Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағаты. Еңбек түбі береке 3 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Талғар ауданы әкімдігінің " Талғар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№14 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі " мемлекеттік коммуналдық мекемесі "
Тақырыбы:
Күз –мереке, күз береке!
(сыныптан тыс сабақ)
Бастауыш сынып мұғалімі:
Шидербаева Меруерт Мухаметкаримовна
11.10.2019ж
Тақырыбы:
«Еңбек
түбі – береке»
Мақсаты:
Оқушылардың еңбек түрлері
туралы білімдерін кеңейту, ұғымдар қалыптастыру.
Еңбектің
адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру .Сөйлеу дағдыларын
жетілдіру, ой өрісін дамыту. Оқушылардың еңбексүйгіштікке,
шаруақорлыққа, іскерлікке үнемді болуға
тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Нақыл сөздер, суреттер. т.
б.ИД
Барысы:
1. Ұйымдастыру
кезеңі.
Шаттық шеңберіне
тұрып : «Сені көргеніме қуаныштымын...»
жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.
Жаттығу барысы :Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі ...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.
Топқа бөліну: Оқушыларды әртүрлі түсті қағазда жазылған сөздер арқылы топқа бөлінеді.Сол сөздерді құрастырып мақал құрайды.
«Еңбек түбі – зейнет», «Жақсы жұмыс – жанға тыныс», «Еңбексіз өмір – сөнген көмір», «Еленген еңбек өнімді».
Әр топ өздерінің құраған мақалды топта талқылап, мағынасын ашып береді.
1. «Еңбек түбі –
зейнет». Еңбек әрбір адамды зейнетке
жеткізеді. Еңбек етсең еш нәрседен кем болмайсың. Еңбек етсең
барлық нәрсеге қол жеткізесің. Балалар сендердің еңбектерің сабақты
жақсы оқып, әке – шешелеріңді қуанту. Жалқау, еріншек балалар үнемі
2, 3 бағаларын алып жатады. Өйткені олар еңбектеніп
оқымайды.
2. «Жақсы жұмыс – жанға
тыныс». Әрбір адам жұмысын бар
ынтасымен тыңғылықты етіп жасаса, өзі де оған қасындағы жолдастары
да риза болмақ.
3. «Еңбексіз өмір –
сөнген көмір». Көмір отын екенін білесіңдер
балалар. Ол жылыту үшін қажет. Ол жанбаса жылу болама? Әрине жоқ.
Сол сияқты еңбек етпеген әрбір адам жылусыз сөнген көмір
сияқты.
Сергіту сәті: бейне роликті көре отырып , қимылдарды қайталай отырып балалар би билейді.
Бейне ролик: «Бала мен әке» -Балалар , баланың ісі-әрекеті дұрыс па?
-Сендер не істер едіңдер? -Ертегі қалай аяқталуы мүмкін?
-Бұл
ертегіден өздеріңе қандай қорытынды шығардыңдар?
Шығармашылық
тапсырма:
1 топ: Еңбектің ең қауіпті түрін анықтаңдар
2-топ:« Еңбекқор жәндіктер» туралы жазып, айту.
3-топ: Мақалдың алғашқы жолын жазылған, әрі қарай
жалғастырады.
1. Еңбегің
қатты болса,…(татқаның тәтті болар).
2. Еңбек түбі –
береке,…(көптің түбі – мереке).
3. Істегенің еліңе жақсы,…(үйренгенің өзіңе жақсы).
4. Отынды
шапқанға жақтыр,…(малды тапқанға бақтыр).
5. Еңбек етсең
ерінбей,…(тояды қарның тіленбей).
Суреттерге қарап, еңбектің түрін анықтау.
Ой қозғау сұрақтары:
Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Еңбекқор деп қандай адамды атаймыз?
Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?
Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
Бейне –ролик көрсету: «Қызықты мамандық түрлері»
Ой –қозғау сұрақтары:
-Бейне –роликте қандай мамандық түрлері болды?
-Сендер үшін ең қызықты мамандық түрі қандай екен?
Қорытындылау:
-Бүгінгі сынып сағатынан не білдік? «Еңбек түбі береке » сынып сағатынан қандай тәрбие алдық?
Еңбек етпеген ішіп – жемейді.
Еңбек
етпесең елге өкпелеме,
Егін екпесең жерге өкпелеме.
Сонымен балалар, еңбек етпеген адам еш нәрсеге де қол жеткізе
алмайды екен, сондықтан да ерінбей, жалқау болмай еңбек етсек міне
сол еңбегіміздің жемісін жейміз. Біздің ең бірінші еңбегіміз ол
біліміміз. Міне көп оқып, тәртіпті болып, сабақты жақсы оқысақ
болашақта жақсы оқу орындарына түсіп, сол оқудың, білгеннің
арқасында еңбегіміздің жемісін жейміз екен. Сондықтан тек білімді
болып денсаулығымызды күтіп, алға қойған мақсатымызға жетуге
тырысуымыз керек.
Көрініс: « Қайдан келдің, бауырсақ?»
Дастарханда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
— Қайдан келдің, бауырсақ? – деп сұрады қуыршақ.
— Дүкеннен келдім нан сатқан, деді оған бауырсақ.
— Дүкенге келдің қай жақтан?
— Наубайдан келдім нан жапқан.
— Наубайға келдің қай жақтан?
— Диірменнен келдім ұн тартқан.
— Диірменге келдің қай жақтан?
— Даладан келдім кең жатқан.
Жер анам
менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
Еңбектің ең қауіпті түрін анықтаңдар
« Еңбекқор жәндіктер» туралы жазып, айту.
« Еңбекқор жәндіктер»
Ең қауіпті еңбек
«Жігер» тобы
«Еңбекқор» тобы
« Ұжымшыл » тобы
«Білгірлер» тобы
«Еңбек түбі – зейнет»
«Жақсы жұмыс – жанға тыныс»
«Еңбексіз өмір – сөнген көмір»
«Еленген еңбек өнімді»
Мұғалім: Атасы он жасар баласымен далада келе жатып, баласынан
сұрады:
- Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
- Көремін. Өрмек тоқып жүр.
- Анау құмырсқаны көремісің?
- Көремін, аузында бір нанның уағы бар, жүгіріп кетіп барады.
- Жоғары қара аспаннан не көрдің?
- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар.
Сонда атасы былай депті:
- Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған үлгі – өнеге:
Өрмекші маса – шыбынға тұзақ құрып жүр, өзіне азық етуге. Құмырсқа
нанның уағын өзі жемей уағын үйіне алып бара жатыр. Қарлығаш
балапандарына ұя жасауға шөп жинап жүр. Сен де еңбек етуге әдеттен
– деді.
Бұдан балалар сендер нені ұқтыңдар?
- Еңбек етуді, уақытымызды босқа өткізбеуге, мейірімділікке.
- Иә жарайсыңдар еңбек туралы бүгінгі тәрбие сағатымыз «Еңбек түбі
– береке» тақырыбында болмақ.
Мұғалім: Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме
қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын.
Мен барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын.
(оқушылар хормен)
Жақсы бала еңбекшіл
Таза бала мұнтаздай
Ер азамат болады.
Сүйсінеді қараған
Қиындықты жеңіп кіл
Ұқыпты деп бұл қандай
Құшағы гүлге толады.
Жақсы көрер бір адам. (2 рет қайталау)
Еңбекшіл досым – ай
Болайықшы осындай.
Мұғалім: Енді бәріміз тақтаға назар аударайық. (Нақыл сөз ба әлде
мақал – мәтел ма) «Еңбек түбі – зейнет», «Жақсы жұмыс – жанға
тыныс», «Еңбексіз өмір – сөнген көмір», «Еленген еңбек өнімді».
1. «Еңбек түбі – зейнет». Еңбек әрбір адамды зейнетке жеткізеді.
Еңбек етсең еш нәрседен кем болмайсың. Еңбек етсең барлық нәрсеге
қол жеткізесің. Балалар сендердің еңбектерің сабақты жақсы оқып,
әке – шешелеріңді қуанту. Жалқау, еріншек балалар үнемі 2, 3
бағаларын алып жатады. Өйткені олар еңбектеніп оқымайды.
2. «Жақсы жұмыс – жанға тыныс». Әрбір адам жұмысын бар ынтасымен
тыңғылықты етіп жасаса, өзі де оған қасындағы жолдастары да риза
болмақ.
3. «Еңбексіз өмір – сөнген көмір». Көмір отын екенін білесіңдер
балалар. Ол жылыту үшін қажет. Ол жанбаса жылу болама? Әрине жоқ.
Сол сияқты еңбек етпеген әрбір адам жылусыз сөнген көмір
сияқты.
4. «Еленген еңбек өнімді». Еңбек еткен адамның еңбегі елеусіз
қалған емес. Олардың аттары тарихта қалады. Мысалы, Қаныш Сәтбаев
аталарың көп еңбектеніп аты елеулі. Көптеген спортшылар олар
тынымсыз еңбегінің арқасында дүние жүзінде аттары әйгілі
болмақ.
\
Мұғалім:
- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Білім алуға, маман иесі болуға. Еңбек етсең, қарның тоқ болады,
киімің болады.
- Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
Жалқау емес, сабақты 5 - ке оқитын.
- Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
Сабақ оқумен, спортпен, мамаларымызға көмектесеміз.
- Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге
болады?
Адал, еңбек сүйгіш, жалқау болмағанда, көп оқығанда, үлкенді
тыңдағанда.
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты
етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды,
жігерлендіреді, шынықтырады. Ия, балалар, еңбек етсең, ерінбесең
барлық мақсат – мұраттарға жетесіңдер.
Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырмас азап, деген екен Абай атамыз.
Еңбектің адам өміріндегі мәнін түсіндіру үшін Өтебай Тұрманжановтың
«Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңін сахналап көрсетеді. Кәне соны
тамашалаңыздар.
Иә, балалар, айта берсек еңбек туралы мақал да, тиым сөздер де көп.
Еңбек түбі – береке, Еңбек етіп жақсы оқитын балалар үнемі шаттанып
бізді де, ата – анасында қуантып жүреді.
Қорытындылау: Еңбек етпеген ішіп – жемейді.
Еңбек етпесең елге өкпелеме,
Егін екпесең жерге өкпелеме.
Сонымен балалар, еңбек етпеген адам еш нәрсеге де қол жеткізе
алмайды екен, сондықтан да ерінбей, жалқау болмай еңбек етсек міне
сол еңбегіміздің жемісін жейміз. Біздің ең бірінші еңбегіміз ол
біліміміз. Міне көп оқып, тәртіпті болып, сабақты жақсы оқысақ
болашақта жақсы оқу орындарына түсіп, сол оқудың, білгеннің
арқасында еңбегіміздің жемісін жейміз екен. Сондықтан тек білімді
болып денсаулығымызды күтіп, алға қойған мақсатымызға жетуге
тырысуымыз керек.
Сұрақ – жауап. Не үйрендің? Не түйдік?
Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі
істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып,
еліне, халқына пайдасы берекелі болады. Осымен «Еңбек түбі –
береке» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды
мақалдың алғашқы жолын
оқиды, әрі қарай ойынға қатысушылар қолын көтеріп
жалғастырады.
1. Еңбегің қатты болса,…(татқаның
тәтті болар).
2. Еңбек түбі – береке,…(көптің
түбі – береке).
3. Істегенің еліңе
жақсы,…(үйренгенің өзіңе жақсы).
4. Отынды шапқанға жақтыр,…(малды
тапқанға бақтыр).
5. Ексең егін,…(ішерсің
тегін).
6. Етік тіге алмаған,…(біз
таңдайды).
7. Көсеуі қысқаның,…(қолы
күйер).
8. Берген – алар,…(еккен –
орар).
9. Еңбек етсең ерінбей,…(тояды
қарның тіленбей).
Ең аз ұпай алған ойыншы ойыннан
шығады.
Көрініс: « Қайдан келдің, бауырсақ?»
Дастарханда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
— Қайдан келдің, бауырсақ? – деп сұрады қуыршақ.
— Дүкеннен келдім нан сатқан, деді оған бауырсақ.
— Дүкенге келдің қай жақтан?
— Наубайдан келдім нан жапқан.
— Наубайға келдің қай жақтан?
— Диірменнен келдім ұн тартқан.
— Диірменге келдің қай жақтан?
— Даладан келдім кең жатқан.
Жер анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
Шығармашылық тапсырма:
1 топ: еңбек туралы 3 мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіру.
2-топ:« Еңбекқор жәндіктер» туралы жазып, айту.
3-топ: Ой еңбегі мен дене еңбегін ажырату.
Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
Қорытынды:
Топтастыру. Слайд арқылы «еңбектің пайдасы» деген
сөзге топтастыру жасау. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді,
жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге
үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.
Адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен
келеді.
әрбие сағатының тақырыбы: Еңбек түбі – береке!
Мақсаты: Оқушылардың еңбек туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;еңбек жасай білу дағдыларын дамыту,еңбекке қызығушылықтарын арттыру; еңбектенуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер,слайд.
І Ұйымдастыру
Шаттық шеңбері:
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты – еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты – еңбек.
Сабағыңды жөндеп,
Әзірлесең еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек!
Бүгінгі «Еңбек түбі – береке» атты тәрбие сағатызда екі топқа бөліндік: ТАПҚЫРЛАР мен АЛҒЫРЛАР тобы .
Ролик назар аударайы
Бұл видио роликтен нені түсіндіңдер?
Әңгімелесу.
1.“Еңбек”, “Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
2.Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
(Жалқау емес, сабақты 5 - ке оқитын.)
3.Қандай адамды еңбекқор дейміз?
4.Сендердің қазіргі негізгі еңбектерің
қандай?
(Білім алуға, маман иесі болуға)
Еңбек етсең, қарның тоқ болады, киімің болады.
5.Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды
ұнатасыңдар?
Сабақ оқумен, спортпен, мамаларымызға көмектесеміз.
6. Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге
жетуге болады?
Адал, еңбек сүйгіш, жалқау болмағанда, көп оқығанда, үлкенді
тыңдағанда.
Жалғасын тап: (слайд)
Еңбек ерлікке жеткізер, …( ерлік елдікке жеткізер )
Еңбек етпей елге өкпелеме, … ( егін екпей жерге өкпелеме )
Еңбек етсең емерсің, … ( ерінбесең жеңерсің )
Еңбегіне қарай — құрмет, … ( жасына қарай – ізет )
Еңбек адамның … ( екінші анасы )
Еңбек – ата, … ( жер – ана)
Еңбек ет те мақтан, … ( ойнап күл де шаттан )
Еңбек жастан, … ( өнерге бастан )
Еңбек ер ...(атандырады)
Бақыт кілті...( еңбекте)
Көрініс : «Еңбекпен тапқан тиын»
Шығармашылық тапсырма: алдарыңда жатқан жағдаятты оқып оз ойларыңды айтасыңдар.
1-жағдаят:
Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін «Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша «Денсаулықты сатып алуға болады» деді. Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол «Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.
Сендер не деп айтқан болар едіңдер?
2-жағдаят:
Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне, «Денсаулығыңды бұзасың ғой» отырып, дұрыс тамақ ішсең қайтер еді?» деп айтты. Самат анасына «Тамақтанбаудың денсаулыққа еш зияны» жоқ деп жүре тыңдады.
Қалай ойлайсыңдар Саматтың айтқаны дүрыс па? Сендер қалай тамақтанасыңдар?
Келесі тапсыр ма:Қағазда жазылған сөзді қалай түсінесіңдер,ойларыңды мына сызықтарға жазамызда қорғаймыз.(еңбек,білім)
Қорытынды: