Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты Иманды болу парызың

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Иманды болу - парызың»

Мақсаты: Оқушыларды салт-дәстүрді білуге, имандылыққа, бір-

бірімен жақын қарым-қатынасқа, адалдыққа,

мейірімділікке, инабаттылыққа баулу.

Міндеттері: 1. Оқушыларды қазақ халқының басқа мұсылман

халықтар арасында қастерлеу.

2. Оқушыларға имандылық туралы түсінік бере

отырып, иманды ұл, инабатты қыз болуға тәрбиелеу.

3. Оқушылардың халқымыздың ұмыт болған салт – дәстүрлерін жалғастрып құрметтеуге,

имандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, достыққа,

ерлікке, ізденімпаздыққа, шеберлікке, ұқыптылыққа, дәлдікке ұлттық педагогикалық

негізде тәрбиелеу.

Тәрбие бағыты: Рухани адамгершілік

Тәрбиелік мәні: Имандылықты, тазалықты бойыңа сіңіру.

Формасы: Әдеби монтаждар

Әдісі: Топтастыру, сұрақ-жауап, пікір, ой-қозғау.

Қажетті құрал-жабдықтар: а) көрнекіліктер: ұлағатты сөздер, суреттер, діни

кітапшалар, газеттер.

ә) техникалық: интерактивті тақта, бейнетаспа.

Күтілетін нәтиже: топта ақылдасады, ой бөліседі, өз пікірлерін ортаға салады, иманды, таза, адал

болып жүруді түсінеді, біледі.

Жоспары:. 1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Кіріспе сөз (мұғалім).

3. Психологиялық дайындық

4. Қызығушылықты ояту.

5. Видео жазба.

6. Сұрақ-жауап.

7. Ойын. «Жалғастыр»

8. Сөз сөйлеу (мұғалім).

9. Мақал-мәтелдер.

10. Қорытынды.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Халқымыз жан - жақты адамды « сегіз қырлы бір сырлы»,- дейді. Адамның сегіз қырының бірі - оның ақылы, имандылығы. Иманды, білімі мол, ата салтын, дінін, тілін білген адамның көкірегі ояу болады, жаман мен жақсыны айыра біледі. Міне, сол себепті біз «Иманды болу - парызың» деген тақырыпта ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Психологиялық дайындық.

Армысың аспан әлемі,

Армысың мейірімді жер-ана.

Армысың менің достарым.

Сәлем бердік сіздерге.

Қызығушылықты ояту. Шашыраған сурет кескіндерін жинау.


Видео жазба: «Қайырымдылық, мейірімділік және бауырмашылдық»

Сұрақ - жауап:

-Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?

Үлкен кісімен амандасып жол беремін.

-Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?

Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.

-Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?

Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.

-Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?

Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.

Сергіту сәті: Музыка әуенімен әнді айтып, қимыл қозғалыстарды көрсетеді.

Аяқпенен топ топ топ,

Алақанмен хлоп хлоп хлоп.

Бір оңға, бір солға,

Айналайық кел мұнда.

Қолымызды бір сілтеп,

Басымызды шайқайық.

Бір оңға, бір солға,

Ойнайықшы кел мұнда.

Секіреміз жоғары,

Қиын емес секіру.

Бір оңға, бір солға,

Секірейік кел мұнда.

Бір оңға, бір солға,

Секірейік кел мұнда


Ойын: «Жалғастыр»

«Не істеуге болмайды?»

*Үлкендердің алдын………../кесіп өтуге болмайды/

*Құстарды …………………../атуға болмайды/

*Достарыңды………………../ренжітуге болмайды/

*Жаман сөз…………………./айтуға болмайды/

«Не істеу керек?»

*Үлкенді……………………./сыйлау керек/

*Ата – ананың тілін………/алу керек/

*Кішілерге…………………/қамқор болу керек/

*Тәртіпті…………………./болу керек/

*Ұстаздарды……………./қадірлеу керек/

*Оқу құралдарын………/күтіп ұстау керек/

*Адамгершілігіміз……../мол болу керек/

.

Мақал-мәтелдер:

1-оқушы: Адалдық – ардың ісі.

2-оқушы: Адалдық жүрген жерде,

Адамдық жүреді.

3-оқушы: Ала жіпті аттамағанның,

Абыройы биік.

4-оқушы: Жолдасыңның жоғын қарас:

Табылса жоғына жақсы.

Табылмаса көңіліне жақсы.

5-оқушы: Ақ пейілдің аты арымайды,

Тоны тозбайды.


6-оқушы: Жамандықты көп қусаң,

Құтылмас бәле жолығар.

Жақсылықты көп қусаң,

Бақ - әулетің молығар.

7-оқушы: Атасын сыйлаған абыройға бөленер.

8-оқушы: Ағайынға қарап бала өсер,

Қарағайға қарап тал өсер.

Қорытынды:

«Шын жүректен тілек айту»
Оқушылар жүрек шарды бір - біріне беру арқылы тілектерін және өз бойындағы жақсы қасиеттерді айтады. Ал балалар, мына менің қолымда сиқырлы сандық бар. Бұл садық несімен сиқырлы білгілерің келе ме? Ендеше мені мұқият тыңдап алыңдар. Бұл сиқырлы сандыққа барлығымыз сиып кетеді екенбіз. Сенесіңдер ме? Мен сендерге дәлелдеп берейін бе? Не көріп тұрсыңдар соны айтыңдар (оқушылар сиқырлы сандықты тізбектей отырып бір біріне беріп шығады).
• Мен өзімді көрдім
• Мен әдемі де әдепті қызбын

• Мен мейірімдімін...

Халықта «Бала қымбат болса да, баланың тәрбиесі одан да қымбат» деген нақыл сөз бар. Имандылық, инабаттылық – адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі.

Сабырлы болу

Мейірімді болу

Әдепті болу

Қамқоршы болу

Төзімділік

Шыншылдық

Отансүйгіштік

Арлы болу

Иманды ұл, инабатты қыз болуға кеш қалмаңыз!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.12.2018
2318
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі