Материалдар / Тәрбие сағаты: "Буллинг"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты: "Буллинг"

Материал туралы қысқаша түсінік
Буллинг дегеніміз не? Буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Ол: • адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу • оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру • сол жайында өсек тарату • оны елемеу немесе жекелету • ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою • ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру • қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады. Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін? Біреу саған күш көрсетпей, қорлап, қорқытқан да сенің жаныңа батады. Осындай жағдайға тап болған адам түрлі жағдайларды басынан кешіруі мүмкін, атап айтқанда: • уайымдау • ұйқының бұзылуы • тәбеттің болмауы • өзі жайлы жаман ойлау • өз-өзіне физикалық зақым келтіру • өлім туралы ойлау • сабақ үлгерімдерінің нашарлауы • ауыру • «маған ешкім көмектесе алмайды» деп
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Буллинг

Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалаудегенді білдіреді. Адамүйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кезкелген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның басында болатын жағдай. Бірақ есіңде болсын, ешкімнің сені ренжітуге немесе өзің жайлы жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ

Буллинг дегеніміз не?

Буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Ол:

  • адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу

  • оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру

  • сол жайында өсек тарату

  • оны елемеу немесе жекелету

  • ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою

  • ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру

  • қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту

Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады.

Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?

Біреу саған күш көрсетпей, қорлап, қорқытқан да сенің жаныңа батады. Осындай жағдайға тап болған адам түрлі жағдайларды басынан кешіруі мүмкін, атап айтқанда:

  • уайымдау

  • ұйқының бұзылуы

  • тәбеттің болмауы

  • өзі жайлы жаман ойлау

  • өз-өзіне физикалық зақым келтіру

  • өлім туралы ойлау

  • сабақ үлгерімдерінің нашарлауы

  • ауыру

  • «маған ешкім көмектесе алмайды» деп ойлау

  • өзін жалғыз сезіну, уайымға берілу не ашулану

  • қорқу

Буллингтің түрлері

Гомофобтық буллинг

Расисттік буллинг

Таптық буллинг

Адамның сырт келбетіне қатысты буллинг

Сексисттік буллинг

Дінге қатысты буллинг

Ксенофобтық буллинг

Мүгедектерге қатысты буллинг

Есіңе сақта:

  • ешкімнің сені қорлауға құқы жоқ

  • буллинг сенің достарыңның, отбасыңның, мектептегі балалардың немесе бөтен адамдардың тарапынан болуы мүмкін, қалай болған жағдайда да, ол дұрыс емес және бұлай болуға тиіс емес

  • буллингті тоқтатуға және өзіңді бағалауға үйренуге болады

Сен әрдайым 111 сенім телефонына қоңырау шалуыңа болады

Бұл қызмет сондай-ақ «жедел желі» деп аталады. Мұнда саған қиындықтарыңмен күресуге көмектесу үшін арнайы адамдар жұмыс істейді. Сен кез келген уақытта үй немесе ұялы телефоннан 111 нөміріне қоңырау шала аласың – олар тәулік бойы жұмыс атқарады. Қоңырау шалған кезде, басыңнан қандай оқиға өтіп жатқанын баяндап бер, содан кейін олар саған әрі қарай не істеу керектігін айтып, кеңес береді.

Буллинг пе, әлде жәй ғана әзіл ме?

Егер сені біреу мазақ қылған жағдайда немесе достарыңмен жанжалдасып қалғанда, саған бәрі де жаман көрініп, барлық адамдар саған қарсы деген ой туындайды. Тіпті «бұл жәй ғана әзіл-қалжың ғой» деп айтқан жағдайда да, сен өзіңді әлі де ыңғайсыз сезінуің мүмкін. Бірақ, бұның барлығы өткінші екенін ұмытпа.
Өзіңе деген сенімділікті, батылдықты қалай арттыруға болатындығы жайында біздің кеңестерімізді оқы. Бұл саған жаңа достар табуды, өз ойыңды қысылмай білдіруді үйренуге көмектеседі. Және де есіңнен шығарма, сен әрдайым бізге сұрақтар қоя аласың, біздің форумда басқа балалармен тілдесе аласың немесе 111 сенім телефонына қоңырау шала аласың.

Мұғалім тарапынан туындаған буллинг

Сенің мұғалімдерің саған үнемі бас-көз болуы тиіс. Мектепте жұмыс істейтін ересектердің бірінің сені кемсітуі дұрыс емес. Ешкімнің сені ақылсыз сезіндіруге, мазақтауға немесе әділетсіз жазаға тартуға құқығы жоқ.
Егер бұндай жағдай орын алып жатса, ол туралы өзің сенетін мұғалімге, мектеп психологына, ата-анаңа айт. 111 жедел желісі жөнінде де ұмытпа!

Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек?

Өзіңе деген сенімділікті арттыр

Батыл болуға үйрен

Жәбірлеушіні бұғатта

Расскажи кому-нибудь

Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше?

Сені біреуге қорлық көрсетуге не итермелейді?

Бірнәрсе істеуден бұрын жақсылап ойлан

Адамдардың құрметіне лайық болу үшін басқа әдістер ойлап тап

Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды?

Қандай себеп болмасын, қорлау – қашан да жаман қылық. Әдетте біреуді қорлап жүрген адам

  • басқаларды көре алмайды немесе қызғанады

  • басқаларға ұнағысы келеді

  • өзін басқаларға қарағанда жоғары екенін сезінгісі келеді

  • достары сияқты болғысы келеді

  • оны барлығы тындағанын қалайды

  • өзгелердің қорлауынан зардап шеккен

  • қорлау басқаларға қасірет тудыратынын түсінбейді

Қазір қорқытудың кибербуллинг деп аталатын түрі жиі ұшырасады. Мамандар да кибербуллингтің әсіресе пандемия кезінде өршіп тұрғанын айтып жүр. Кибербуллинг интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап, қорлауы мүмкін. Сонымен қатар құрбанға зиян тигізу мақсатында ойластырылған арнайы тапсырыс аясында кибербуллинг белгілері байқалуы мүмкін. Кибербуллинг жасайтындардың арасында педофилдер көп кездеседі. Олар балаларды алдап-арбап, желіге жалаңаш түскен видео не суреттерін салуға көндіреді. Кейін сол суреттерді жұртқа жария етемін деп қоқан-лоққы жасау арқылы кездесуге шақырады не ақша бопсалайды. Ал қысымға шыдамай, шарасыз күйге түскендері көп жағдайда өзіне қол салады. Сарапшылардың сөзінше, кибербуллинг қазір бүкіл әлемдегі өте өзекті проблемаға айналған. Өкініштісі, Қазақстанда да кибербуллингке ұшыраған балалар аз емес.

Ата-аналар білуі тиіс сақтық шаралары

Ғаламтордағы қауіп-қатермен күресте ата-ананың рөлі маңызды. Олар баланың қауіпсіздігіне ең бірінші кезекте жауапты адамдар болуы тиіс дейді мамандар. Сондықтан, ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіп туралы айтып, мінезіндегі кез-келген өзгерісті бақылау ұсынылды. Егер қамқоршылар өз ұл-қыздарының күмәнді желілерге кіріп, қаскөйлердің құрбаны болғанын анықтаса, оларға ұрыспай, барынша қолдау көрсеткені жөн. Балаға оны түсінетінін жеткізе отырып, оны жұбату қажет. Кейін проблемамен бірге күресіп, баланы психологқа да көрсетіп алған дұрыс дейді зерттеушілер. "Егер бала проблемасын айтып келсе, оны бас салып кінәлап, ұрысудың қажеті жоқ. Телефонды да бірден тартып алып, ғаламторға шектеу қоймау керек. Мұндай жағдайда бала ата-анасынан көңілі қалып, екінші мәселесін айтпайтын болады. Әке-шешелері балаларымен байыппен сөйлесіп, олардың еш кінәсінің жоқтығын түсіндіруі керек. Қамқорлықты сезінген баланың сенімі оянып, тығырықтан шығатынына сенеді. Бізде көп ата-аналар балаларымен сөйлеспейді, оларды не мазалап жүргенін байқай бермейді. Ал білген кезде кеш болуы мүмкін", – деді әлеуметтанушы Халида Әжіғұлова.

"Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастырған жөн"

Қазақстанның бала құқығы жөніндегі омбудсмені Аружан Саин жасөспірімдерді ғаламторға тәуелді болудан қорғау үшін олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру керек дейді. Яғни, пайдалы үйірмелер мен спорт секцияларына қатысып, бойындағы талантын таныған бала кибербуллингке тап болмайды. Бірақ, өзі қызыққан үйірмелерге қатысуға барлық баланың отбасылық жағдайы келе бермейтіні тағы бар.

Кибербуллингке не үшін бірден назар аудару керек?

  • Қорлап, кемсіту баланы психолигиялық күйзеліске ұшыратады;

  • Жанын ауыртып, суицидке итермелейді;

  • Мінезінің өзгеруіне әкеледі;

  • Ешкім қорлықтың құрбаны болмауы керек;

  • Әркім өзінің ар-намысын аяққа таптатпауға құқылы;

  • Ата-ана мен мұғалімдер мұндай қорлықты байқаса, бірден балаға көмектесуі керек.

Қысым көрген балалардың айрықша белгілері:

  • Мектепке барғысы келмейді;

  • Сабақ оқуға зауқы болмайды және үй тапсырмасын нашар орындайды;

  • Көңіл-күйі түсіп жүреді;

  • Үнемі уайымдайды және өзіне сенімсіз болады;

  • Ешкіммен әңгімелесуге зауқы соқпайды және оқшау жүреді;

  • Қорқып сөйлейді, тамақ ішуге тәбеті тартпайды;

  • Үйден қашып кетуге тырысады;

  • Суицид жасайтынын айтып қорқытады;

  • Түнде дұрыс ұйықтамайды және шошып оянады;

  • Өзіне не болғанын айтудан қорқады;

  • Жиі ақша сұрайды не ұрлық жасайды;

  • Ғаламторды не гаджеттерді қолдануға үрейленеді;

  • Телефонына хабарлама келсе, ашуланады.

Кибербуллингке тап болғанда:

  • Әлеуметтік желіде қысым көрсеткен адамның хабарламасына жауап бермеу;

  • Онымен сөйлесуді тоқтатып, бұғаттау;

  • Әлеуметтік желі әкімшісіне сен туралы жарияланған жазба не суреттерге шағымдану;

  • Күдікті жазбаларды скриншот жасап, ата-ана не ұстаздарға хабар беру керек.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!