жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағаты "Дос және достық" 6 сынып
№ 9 орта мектеп
«Дос және достық»
ашық-тәрбие сағаты
Сынып жетекшісі: С.Тұтқабаева
6 А сынып
Талдықорған қаласы
2015 жыл.
Тақырыбы: «Дос және достық» тәрбие сағаты
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды
қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және
қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативтік өрісті
дамыту.
Міндеті: 1. Адам қарым-қатынастағы
достық ұғымы туралы түсінік беру;
2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету;
3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа
тәрбиелеу.
I. Шаттық шеңбері. 3
минут
Барысы: Бүгін біз «Ертегілер еліне» саяхатқа шығамыз. Ертегілер еліне бару үшін, жол ұзақ, біз көңілді баруымыз керек. Онда түрлі қиындықтарға тап болуымыз мүмкін, сол үшін, кездескен қиындықтарды бірігіп жеңе білуге, бір-бірімізге көмектесуге, адал болуға серт беріп, өзіміз «Досыма тілек» атты тренинг ойынын ойнайық.
Топқа бөліну үшін: Біз көппіз сондықтан, 1,2,3,4 деп санап сол бойынша 4-топ болып, ертегілер елін аралап көрейік.
Араларынан топ басшысын сайлату.
Сендердің бүгінгі алған білімдеріңді бағалау үшін мен Формативті бағалау ретінде «өте жақсы» жауап берсеңдер күнді, жақсы жауап берсеідер бұлтты, қанағаттанарлық жауап берсеңдер жаңбыр белгісін беріп отырамын.
Ал бағалау парағын, топ басшыларына беріп қоямын. Соңында қорытынды бағаларыңды өзім шығарамын.
І. Ертегілер елінде, бір
қиындық туып тұрыпты. Біз сол оқиғаны оқып, оны талқылап, айтып
көрелік. Мүмкін біз көмектесе алатын шығармыз. Мәтінмен жұмыс,
мәтінді 1 минут оқып, түсінгенін айту, талдау
керек.
Жигсо әдісі бойынша
«Жақсылық пен жамандық» ертегісімен
таныстыру.
1.Бұл мәтін не туралы
айтылған ?
2.Неліктен Жақсылық жеңді деп
ойлайсыңдар?
3.Балалар, «достық»
деген сөзді қалай түсінесіңдер?
4. Жақсылық жасау үшін адам бойында қандай қасиеттері болуы
керек ?
Достық – ортақ көзқарас пен мүдде, адамгершілікке тән жоғары сезім. Достық адамды асқақтатады, ол жан мен тәннің гүлдене түсуіне жәрдемдеседі.
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бірде замандастары шешеннен:
-Достық нешеу? - деп сұрапты.
Әйтімбет:
-Достықтың 2 түрі болады. Бірі-адал достық,екіншісі-амал достық,-дейді.
-Дұрыс –ақ енді оларды қалай ажырата аламыз?
Шешен:
- Адал достық-өмірлік нұсқа,қиналған сәтте жаныңнан табылады, қол ұшын береді деген екен.
Амал достықтың-ғұмыры қысқа болады деп жауап беріпті. Олар бір-біріне шынайы болмайды. Бір-бірінің кемшіліктерін түземейді деген екен. Егер досымыздың қандай да бір жағымсыз қылықтарын көре қалатын жағдайда, ескертуіміз керек, олар өтірік айту, ұрлық жасау, ұнамсыз қылық көрсету міне осындай қасиеттерді досыңның бойынан көрген кезде, досымыздың кемшіліктерін түзеуге тырысуымыз керек екен.
ІІ. Мұғалім: «Тақтаға қағылған шеге». әңгімесін береді 1 минут
«Болжау» стратегиясы, мәтінді оқушыларға беру.
«Мінезі нашарлау, бұзақы бір бала болыпты. Күндердің күнінде әкесі оған бір дорба толы шеге беріпті. Әкесі: «Жолдастарыңмен әрбір керіскен, төбелескен кезіңде тақтайға бір шеге қағып отыр.»- депті. Бала бірінші күні тақтайға 10 шеге қағыпты. Содан кейінгі күндері өздерін тежей жүріп, күн сайын шегені аз қағуға тырысыпты. Сөйтіп, әйтеуір бір шеге қақпаған күнге де жетіпті. Әкесіне барып айтқанда ол баласының шеге қаққан тақтайына қарап:
Әкесі: Бүгіннен бастап керіспеген, төбелеспеген әрбір күніңде бір шегеден суырып отыр,- депті.
Бірнеше күн өткеннен кейін тақтайда шеге қалмапты.
Мәтіннің жалғасын табу керек ? Әкесі сонда не депті:
Балам тақтайға дұрыстап қарашы. Көптеген тесіктер пайда болды, енді бұрынғыдай біртегіс болмайды. Жолдастарыңмен керісіп, төбелескен кезде былапыт, жаман сөздер айтылады. Әр жаман сөз жанға бір жарақат жасайды. Соңынан жолдасыңа мың рет кешірім сұрасаң да, ол тесіктер бітелмейді. Дос асыл тас тәрізді. Сенің қуанышыңа ортақтасады. Көңілің жабырқаса, көмекшің болып, қайғыңды басады.
Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса - іздеп таба алмайсың. Деген екен.
ІІІ Ашық хат жолдау. 7-минут
Тапсырмалар 3 –топқа
-
Дос және достық жайында постер қорғау, «Буруме» әдісін қолданып, өлең шығару.
-
Жақсы достық жалған достық деген тақырыпта «Венн диаграммасы» түрінде қорғау
-
Достықтың түрлерін ата ? «Стоп кадр» әдісі бойынша суретте не бейнеленген сипаттап, кластер түрінде көрсетіңдер?
-
Дос туралы көрініс көрсетулері керек.
Критерий құрып қойып, сол арқылы бағалау.
V. «Достық.Бірлік» үйін салу. 5-минут
- Балалар, біздің адал
достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол
үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік. Стикер таратып беру соған
мақал жазып жапсыру. «Достық» үйін
салу
Мақал –
мәтелдер.
1. Досы көпті жау алмайды,
2. Досың көзіңде болғанша,
көңіліңде болсын»
3. Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.
4. Шын дос үшін қалайда,
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда,
Досыңменен қасыңды.
5. Досы көппен сырлас.
Досы жоқпен сыйлас.
6.
Досың мың болса да – аз,
Дұшпаның біреу болса да – көп.
7. Досыңмен дос болғанға шаттан
Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.
8. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.
9. Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.
10. Өрге жүзген өнегелі ісіңмен,
Адал дос тап, тең құрбыңның ішінен.
VI. Достық
сағаты «Сергіту сәті»
2-минут
- Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді
көзімізді жұмып, әркім өзінің досы, оның жалпы қасиеттері туралы
ойлаймыз. (2-3 секунд)
- Балалар, достарымызды ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Параққа
аты-жөнімізді жазып, ойлаған достарымыздың есімдерін жазайық.
VII. Жағдаяттық сұрақтар
1-минут
- Енді балалар, бүгінгі
тақырыбымызға сай мына жағдаяттық сұрақтарға жауап беріп
көрейік.
1 – сұрақ: Сіздің
өміріңізде шын достықты дәлелдейтін қандай жағдайлар
болды?
2 – сұрақ: Мектепке кешігіп бара жатырсың. Уақыт таяп қалды. Кенеттен құрбың қоңырау шалып, қатты ауырып жатқандығын айтып, дәрі алып келуін өтінеді. Бұл жағдайда қандай әрекет жасар едің?
3 – сұрақ: «Есептескен дос болмас» мағынасын түсіндір?
4– сұрақ: Сен мектепте кезекшісің. Сыныптасыңның сөмкесінен ақша жоғалды, оны сенен көреді. Бұл жағдайдан қалай шығасың?
5. Сіздің құрбыңыз жаман қылық көрсетіп, сол үшін жұрт алдында сөгіс естіді. Бұл жағдайда сіз құрбыңыздікі дұрыс болмаса да, оның көңіліне қарап, оны жақтайсың ба?
6. Сен математика пәнінен есеп шығарып келдің, досың сенен көшіріп алды. Сенен кеткен қатені ол байқап, өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен «4» деген баға, ал ол «5» деген баға алды. Сен бұдан қалай шығасың?
7.Досыңның көп өтірік сөйлеп, бір затты жымқырып кету әдеті бар екенін байқап жүрдің. Бірақ оны айта алмай жүрген болатынсың. Бір күні екеуіңе ортақ басқа ешкім білмейтін затың жоғалып кетті. Не істер едің?
8.Сенің досыңның мінезі өте шәлкес. Үлкенмен де, кішімен де болмайтын нәрсеге ілінісіп қала береді. Өзінен кішкентайларға көп әлімжеттік жасайды. Сенің іс - әрекетің?
IX. Өзіммен - өзім.
1-минут
Балалар, Гүлназ ертегілер әлемінен сиқырлы таяқ әкеліпті. Сиқырлы
таяқты бір ермесең болғаны, біз жақсылық әлемінде болады екенбіз.
Кім жақсылық әлеміне барғысы келеді?
Олай болса, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады.
Бір, екі, үш біз жақсылық әлеміндеміз. Адамдары қандай сыпайы,
мейірімді, бір - бірінен қамқорлығын аямайды. Риясыз жақсылық
жасауда. Біздің бойымызға да осы қасиеттер даруда. Осы сезімдермен
біз де бұрынғы қалпымызға оралайық Көзімізді ашайық. Балалар, енді
біз де бір - бірімізден жақсылығымызды
аямайық!
VIII. Өміршеңдік
ережесі.
Әр адамның ережесі – өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет
жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа
жетуге талаптанып, өміршеңдік ережелерін айтайық. Интербелсенді
тақтадан көрсету.
1. Жігер деген- мен
2. Күш деген- мен
3. Махаббат деген –мен
4. Кешірім деген – мен
5. Құдірет деген –мен
6. Жасөспірім деген – мен
7. Жастық шақ деген-мен
8. Денсаулық деген-мен
9. Адалдық деген-мен
10. Жарқындылық деген-мен
11. Бар ғажайып деген –мен.
ХОРМЕН: Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда.
Бағалау: Топ басшысы бағалау парағын оқып береді.
Кері байланыс арқылы «Достық күн шуағына» өз тілектерімізді жазып, ілеміз. Достық туралы тақырыбымызды түсінген болсаңдар қызыл түсті алмаға, ал түсінбеген болсаңдар жасыл түсті алманы таңдауларыңа болады.
Үйге тапсырма беру: «Менің досым» тақырыбында шағын эссе жазып келу.
ХI.
Қорытынды.
Балалар, бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толы жарқыраған, шуағы
мейіріммен төгілген күн құрастырдық. Күн шуақтары бізге жылылық
сыйлап тұр. Біз де сол сияқты достарымызға және өзімізге тек қана
жақсылық сыйлайық.
Бағалау парағы
6 «А»-сынып, «Дос және достық» тәрбие сағаты
15-20 бал –бағасы-5
10-14 бал –бағасы-4
7-9 бал-бағасы-3
р/с |
Оқушының аты-жөні |
«Жиксо» әдісі, мәтінмен жұмыс |
«Ашық хат жолдау» постер қорғау |
«Достық үйін салу» мақал-мәтел |
«Жағдаяттық сұрақтар» дос туралы |
Оқушының балы, бағасы |
Қорытынды баға |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
|
7 |
|
|
|
|
|
|
|
8 |
|
|
|
|
|
|
|
Бағалау парағы
6 «А»-сынып, «Дос және достық» тәрбие сағаты
15-20 бал –бағасы-5
10-14 бал –бағасы-4
7-9 бал-бағасы-3
р/с |
Оқушының аты-жөні |
«Жиксо» әдісі, мәтінмен жұмыс |
«Ашық хат жолдау» постер қорғау |
«Достық үйін салу» мақал-мәтел |
«Жағдаяттық сұрақтар» дос туралы |
Оқушының балы, бағасы |
Қорытынды баға |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
|
7 |
|
|
|
|
|
|
|
8 |
|
|
|
|
|
|
|
Бағалау парағы
6 «А»-сынып, «Дос және достық» тәрбие сағаты
15-20 бал –бағасы-5
7-9 бал-бағасы-3
р/с |
Оқушының аты-жөні |
«Жиксо» әдісі, мәтінмен жұмыс |
«Ашық хат жолдау» постер қорғау |
«Достық үйін салу» мақал-мәтел |
«Жағдаяттық сұрақтар» дос туралы |
Оқушының балы, бағасы |
Қорытынды баға |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
|
7 |
|
|
|
|
|
|
|
8 |
|
|
|
|
|
|
|
Бағалау парағы
6 «А»-сынып, «Дос және достық» тәрбие сағаты
15-20 бал –бағасы-5
10-14 бал –бағасы-4
7-9 бал-бағасы-3
р/с |
Оқушының аты-жөні |
«Жиксо» әдісі, мәтінмен жұмыс |
«Ашық хат жолдау» постер қорғау |
«Достық үйін салу» мақал-мәтел |
«Жағдаяттық сұрақтар» дос туралы |
Оқушының балы, бағасы |
Қорытынды баға |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
|
7 |
|
|
|
|
|
|
|
8 |
|
|
|
|
|
|
|

