Тақырыбы:
"Елін сүйген, елі сүйген
Елбасы"
Мақсаты:
1. Оқушыларға
Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы
атқарылған істері туралы мәліметтер
беру.
2.
Оқушыларға Президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі –
өнеге ету.
3. Оқушыларды
өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа,
патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
слайдтар көрсету, кітаптар, плакаттар, шарлар,
ту
І.
Барысы
Оқушылар ортаға
шығып тұрады.
1-жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті
қонақтар!
2-жүргізуші.
Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен
қонақтар!
1-жүргізуші
"Елін сүйген, елі сүйген Елбасы." атты
мерекелі тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат
етіңіздер!
Қазақстан РеспубликасыныңГимн
орындалады.
1-жүргізуші.
Мемлекет басқару ісі – машақатты да,
мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең
бақытты халық.
2-жүргізуші Ата-бабаларымыздың арманы
келешек ұрпаққа,яғни біздерге тәуелсіздік туын ұстату еді. Сол
арман бүгінде орындалып отыр десек артық айтпаған болар
едік
.
2-жүргізуші Тұңғыш президентіміз
Н.Ә.Назарбаев халқын, елін, жас ұрпақты жақсы көреді. Ол кісі
болашағымыздың бақыты жастар
дейді.
Ондай болса сөзді оқушыларға
берейік.
1-оқушы:
Күнге беттеп бара жатыр көш
жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
2-оқушы
Азаттық пен елге қонды тосқан
бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр
аспандап.
3-оқушыі:
Елі үшін олжа салып
қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!
Бар әлемге шын танылдық міне,
біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр
егіз
.
Елбасының балалық
шағы.
1-оқушы.1940 жылы 6 шілдеде
Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан
Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге
келді..(1-слайд)
2-оқушы: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы,
Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының
есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі
Мырзабала беріпті.
3-оқушы.Әлемдегі барлық әжелер
секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше
еңбек сіңірді.
4-оқушы Мектепті жақсы оқып, жақсы
білім алды.Ата-анасын қатты құрмет
тұтты.
5-оқушы Жасынан зерек, алғыр
азамат болған. Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі-Нұр, тағы
бірі- Сұлтан.. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын
алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген.
Мектепте озат, үлгілі оқушы
болыпты.
.
7-оқушы.Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес,
мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен
оқыды.
8-оқушы.1960 жылы Украинада
техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына
қарасты жоғары техникалық оқу орынын
бітірген.
9-оқушы.Еңбек жолын 1960 жылы
Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы
жұмысшы болып бастады.
1991 жылы 1 желтоқсанда біздің
Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан Президенті
Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы»
мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен
еңбекқорлығының арқасында жетті.
1-жүргізуші:
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту
алған,
2-жүргізуші:
Бұл далада жылап келіп,
уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Қазақ елі желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол
көрсеткен нұрлы жолдан таймағын!
:
Тәуелсіздік –
рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен –
тәуелсізбін,
азатпын.
2-жүргізуші Елбасымыздың игі істерінің бірі -
мемлекетіміздің тәуелсіздігі. 1998 жылы 10 - маусымда жаңа
Астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң
жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде
орналасқан.
1-жіргізуші
Біздің Астанамыз күннен –күнге құлпырып
сәулетті ғимараттар салынуда.. Олай болса біздің оқушыларымыз
астана туралы недер екен құлақ салып
көрелік!
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім,
дінім,
ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.
Жаңарып ай,жылдарым,
жаңарып күн,
Жаңғырып есімдері сан
алыптың.
Күн шуақты Астана бой көтерді,
Белгісіндей бейне
бір даналықтың.
Астанам - бағы биік асқарымсың,
Астанам –
мәнгі жарық аспанымсың,
Астанам пейіш қалам,ел
арманы,
Астанам –
қайда жүрсем мақтанышым.
Ғұмыр ойы күресіп қайран бабам,
Осы күнді аңсаған,
армандаған.
Сарыарқаның төсінде бой көтерді.
Қазақтың Астанасы –
арман қалам!
2-жүргізуші:
Біздің
Отанымыз қазір қалыптасу кезеңінде. Ал, біз жарқын болашақтың
ұрпақтарымыз. Олай болса, біз - «Мен Қазақпын» -, деп мақтанатын ұрпақтармыз. Сынбымыздың озат оқушысы Тұмабек Каусардың «Мен қазақпын» өлеңін
тыңдайық.
2-жүргізуші:
Қазақстанды аз ғана уақыт ішінде биік-белестерден көрсетуі
тек басшының біліктілігімен мен шеберлігінің
арқасы
Бүгін үлкен -мереке!
Мерекені жалғайтын 2
сынып оқушыларының биі.
1,
2-жүргізуші:
Елімде бейбіт тыныш заман
болсын,
Тілеймің әр адамға бақыт қонсын!
Елімнің ел ағасын халқы қолдап,
Қазақстан жеріміз аман болсын!
Ән «Атамекен».
Тұңғыш Президентіміздің
мерекесі мерейлі құтты болсын! Тәуелсіз еліміздің болашаққа апарар
жолы нұрлы, таңы арайлы, сапары сәтті
болғай!
Осымен «Елін
сүйген,елі сүйген
-Елбасы» атты тәрбие сағатымыз аяқталды .
Ұлан байтақ кең даланы алып
жатқан еліміздің жан–жағы көгілдір, күрең ала таулар қоршаған
жерде туып өскен Елбасымның мұраты - биік, арманы - асқақ. Қазір
әлем таныған ел болып отырғанымыз елін сүйген Елбасының арқасы
десек, қателеспейміз. Қазақ халқының тарихи Отаны, сонау түп
аталарымыздың мәңгілік бесігі, ұрпағымыздың ұлы ордасы
Қазақстанды, Қазақ елін әлем халқы тәуелсіздік алғаннан кейін
ғана таныды.
Ата-бабаларымыздың арманы
келешек ұрпаққа,яғни біздерге тәуелсіздік туын ұстату еді. Сол
арман бүгінде орындалып отыр десек артық айтпаған болар
едік.Қазақстан тарихы әріден басталады. Ал тәуелсіз Қазақстанның
тарихи шежіресі,әрине 1991 жылдан басталды. 1991 жыл-еліміздің 1986
жылғы желтоқсан оқиғасының негізімен орнаған ұлттық-тарихи мәні
жоғары тәуелсіздікке қол жеткізген жылы.Осы қиын- қыстау жылдары ел
басқару ісін Н.Ә.Назарбаевқа жүктеген болатын. Шығыс ойшылы
Фирдоусидің: «Алдыңда не күтіп тұр,соны ойла.Игі мақсатқа тура
жүрген жетеді»-деген сөзін ұстанған саласындағы игі істерімен
Қазақстанды аз ғана уақыт ішінде биік-белестерден көрсетуі тек
басшының біліктілігімен мен шеберлігінің арқасы. Қазіргі кезде
барша ел таныған, ғасырдың жаңа сатысымен дамыған дербес ел
болдық.
2003 жылы қажылыққа барғанда
«Өз еліме, жеріме,қазағыма алланың шапағатын тілеймін» деген
Елбасына «Ұлт көшбасшысы» мәртебесі берілген. Елбасының түбегейлі
жүргізген саясатының арқасынд а Тәуелсіз Қазақстан бүгінгі таңда
өзге елдерге инвистиция салуға қабілетті ел ретінде өзін мойындата
алады. Көп ұлтты басқару оңай емес, бірақ соған қарамастан көп
ұлтты біріктіріп, бір жеңнен қол шығарып , бір жағадан бас шығарып
елдің татулығын мызғымас достығын сақтап отыр.Еліміздің болашағы
айқын: өркениеті дамыған елдермен терезесі тең өмір сүрудеміз.
Мемлекетімізде тыныштықтың орнап,еліміздің жа андану кезеңінде алға
бағыт алуын, өркениетке бет бұру секілді қадамдардың жасалуы-
бәрі-бәрі басшы іскерлігі деп танимын.
Мемлекет басшысы жаңа
бағдарламаның мәнін сөз етіп, бірінші, бұл білім беру саласында
ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және
елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті
деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына
келтіруді көздейтінін айтты.
"Патриотизмнің ең жақсы үлгісі
орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған
жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді.
Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер
бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған,
есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін
жас ұрпақ біліп өсуге тиіс", — дейді
Президент.
Ел басшысы білім, ғылым,
зияткерлік қабілет және сапалы еңбек арқылы бәсекеге қабілеттілікті
арттыру керектігіне ерекше тоқталды. Яғни, әрбір адам өз тарихын
терең біліп қана қоймай, заман талабына сай қасиеттерге де ие
болуы керек. Сондықтан, қазір «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім
беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» бағдарламаларын жүзеге
асыру маңызды.
Қазақ елінің бәсекеге
қабілетті, жан-жақты дамуға ұмтылуы заңдылық. Дегенмен, ең бастысы
жаһандық өзгерістер кезеңінде біз ұлттық ерекшелігімізді,
құндылығымызды сақтай білуіміз керек. ХХІ ғасырдағы рухани
жаңғырудың мәні осыда
болмақ.
Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің
тәуелсіздігі жылдары ішінде барлық салаларда халқымыздың парасаты
мен рухани құндылықтарын, ой-санасын, дәстүрі мен салтын, өнері мен
мәдениетін, тарихи мұраларының қайта өркендеуіне кең жол
ашты.Тәуелсіз елдің Тұңғыш астанасы Астана қаласында дүниежүзілік
ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу орталығы ретінде танылуы да еліміздің
әлемдік қауымдастықтарда зор беделге ие екенін
әйгілегендей.
Елімізде жүргізілген баянды
реформалар мен игілікті істердің қорытындысы мен бағындырған
белестеріміздің басында тұрған Елбасы бейнесін айқын
көреміз. Елбасымыз өзінің «Қазақстан
2050:«Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Мен
мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – Қазақстан – 2050»
Стратегиясының түпқазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол
жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын», - деді.
Сондықтан ата – бабамыз сан ғасыр бойы аңсаған
тәуелсіздігімізді баянды ету – бәріміздің
парызымыз.
Даңқты реформаторлығы, саяси
көшбасшылық тұлғасы жылдар өткен сайын биіктей түскен Тұңғыш
Президентіміздің мерекесі мерейлі құтты болсын! Тәуелсіз еліміздің
болашаққа апарар жолы нұрлы, таңы арайлы, сапары сәтті
болғай!
О.Жандосов атындағы орта
мектеп
Елін сүйген
Елбасы
(Тәрбие
сағаты)
2б
сыныбы