2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Тәрбие сағаты «Еңбекқорлық және оның табысқа әсері»

Тәрбие сағаты «Еңбекқорлық және оның табысқа әсері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар Тәрбие сағаты «Еңбекқорлық және оның табысқа әсері» Күні 21.09.2023ж Класс жетекші: Класс: 6е Қатысушылар саны: 24 Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы: «Еңбекқорлық және оның табысқа әсері» Сабақтың мақсаты: Оқушылардың еңбек түрлері туралы білімдерін кеңейту, ұғымдар қалыптастыру. Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой өрісін дамыту. Оқушылардың еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа, іскерлікке үнемді болуға тәрбиелеу.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Елімді жырға қосамын Туған өлке ақындарынын шығармалары»

Күні

11.01.2024ж

Класс жетекші:

Хасан,Б.С.

Класс: 6е

Қатысушылар саны: 26

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Елімді жырға қосамын»

Сабақтың мақсаты:

Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары ардагер ағалар ерлігін, өнегесін үлгі ету. Оқушыларға туған өлке тарихы мен географиялық орны, халқы туралы мәлімет беру. Оқушыларды туған өлкесінің тарихын, мәдени мұраларын, тарихи құжаттарын зерттеуге баулу. Өзіндік әрекет дағдыларын жетілдіріп және шығармашылық қабілеттерін дамыту

Құндылықтарды дарыту

Ар - ұят : Шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну

Ресімдеу

Слайд,презентация , постер

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

Постерлер

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Сабақты


ң басы

5 минут

Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. «Туған жер» ұсынып отыр. Әрбір азаматты өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндейді. Туған жердей – жер болмас, Туған елдей – ел болмас, - деген емес пе даналарымыз? Жас ұрпақ өзінің туған өлкесінің тарихын, туған елінен шыққан тұлғаларды, ел мақтаныштарына айналған азаматтардың өнегелі істерін біліп, өсуі міндет. :Бүгінгі тәрбие сағатымыз туған өлкеміздің тарихын, географиялық орны мен жағдайы, өмірлері өнегеге айналған абзал азаматтары және жетістіктері жайлы болмақ.

Оқушылар ойларын жеткізеді






Презентация












Сабақты


ң ортасы

35 минут

«Туған жер» тақырыбында шығармашылық жұмыс,

яғни Постер қорғау Туған жер мен өзіңмен өзектестім Қиналғанда дем беріп көмектестің Табанымда туған жер табы қалып Топырағыңнан нәр алып өзіңде өстім Ежелгі ерте заманда қалмақтар қытай императорына өзгеше сый әнші құсты сыйға тартыпты.Император ғажайып құсқа аранап алтыннан тор жасатады, астына мамық төсетіп, арнайы ас әзірлетеді. Күнде таңертең император құстың әсем ән салуын күтеді, бірақ құс болса үнсіз отыра береді. “Таза ауаға үйренген құсқа сарай іші қапырық болар”-деп, ойлаған императыр торды салқын баққа апаруға әмір етеді. Әйткенмен құс бұл арада да тырс еткізіп дыбыс шығармайды. “Бұл құс енді неге ән айтпайды”-деп ойланады императыр. Ол бүкіл даналарды жинап, ақыл кеңес сұрайды, бірақ даналар да оған жарытып жақсы ақыл кеңес бермейді. Амалы таусылған императыр соғыста қолға түскен, тұтқында жатқан жат-жұрттық данагөйді алдырады. - “Егер құсқа қалай ән салғызудың жолын айтсаң, басыңа азаттық беріп, еліңе қайтарамын!”- дейді. Данагөй бір апта ойланып, жауабын айтады. - “Елден ел, жерден жер аралатып, құсты алып жүріңіздер мүмкін сайрап кетер.” - дейді. Император құсты алып, өз иелігіндегі барлық елді, барлық жерді аралатады. Ақыры бір шөлитті шөлді жерге келіп тоқталады. Олар демалып алмақ болып, ұйықтап кеткен кезде құс сайрап ән сала бастайды. Осы кезде император ұйқысынан оянады. “Еее, бұл жер біздің құсымыздын туған өлкесі екен ғой!”- деп ойға батады император. Кенет императордың есіне үш жыл бойы көрмеген өзінің туған елі, туған жері есне түседі. -Тордың қақпағын ашып құсты қоя беріңдер!- деп нөкерлеріне әмір етеді. Сонда құс туған жерін мадақтап, мың мәрте ән шырқапты.Еркіндікті, бостандықты жырлап, туған өлкесін әсем әуенге бөлепті деседі.

Постер қорғайды Сұрақтар

Қалай ойлайсыңдар әнші құс өзге елде неге шырқап ән айтпады? Тұтқын адам құстың сайрамау себебін қалай біліп қойды? Құсты босатуға император неліктен әмір берді? Туған жердің әр бір тасына дейін, құмына дейін, топырағына дейін біз үшін қымбат екен, құс та өзінің туған елін, туған жерін аңсайды екен.

Ақмола өңірің өз өлеңдеріне қосқан ақындарды білеміз?

Постер

Соңы

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!

Туған жердің болашағы біз жастармыз, Жеріңді ұлтарақтай біз сақтармыз, Қасиетті, киелі туған жерім Келешекте үмітіңді біз ақтармыз,-деп шығармашылық іздендіру жұмысы тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңыз және белсене қатысқандарыңыз рахмет! Сау болыңыздар!


Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

























































































19 ЖОББМ





























«Жолда жүру ережелерін білесің бе?»


6 «Е» сынып

Сынып жетекші: Жукенова А.Е.



















2023-2024 оқу жылы






Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Жолда жүру ережелерін білесің бе?»

Күні

14.09.2023ж

Класс жетекші:

Жукенова А.Е.

Класс: 6е

Қатысушылар саны: 24

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Жолда жүру ережелерін білесің бе?»

Сабақтың мақсаты:

Көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түйсіктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру. Оқушылардың қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін дамыту. Сынып оқушыларын жолдастыққа, сақтыққа тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Талап: Білуге , ережелерді сақтауға үйрету

Ресімдеу

Слайд, презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд, видео материалдар

Үлестірмелі материалдар

Жол белгілері жіне ережелері

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыу кезеңі(3мин)










Гимн орындалады.



Сәлеметсіңдер ме, балалар? Біз өмірімізді, денсаулығымызды қорғаудың бірден - бір кепілі көшеде жүру ережелерінен сабақтар өткізген болатынбыз. Бүгін осы көшеде жүру ережелері бойынша алған білімдеріңді пысықтау мақсатында «Жолда жүру ережелерін білесің бе?» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,

түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары 

бойынша орындарына 

отырады.


Презентация











Сабақ басы (2 мин)



Жолда жүру тәртібін білу әрбір бала, әрбір адам үшін маңызды деп білеміз.

Оқушылар мына өлең шума,ын бәріміз бірге қайталайық:

Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден,
Сау - саламат жүреміз.

Жолда жүру маңыздылығы, ережелері

презентация

Ортасы (20 мин)


Жолда жүру ережесі:

1.Машина жүретін жолда ойнауға болмайды.

2.Көлік жүретін жолмен жүруге болмайды.

3.Көшенің қиылысындағы бағдаршамның қызылы жанғанда жолдан өтуге болмайды.

4.Көшенің кез келген жерінене өтуге болмайды.

5.Көлік жүретін көшені бойлап жүруге болмайды.

6.Егер жолдан өтуге үлгермесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да бағдаршамның жасыл түсі жануын күт.

7.Жолдан бағдаршамның тек жасыл жанғанда ғана өт.

8.Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті.

Ойын «Қай жерде ойнауға болады? Ал қай жерде ойнауға болмайды?».
Егер топтарыңа жолда жүру ережелерін бұзбай ойнап жүрген балалардың суреті берілген болса астындағы шаршыны жасыл түспен, керісінше ереже сақталмаған жерді қызыл түспен бояйсыңдар.

1-ші топ «Қызыл»

2-ші «Жасыл»

3-ші «Сары»

ІІ. Келесі ойынымыз «сұрақ – жауап».

Қызыл тобына: 1. Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз? (Әуелі сол жаққа, көшенің ортвсына келгенде оң жаққа қараймыз)

2.Бағдаршамның неше көзі бар? (3, қызыл, сары, жасыл)

3.Балалар қай жерде ойнау керек? (арнайы алаңдарда)

Сары тобына: 1.Жолаушылар деген кім?  (кез – келген көлікке мінетін адамдар)

2.Жаяу адамның өтетін жолдындағы сызық?  (ақжолақ)

3.Көлік күткенде қай жерде тұру керек? (аялдамада, арнайы белгілеген орындарда)

Жасыл тобына: 1. «Жүргізуші» деген кім?  (көлік айдайтын адам)

2.Автобус, троллейбус тоқтайтын жер?  (аялдама).

3.Өмірімізді қатерден сақтандыратын, көшемізде тұратын көмекшіміз не? (бағдаршам)

Оқушылар Жолда жүру ережелерімен танысады


























Мұғалімнің сұрағына жауап береді





Презентация

Жолда жүру ережелері















Постерлер, стикерлер, маркер, түрлі-түсті қалам

Соңы (5мин)






Тәрбие сағатымызды қорыта келгенде, біздің қалаларымызда сол сияқты біз тұрғандай ауылдардың бәріне ортақ жолда жүру ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, барлық жүргіншілер мен жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.Тәрбие сағатына белсене қатысып, ізденгіштік қабілетін көрсеткен оқушылар атап өтіледі.









Презентация



19 ЖОББМ





























«Еңбекқорлық және оның табысқа әсері»


6 «Е» сынып

Сынып жетекші: Жукенова А.Е.



















2023-2024 оқу жылы






Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Еңбекқорлық және оның табысқа әсері»

Күні

21.09.2023ж

Класс жетекші:

Жукенова А.Е.

Класс: 6е

Қатысушылар саны: 24

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Еңбекқорлық және оның табысқа әсері»

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың еңбек түрлері туралы білімдерін кеңейту, ұғымдар қалыптастыру. Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой өрісін дамыту. Оқушылардың еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа, іскерлікке үнемді болуға тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Талап: Еңбек етуге, әрекет жасауға баулу

Ресімдеу

Слайд, презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд, видео материалдар

Үлестірмелі материалдар

Нақыл сөздер, суреттер

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыу кезеңі(3мин)










Гимн орындалады.

Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

-Нағыз еңбек неден басталады?  

-Еңбек қана бар қиындықты жеңбек.

 Балалар , бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Еңбекқорлық және оның табысқа әсері»

Балалар, еңбек сөзін естігенде ойларыңа не келеді?

/Оқушылар өз бетінше ойларын жазып, қорғап шығады/.

Тақта арқылы «еңбек» деген сөзге топтастыру жасау.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,

түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары 

бойынша орындарына 

отырады.

Презентация






Постерлер, стикерлер, маркер, түрлі-түсті қалам


Сабақ басы (2 мин)



Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. 


Еңбек туралы мақал-мәтелдер

Нақыл сөздер

Мәліметтер айтылады

презентация

Ортасы (20 мин)


 Оқушылардың мектептегі және қоғамдық пайдалы іс- әрекеті оның кейін әлеуметтенуіне үлкен әсерін тигізеді. Мамандық таңдауына, рухани құндылықтарға ие болуына, әр түрлі адамдармен араласуға, мінезінің қалыптасуына әсер етеді.

Сергіту сәті. Ойын: «Кім жылдам?»

Оқушыларға қиықша қағаздар үлестіріледі, «ойын» деген жазуы бар қиықша түскен оқушылар ортаға ойынға шығады. Ойынның шарты: үстел үстінде тұрған ыдыстың ішіндегі жемістерді келесі үстелдегі ыдысқа апарып салу керек. Бұл ойын ұқыптылықты, шапшаңдықты талап етеді.

Еңбек туралы мақал-мәтелдер:


Еңбегіне қарай — құрмет, 
Жасына қарай — ізет.


Еңбек ер атандырады.


Еңбек ерлікке жеткізер, 
Ерлік елдікке жеткізер.


Еңбек еткен — мұратқа жеткен.

Еңбек етпей елге өкпелеме, 
Егін екпей жерге өкпелеме.


Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады, 
Еріншек ұйқыдан қирап тұрады. 

Енді оқушылардың сіздерге қояр сұрақтарымыз бар. Сол сұрақтарға кезек берейік.

1.    Өзіңізді еңбекқормын деп санайсыз ба?   Еңбек қорлық адамды қандай қасиеттерге баулиды?

2.    «Адал еңбек» деген ұғым нені білдіреді?

3.    «Еңбектің жемісі»  дегеніміз не?

4.    Адамның бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?


Оқушылар Еңбек етудің маңыздылығын түсінеді














Еңбек туралы мақал мәтелдер
















Мұғалім сұрақтарына жауап береді

Презентация

Суреттер, постерлер




Платсмас ыдыстар, жемістер















Соңы (5мин)






Еңбек қана бар қиындықты жеңбек. Барлық  байлық еңбекпен келеді. Ауылымызда  тек өзінің маңдай терімен  отбасын асырап отырған  ер адамдар бар. 

Еңбексіз бос жүру адамды моральдық жағынан құлдыраушылыққа,  жұрт еңбегінің  есебінен күн көруге әкеліп соғады.Еңбек етпесең не қорлыққа, не ұрлыққа барасың.Еңбек қана адамның жанын жарастыққа, ризалық сезіміне бөлеп бақытты етеді.Еңбек  етсең ешкімге тәуелді болмайсың.









Презентация



19 ЖОББМ





























«Қарияға қол ұшын соз»


6 «Е» сынып

Сынып жетекші: Жукенова А.Е.



















2023-2024 оқу жылы






Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Қарияға қол ұшын соз»

Күні

28.09.2023ж

Класс жетекші:

Жукенова А.Е.

Класс: 6е

Қатысушылар саны: 24

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Қарияға қол ұшын соз»

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Талап: Білуге , жаңаны тануға құштар болу.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыу кезеңі(5мин)


Гимн орындалады.

Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгін бізде ерекше күн. Халқымыздың Асыл қазынасы – Қарттар күні. Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың да тақырыбы осы күнге байланысты.

Ақ жаулақты аналар,

Ақыл кенін арқалаған әжелер!

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар!

Сынып оқушыларының қатысуымен қариялар күніне орай ұйымдастырылып отырған «Қарияға қол ұшын соз» атты ашық тәрбие сағатын бастаймыз.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,

түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары 

бойынша орындарына 

отырады.







Презентация












Сабақ басы (5 мин)



Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп , көңіл аударып , жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне , еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз.

Қарттар күніне мәліметтер

презентация

Ортасы (20 мин)


Жұмбақтар жасырамыз

Айтары мол ғұлама,

Көп жасаған бұл адам.

Әкесі ол әкеңнің

Білер оны сұраған

Ол кім? (Атаң)

Атаңның баласы,

Кей кезде таласып

Қаласың әжеге

Білгенің асады кәдеге.

Ол кім? (Әкең)

Аймалайды «Күнім»деп

Мейірімді жүзі күлімдеп.

«Тәтті-ақ» дейді немере,

«Бал шырындай үнің» деп.

Ол кім? (Әжең)

Әлпештеп өзіңді өсірген-

Нағашы әжеңнің баласы.

Төрінде жалпиып көсілген

Бұл күнде жиеннің анасы

Ол кім? (Анаң)
(Жақсы жарайсыздар!)

Ойын: Мақалды жалғастыр

Батыр туса ел ырысы

Жаңбыр жауса жер ырысы

Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаңда қарызыңды өтей алмайсың.

Балалы үйде өтірік жатпайды.

Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол



Әр топтан бір оқушыдан шығып «Қарт» сөзіне ассосация айтады.

Оқушылар жұмбақтарды шешеді












Мақал мәтелдер жазылған постерлер





Презентация

жұмбақтар






































Постерлер, стикерлер, маркер, түрлі-түсті қалам

Соңы






«Үлкенге құрмет,кішіге ізет»,бұл мақалдың айтары зор. Үлкенге құрмет үлкенді сыйлаудан басталады емес па?!Сәлем беру,көмек көрсету,үлкеннің жолын кеспеу,қол ұшын беру-әдептіліктің,ізеттіліктің ерекше белгісі. «Қарты бар ел – қазыналы ел» дейді халқымыз.Сондықтан сол қазынамызды қастерлей білу,олардың қарттығын мұңсыз өткізуге жағдай жасау-біздің парызымыз.









Презентация



Жариялаған:
Хасан Б.С
13 Қаңтар 2025
185
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі