұйымына қатысы жоқ қандай да бір үкіметтің немесе биліктерден нұсқаулар алуға немесе қабылдауға ұмтылмауға салтанатты түрде ант етемін».
Қорытынды
Қазіргі уақыттағы ең беделді, әрі күрделі құрылымды халықаралық ұйымдардың арасында 1945 жылы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының саяси салмағы басым. Қазақстан Республикасы үшін БҰҰ – мен бірлесіп әрекет етуі – еліміздің сыртқы саяси қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Еліміз бұл ұйымға 1992 жылдың 2 Наурызында өткен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 46 сессиясындағы нөмір 46/224 резолюциясының қабылдануының нәтижесінде кірген.
Еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымында осыншама қысқа уақытта мүше болғанына қарамастан, Қазақстан әлемдік қауымдастыққа сәтті кіргеннен басқа, ондағы әсер етуші елдердің қатарына қосылуға да үлгерген. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының бірнеше халықаралық конвенциялары мен келісімдерге қосылып, олардың шарттарына сәйкес өзінің әр түрлі ұлттық бағдарламаларын шығарып, оларды сәтті іске асыруда. Бұл еліміздің қалыпты әрі қауіпсіз жағдайларда дамуына әсер етеді.
Еліміздің осындай деңгейге жетуі – елбасымыз бен отандық дипломатияның ілгерішілді жүргізілген сыртқы саясатының нәтижесі.