Материалдар / Тәрбие сағаты, "Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты, "Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты, "Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран!" Ұлы жеңісті дәріптеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетен ата – бабаларымыздың ерлік ісін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі тұту. Оқушыларды патриоттыққа , отанды сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2022
2428
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өскемен қаласы әкімдігінің

"№ 15 орта мектебі" КММ

Бастауыш сынып мұғалімі:

Тутканбаева Гульмира Маратовна



Тәрбие сағатының тақырыбы: "Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран!"

Мақсаты: Ұлы жеңісті дәріптеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетен

ата – бабаларымыздың ерлік ісін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі тұту.

Оқушыларды патриоттыққа , отанды сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі : презентация, ролик

Сабақтың түрі : Тәрбие сағаты

Өткізілетін орын: "Zoom" платформасы

Өткізілу барысы:

  1. Кіріспе

  2. «Ұлы Отан соғысы» бейнеролик көру

  3. Презентация бойынша ұлы Отан соғысының батырларымен таныстыру

  4. Мақал жалғастыру ойыны

1.Кіріспе

Мұғалім:

Саламатсыздар ма құрметті оқушылар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз "Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран!" Әрқайсысымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Биыл Ұлы Жеңіске – 75 жыл болады. Төрт жыл бойына созылған сұм соғыс 1945 жылы жеңіспен аяқталды. Қасық қаны қалғанша өз Отаны үшін отқа түскен ата ,апаларымыздың ерлігін ешқашанда ұмытпаймыз.

Олай болса балалар назарларыңызды бейнероликке аударыңыздар, мұқият тамашалаңыздар.

  • Бейнеролик не жайында екен ?

  • Қандай батырлардың есімдері аталды?

  • Балалар жауабы, әңгіме жүргізу

Мұғалім:

Күткен жеңіс жарқ етті сәуле шашып

Жеңіс келді қуандық көңіл тойып

Жауды жойып батырлар елге оралды

Ата-анамен қауышты құшақ жайып

Мамыр келді ағаштар бүрін жарып

Бейбіт өмір оралды күні жарық- дегендей ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Ешкім де , ештеңе де ұмытылған жоқ.

-Балалар, енді мына презентацияға қарайық, Мәскеу үшін шайқас 1941 ж. 30 қыркүйек -20 сәуір 1942 жыл аралығы. Курс шайқасы 5 шілдеден – 23 тамыз 1943 жыл. Соғыс алаңысбейнеленген сурет. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы зар. Соғыс ардагерлері бұл күнді асыға күтеді. Сол бір сұрапыл кездерін еске алады. Соғыстан оралмаған солдаттарға ескеткіштерге гүл шоқтарын қояды. Ардагерлерді құрметіне арналған концерт, салтанатты шеру болады. Өздерің де 9 мамыр күні алаңға шықтыңдар, көрдіңдер.

Қазір көпшілік қалаларда "Мәңгілік полк" шеруі өтеді.Мына суреттерден көруге болады, қаншама мыңдаған адам өз ата – апаларын фоталарын алып шығады. Мен де шығамын осы шеруге

Келесі презентациядан соғыс ардагерлерімен танысамыз. Балалар өздері дайындаған мағлұматтарын ортаға салады.

Айзере: Қасым Қайсенов 23 сәуір 1918 ж. Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауылында дүниеге келген.Қазақстанның Халық каһарманы, көрнекті

жазушы. Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, аты

аңызға айналған қайталанбас тұлға. Біздің Өскемен қаласында ол

кісінің атына көше берілген. Біз ол кісіні ешқашан ұмытпаймыз

-Жарайсың Айзере, рахмет ! (слайд 12)

-Келесі Бауыржан Момышұлы туралы кім айтады ?

Мелисса: Кеңес Одағының батыры жазушы, Екінші дүниежүзілік

соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, командир болды.

Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты.

-Жарайсың Мелисса, рахмет! (слайд 13)

Презентация бойынша балаларға батырлар жайында қысқаша

мағлұмат айтып кету. (слайд14-21 слайд)

Ал, қазір балалар мен мақалдың басын айтамын, сендер аяқтайсыңдар.

1. Отан үшін отқа түс, … (күймейсің)

2. Отан оттан да ... (ыстық)

3. Туған елдей ел болмас, (туған жердей жер болмас).

4. Ит тойған жеріне...(ер туған жеріне).

5. Батыр туса, ел ырысы ... (Жаңбыр жауса, жер ырысы).

6.Туған жердің күні де ыстық ... (түні де ыстық).

7. Ел болам десең, ... (бесігіңді түзе)

8. Отансыз адам ... (ормансыз бұлбұл)

9. Ер бір рет өледі, ... (қоқақ мың рет өледі).

10. Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,.(батыр болсаң, жауыңа

найзаң тисін).

- Жарайсыңдар балалар , мақалдарды жақсы біледі екенсіздер, рахмет!

- Міне 9 мамырда "Ұлы Жеңіске" биыл жетпіс бес жыл, мерейтой

деп айтуға да болады. Барлық ардагерлерді мерекемен құттықтаймыз!

Жыл өткен сайын соғыс ардагерлері сиреп барады. Үкімет

тарапынан соғыс ардагерлеріне үнемі көмек беріліп отырады ,

9 – мамырда да құттықтайды. Назардан тыс қалдырмайды.

(слайд 23,24,25,26)

Хор "Ақ көгершін"

Қорытынды: -

Міне, содан бері 75 жыл өтті. Соғыс – адам баласы үшін

ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Соғыс болмасын, бейбіт күнде өмір

сүрейік. Бұл бақыт үшін біз каһарман ата – бабаларымызға қарыздармыз.

Сондықтан да біз олардың ерліктерін ешқашанда ұмытпаймыз!

От кешіп, қан жұтқан сол бір жылдар барған сайын бізден

алыстауда. Майдан мен тылдың аты аңызға айналған ерлері барған сайын


азая түсуде. Бірақ олар жасаған Ұлы ерлік ешқашан ұмытылмақ

емес.Зұлым жаумен шайқаста әке, аға, бауырларымыз қанын

төгіп, қолымыз жеткен Жеңіс шапағы кейінгі ұрпақтарға жетпек.

Келешек үшін, дүние жүзілік жаңа жойқын соғысқа жол бермеу

үшін бұл туралы ұмытуға болмайды.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!