Тәрбие сағаты "Елін сүйген Елбасы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Елін сүйген Елбасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұңғыш президент күніне өткізілетін тәрбие сағаттарына бастауыш сыныпқа көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

«Құйған орта мектебі» КММ








Shape1



Елін сүйген - Елбасы ...














2017 – 2018 оқу жылы


Мақсаты:

  1. Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру

  2. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық  сезімдерін арттыру.

  3. Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бол білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, слайд, гүлдер , Н.Ә.Назарбаевтың қанатты сөздері.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі

«Жүректен – жүрекке» оқушылар шеңберге тұрып, сыйқырлы қорапшадан өздеріне ұнаған стикерді таңдайды. Сол стикердің ішінде жазылған тілектерді бір – біріне тілеу. Стикерлердің түсі бойынша топқа бөліп отырғызу.

І-топ. Достық

ІІ-топ. Бірлік

ІІІ-топ. Татулық

ІІ. Негізгі бөлім

Бейнеролик көрсету «Елбасы – елдің тұтқасы»

- Оқушылар бейнероликтен не түсіндік? Кім жайлы айтылған екен?.

- балалар тұңғыш президент күні қашан тойлайтынымызды білесіңдерме? Қанекей кім айтады?

Жарайсыңдар! Ендеше біз бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Мұғалім: Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.

- Балалар,қанекей топпен жұмыс жасаймыз. Алдарыңа берілген А3 бетке «Ел басқаратын адам қандай болуы керек?» ассоциациялық карта құрып,осы сұраққа жауап берейік. Әр топтан бір оқушы шығып өздеріңнің жазған жауаптарыңды қорғайсыңдар. Қалған екі топ жауап берген топты «Үш шапалақ» әдісі бойынша бағалап отырамыз. Жарайсыңдар!

Оқушылар өздерінің үйден дайындап келген «—Н.Ә.Назарбаев кім?» деген сұрақтың жауаптарын тындасақ.

1-оқушы: Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.

2-оқушы: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Жасынан зерек, алғыр азамат өскенде металлург мамандығын алып жұмыс жасаған. Ол халық қалауымен 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Содан бері 26 жыл өтті.

3-оқушы: Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.

4-оқушы: Нұрсұлтан ата-ақ пейілді, сезімтал жан және біз үшін нағыз үлгі болар тұлға.

5-оқушы:

Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,

Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.

Жер шары әлемдегі барлық елдер,

Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.

6-оқушы:

Арманын орындадың бабалардың,

Көтердің көкшіл туын даналардың

Қазақтың асқақтатар өр рухын,

Ақтадың аппақ сүтін аналардың.

7-оқушы:

Отан деген-әр адамның жүрегі,

Оған ел де, жер де, су да кіреді.

Отанымды бар әлемге паш еткен,

Президентім-мақтанышым, тірегім.

8-оқушы:

Сәулесі күн шатырлы аспан,

Кең дала төсі толқыған егін.

Көлдері күміс шашқан,

Қазақстан –Республикам менің.

9-оқушы:

Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл қаланы.

Ардақты атамекенім,

Отаным Қазақстан.

10-оқушы:

Барша қауым бейнеттен арылғанда,

Жаңа ғасыр есігі ашылғандай.

Елбасы тыным таппай ел кезіп жүр,

Ел үшін Асанқайғы бабасындай.

11-оқушы:

Біз шын мәнінде Президент Назарбаевты біздің бәрімізге, ұлтына, сеніміне және саяси көзқарасына қарамастан қолайлы да еркін өмір сүруімізге барлық мүмкіндік жасап келе жатқаны үшін мақтан етеміз.

Мұғалім: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті.

Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі-Нұр, тағы бірі- Сұлтан. Анасының аты-Әлжан екен. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған.  1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген. 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.(Слайд)

Топтарға тапсырма: І топқа – Сөзжұмбақ

ІІ-топқа : Жұмбақ

ІІІ-топқа: Мақал – мәтел құрастыру.

Әр топ басбармақ әдісімен жауап берген топты бағалайды.

ІІІ. Қорытынды бөлім. Оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз ұнады ма? Ұнаса өз көңіл күйлеріңді смайликтерге стикер жапсыру арқылы білдіріңіздер.

Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,

Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.

Сіз –басшы, халқың-қосшы бола бергей,

Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,-дей келе  «Елін сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Тұңғыш Президент  күні құтты болсын!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2018
517
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі