Материалдар / Тәрбие сағаты. Ерлігі елге мұра
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты. Ерлігі елге мұра

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2019
1473
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: Ерлігі –елге мұра, ұрпаққа -ұран

Мақсаты: Оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу.


Өткізілу барысы:
1. Кіріспе . Жеңіс күні
3. Ұлы Жеңіске мың тағзым! (жеңіс туралы әндер, өлеңдер оқу)
4. «Соғыс қасіреті» (көрініс)
5. Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды! (оқушылардың шығармашылығы)

6.«Ерлігі –елге мұра, ұрпаққа –ұран» Ауданымыздағы Кеңес Одағының батыры Ә.Әбуталипов жайлы бір үзік сыр.

7. «Отты жылдар елесің, кітаптан оқып білесің...» (кітап көрмесі)
8. Қорытынды


Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ерлігі –елге мұра, ұрпаққа -ұран» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.


Жүргізуші:Жеңіс күні – адамзат аңсап жеткен күн, жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9-мамыр – азат күресінің айбынды күні. Жеңіс күні, бұл күн өмірді сүйер адамзат қауымының есінен мәңгі кете ме?!

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігерленген құштарлықтың құрамы.

Күрескердің амалы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекесі бұл әні.

2 -жүргізуші:
Здравствуйте дорогие друзья, сегодня великий день! День, когда наша страна выстояла в войне, день, когда мы все безоговорочно победили. Но, к сожалению, чтобы говорить здесь, сегодня все эти слова, что бы все мы смогли здесь собраться и праздновать, наша Родина заплатила огромную цену. Цену в сотни человеческих жизней и судеб.

Мы здесь не потому, что дата.

Как злой осколок, память жжет в груди.

К могиле неизвестного солдата

Ты в праздники и будни приходи.

Он защитил тебя на поле боя,

Упал, ни шагу не ступив назад,

И имя есть у этого героя —

Великой Армии простой солдат

І Жүргізуші :Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9-мамырда Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 73 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 73 жылдығы.

І жүрг:«Ерлігі –елге мұра, ұрпаққа -ұран » атты Ұлы жеңістің 73 жылдығына арналған тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

ІІ жүрг:Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған.

І жүрг: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

ІІ жүрг: Жігер менен құштарлықтың құралы.

Екеуі бірге:

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.



Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады)


Немересі:  Әже, әже! Бүгін менен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. (әжесін құшақтап еркелей күледі)

Әжесі:  Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымыиып, салмақты киіпте пышағын қайрап отыра береді, келіні ыдыс алып, келе жатып, радиодағы хабарды тыңдап тұрып қалады).

Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабуыл жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің территориясына басып кірді.

(Ән «Священная война», қолындағы ыдысы түсіп кеткен келіні жылап, бетін жабады).

Немересі: 
— Аттан! — деді,
Ол қазір аттанады.
Жауынгердің ролін атқарады.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан, әке,
Жолыңнан кешігесің.
Кудесінде жаны бар пақырларың,
Тауып жейді сенсіз де несібесін. (әкесін келіп құшақтайды)

Әкесі: 
— (әкесі қолындағы бір жасар баласын қызына беріп тұрып)
Тыңда балам, тыңда күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам, сәби інің,
Барлығы саған аманат.

Әжесі: 
— Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен.
Келін-ау көздей қалтаға
Топырақ салып беріп жібер.

Келін: 
— (қалтаға салынған топырақты берген келін)
Кебін киген өледі,
Кебенек киген келеді.
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей дейді келеді. (жарының соңынан жылап қалады)

І жүрг:  Отан ана жылағанда шер сеніп,
Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық, деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.


IІ жүрг:  Бұлт торлады аспанды,
Қара жер қанға ластанды.
Зеңбірек атып жан-жақтан,
Осылай соғыс басталды.

/бейне сюжеттер көрсету/


Оқушылардың әдеби- монтажы.


Жүргізуші:Ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. 
- Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған еді.

Мәншүктің монологы. Шазінда Ж


Ән: Әлия.Орындайтын :Алиджонова Қ

Біздің ауданымызда Кеңес Одағының батыры атағын Ә.Әбуталіпов және А.Д.Романов алды.

Осындай ерлерімізді мақтан тұтамыз


1 жүрг.: Жарқын күнді аңсап халқым шөлдеген,

Арпалыссыз күн өткізіп көрмеген.

Уақыт көшін кері қарай жылжытқан,

Ұлы Жеңіс оңайлықпен келмеген.

ІІ жүрг: Туады ерлер елі үшін

Өлмейді ісі мәңгілік.

Өшпейді абзал есімдер

Ұрпаққа жетіп мәңгілік,-деп Жұбан Молдағалиев жырлағандай батыр ағаларымыздың есімдері ,ерліктері жас ұрпақ санасында мәңгілік сақталады.


І жүрг: Отаным еркелеймін өзге кімге,

Өзіңмен нені болса көргем бірге

Қалайша қабырғама батпас менің

Басыңа қатер бұлты төнген күнде,-деп ақындарымыз жырлағандай,бойдағы қара күш жігерін жауға арнаған Әнуар атамыз қару ұстап,мұз төсеніп,тыныш заманның қайта оралуына үлес қосты.

ІІ жүрг: Сұрапыл соғыста қайсарлықпен ерлік көрсеткен ағаларымыздың бірегейі 1923 жылы Қызылорда облысыЖаңақорған ауданы, Талап кеңшарында дүниеге келген Кеңес Одағының батыры Әнуар Әбутәліпов. Батыр ағамыз Жаңақорған мен Сыр өңірінің ғана емес, Қазақ елінің мақтанышы. Өйткені ол Отан үшін от кешті, өмір мен өлім арпалысқан қан майданда қаһармандықтың жасампаз үлгісін көрсете білді.

ІІ жүрг.: Әнуар Әбутәліповтың есімін қалай қастерлесек те тұрарлық. Майдан мен еңбектің қаһарманын ұрпақтан ұрпаққа үлгілі етудің мәні аса жоғары. Оның өнегелі өмір жолын кеңінен насихаттау арқылы кейінгі буынды патриотизмге, Отанды және еңбекті сүюге баулуға кең жол ашуға әбден болады. Осы орайда туылғанына 95 жыл толуына байланысты Ә.Әбутәліпов туралы «Ерлігі- елге мұра , ұрпаққа –ұран» атты бейне сюжетке назар аударайық.


Picture 1 СЛАЙД : Ерлігі –елге мұра, ұрпаққа -ұран


1 оқушы : 1923 жылы 7 желтоқсанда Жаңақорған ауданының "Талап" ауылында дүниеге келді. 1942 жылы қазан айында 19 жасында майданға аттанды. 1943 жылы ақпанда ол тұңғыш рет ұрысқа кірді, 53-армияның Звенигород әуе-десанты дивизиясының 13-гвардиялық атқыштар полкінің станокті пулемет расчетінің командирі болды.



2- оқушы:1944 жылдың қазанында Дебрецен операциясына қатысып Тисса өзенінен өту кезінде ерекше батылдық көрсетіп, көзге түсті. Ержүрек жауынгер өзеннің екі жағалауына 47 рет қатынап, жауынгерлерді, оқ-дәрі, байланыс заттарын өзеннен өткізеді, ұйқысыз дем алмай тәуліктен астам уақыт жұмыс істейді.



3- оқушы: Өз пулеметінен оқ жаудырып 18 жауды жайратты, жаудың 3 "тигрын" от-жалынға орады. Осындай ерліктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Әнуар Әбутәліповке Кеңес Одағы Батыры атағы берілді.



4- оқушы: Теңдессіз ерлігі арқасында Кеңес Одағының Батыры атанған Әнуар Әбутәліпов еңбектің де адамы еді. Ол туған жерге оралысымен ауданымызда ауыл шаруашылығы жұмыстарына бел шеше араласып кетті. Күріш егіп, дақылдың осы түрінен мол өнім алуымен атақ-абыройы асқақтады. 1947 – 1953 жылдар аралығында Талап ауылдық кеңесінің төрағасы, 1965-1968 жылдар аралығында шаруашылық салаларында жауапты қызмет атқарған. 1970-1985 жылдары Түгіскен тыңын игеріп, Ленин орденді күрішшісі атанды. 2002 жылы 30 шілдеде дүние салды. Батырдың артында жұбайы Абуталипова Ұмсалем және 5 ұл, 4 қыз, 42 немере, 3 шөбересі қалды.


5- оқушы: Жеңіспен елге оралған Ә.Әбутәліпов Жаңақорған ауданындағы "Түгіскен" кеңшарында еңбек етті. 2 рет Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Ақын Адырбек Сопыбеков батырдың ерлігі жайлы "Жүрек жұтқан" атты дастан жазды.

     Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққорған ауылындағы №209 орта мектепке батырдың есімі берілген.

.

Ән. Соғыстан қайтқан солдаттар. Орындайтындар: Мәулен Д, Машрап Ә


2-Жүргізуші:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
1-Жүргізуші:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!


Ж. Нәжімеденовтың «Бейбіт күн тілегі» әні .Орындайтын :Батталов Н,Самадин А


І жүрг:  Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 73 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар.

І І жүрг: 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өртеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.

І жүрг:  Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 73 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенімізге — 73 жыл.


Би :Катюша


ІІ жүрг: 

74 жыл — бейбір көктем таң атқалы,
74 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.

І жүрг: 
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
74 жыл — жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.


Ән :Сарбаздар жыры . Орындайтындар:Жәнібекқызы А,Сабырханов Д


І жүрг.: 
Сен неткен Отан — анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай бер Ұлы Отаным — қазақ елім.

IІ жүрг.: 
Желбіре, көгілдір Ту, көк аспанда,
Не жетсін жөні келіп жарасқанға.
Сен менің құдіретім, кием-дағы,
Айбардың айтсын сөзді адасқанға.


Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» әні үш тілде орындалады


Мұғалім:Сонау Жер- ананы өрт шарпыған соғыс жылдарында елі мен жерін қорғаған, Отанға бейбіт өмірді тарту еткен ,қан майданда от кешкен ержүрек жауынгерлер-бүгінгі ақ сақалды ардагерлер мен ақ жаулықты аналар әрқашан жоғары құрметке лайық екені даусыз.Сондықтан да оларға деген ыстық ықылас пен құрмет ,алғыс ешқашан толастамайды,керісінше «тау алыстаған сайын биіктей түседі»демекші уақыт өткен сайын еселене бермек. «Кімде кім халқынан алмаса тәлім ,оны үйрете алмас ешбір мұғалім»-деп Жүсіп Баласұғын бабамыз айтқандай толғаныстардың өткен күндерімен сырласып,бүгінгі күн сол сұрапыл жылдардың жемісі мен жеңісінің нәтижесі екенін білуіміз керек.

«Мәңгілік Ел » ұлттық идеясында өткенімізден сабақ ала отырып ,болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз!-дегендей бүгінгі жас буын өткен тарихи оқиғаларды мәңгі жадында сақтап ,қадірлеп –қастерлей білсе нұр үстіне нұр болар еді.


Хор «Атамекен»








































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!