400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты Ер есімі-Ел есінде 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағат жоспар мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектебі









ТӘРБИЕ САҒАТ



Тақырыбы:« Ер есімі-Ел есінде»











Сыныбы:11«A»

Орындаған:Әшір Венера.







Шымкент 2021 жыл

17 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына

32 жыл толуына орай «Ер есімі –Ел есінде!» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

ЖОСПАРЫ


1

Кездесу қонақтарымен сәлемдесу

2

Әнұран орындалады.

3

Кешіміздің ашылу салтанаты

4

Сөз кезегі мектебіміздің директорына беріледі

5

1 минут үнсіздік

6

Қонақтармен таныстыру және сөз беру

7

Патриоттық ән шырқалады.

8

Ауған соғысы жайлы баяндама оқылады

9

Ардагерлермен сұрақ жауап.

10

Ән шырқалады.

11

Іс шараның аяқталуы


Тәрбие сағатының тақырыбы: Ер есімі-Ел есінде!


Жүргізуші

Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кездесуіміздің қонақтары!

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер төркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар

Болмаған, - деп – Әнұран?!

Әнұран орындалады.


Жүргізуші


Соғыс жан алып-жан беру

Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына байланысты «Ер есімі- Ел есінде» тақырыбындағы кешімізді ашық деп жариялаймыз.


Жүргізуші


Бугінгі салтанатты жиынымызды ашып беру үшін сөз кезегі мектеп директоры Искакова Саулен Адырбекқызына беріледі


Жүргізуші


Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан

тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

Рахмет отырыңыздар!

Жүргізуші


1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс-зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан.Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі - Ауған соғысы.

1989 жылы 15 ақпан-Кеңес әскерінің ақырғы легі Ауған елінен біржолата әкетілді. Өткеніміз өз елесінде қалу жолында әр жылдың 15 ақпан күні – Ауған соғысында болғандарды еске алу күні болып есептеледі. Бүгінгі күні арамызда осынау алапат ойранға қатысып келген жерлестеріміз де аз емес. Олай болса бүгінгі кездесу сағатымыздың құрметті қонақтары -жауынгер-интернационалистерге қошемет көрсетейік. Олар:(Қонақтармен таныстыру және сөз беру)

1.______________________________________________________________________________________________________________________

2.______________________________________________________________________________________________________________________

3.______________________________________________________________________________________________________________________





Жүргізуші

Жауынгерлер оралмады саптағы.

Күңіренді ауыл-аймақ қарттары

Тек жүректе, қалады екен,

Өшпейтұғын мәңгі "Ауған оттары" - деп

ортада________________________________________________ орындауында

патриоттық ән шырқалады.


  1. Жүргізуші


Келесі кезекте Әшір Венера Ауған соғысы жайлы баяндама оқиды.



  Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында басталып, соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен 1989 жылдың 15 ақпанына дейін.ұзаққа созылды

Статистикаға сүйенсек:

10 жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны - 14453- ке жеткен.

Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761- і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. 1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды. Бұл соғыста Кеңес үкіметінің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы бір шешімге келді. 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы, генерал — лейтенант Б. Громов “Кеңес әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылды” деп мәлімдеді. Бүгінгі таңда елімізде 10000- ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар. Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет барма деген ойлы сөзі бар. Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды. Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз қазіргі таңда біздің ортамызда.

«Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау – біз үшін бір ғанибет.

Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағалар уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз!


  1. Жүргізуші

Касіретін көзбен көрген жалғанның,

Көкірегінде мәнгілікке қалған мұң.

Алдарында бас иеміз тағзым қып,

Соғысында қан кешкендер Ауғанның

- дей келе ардагер ағаларымызбен сұрақ жауап.


  1. Жүргізуші


Қорғаймыз біз - жерді, ортақ қонысты

Міндеттіміз болдырмауға соғысты.

Осынау үнге бейбітшілік шеруі

Азаматтың арман ойы тоғысты

ортада________________________________________________ орындауында

ән шырқалады.


  1. Жүргізуші

Құрметті көрермендер осымен кездесуіміз өз мәресіне жетті, оқушыларымыз бойындағы бар өнерлерін көрсетті деп ойлаймыз.

Келешек қой осылар, барға шүкір

Алдарында аққанат арманы тұр

Жүректері лүпілдеп, тебіреніп.

Әрқайсысы өз үлесін алғалы тұр.


Демеңіздер біз өнерді аяп қалды

Уақыт та біраз жерге таяп қалды

Осыменен қоштасамыз сіздерменен,

Сайысы оқушылардың аяқталды.


Көріскенше күн нұрлы болсын, сау-саламатта болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.04.2021
946
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі