2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Тәрбие сағаты "Жаңа жыл" ертеңгілігі

Тәрбие сағаты "Жаңа жыл" ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл бастауыш сыныптарға арналған "Жаңа жылдық" қойылымның сценарийі.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Кейіпкерлер: мыстан кемпір, ата -аналар биші, 1-2 жүргізуші, Маша мен Аю, Бауырсақ пен Түлкі, Қасқыр мен қоян, Ит, Доңыз, Снежная королева, Ақшақар бишілермен, Аяз ата.

«Қош келдің, Жаңа жылым, еліме!»

1Жүргізуші:

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Miнe, сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп, сағынған!

2 ж:

Уа, халайық жараңдар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдық бұл тойға,

Шақырамыз қол соға!

1-ж

Уа, халайық, той бүгін

Бақыт, шаттық мол бүгін.

Қызық көріп, тойлаңдар,

Маңайға жар салыңдар!

2 ж:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!

Сіздерді келе жатқан жаңа 2019 жылмен құттықтаймыз!

Жаңа жылда көтеріңкі көңіл - күй, зор денсаулық, сәттілік және бақыт тілейміз.

1 ж:

Олай болса, бұл не тұрыс?

Жаңа жылға арналған мерекемізді бастайық!

Мерекеміздің алғашқы құттықтау сөзі мектеп директорына беріледі.

2 ж

Қымбатты қонақтар, бүгінгі жаңа жылдық мерекемізді барлығымыз көтеріңкі көңіл – күймен, әсем әнмен, сәнді бимен өткізуге ат салысайық!

1 ж:

Ендеше, кім де кім бар дауыспен ән салса,

Кім де кім шаршағанша билесе,

Кім де кім қалыспай ойындарға қатысса,

Соған, Аяз атаның сыйлығы бар екен.

2 Ж

Олай болса, балалар,

Бар дауыспен ән шырқаймыз ба?

Шаршағанша билейміз бе?

Бәрекелді, олай болса, мерекемізді бастаймыз!


Осы кезде музыка ойналады.

1 жүргізуші: Ой балалар не боп кетті. Боран соғып кетти ме?

Қар ханшайымы:
- Жапалақта аппақ қар,
Борандарым соғыңдар,
Аяз қаптап жан жақты,
Мұздарымды шашырат,
Мұзым тиген әр жүрек
Тас болып қатсын ертерек.

Қар ханшайымы келіп « қатып қал» деп барлық оқушыларды қатырып тастайды.

Қар ханшайымы:
- Зерігіп кеттім мен мұнда,
Жалғыз өзім қашанда
Қар менен мұз борандар
Көңілсізбін мен мұнда.


2 жүргізуші: Бізде Жаңа жыл ғой. Балаларды қайтадан қалыпқа келтірсеңіз біз сізге би билеп , өлең айтып көңіліңізді көтереміз.

Қар ханшайымы: Солай ма ?

1 жүргізуші : Ия, бізге қосылыңыз.

Музыка ойналады. Балалар қалыпқа келеді.

Ән: Шырша жыры

1 жүргізуші: Балалар бізге жаңа жылымызға кімдер жетіспей тұр?

Балалар: Ақшақар, Аяз ата

2 жүргізуші: Олай болса ақшақар келе жатыр ғой дейм. Бір дауыс шығады.

Осы кезде қасқыр мен қоян шығады.

Екеуі көрініс көрсетеді. Сол кезде қоян қашып кетеді, қасқырды құтқару керек.

1 жүргізуші Қасқырды құтқаруға 4 сыныптар группа поддержки –Черлидеры» деген бимен өнер көрсетеміз дейді. Мектебіміздегі би үйірмесінің аз уақыт ішінде дайындап шыққан биін қарсы алыңыздар.

2 жүргізуші: Мерекемізді ары қарай жалғастырайық.

Осы кезде Маша мен Аю шығады.

1 жүргізуші:Маша мен Аюға арнап 3 А сынып оқушылары «Новогодние игрушки» биін билейді

2 жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақар біздің мектепті таба алмай жүрген шығар. Канеки дауыстап шақырып жіберейік,бәлкім естіп қалар.

Сол кезде бауырсақ шығады. Қараңдаршы балалар бауырсақ та бізге кеп қалыпты.

Түлкінің тапсырмасы: Егер сендер ойынымды дұрыс ойнасаңдар мен бауырсақты жемеймін.

1 жүргізуші: Онда бәріміз «Қар жинау» ойынын ойнайық

2 жүргізуші: Бүгін балалар қонақтар бізге көп кеп жатыр екен. Бірақ Аяз атамыз әлі көрінбейді. Қайда екен???

Осы кезде музыка ойналып , мыстан кемпір ата-аналармен билейді.

Мыстан кемпір: Сендер не Аяз атаны тосып тұрсыңдар ма? Менің әнімді дұрыс айтып , билесеңдер ғана Аяз ата келеді.

Мыстан кемпір: Ой балалар сендер жақсы билейді екенсіңдер. Біз де сендермен қалып, Жаңа жылды тойлайықшы.

1 жүргізуші:Балалар мына жерде кішкентай санта клаустар көп жүр екен. Мүмкін санта клаустардың биінен кейін Аяз атамыз кеп қалар.

Санта Клаус биі.

Аққалалар билеп Аяз ата мен Ақшақарды алып келуге кетеді.


Ой балалар дайындалайық. Аяз атамыз бен Ақшақар келе жатыр екен. Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата  мен Ақшақар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

Қанеки бар дауысымызбен шақырайық. Аяз ата .Ақшақар 3 рет

Музыка ойналып ақшақарлар, Аяз ата Ақшақар Ит жылы келеді.

Аяз ата:

Ассалаумағалейкум,

жұртым, жиналған!

Көңілдерің дүр маржан!

Айналайын ұлдардан,

Айналайын қыздардан!

Аяз атаң мен Ақшақар

Келді, мінеки, алыстан!

1 Жүргізуші:

Бәрекелді, алақай, Аяз ата мен Ақшақар келді, қол соғып, қошеметтеп, сәлемдесейік баршамыз! 1,2,3! (Барлығы сәлемдеседі Сәлеметсіз бе Аяз ата Ақшақар)

Ақшақар:

Сәлем бердім баршаға,

Сіздермен қауышқаныма қуана!

Неткен нұрлы жүздерің,

Неткен сұлу шыршаларың!

Бірақ, ата, қараңызшы,

Шырша шамдары жанбаған.

Аяз ата:

О, не дегенің қызым!?

Шыршаның шамын жағамыз,

сиқырлы сөзді айтып,

шыршаны лезде жайнатамыз!

Кәнеки, балалар, бәріміз бір дауыспен :

Шырша, шырша таңырқат,

Шыршамызды жарқырат! – дейік. 1,2,3!

Шырша, шырша таңырқат,

Шыршамызды жарқырат!

ШЫРША ШАМДАРЫ ЖАНАДЫ

Ақшақар:

Таң қалдырып баршаны,

Шыршамыз жарқырап жайнады.

Құбылтып, құлпыртып айналаны

Сиқырлы сәулелер жан-жаққа тарады.

Кәнеки, бәріміз қол ұстасып, сұлу шыршаны айналып ән шырқайық!

Хоровод:орысша өлең

Аяз ата:

  • Бәрекелді, тамаша! Әнді керемет шырқадыңдар, жарайсыңдар!

  • 2 жүргізуші. Аяз ата сізге оқушылардың дайындаған өнерлері бар.

  • Сіз отырып демалыңыз.

Би Жаңа жыл биі 3 ә сынып


1 жүргізуші: Біздің бүгін мерекелік ата-аналарымызға дайындаған сыйымыз бар. Лотерея билеттерін ойнатамыз.

2-жүргізуші: О, халайық жарандар,

Қилы-қилы заман бар,

Ит жылы әне жылыстап

Кетіп барады қараңдар.

О, халайық, халайық,

Қош айтысып қалайық.

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, бізге жақсылықтарымен толы болған ИТ жылын шығарып салайық

Ит жылы: Қуанышты ортамыз сазға ұласқан

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан

2019 жылы қадам басқан

Гүлденіп көркейе бер , Қазақстан!

Келесі жыл бастауын Доңыз жылына беремін.


1-жүргізуші

Қош өткен жыл!

Қош келдің Жаңа жыл. Ортаға жаңа 2019 жыл Доңыз жылын шақырайық. Музыка қосылады.

Доңыз жылы:

Кім десеңдер, мен жаңа жылмын,

Мен әкелген жаңа жыл сіздерге үлкен табыс,

денсаулық, жақсы оқушылар әкелсін.


Аязата:   Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін!Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат. Он екі ай бойы бағып қақ. Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!  Енді бәріміз Жаңа жылдың құрметіне ән айтып, би билеп, көңіл көтерейік.

Ән: Қош келдің Жаңа жыл. Барлығы билейді.

Аяз ата: Балалар, өнерлерің тамаша екен, Бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер.Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Қазір менің әкелген сыйлықтарым бар, соны таратайын.

Менің әлі баратын жерім көп, басқа да ауылдар мен қалаларда сендер сияқты балалар тосып отыр. Ақшақар екеуіміз қайтайық. Келесі жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар!

Ақшақар: Сау болыңдар, балалар,

Аман – есен болыңдар.

Әр таңды қуанышпен

Қарсы алып тұрыңдар!

1 жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақарды бәріміз хормен шығарып салайық!

Балалар: Сау бол Аяз ата, Сау бол Ақшақар!

(Аяз ата мен Ақшақар шығып, кетеді)

2 Жүргізуші:

Ән тындап, би биледік бүгін тойда,
Қалады бүгінгі күн ойымызда.
Демалып Жаңа жылға қадам бастық,
Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!


1 жүргізуші.

Жүргізуші:

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

Жүздескенше қош сау болыңыздар!






















20 Желтоқсан 2018
435
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі