Ата-аналармен
жұмыс
«Жанұя-қорғаным, ата-ана
–тірегім» демекші
барлық қоғам біткеннің ең арғысы және бірден
бір табиғысы-отбасы» деп материалист-философ Жан Жак Руссо
айтқандай, қоғам да , мемлекет те үйден, отбасынан
басталады. Осыған байланысты
мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және
ата-ананың орны бөлек.Сынып жетекшінің тәрбие жұмысындағы бір
бағыты ата-аналармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру болып
табылады.Сынып жетекші ата-аналармен жұмысты ең алдымен жиналыстан
бастайды.Ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге
қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық көзқарасын баяндайды.Оның
мақсаты мен міндеттерімен, соған орай өзінің әрекет ету
бағдарламасы мен тәсілін, тәрбие жоспарымен, ата-аналармен
жүргізілетін жұмыстармен таныстырады.Ата-аналармен бірлесіп оны
жүзеге асыру жолдарын қарастырады.Мектеп тәжірибесінде сынып
жетекші ата-аналарды балалармен бірге әрекеттке қатыстырудың әр
түрлі формаларын қолданады.Саяхат, таза ауаға серуен, спорттық
жарыстар,жаңа жыл шыршасы, күзгі бал мерекесі,наурыз
мейрамдары,оқушылардың жазғы демалыстарын ұйымдастыру т.б.Егер де
сынып жетекші мен ата-аналардың байланысы өте тығыз, ұйымшыл
болса,бұл шешімін табады.
Ата-ананың мектептегі
алатын орны
Ата-аналармен жүргізілетін
жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы
түрлерін қолдану қажет. Бұдан басқа сыныпта, мектепте болатын
кез-келген жұмыстарға мектепішілік іс-шараларға, сынып
жетекшілердің ең бірінші қолдап, демеу көрсететін-сынып
оқушыларының ата-аналары. Осыған байланысты сынып жетекші ең
бірінші сынып ата-аналар төрайымымен және сынып ата-аналарымен
тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабы
ата-аналармен шешімін табуға тиісті. Осы жоспарды барлық сынып
жетекшілері бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген
жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді.
Осыған байланысты көптеген
ата-аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата-аналар
жиналысына келмей де жатады, оқушыныңыздың ата-анасымен қалай
байланыс жасау керектігі жайлы шешілетін көптеген жолдары
бар.
Сынып жетекшінің
ата-аналармен байланыс жасау
жолдары:
1.Оқушының жанұясына барып
тұру. Бұл-ата-аналармен жеке жұмыс істеудің неғұрлым кең тараған
және тиімді түрі. Жанұяға барғанда сынып жетекшісі өз оқушысының
үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысады.
2.Ата-аналармен хат
алмасу. Кейбір сынып жетекшілері жанұямен байланыста ата-аналармен
хат жазысып тұру түрін қолданады.
3.Сыныптық ата-аналар
жиналысы. Бұл-сынып жетекшісінің жанұямен байланысының аса-маңызды
бір түрі. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен
ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай оқу жылының басында және
әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі.
Ата-ананың
міндеті:
* Балаңыздың сынып
жетекшісімен тығыз байланыста болуы;
* Сабақтан келген балаңың
күнделікті күнделігін тексеріп, көмек
көрсету;
*
Мектепішілік ата-аналар жиналысына
қатысу;
*
Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен
байланыста болу;
* Мектептегі іс-шараларға
қатысу;
* Мектептегі ашық
есік күні балаңыздың сабағына қатысу;
Біз сынып жетекшілері ең
бірінші өзіміздің жетекшілік етіп отырған сыныбымыздың
ата-аналарына арналған педагогикалық білімдерді насихаттау үшін
әңгімелер мен лекциялар өткізуіміз керек.
Олардың мазмұны ата-аналардың талаптарына,
оқу-тәрбие жұмыстарының нақтылы міндеттеріне байланысты болады.
Әңгімелер мен лекциялар жүйелі түрде белгілі бағдарлама бойынша
өткізіліп отырса ғана көздеген мақсатына жете алады. Мысалы:
Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі
жауапкершілігін арттыру мақсатында
төмендегі жұмыстар жүргізілді. Атап айтсам «Балаларды ұқыптылыққа
үйрету», «Үлкендерді сыйлауға үйрету», «Менің отбасым» сайысы,
«Ата-аналар жиналысы», «Қош келдің наурыз!» «Әкем, шешем және мен»,
«Менің әкем мықты»атты әкелер сайысы және
т.б.
Қорытынды:Мектептің ата – аналармен
жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысымен әрекет
бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен
сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы
ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет
атқарадыДегенмен,ата-аналармен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек
етуді қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер
жауапкершілік мол. Оны оқушылардың ата – аналарымен тығыз
байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге
болады. Сол үшін де ата – аналармен қоян – қолтық жұмыс істеуі
мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін
процесс.
Қолданылған
әдебиеттер: