Тәрбие сағаты: "Жақсыдан үйрен"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты: "Жақсыдан үйрен"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы
  1. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Тақырыбы: «Жақсыдан үйрен , жаманнан жирен,».

Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, оларды ішімдік, темекі, есірткі сияқты қоғамның кері кетіретін құбылыстары жөнінде мәлімет бере отырып, олардан бойын аулақтату.

Әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, сахналық көрініс, анкеталық сұрақтар.

Барысы:

Мұғалім: Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адам денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндірітін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жатады. 

Осы жағдайлар ішінде бізге түсінбеушілік тудыратын соңғысы, яғни адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер. 

Бұлар қандай әрекеттер? 

Бұлар: шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық т.б. Бүгінгі тәрбие сағатында біз осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме қозғап, солардан сақтану жолдарын қарастырамыз. 

Мен жас жеткіншектердің психологиялық сауаттылығына кері әсер ететін факторлар туралы айта кетейін.

Олар: 1) Отбасындағы қолайсыз жағдай.

2) Отбасының материалдық жағдайының төмен болуы.

3) Мектептегі пәндерден үлгермеу.

4) Сабақтан тыс уақытта ата-аналар тарапынан бақылаудың жеткіліксіз болуы.

5) Заңды бұзу.

6)Бөгде біреудің қысым көрсетуі.

7)Теледидар бойынша көрсетілетін сапасыз жарнамалар және фильмдер.

Ешқандай ата-ана баласының тәрбиесіз, бұзақы болғанын қаламайды. Жас жеткіншек шыбық секілді иілгіш, жел қайда соқса сол жаққа қарай бейімделеді. Бірақ жаман ідетке үйрену оңай. Енді осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме жүргізейік. 

1-оқушы: Темекінің шығу тарихы – темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең тек жайған мезгіл – Петр І патшалық еткен кез.

2-оқушы: Дүниежүзілік «Денсаулық сақтау» ұйымының мәліметі бойынша 2007 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекінің шоғы 300 градусқа жеткенде оны сорған адамның аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазан қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді.

3-оқушы: Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. 

4-оқушы: Ертеде Түркияда темекі тартушылардың құлағын, мұрнын кесіп, қолын шауып тастаған. Англияда темекі тартатындарды дарға асқан. Ал Швецияда 2000 жылдан бері жас ұрпақ шылым шегуді білмейді. 

Мұғалім: Қазіргі кезде республикамыздағы мектеп оқушылары арасында 13-15 жастағы оқушылардың 46 пайызы шылым шегеді. Бұл – өте өкінішті жағдай.

Оқушыларға қойылатын сұрақтар:

1. Не себептен балалар темекі шеге бастайды?

Мұғалім: Қазіргі кезде темекіден арылғандар саны көбейе түсуде. 31 мамыр – шылымқорлықпен күресудің халықаралық күні деп белгіленген.

Енді осы темекі туралы соайтқа назар аударайық.

Мұғалім: Ал балалар темекіден болып отбасында қанша шығын болатынын есептесек:сонымен 1қорап темекі-90теңге,1 аптаны яғни 7көбейтеміз 90теңгеге сонда шықты 630 теңге.1 жылда 365 күн барсол күнді 90 теңгеге көбейтсек 32850 теңге шығады. Сонда балалар 1 жылда отбасында шығын 32850 теңгеге сай келеді екен.Осы есепті жазып алайық. 

1-оқушы: Маскүнемдік – алкоголь ішімдіктерін үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт. Ағзаның бірқатар қызметін бұзатын және тереңдей беретін кесел. Алкоголь ішімдіктеріне құнығу жолдары: 

1. Тұрмыс жағдайындағы маскүнемдік.

2. Бас жазу синдромы немесе үнемі ішкісі келу.

3. Ішкен ішімдік мөлшерін бақылауды жоғалту. 

2-оқушы: Алкоголь ішімдіктеріне тым үйір адамның өмір ұзақтығы – халықтың орташа өмір ұзақтығымен салыстырғанда 15-20 жас кем. Баланың миының дамуының 40-60 пайыз артта қалу себебі ата-аналарының маскүнемдігі.

3-оқушы: Қазақстанда халықтың басым көпшілігі алкоголь ішімдктерін пайдаланады, оның ішінде балалар-7 %, жасөспірімдер-37 %, жастар-54,5 %. Бұл балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарының біреуі не екеуі де маскүнемдікке салынған жандар екені анықталған. 

1-оқушы: Кәпір ғұрыпты бұзады, шарап шырықты бұзады.

2-оқушы: Әзәзіл қоздырады, арақ тоздырады.

3-оқушы: Жол жеті түнде, арақ тал түсте адастырады.

4-оқушы: Ішпесең-малын торысың, 

Ішсең-елдің зорысың

Отбасының сорысың.

5-оқушы: Тазда бас бар, шаш жоқ

Маскүнемде ауыз бар, бас жоқ.

6-оқушы: Арақ алдымен күлдіреді,

Күлдіріп отырып бүлдіреді.

Мұғалім: Маскүнемдікті дер кезінде тоқтатпасаң, айықпас дертке ұшырап өз өміріңе балта шабасың.

Келесі маскүнемдік туралы «Қазақ пен арақ» филіміне назар аударайық.

Мұғалім: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп ата-бабаларымыз айтып кеткендей, атадан қалған асыл сөздер мен мақал-мәтелдерді дәптерімізге жазып алайық.

1. Денсаулық – 
зор байлық.

2. Ауырып 
ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.

3. Шынықсаң – 
шымыр боласың.

4. Ауруын 
жасырған өледі.

5. Арақ – 
атаңның асы емес.

6. Дені саудың – 
жаны сау.

7. Ішің 
ауырса, аузыңды тый.

8. Емнің алды – 
еңбек.

9. Жарлының байлығы – 
денінің саулығы.

10. Темекі – 
жау.



Мұғалім:Тақтаға назар аударайық балалар. Енді осы зиянды әрекеттер туралы мына анкета сұрақтарына жауап берейік.

Анкета

1.Зиянды әдеттердің адам денсаулығына зиянды екенін білесіз бе?

А) ия 

ә) жоқ 

б) күмәнім бар

2.Сіз зиянды әдеттерге бейімсіз бе?

А) жоқ 

ә) көңілсіз болғанда 

б) ия

3.Шылмның, ішімдіктің, есірткінің денсаулыққа зиян екенін білесіз бе?

А) ия 

ә) көп әсері жоқ деп ойлаймын 

б) білмеймін

4.Бұл заттарды сатуға тыйым салу жастардың қызығушылығын азайтады дегенге сенесіз бе?

А) ия 

ә) жоқ 

б) ішінара

5.Зиянды әдеттер туралы мағлұматтарды қайдан аласыз?

А) Ақпарат құралдарынан 

ә) жолдастарымнан 

б) ата-анамнан

Ал енді сергіту сәті:Еламанның орындауындағы күйді тыңдайық.

Мұғалім: «Сыр сандыққа» назар аударйықта ішіндегі асықтарды алып сұрақтарға жауап береміз.

Мұғалім: Ал балалар енді біз тақтадағы вен-диограммаға назарымызды салайық.Адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді жазамыз.


Қорытынды.

Мұғалім: Ата-бабаларымыз кейінгі ұрпаққа ру-руға бөлініп, атыссын, шабыс-

сын демеген. Олай болса, балалар, бойға желік бітіріп тек жамандыққа бас-

тайтын ащы судан арылайық! Ішімдіктің, темекінің, есірткінің зардаптарынан болатын өзгерістердің ішіндегі ең елеулілері – адамның ақыл-ойы мен анамыздың бұзылуынан сақтанайық, жас ұрпақ! 

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.06.2018
780
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі