Материалдар / Тәрбие сағаты "Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас" 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалл сынып жетекшілерге қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
979
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





DrawObject1


























Сыныбы: 9 сынып

Өткізген : Атауоллина Г.С











Сыныбы:

9 сынып

Уақыты:

13.04.2021

Іс-шараның тақырыбы:

«Досы көппен сыйлас,

Досы жоқпен сырлас».

Құзіреттілікке жеткізетін тәрбиелік шараның мақсат-міндеттері:


А)ақпараттық:



Б)коммуникативтік:


В)проблеманы шешу:



Оқушыларға дос, достық туралы мағлұмат беру арқылы ақпаратты өз бетінше табуға, талдауға, іріктеу жасауға, кайта құруға, сақтауға, түсіндіруге және акпараттарды тасымалдауды соның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға үйрету.


Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.


Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.

Іс-шараның түрі:

Дөңгелек үстел

Іс-шарада қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Дамыта оқыту, АКТ, сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы

Іс-шараның әдісі:

сөздік, көрнекілік, практикалық.

Пәнаралық байланыс:

Тәрбие жұмысының әдістемесі, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих

Оқыту құралдары:

Компьютер, проектор

Іс-шараның жоспары:

Іс-шараның барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

I. Ұйымдастыру




Жүргізуші: Саламатсыздарма оқытушылар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы

Досы көппен сыйлас,

Досы жоқпен сырлас

Шарамыз дөңгелек үстел түрінде өтпек.


Жүргізуші: Достық – адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Достық туралы ұлы философтар мен ақын-жазушыларға қоса, ұстаздар мен педогог-психолог ғалымдардың ой толғамағаны, оның мәнін, сырын білуге талпынбаған адам кемде-кем. Мұның өзі достықтың адам өмірінде алатын келелі орнына, маңызына байланысты екені даусыз.
Мен бүгін жас ұрпақ арасында «
Досы көппен сыйлас, Досы жоқпен сырлас» деген тақырыпта пікірлесу кешін ұйымдастырып отырмын Мақсатымыз достық туралы ой пікірлерін білу, достықты қадірлей білуге шақыру, адал дос таба білуге баулу. Сіздерді «достық» туралы тақырыпта сырласуға шақырамыз. Ойларымызды жинақтап алғанша «Жан досым» әнін тыңдайық.

Амандасып отыру, тыныштық сақтау, іс-шараға қатысатын топтар дайындалады.

Шараның мақсат-міндеттерімен танысады;

көңіл-күйі көтеріңкі болады.


Шараның тақырыбымен, мақсатымен танысып, білімдерін кеңейтеді.

Іс-шараға әзірлігін, жұмысқа даярлығын ұйымдастырады.













II.Негізгі бөлім























































Үй тапсырмасын тексеру






Жұптық жұмыс


















































0

Тақырыпты ашу сұрақтары:

  1. Дос деген кім?



2.Достық дегенді қалай түсінеміз? Осы ұғымды немен бейнелеуге болады(Жауапты сурет арқылы бер.)
















Жүргізуші: Жақсы, енді достық туралы ойларыңызды білейік.

Оқушылардан достық туралы ойларын сұрау.

1. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?

2. Достық жасқа байланысты ма?

3. Қазіргі техниканың қарыштау заманында, атом ғасырында, ақша мен материалдық құндылықтар үстемдік құрған бүгінгі таңда дос бізге неге керек?

4. Дос қандай болу керек?

5. Қазіргі заманда шынайы дос бар деп ойлайсыз ба?

6. Қандай адамдар досқа лайық?




Жүргізуші: Қазір баріміз өзімізге лайық «Дос іздейміз». Ол үшін сіз өзіңіз жөнінде қысқаша ақпарат бере отырып, өзіңіз қалайтын, өзініздің жеке талаптарыңызға сай қандай досыңыз болғанын қалайтыныңызды ескеріп, хабарландырулар тақтасына хабарландыруыңызды жазасыз. Тапсырманы орындауға 5 минут беріледі.





Мақалды жалғасын тап ойыны арқылы жұпқа бөлу

  1. «Дұшпан күлдіріп айтады,


  1. «Жаңылмайтын жақ жоқ,



  1. «Киімнің жаңасы жақсы,



  1. «Досың мың болса да-аз,



Жүргізуші: Қазір алдарыңызда түрлі жағдаяттарды оқып, кейін шешу жолдарын талқылайсыз.


Жүргізуші: «Дүниеде адамның жалғыз қалғаны – өлгені, қайғының бәрі соның басында»,- депті Абай атамыз. Бір топ оқушының қылықтары дұрыс па? Өзара достыққа лайықты жандар ма? Осындай достарың болғанын қалайсың ба?

Жүргізуші: Итальян жазушысы, драматург, ақын Александр Мандзони: «Достық өмірдің ең зор қуаныштырының бірі, одан да зор қуаныш – сырыңды айтатын адамның болуы» – деген екен. Енді тағы бір көрініске назар аударалық.
Жүргізуші: Қай кезде де, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау керек. Американ саяси қайраткері физик Бендами Франклин айтқандай, досты асықпай таңдаған жөн. Ол да күтіп, аялауды, бағып – қағуды қажет етеді. Ал, ұлы Абай: «Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас», – деген екен. Жаңағы көріністегі кейіпкердің қылығы достыққа жата ма?



Жүргізуші: Қазір сіздерге ерекше мүмкіндік берілгелі отыр. Мына конвертке досыңызбен араңызда туындап жүрген келіспеушілік жайлы, досыңыз шешімін таба алмай жүрген жағдаят жөнінде және т.б. сіздің достық, тұлғааралық қарым-қатынасыңыздағы проблемалар, толғандырып жүрген жайттар жөнінде ананимді түрде хат жазасыз. Содан соң топ болып сіздің мәселеңізді қарастырып, шешімін талқыға салып, дұрыс ақыл-кеңес береміз.

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.


1DrawObject2 .

DrawObject3 Сыр бөлісетін адам


DrawObject6 DrawObject5 DrawObject4

Мені өте жақсы түсінетін адам

Көмекке әрдайым дайын адам

Қандай жағдай болмасын болмасын бірге болатын адам

Сенімді адам

2. Әр бір оқушы өзі салған сурет бойынша түсіндіреді.

1- жауап:Адамдар арасындағы байланыс

DrawObject7 DrawObject8

DrawObject11 DrawObject12 DrawObject10 DrawObject9

DrawObject13


2-жауап: Достықты шеңберге теңедім

DrawObject14

DrawObject15



3DrawObject16 -жауап: Жүрек



4-жауап : Гүл

5-жауап: Ағашқа теңедім т.б. жауаптар береді.

Оқушылар сауалдарға жауап беріп, өз ойларын айтады.

1. Шынайы сезім, өйткені ...

2. Достық жасқа байланысты емес, себебі ...

3. Дос бізге керек, себебі ..

4. Дос ... болуы керек.

5. Шынайы дос бар, бірақ санап аларлық.

6. Досқа кез келген адам лайық.

.







Барлығы өзі жөнінде қысқаша ақпарат бере отырып, қандай дос іздеп жүргендерін хабарландыру тақтасына жазады.




Жалғасы:



  1. дос жылатып айтады.


  1. сүрінбейтін тұяқ жоқ».



  1. достың көнесі жақсы»



4. Дұшпаның біреу болса да-көп».


1-жағдаят: Екі оқушы мектеп қабырғасынан дос болады, оқу бітіріп бір оқу орнына оқуға түседі. Бірақ біреуі екіншісінен алшақтай бастайды, жаңа дос тауып, сол досымен бірге жаман жолға түсе бастайды, ал анасына кітапханада мектеп кезінен дос болған досымен бірге сабақ оқып жүрмін дейді. Осы жағдаятта мектеп кезінен дос болған ескі досы қандай әрекет жасауы керек деп ойлайсыз?


2-жағдаят: Бір топ оқушы өзара әңгімелесуде. Оқшау бір оқушы тұр. Топ оқушының арасынан біреуі жеке тұрған оқушыны көрсетіп еді, топ оқушылар қолдарын сілтеп, жақтырмаған ыңғай білдірді. Бір топ оқушының қылықтары дұрыс па? Өзара достыққа лайықты жандар ма? Осындай достарың болғанын қалайсың ба?


3-жағдаят:Екі дос серуендеп жүреді. Біреуі жаңа телефон сатып алған, екіншісі сол телефонды көре салысымен телефонға қызығып, бар әңгімесі, бар назары сол телефон жөнінде болады. Қызығушылық танытқан оқушы келесі күні басқа досымен кездесіп қалады, кешегі досының телефоны жөнінде әңгіме қозғай отырып, «сол телефонды қайдан алды дейсің, біреуден сұрап алған болар немесе ұрлап алған болар, әйтпесе шамасы жетпейді ғой» деп досын жамандай жөнеледі.

4 жағдаят: Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді.

Өзімен ғана дос болғаныңды қалады. Не істейсің?



Оқушылар алдарына берілген ақ парақтарға өзін немесе досын мазалап жүрген қиындықтарын, шеше алмай жүрген мәселелерін жасырын түрде өз аттарын нақтыламай жазады. Кейін барлық хаттар оқылғанда, сол жағдаяттарға қалай көмектесуге болатындығы жөнінде ойларын ортаға салады, топтық талқы, пікір алмасуды жүзеге асырады.

4 жағдаят:Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді.

Өзімен ғана дос болғаныңды қалады. Не істейсің?

Достық, дос ұғымының мәні ашылып, досқа тән қасиеттер анықталады.









Достық ұғымын түрлі затқа, құбылысқа, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы ақ пен қара жақтарына, күнге т.б теңей отырып, достық ұғымының мәні тереңдетіледі.


















Сұрақ бойынша пікір алмасады. Әр сұрақ ортада талқыланады, түрлі ой-пікірлермен толықтыруға бағытталады. Оқушыларды өзіндік пікір бекітіледі.










Бір-біріне деген сыйластық, құрмет сезімін көрсетеді, бір-біріне деген достық сезімі нығаяды, бір-бірі жөнінде ақпарат алып, алдағы уақытта бір-бірімен достасуға мүмкіндік беріледі.


Достық ұғымын ұлы ғұлама, ойшылдар қалай түсінгені, қалай түсіндіргені жөнінде мәлімет алып, білімдері кеңейеді.




Мақал-мәтелдерді білу деңгейі сарапқа салынады. Ұлттық сана-сезім, тәлім-тәрбиелік мән жатқан мақал-мәтелдерді ұғады.







Оқушылар алдарында сомдалған түрлі жағдаттарды мұқият қарай отырып, сол жағдаяттардан шығу жолдарын ұсынады, өз ойларымен бөліседі.


1 көрініс бойынша мектеп кезінен дос болған ескі досы І-ден өзінің досымен сөйлесуі керек, ІІ-ден досының анасына хабарласып, барлық мән-жайды айтуы керек;






2 көрініс бойынша бір топ оқушылардың қылықтары дұрыс емес, керісінше жеке тұрған оқушыны топқа тартып, достыққа шақыру керек;


3 көрініс бойынша бұл көріністегі кейіпкердің қылығы достыққа жатпайды, нағыз дос іші тар, қызғаншақ болмайды, сыртынан жамандамайды деп өз ойларымен бөліседі.










Оқушыларға хат жазғыза отырып, достары немесе өздері шешімін таба алмай жүрген мәселелерді топ болып қарастырып, дұрыс шешім, ақыл-кеңес беруге үйренеді.

III.Қорытынды бөлім


«Басбармақ» әдісімен сабақты талдау

Бүгінгі шара бойынша рефлексия жасау. Талдау.

Жүргізуші:

Дос емес достың сөзін көтермесе,

Саған жердің түбінен жетем десе.

Не қылып дос атына қосылады,

Көтермей бір сөзіңді бүйтеп десе. .

Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,

Жасыған жездей болып мойымаңыз.

Сыр алмаған біреумен дос болам деп,

Сыр алған досыңыздан айырылмаңыз- деп тәрбие сағатымызды қортындылаймыз.

Оқушылар осы шараның артықшылықтары мен кемшіліктерін, өздерінің ұсыныстарын, шараның ұтымды тұстарын стикер арқылы тақтаға жапсырады.


Рефлексия қортындысы бойынша шараның кемшіліктері мен артықшылықтары талқыланады. Оқушылардың өзіндік пікірі тыңдалады.

Өздерінің және өзге студенттердің іс-әрекеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетеді.

Іс-шара өз мақсатына жетеді.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!