Аналар асыл жандар.!
Сабақтың мақсаты: ананың бойындағы ізгі қасиеттерді оқушыларға сездіру; оқушылардың өз анасына деген , барлық аналарға деген құрмет сезімін ұштап, оларға қамқор болуға тәрбиелеу; ана, апа, әже , қарындасты құрметтеу, сыйлау, жақсы үлгі өнегесін , адамгершілік қасиеттерін үйрену.,
Көрнекілігі: гүлдер, шарлар, ұлағатты сөздер.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашан да қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры – биік. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен перзенті. Ана құдіретін айтып жеткізу мүмкін емес. Адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы алдымен балаға ақ сүтін беріп әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ана тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзат тәрбиешісі.
Сұлтан: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді
Бақдәулет: Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі-балада, баланың көңілі -далада» демекші, өзінің перзентік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші достар!
Сүлтан : Қош келдіңіздер, құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздар, қыздары! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Бақдәулет. Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нүрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер, қымбатты ұстаздар, аяулы қыздар бүгінгі «Аналар асыл жандар» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.
Сұлтан: Аяулы аналар, ардақты арулар мен ұстаздар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздердің дендеріңіз сау болсын, еңбектеріңіз жемісті, өмірлеріңіз сәтті болсын.
Бақдаулет Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан - Ана. Ол бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақанын, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын арнайды.
Сұлтан ; Жүрегі –күн, жаны-нұр, жүзі- шапақ.
Ана- мақтан, ана- өмір, ана-атақ.
Ана-дәуір, ана- абырой,ана-жауһар,
Олармен күн кешудің өзі ғажап.
Кезекте ән: Анаға сәлем.
Бақдаулет: Аналар шаңырақтың сәулеті ғой.
Ана деген баршаның дәулеті ғой.
Адамды адам еткен ақ сүт беріп
Жаңа өмірге сәбиін жетелеген..
Ән «Анашым»
Сұлтан: Арулар, аяулылар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар,
Арулар тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.
Ән:
Әдеби монтаж: Аружан, Жасұлан.
Б: Бақдаулет Мен ананы шуағы толы күн деймін,
Анадан зор құдіретті білмеймін.
Анам аман -сау жанымда жүрсе егер
Бақытым да әркез бірге жүр деймін
Ән: «Мама»
Сұлтан: Бишілерде өнер көп,
Билейді биді мәнерлеп,
Ару қыздар ортада ,
Көрсетер биін көркемдеп.
Кезекте « » биі.
Бақдаулет: Жақсылық атаулының барлығы да ананың ақ сүтінен жаралған. Халқымыздың «Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызынан құтыла алмайсың» деген сөзі аналардың қаншалықты қымбат екенін аңғартып тұрғандай. Олай болса тағы да аналарға қошемет.
Ән:
Әдеби монтаж: Бегарыс, Азиза.
Ән: Аруана- Азиза.
Сұлтан: Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай,-деп ақын жырына арқау болған әйел тек аяулы ана, нәзік жан емес, сонымен қатар белсенді қызметкер.
Ән «Аналардың тілегі» Ақерке, Сұлтан, Бақдәулет.
Бақдаулет: : Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық,
Бар адамға берсе ана мейірін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Ән
Әдеби монтаж: Ұлжан. Бақдәулет.
Ән : «Анашым»
Сұлтан : Ана десем шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Ән : «Жүз жаса» Ұлбала. Ұлжан.
Бақдаулет: Ана-бала, бала- ана- бір ұғым,
Бір-бірінсіз жоқ олардың бақыты.
Ана-бала, бала-ана әрдайым,
Бірге жүрсін, бірге көрсін шаттықты.
Ән:
Әдеби монтаж: Досжан. Ақерке.
Ән: «Сенің анаң алтын» ұлдар тобы.
Сұлтан: Бойына бар сұлулық жиналғандай,
Биіне барлық адам қарағандай,
Жарқ етіп шыға келген ел алдына,
Биші қыздар, ғажап еді биің қандай.!
Би; «Мектепке сағыныш».
Бақдаулет. Әсемдік, сұлулықты жиған бойға,
Қыздар ғой көрік берген кең далаға.
Қыздар-гүл, қыздар нәзік бұл әлемде,
Қыздар ол болашақта асыл ана.
Ән: «Қыздарға әсемдік жарасады» Шапағат.
Әдеби монтаж: Нүркен. Ақмаржан.
Сұлтан: Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.
Адалдықты , ар-намысты сақтаған,
Мен анамның сонысына мақтанам.
Ән: «Әже» Аружан. Ақмаржан.
Әдеби монтаж: Сұлтан. Ұлбала.
Би: «Қара жорға»
Әдеби монтаж; Орынбек .Азиза. Мақсат.
Ән : «Анашым» - хор.
Бақдаулет: Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелеген жасымнан.
Мен қуансам қуанады ол бірге,
Мен қиналсам табылады қасымнан.
...................................................................
Сұлтан: Маған қымбат адам жоқ бір Анадан,
Бар жақсылық аналардан жаралған.
Жер бетіне өмір нәрін себуші.
Аналарға борышгты ғой бар адам.
.....................................................................................
Б. Құрметтейік,о адамдар,аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік эр қадамды.
Ән. .....
С: Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,
Адалдықты ар-намысты сақтаған
Мен ананың сонысына мақтанам.
Ән
Бак Ана дейміз бэріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.
СҰЛ, Ана деген — асыл жандар болаттай,
Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл Ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай
............................................................................
БАҚ: Сан мың шэкірт өзіңнен тэлім алды.
Аяулы Ұстаз-ана,ісіңнің бәрі ұнамды.
Әр күн сайын атыңды қайталаймын.
Еске алғандай таң сайын эн ұранды.
.................................................................
СҰЛ: Ана деген адамға Атамекен.
Әр адам анаменен адам екен.
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым.
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен
............................................................
БАҚ: Масаткул апай басшылардың бірі ғой,
Басшылардың ішіндегі гүлі ғой
Мектебімнің жақсы атанып жүргені
Осы апайдың арқасында біліп қой
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ән: .............................................................
СҰЛ; Өзіңсін сүйікті ана, құдіретім
Жанымды жадыратып күлдіретін
Сендегі маған деген махабатты
Нұр толы қос жанарың білідіретін
Бар ана туған елдің гүлі дер ем
Анажан қайғың болса күңіренем
Таусылмас тау суындай ақылың бар
Сен барда менің әр бір күнім өлең
..........................................................................
БАҚ: Ардақты ана,аяулы ана,қымбаттым
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің
Кең құшағың айнасындай гүл бақтың
..........................................................................
СҰЛ; Ер жеткізіп елге берген баласын
Ақылдысың,ардақтысың,данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме,анашым.
..................................................................
БАҚ: Ана деген – бастауы ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
:.........................................................
СҰЛ: Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары,
...........................................................
БАҚ: Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
............................................................
СҰЛ: Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
.........................................
БАҚ : Анам менің аялап, әлдилеген
Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген
Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы
Қалайша ұмытамын бал татыған
Анашым алдыңызда қарыздармын
Өтеуден оны ешқашан қарыздармын
Ананың баласына махаббаты
Мәңгілік алаулаған шам-шырағы
Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем, әділдікті ұғамын
Мұғалім: Аналар қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарына,
Салтанатты кешіміз аяқталды,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Ең ардақты асыл жандар - Аналар"

шағым қалдыра аласыз