Материалдар / Тәрбие сағаты: «Бұрымды қыз»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: «Бұрымды қыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Шаш күтімі туралы кеңес беру.Халқымыздың ұлттық қыз,келіншектердің шашына тағатын сәндік бұйымдары туралы түсініктерін кеңейту. Халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу. Мектеп оқушыларына арналған сәнді шаш өру үлгілерін үйрену.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2023
1249
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты: «Бұрымды қыз»

    Мақсаты:  Шаш күтімі туралы кеңес беруалқымыздың ұлттық қыз,келіншектердің шашына тағатын сәндік бұйымдары туралы түсініктерін кеңейту. Халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу. Мектеп оқушыларына арналған сәнді шаш өру үлгілерін үйрену.

Көрнекіліктер: видеороликтер, мақал –мәтелдер, шарлар,шашбаулар,

шашқа тағатын әшекейлер, суреттер, т.б.

Тәрбие әдіс-тәсілдері: өнеге-үлгі, түсіндіру, сұрақ-жауаптар.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1-жүргізуші:  –Армысыздар, аяулы ұстаздар, сыныптастар!

2-жүргізуші:  – Қайырлы күн қадірлі қонақтар! Бүгінгі «Бұрымды қыз» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріппе-ең мұндай түрін?

деп ұлы Абай жырлағандай, халқымызда қыз-келіншектің көркі– шаш, шаштың сәні– шашбау, шолпы, шаштеңге, шашқап.

2-жүргізуші: -Әрбір ата-ана қыздарын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіруді парыз деп санаған және қыздың ар-ұятының сақшысы бәріне жауапты екенін еш уақытта есінен шығармаған.Сондай-ақ ерте замандағы Қыз Жібек, Баян сұлу т.б. қазақ қыздары ерекше сұлу болған. Себебі, олар өз сұлулықтарын сақтап, қос бұрымын бұландатып жүрген. Халық ауыз әдебиетінің мына өлең жолдарымен өз ойымды сабақтай кетсем деймін:

Желкілдеген тұлым менен бұрымды,

Кие тұтқан ата-бабам бұрынғы.

Жаңартайық дәстүрлерін қазақтың

Жас ұрпаққа бүгін таңда білімді.

Ұзын шаштың әр талына бақ қонған,

Киесі оның тайдырмаған нақ жолдан.

Қазақ қызын жөргегінде әлдилеп,

«Алтын, Қара, Сұлушаш» деп ат қойған.

(С. Мұсаев «Қазақтың қыздары»)

1-жүргізуші: -Назарымызды «Шаштың қуаты мен киесі» бейнебаянға аударайық.(бейнебаян көру)

1-ші оқушы: - Қазақ халқы шаш күтімін, яғни оны тарауды, өсіруді, өруді үлкен тәрбие мектебі деп түсініп, «Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», - деп жырға қосады. Біздің данагөй ата-бабаларымыз, мейірімді ақ әжелеріміз ежелден-ақ: «Шаштың киесі бар», – деп айтып кеткен. Олардың ақыл-кеңесі бойынша, шашыңның бір талын да кез келген жерге тастауыңа болмайды, оны құс ұясына салуға алып кетсе, бас ауруына тап боласың. Қазір ғалымдар бұл сөздің астарында ақиқаттың жатқанын анықтап отыр. Олардың пайымдауынша, адам шашы ғарыш энергиясын қабылдайтын антенна. Бұл ғылыми тұрғыда дәлелденген ақиқат.Яғни, шаш өзін қоршаған ортамен хабар алмасып тұрады. Ғалым- дардың сөзіне назар аударсақ, антеннаға шаштың сыртқы ғана емес, ішкі құрылысы да ұқсас.

2-ші оқушы: - Адам ағзасын зерттеуші мамандардың айтуынша, әр адамның басында 90 мыңнан 150 мыңға дейін шаш өседі екен. Орта есеппен шаш күніне – 0,33 мм, жылына – 12 см, адамның бүкіл ғұмырында 7,6 метрге дейін өседі екен. Күніне әр адамның басынан 30-дан 120-ға дейін шаш түседі. Адамның шашы 15 пен 30 жас аралығында өте тез өсуге бейім келеді. Шаштың өсуі 50 жастан кейін тежеле бастайды. Тағы бір қызығы, шаш қыс мезгіліне қарағанда, жазда жақсы өседі екен. Шаш қылының мықтылығын алюминиймен салыстыруға болады. Сондай-ақ шаш дымды тартып алғыш келеді. Ер адамдардың шашы 2 жыл, әйел адамдардың шашы 4-5 жылға дейін өсуі мүмкін. Сары шаштылардың шашының талы көбірек, қалың болып келеді екен. Оларда шамамен 150 мың тал шаш болады. Ал қара шаштылардың шашы сұйық болғанымен, есесіне шаштарының қылы жуан болады. Шаштың құрамы негізінен ақуыздан тұрады. Ерлердің шашы әйелдерге қарағанда тез сирегіш болып келеді. Оның себебі әйелдер шашының тамыры ерлердікіне қарағанда 2 мм терең орналасатын көрінеді.

3-ші оқушы: - Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Қыз бала бір жасқа толғаннан кейін оның да қарын шашын алып, екі шекесіне екі шөкім шаш қалдырып, оны өсіреді. Ол – «тұлым шаш», «тұлымшақ» деп аталады. Тұлымды «көз тимесін, қызымыз көрікті болып өссін», – деп қояды. Қыз балаға тұлым қойғаннан кейін шашын алмай, шашы жетіліп өскенінде тұлымын соған қосып өріп, әсемдейді.

Бұрым – сұлулықтың сәні. Әйелдердің өрілген ұзын шашын бұрым деп атайды. Бұрым – жалғыз өрім, қос өрім болып бөлінеді. Қазақ халқы қыздың шашын қырқып кеспеген, керісінше, оны бойжеткеннің тобығына дейін жеткізе өсіруге айрықша мән берген. Қыз баланың бұрымын жас кезінде өруге шешесі, жеңгесі, тәтесі, әжесі, құрбылары көмектескен.

4-ші оқушы: - Шаш – әйелдерге Хауа Анамыз бен Бибі Фатима анамыздан берілген Аллах Тағаланың ғажайып сыйы, құрметі, сәні, еншісі, сұлулығы. Шашбау, шолпы, шаштеңге, шашқап.жемелек – әйелдің әсем табиғатына сай шаштың сәні.

Ол халқымыздың ұлттық сый-сипатына тұнып тұр.Енді соларға қысқаша тоқталып кетсек:

Шашбау.

Ол-қыз,келіншектердің шашына сәндік бұйым ретінде тағылып,. қыздардың шашының әр-ажарын ашады. Оны өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін де тағатыны мәлім. Түркі халықтары алтын, күміс тиындар, кейде маржан қадалған, ызылған бауы бар шашбауды ежелден пайдаланып келеді. Шашбаудың жасалу, әшекейлену әдістері әртүрлі.Соған орай олар мынадай топтарға бөлінеді:

1.Үзбелі шашбау;

2.Шашақты шашбау.




Қазақтарда шашбаудың;сөлкебай шашбау, теңге шашбау, шаштеңге, үкі аяқты шашбау, шаш –түлек (лентадан жасалады), шашабаутас (жалпақ күміске асыл тастар орнатылады) тәрізді түрлері бар. Қазақ зергерлері шашбауды негізінен күмістен қақтап соғады, ұшына теңгеден (сөлкебай) шұбыртпа тағылып, түсті масатыдан, жібектен ызылған шашақтармен әсемделеді.



Матадан жасалған шашбаудың ұшына зер шашақ тағады,оның жоғары жағынан бунақтап құндыз тұтып қояды.Шашбауды бұрымға қоса өреді, сосын шаштың ұшына таяу жерінен бір шалып байлайды, сөйтіп,бұрымның ұшын бекітеді. Жасы ұлғайған әйелдің шашбауы қарапайым болады. Шашбау әйел шашының өсуіне ықпал жасайды, басқа массаж істеп,денсаулықты түзейді. Халықтың ескі наным-сенімі бойынша,шашбау шаш арасындағы жын-шайтандарды қашырады.



5-ші оқушы: Шолпы.

Қазақ қыздары мен әйелдері бұрынғы кезде шолпы бұрымы тарқатылып кетпеу үшін таққаны белгілі. Халқымызда қалыптасқан сенім бойынша, неше түрлі асыл тастан жасалған сылдырмақ, салпыншақтан тұратын салмағы ауырлау шолпының әсерінен шаш ұзын болып өседі. Сондай-ақ ауыр шолпы таққан адамның басы ауырмайды деп есептелген.

Қазақтың қыз-келіншектерінің шаштарына сылдырмақты шолпы тағуына «адам жанына зиян келтіретін бәле-жалалар жоламасын» деген сенім-түсінік те өз әсерін тигізбей қоймаған.

Бойжеткен қыз баланың жүрісін,қимылын түзеу үшін қоңыраулы шолпыны бұрымына таққан.Содан қоңыраулы шолпы таққан қыз бала үй арасында жүргенде,жүгіргенде, күлгенде ол сыңғырлап дыбыс беріп,үйдегі үлкендер қалжыңын қойып,әдеп сақтаған, бойжеткен жұрт назарын өзіне аударғанына ұялып,жүгіріп,секіруін тиған.

6-ші оқушы: - «Шолпы» деген ұғым балықтың cудағы секіріп,ойнағанынан шыққан сияқты.

Жас қыздар мынандай шолпы таққан:

1.Үзбелі шолпы;

2.Қос үзбелі шолпы;

3.Маржанды шолпы;

4.Меруертті шолпы;

5.Ақық шолпы;

6.Қоңыраулы шолпы;

7.Тізбелі шолпы;

8.Сағат баулы шолпы;

9.Қозалы шолпы;

10.Сылдырмақ шолпы;

11.Көзді шолпы;

12.Алтын шолпы;

13.Күміс шолпы.





7-ші оқушы: Шашқап.

Қазақтың ескі салтында бойжеткен қыздар мен жас келіншектер шаштарына шашқап киетін болған. Шашқапты қыз-келіншектер жүн сабау, киіз басу, ши тарту, жүк арту, үй тігу, мал сауу жұмыстарына араласқан кезде киген.Ол шашты,бұрымды шаң-тозаңнан,күн көзінен қорғайды, сәндік бұйым ретінде қолданылады. Оны мақпал,шұға,барқыт,мауыты тәрізді көк,қызыл түсті маталардан бұрымның ұзындығы мен жуандығына орай пішіп,тігеді. Шашқаптың жоғарғы, төмен жағынан ою-өрнекпен безендіреді, зер, оқа моншақтарымен сәндейді,кейде оған маржан, меруерт,күміс шеттіктер тағады.



8-ші оқушы: Шаштеңге.

Шолпының күміс,алтын теңгелерден тізбеліп жасалған түрін шаштеңге деп атайды. Шолпы мен шаштеңге шашбауға немесе бұрымның ұшына тағылады. Шаштеңге таққан қыз-келіншек мезгілсіз жүрмеуге тиіс. Өйткені күміс сыңғыры қыз-келіншектің мезгілсіз жүргенінін хабар беріп, «айтып» қояды.Қыз-келіншектің арқа тұсындағы шаш өріміне таққан әшекейдің аты-әшекейлі арқалық, шүйдеге тағылған әшекейдің аты-жетерлік.

«Шекеде кәмшат бөрік, киген асыл,

Сылдырлап алтын шолпы,иықта шаш».


9-ші оқушы: Жемелек. Шашқа тағылатын бұйымның тағы бір түрі – жемелек. Аталған сөзге «өрілген бұрым ұшын бекітетін жіп, лента»,«шашбау, әйелдердің шашына тағатын бау» деген түсініктер берілген. Ертеде Маңғыстау қазақтары өз салттары бойынша әйелдердің шашына түйенің қара шудасын қосып өрген. Осылай өрілген шаштың атауы – жемелек (жебелек).

«Жемелек» сөзін көбінесе Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары қолданады. Аталған сөзге тек диалект ретінде қарау теріс сияқты, байқағанымыздай, жоғарыдағы сөздердің үшеуі де өрілген бұрым тарқатылып кетпеу үшін шаштың ұшына байланатын, бекітілетін бұйым; айырмасы – шолпы, шашбауға алтын, күміс тиындар қадалатын болса, жемелек – ондай қымбат әшекейі жоқ қарапайым ғана жіп, бау. Түркімен тілінде желемек – шашқа тағылатын күміс әшекей. Өзбекстандағы қазақтардың тілінде желемек – өрілген шаштың ұшына тарқатылып кетпеу үшін жалғанатын жіптен ширатылған әшекейлі шашбау.Бұрындары қалыңдықтың шашына тағатын түрлі тағымдардың түсі өмір мен байлықтың символы қызыл түске боялған.

2-бөлім

  1. «Шаш өру және шабау тағу үлгілері»

Бұл бөлімде қыздар сыныптас құрбыларының шаштарын өреді және шабау тағу үлгілерін көрсетіп, түсінік береді.


  1. «Мектеп оқушыларына арналған сәнді шаш өру үлгілері»

Бұл бөлімде қыздар сыныптас құрбыларының мектеп оқушыларына арналған сәнді шаш өру үлгілермен өреді және өрілген шаш туралы түсінік береді.


2-жүргізуші: - Ұлдардың орындауында ән: «Бұрымды қыз»

1-жүргізуші: - Ұлдардың орындауында ән: «Қыз сыны»

2-жүргізуші: - Ұлдардың орындауында ән: «Арулар»


1-жүргізуші: - Бұрымды кеспе бойжеткен.Халқымызда: «Бұрымыңды кескенің-ақылыңды кескенің», «Бұрымыңды кескенің-өмір жолынды кескенің»деген ғибратты сөздер бар.

2-жүргізуші: - Ақ шашты әжелеріміздің айтуынша, бойжеткен кімге бұрымын кестірсе, соның тағдырын басында қайталап өткізеді. Егерде бұрымын кесе қалса, оны таза шүберекке орап, адам баласының табаны тимейтін жерге апарып көмуге тиісті. Өйткені, бұрым-бойжеткеннің ана құрсағынан өзімен бірге келе жатқан жолдасы, қарын-шашы.

1-жүргізуші: -Алтынбек Қоразбаев ағамыздың мына өлең жолдарынан заманымыздың көрікті ұзын шашты қызы елестейді:

«Сыңғыр шолпы шашбаулым,

Жарасады таққаның.

Осы сәнің тұрғанда ,

Қаламаймын басқаны.

Қүйіншілер жеңгелер ,

Шашбаулы қыз келді деп»

2 -жүргізуші: -Осымен бүгінгі «Бұрымды қыз» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!