Тәрбие сағаты "Ешкім де, ешнәрседе ұмытылмайды"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Ешкім де, ешнәрседе ұмытылмайды"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге көмек ретінде ұсынылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды

Мақсаты:

Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту.
Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін - өзі басқаруға, еркін сөйлеуге ерік беру.

1 - жүргізуші: Жеңіс күні - адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен - 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.
2 - жүргізуші: Құрметті осы кештің қонақтары, ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ешкімде, ешнәрседе ұмытылмайды» атты Ұлы Отан соғысының ардагері Әлімбетұлы Сихымбай атаға арналған әдеби кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер.
1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар мен өскелең ұрпақ! 9 мамыр мерекесі барлығымыз үшін ең бір қымбат тарихи күн екені күмәнсіз. Біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің қандай бағамен келгенін ешқашан ұмытпаймыз. Біз Отанымыздың бейбітшілігі мен тәуелсіздігі үшін өз өмірлерін қиған аяулы жандарды мәңгілік естен шығармақ емеспіз.
2 - жүргізуші: 1941 жылы маусымның 22 – сінде Гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасағаны баршамызға аян.
Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап,
1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.

1 - жүргізуші: Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды. 1945 жылы 8 - мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9-ында бұрын – соңды болмаған мың зеңбірек 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.
2 - жүргізуші: Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.

72 жыл – бейбіт көктем таң атқалы,
72 жыл – шуақты күн таратты әнін,
Ашылды жеңіс күннің парақтары
Талай құс содан бері қайта оралды,
Соғыста өлгендер тек оралмады.
1-жүргізуші:

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным басын иіп бір минут
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

- Құрметті ұстаздар, оқушылар сол ағаларымыздың рухына бас иіп 1 минут еске алайық.

8 – оқушы:

1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталды

Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады)


Немересі:  Әже, әже! Бүгін меннен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. (әжесін құшақтап еркелей күледі)

Әжесі Талабына нұр жаусын, арманыңа жет балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымыиып, салмақты киіпте пышағын қайрап отыра береді, келіні ыдыс алып, келе жатып, радиодағы хабарды тыңдап тұрып қалады).

Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабул жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің терреториясына басып кірді.

(Ән «Священная война», қолындағы ыдысы түсіп кеткен келіні жылап, бетін жабады).

Немересі: 
— Аттан! — деді,
Ол қазір аттанады.
Жауынгердің ролін атқарады.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан, әке,
Жолыңнан кешігесің.
Кудесінде жаны бар пақырларың,
Тауып жейді сенсіз де несібесін. (әкесін келіп құшақтайды)

Әкесі: 
— (әкесі қолындағы бір жасар баласын ұлына беріп тұрып)
Тыңда балам, тыңда күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам, сәби інің,
Барлығы саған аманат.

Әжесі: 
— Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен.
Келің-ау көздей қалтаға
Топырақ салып беріп жібер.

Келін: 
— (қалтаға салынған топырақты берген келін)
Кебін киген өледі,
Кебен
ек киген келеді.
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей дейді келеді. (жарының соңынан жылап қалады)

Радио: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва!1945 жылы 8 мамырды Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгендігін мойындап Актіге қол қойды. 9 мамыр Жеңіс күні!
Әжесі:
Халық қуанысып, бір-бірінен сүйінші сұрасып жатады.
«Сүйінші! Халқым, жұртым, сүйінші! Неміс фашистері кеше тізе бүгіп, жеңіліпті! О,жасаған, шынымен қарғыс атқыр соғыстың аяқталғаны ма?»

Ән: Мәншүк
 8- оқушы:

Отан ана жылағанда шер сеніп,
Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық, деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп
.

Бұлт торлады аспанды,
Қара жер қанға ластанды.
Зеңбірек атып жан-жақтан,
Осылай соғыс басталды.

1 - жүргізуші: Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қару шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5, 5 миллион адамға жетті.

2 - жүргізуші: Адам баласы үшін соғыстан асқан кесапат жоқ. Соғыс! Жалғыз ауыз сөз. Бірақ қандай қорқынышты?! Соғыс дегеніміз – қайғы – қасірет, қантөгіс, өлім – жетім. Соғыс дегеніміз – күн сайын туған – туыстан, жақын – жорадан, қарулас досыңнан айырылу.

9-оқушы:

Жүргенімде қуанышпен қамданып,
Керек – жарақ заттарымды қолға алып,
Жиырма екінші сағатында қырық бірдің
Батыстан дауыл соқты долданып.
Таң алдында сағат бесті соққанда
Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да,
Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау
Шекараға келіп салды ойранды.

10-оқушы

І. Еске алып туған жер, ана жарын
Биік ұстап абырой, намыс, арын.
Отан үшін аянбай соғысты олар
Кеудесінен ұрса да отты жалын.
ІІ. Қан кешкенде майданда бабаларым
«Қан көрмесін ұрпағым, бабаларым»
Тілек еткен ұрысқа түсіп алмай
Тауып алып қан - жаса жараларын.

Батырлықтың қашанда тұрағы – елі
Жүрегінде батырдың тұрады елі.
Өшпес ерлік, өнеге, тағылымның
Біз боламыз әркезде мұрагері.

2 - жүргізуші: Иә, Отан – ана өзінің 27 миллион ұлдары мен қыздарынан айырылды. Олар дала төсінің ерлері, инженерлер мен ғалымдар, қысқасы адамдардың зор бақытын жасаушылары бола алатын еді. Өмір мен өлім арасында отты майдандарда қазақстандықтар, солардың ішінде өзіміздің осы Кеңес ауылының өрімдей азаматтары қыршын кетті.

1 - жүргізуші: Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды
2 – жүргізуші: Қазақстаннан Ұлы Отан соғысына 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар дивизиясы, 4 атты әскер дивизиясы, 50 жеке полк батальондары қатысты

Би: Сарбаздар

Оқушы:
Жиырма сегіз, жиырма сегіз – бір ғалам,
Анау жаудың танктері лаулаған.
Ресей кең, Отан кең, артымызда Москва.
Шегінуге хақымыз жоқ, хақымыз жоқ бір қадам.
оқушы:

Орыс, қазақ, қырғыздан,
Құрылған бұл шағын топ.
Жауға үрей туғызған
Жайпап түсер жалын боп.

Би: Катюша

11-оқушы:

Отаным еркелеймін енді кімге,
Өзіңмен нені болса көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер бұлты төнген күнде.
Бәрі:
Барлығы майдан үшін,
Барлығы жеңіс үшін.

12 — оқушы:
Соғыс деген қайдан шықты,
Авторы кім алғашқы?
Есіл адам, есі кетіп,
Оған несін жармасты?!
Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?

Соғыс деген — аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген — төккен ары ұлдың және қыздыі да.
Соғыс деген — Сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген — соғыс деген — зұлымдықтың айнасы.

13 — оқушы:

 Қиылды,
Қанаты тәтті арманның.
Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.
Әлемде еі сұмдық күн ана үшін —
Майданға азаматтар аттанған күн.
Бұлт басты,
Ашық сәні қашты аспанның.
Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.
Анаға ең ауыр күн тіршілікте —
Боздап кеп,
Боздағымен қоштасқан күн.
Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп,
Жеткізді жерге дейін қайың басын



14 — оқушы:

Күннің де жүзі қызыл күндегіден,
Иттердің ұлуы көп үргенінен.
Қаншапшып, қауызыннан райханның,
Еменнің жас тамып тұр дінгегінен.
Жас бала дір-дір етті мұны көріп,
Жіберді төгіп, мұңын өрік.
Қоштасу,
Жылау,
Тілеу,
Қайрат беру...
Дүние кетті бір сәт күңіреніп.

 

15-оқушы:

Болса да бірі жалпының

Көрмеді оған дарып оқ!

Өзінің туған халқының

Қалды Ол –

Аппақ ары боп!

 

Ақиқат естен танары –

Жүрегі жаудың шайлыққан.

Қадалса шоқты жанары

Ажал да...

Одан қаймыққан.

 

Ыза-кек өртеп өзегін

Майданда жалын құшқанда,

Шын сүйгендіктен өз елін

Қаһарлы болды дұшпанға.

 

Жықпастан туын Елдіктің

Жеткіз деп келер таңдарға

Тапсырды:

Өрлік,

Ерлікті –

Болашақ Бауыржандарға

16-оқушы:

Мың құбылып тұрса-дағы бар маңы,

Адамзатты алға бастар Ар заңы!

Мір оғындай Момышұлы Бауыржан

Туа біткен туралықтың тарланы.

 Әрбір сөзі жас ұрпаққа – тағылым,

Бойға жиған ақылы мен сабырын,

Өмір бойы шындық үшін күресіп,

Жалғандықтың тіліп түскен тамырын!

 

Жауынгерді айналдырып құрышқа,

Тайсалмастан кірген талай ұрысқа.

Ұрпағына үлгі болған ғұмырын

Ұқсатамын жарқылдаған қылышқа!

 Жүру үшін тура жолдан бұрылмай,

Ар мен Намыс бірге туған ұғымдай.

Біздер үшін рухы биік Бауыржан

Батырлық пен Ақиқаттың туындай!

 Ұшқыр ойды от-қайраққа жаныған,

Туған елді өз үйім деп таныған,

Жалындаған жастар керек еліме

Батыр баба қасиеті дарыған!

17-оқушы:

Қан майданның жүректе жарасы бар,

Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.

Арамызда жүретін алшаң басып,

Ардагерлер азайып барасыңдар.

 

Қастерлейді халқымыз қаһарманын,

Жүр есінде сан жарық, сапарларың.

Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер,

Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың.

 Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,

Жүздеріңде жанған от жарқылы бар.

«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің,

Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.

 

Жасқанбаған жауынан жарақты ер,

Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел.

Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ,

Жүздеріңе сендердің қарап білер.

 

Дарқан мінез, дария ой, дара шыңдар,

Жарқын жүзді, жүрегі ақ, жаны асылдар.

Арамызда жүретін алшаң басып,

Майдангерлер азайып барасыңдар

18-оқушы:

Құтты болсын жеңіс күні ағайын
Көптен күткен ұлы күнде жар салайын.
Ата - бабам қан берісіп шайқасқан,
Ата - бабам намыс бермей айқасқан
Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз.
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.
Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған
Ардагерлер, ағаларға мың алғыс.
Қазақтың қос жұлдызы қыздары,
Қыз болса да намыс бермей қорғады.
1941 - 1945 ші жылдары
Адамдар өз елдерін қорғады.

Ал қазір бейбіт өмір басталды.
Ел қорғау адамзат үшін басты парыз
Жер қорғау адамзат үшін талмас міндет.
Біз балалар бейбіт өмір қалаймыз
Сондықтанда бейбіт бола аламыз.

19-оқушы:

Жұбан Молдағаиев
Бір бассаң да, алға бас
Өжет елдің жігіті
Өшін алмай шыдар ма?
Кескілескен дұшпанын
Кесіп түспей тынар ма?
Тайынба, жолдас жауынгер,
Ел тағдыры қолыңда!
Тайынбасаң оқ пен от
Бөгет болмас жолыңа!
Халықтың ыза кегінен
Сауыт киіп сан қабат,
Жай түсер жаудың шебіне,
Жауызды өлтір саңлақ ат!
Қапы қалма, қырылсын!
Өздері қазған орына
Өздері мерт боп жығылсын!
Қасқия шап, қарсы бар
Өмірдің нұрлы таңы үшін!
Бір бассаң да алға бас,
Миллиондардың бағы үшін!

20-оқушы

Сырбай Мәуленов

Соғыстан қайтқан солдаттар
Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға,
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?

Кешікпей жарым келер деп,
Төрінен сайлап орынды.
Батысқа қарап елеңдеп,
Ару жүр тосып жолыңды.
Көтерді бәрін ауырдың,
Азамат болып арды ақтар.
Көрдің бе жарын арудың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?

Кетерде солдат жарының,
Ішінде қалған ана жыл.
«Көкемді айтпай танырмын», -
Деп бір сәби бала жүр.
Қайрылмай қалай кетесің,
Хабарсыз қалай ол тоқтар?
Көрдің бе оның көкесін,
Соғыстан қайтқан солдаттар?


1 - жүргізуші: Зұлым жауға қарсы күреске 1 миллион 200 мың қазақстандықтар қатысты. Олардың 200 мыңнан астамы ордендермен және медальдармен наградталды. Ал, 500 - і Кеңестер Одағының Батырлары атағына ие болды.

2 - жүргізуші: Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Гитлердің басқыншылары 1941 жылдың қыркүйегінде Ленинградқа жетті, қаланы толық қоршауға алды. Ленинград үшін ауыр блокада күндері басталды. 900 күн мен түн басқыншылар Ленинградты әуеден, ауыр зеңбіректермен оқ жаудырды. Ленинградты азат етуде қазақ сарбаздары да ат салысты.

Көрініс: «Отан үшін отқа түс».

(шағын бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият қарап, генерал тұрады).

Генерал: Қап! Мына фашист иттің тікендей қадалып тұрғанын қарашы! Соқыр ішектей созылып тұрғанын лағалеттің. (осы кезде Бауыржан кіреді)

Бауыржан: Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын жолдас генерал!

Генерал: Ах, соғыс, соғыс! Майдан, қырғын арпалыс, қылшылдаған аяз, қасарысқан дұшпан. Осының барлығына шыдау керек.

Бауыржан: Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық емес пе?! Шыдаймыз, жеңеміз жауды!

Генерал: Капитан Момышұлы, сізге батальоныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын.

Бауыржан: Құп болады жолдас генерал.

І жүрг.:  Қызыл армия Масква түбінде Гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл шайқаста Бауыржан Момышұлы басқарған батальон ерліктің тамаша үлгісін көрсетіп, жауды ойсырата жеңді. Фашистердің Москва түбінде жеңілуі Ұлы Отан Соғысындағы түбегелі бетбұрыс болды.

IІ жүрг.:  Соғыс кезінде оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақсақалды аталар бәріне төзді. Таңның атысынан көннің батысына дейін ферманың жұмысымен әскерлерге арнап шұлық тоқыды.

Оқушы:
Отанға жаулар қаптады,
Опасыз жаулар таптады.
Қасиетті жер үшін
Қастерлеп батыр ел үшін.
Әлия, Мәншүк, Төлеген,
Жаулардың көзін жойды олар
1- жүргізуші:
Жерден, көлден, аспаннан,
Соқты жауды ел күнде.
Берлинде алғаш басталған,
Бітті соғыс Берлинде.


1941-1945 жалынды жылдары: 
1. Соғыстың басталуы- 22 маусым 1941 жыл 
2. Брест қамалын қорғау- маусым 1941 жыл 
3. Ленинградты қорғау- 1941- 1944 жылдар 
4. Москва үшін шайқас - 30 қыркүйек 1941- 20 сәуір 1942 жыл 
5. Сталинград үшін шайқас- 17 шілде 1942- 2 ақпан 1943 жыл 
6. Курск шайқасы- 5 шілде- 23 тамыз 1943 жыл 
7. Днепр үшін шайқас- тамыз- желтоқсан 1943 жыл 
8. Берлин операциясы - 16 сәуір- 8 мамыр 1945 жыл 
9. Жеңіс күні- 9 мамыр 1945 жыл»
2 - жүргізуші:  1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өрттеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.

1 - жүргізуші: Сүйінші, халқым, сүйінші!
Беліңді бекем буыншы,
Жеңдік жауды күйрете,
Жасалған той мереке!

2 - жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

1 - жүргізуші: Көрдік, сіздерді жайдық құшақ,
Елестетіп жанын қиған құрбандарға.
Қарсы аламыз үлгі тұтып,
Майданды көрген, бізге өмір берген аталарды!
2 - жүргізуші: Ия, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік көрсеткен Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты есімдері аңызға айналған аталарымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті.
Кетпес олар естен мәңгі,
Кектері тұр кеудемізде,-
Ерлік даңқы - жеңіс таңы
Жарқыратып келді бізге.
оқушылардың орындауында «
» әнін қабыл алыңыздар.

1 – жүргізуші: 1945 жылдың 9 мамыры. Герман фашизмінің күйрей жеңілген күні. Жеңіс! Ұлы Жеңіс!

21-оқушы:

Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып,
Жауды жойып батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ жайып.

Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт өмір оралды күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.

Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен
Қара күндер қайғысын ұмыттырды.


1 – жүргізуші: Құрметті көрермендер бүгінгі Ұлы Жеңіс күніне арналған концерттік бағдарламамызды аяқтауға рұқсат етіңіздер. Келіп тамашалағандарыңызға көптен – көп рахмет. Көріскенше сау болыңыздар!



































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
25.04.2018
867
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі