Материалдар / Тәрбие сағаты. "Елім менің"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты. "Елім менің"

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар жол аясында өткізілген "Елім менің" ашық тәрбие сағаты. Ашық тәрбие сағаты 4 топқа бөліну арқылы жүргізіледі. "Ақтөбе", "Орал", "Ақтау", "Атырау" топтары сайыс кезеңдері бойынша тапсырмалар орындайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
974
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Елім менің»

Тақырыбы: «Елім менің» топтық сайыс.

Мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар жол» мақаласының тармағы «Туған жер» бөлімі аясында өтілетін шара. Қазақстанның батыс аймағындағы облыс орталықтары туралы білімді кеңейту. Туған жерді сүюге тәрбиелеу.


-Оқушылар, бүгін біз «Елім менің» тақырыбында топтық сайыс өткіземіз. Туған жер, туған ел қай адамға болса да ыстық естілері сөзсіз. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» деген сөз бекер қалмаса керек. Әрбір дүние есігін ашқан адамзат баласының туған жері өзіне ыстық. Туған жерден жырақтасаң оның түтініне дейін сағынасың. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан қазіргі таңда әлем мойындаған, әлем таныған мемлекеттердің бірі. Біз, міне, осы елде дүние есігін аштық. Орталық Азияда орналасқан мемлектіміз 14 облысқа бөлінген. Біз Қазақстанның шұрайлы батысында тұрамыз. Оның ішінде Ақтөбе қаласы. Бүгінгі сайысымыз осы Қазақстандағы қалалар туралы болмақ. Барлығымыз ынта-жігермен, қызығушылықпен қатысайық.

- Ең алдымен «Орал», «Ақтөбе», «Атырау», «Ақтау» деген топтарға жеребе тастау арқылы бөлінеміз. Бүгінгі сайысымызда қатысушыларымыздың ұпайларын санап, оларды әділ бағамен бағалайтын әділқазы алқаларын сайлап алайық:

1. Ляйля Адаевна – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

2. Ізбасова Нұргүл – мектеп тәлімгері;

3. Сауытбаева Жамал – география пәні мұғалімі.

Сайыс шарттары:

I. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (берілген әріптер арқылы қойылған сұрақтарға әзіл аралас жауап беру.)

II. «Суреттер сөйлейді» (әр топқа берілген қала суреттерінен қай қала екенін тауып, сол қала жөнінде мәліметтер айту)

III. «Сен білесің бе?» (ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру)

IV. «Адасқан әріптер» (әріптері адасқан сөздерден дұрыс сөз құрау)

V. «Ердің атын ер шығарар» (ақын-жазушылардың қай өңірден екенін табу)



I.«Сөз тапқанға қолқа жоқ» сұрақтары:

«Орал» тобы:

  1. Сен қай қалада тұрасың?

  2. Ол қандай қала?

  3. Қалада қанша халық бар?

  4. Олар қалай тұрады?

  5. Ол бұрын қалай аталған?

«Ақтөбе» тобы:

  1. Сен қай қалада тұрасың?

  2. Сенің қалаң жаңа ма, көне ме?

  3. Саған қалаң ұнайды ма?

  4. Несімен ұнайды?

  5. Ауылға барып көрдің бе?


«Атырау» тобы:

  1. Сен қай қаладансың?

  2. Бұл қалада қандай атақты адамдар бар?

  3. Қалада қандай мәдениет ошақтары бар?

  4. Қай қалаға барғың келеді?

  5. Ол жақта не бар?


«Ақтау» тобы:

  1. Сен қай қаладансың?

  2. Қай қалада тұрғың келеді?

  3. Ол жақ саған несімен ұнайды?

  4. Шет елге барсаң маған не әкелесің?

  5. Бүгінгі сайыста кім жеңеді?


II. «Суреттер сөйлейді». Тақтада Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қызылорда қалаларының суреттері көрсетіледі. Әрбір топ сол қаланы тауып сол қала жөнінде мәлімет айтады.


III. «Сен білесің бе?»

«Қазақстан қалалары»

10

20

30

Танымал тұлғалар

10


30

Салт-дәстүр

10

20

30

10 – Қазақстанның батысында қандай қалалар орналасқан? (Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Орал)

20 – Алматы қай таудың баурайында орналасқан? (Алатау)

30 – «Қазақстанның Швейцариясы» атанған қала? (Көкшетау)

10 – «Алтын допты» төрт мәрте жеңіп алған футболист? (Лионель Месси)

30 – «Эверестке шығу», «Ғашықтық ғаламаты», «Шың басындағы оқиға», «Жігерлендіру» өлеңдерінің авторы? (М.Шаханов)

10 – Видео сұрақ. Ерулік қандай салт? (Ауылға жаңадан көшіп келген кісілерді қонаққа шақыру)

20 – Үзінді қандай салтты көрсетеді?

Базардан келген құйысқан

Тарамай шашын ұйысқан.

Келіп кетіп жүріңдер,

Сағындырмай туысқан. (сыңсу)

30 – Видео сұрақ. «Ат тергеу» салты туралы айт. (Келіннің қайын іні, қайын сіңілілерінің атын атамай, оларға ат қоюы)


IV. «Адасқан әріптер» . Арқаларына жабыстырылған әріптерді ретімен тұрып, сөз құрастыру.

«Орал» тобы: Түркия

«Ақтөбе» тобы: Мәскеу

«Атырау» тобы: Ақтөбе

«Ақтау» тобы: Жамбыл


V. «Елдің атын ер шығарар». Әр топқа ақын-жазушылар суреті көрсетіледі. Сол ақын-жазушының туған жерін табу.

«Орал» тобына:

Ахмет Байтұрсынов (Қостанай облысы Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы), Сәкен Сейфуллин (Ақмола облысы Ақмола уезі)

«Ақтөбе» тобы:

Мұхтар Әуезов (Шығыс Қазақстан,Семей), Сәбит Мұқанов (Солтүстік Қазақстан Жамбыл ауданы Жаманшұбар ауылы)

«Атырау» тобы:

Ілияс Жансүгіров (Алматы облысы Ақсу ауданы ), Жамбыл Жабаев (Жамбыл облысы Жамбыл тауы)

«Ақтау» тобы:

Ыбырай Алтынсарин (Қостанай облысы Затобол), Мағжан Жұмабаев (Солтүстік Қазақстан облысы Сасықкөл)


-Оқушылар, осымен бүгінгі біздің «Елім менің» тақырыбына арналған сайысымыз өз мәресіне жетті. Барлығымыз бірге «Елім менің» әнін шырқайық.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!