Материалдар / Тәрбие сағаты "Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен" 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныбы 6 «Ә» Сабақтың тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Жалпы мақсаты: Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру керек екендігін ұғындыру.Елбасының «Болашаққа бағдар;рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Тәрбие және білім» атты ішкі бағдарламасындағы «Саналы азамат» бөлімінде айтылғандай оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыру. Күтілетін нәтиже Жаман әдеттерден аулақ болу туралы ойларымен бөліседі, салауатты өмір сүру керек екендігін ұғынады. Сілтеме кітаптар, постер материалдары, қосымша ресурстар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
681
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


04.12.17 ж

Сыныбы

6 «Ә»

Сабақтың тақырыбы:

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Жалпы мақсаты:



Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру керек екендігін ұғындыру.Елбасының «Болашаққа бағдар;рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Тәрбие және білім» атты ішкі бағдарламасындағы «Саналы азамат» бөлімінде айтылғандай оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

Жаман әдеттерден аулақ болу туралы ойларымен бөліседі, салауатты өмір сүру керек екендігін ұғынады.

Сілтеме

кітаптар, постер материалдары, қосымша ресурстар.

Қолданылған әдістері мен тәсілдері

Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу;

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Оқуды және оқыту үшін бағалау

Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.

Міндеттері


Сабақ барысында оқушылардың толық қатысуы.

Топтық байланыс орнату.

Өзара келісіммен зерттеушілік- диалог құру.


Сабақ жоспары

Ұйымдастыру:

топқа бөлу (Түстер бойынша бөлу), мақсат қою

Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша

Рефлексия. Кері байланыс.

Үйге тапсырма

Тапсырма көздері

Әр түрлі жағдаятқа байланысты сұрақтар.






Кері байланыс

«Инсерт» стратегиясы, топтық бағалау


Бағалау

Алған білімдерін жинақтап, түйіндеу арқылы, тақырыпты бағалау.



Сабақтың кезеңдері:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Ұйымдасты

ру кезеңі:

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастырады

Сәлемдеседі, бір-біріне сәттілік тілейді

Білу

Ой қозғау: (сұрақтарға жауап беру)

Өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?

Әрине,Денсаулық.
Денсаулық адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.
Денсаулық дұрыс тамақтану.
Денсаулық тәулігіне 8 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.
Денсаулық таза ауада көбірек жүру.
Денсаулық тазалық сақтау.
Денсаулық тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.
Денсаулық тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.

Берілген сұрақтарға жауап береді.



Түсіну

Елбасымыз Н. Ә.Назарбаевтың барлық Қазақстандарға жолдағанстратегиялық бағдарламасында «Қазақстанның

әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс » деп атап көрсеткен. Салауатты өмір сүру дегеніміз не дейтін болсақ, ол - әлеуметтік өмірді жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды нәрселерден аулақ болу. Ал зиянды әрекеттер дегеніміз, қазіргі таңда етек алған, заманымыздың кеселді дерттері - шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық. Темекінің құрамында өте улы зат – никотин бар. Шылым шеккенде адам ауамен бірге темекінің де түтінін жұтады. Никотин қан тамырларын тарылтады. Өкпе ауруымен ауыратындардың 97 пайызы шылым шегетіндер. Есірткі грек тілінде ұйқы мағынасын білдіретін «nerke» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз.


Жаман әдеттерден аулақ болу туралы ойларымен бөліседі, салауатты өмір сүру керек екендігін ұғынады.

Қолдану

Талдау

« Бірінші байлық – денсаулық ». ( зиянды әдеттер тақырыбында мақал-мәтелдер айту )

Байлық байлық емес, денсаулық-байлық.

Денсаулық –зор  байлық.

Денсаулық кепілі-тазалық.

Қай жерің  ауырса, жаның –сол жерде.

Тазалық –денсауылық  негізі.

Бірінші байлық – денсаулық,

Екінші байлық – ақ жаулық,

Үшінші байлық – он саулық.

Ісің түсіп тақсырға барма,

Аурулы болып бақсыға барма.

Бақсы көрінсе дерт қозады,

Ұста көрінсе таға тозады.

Денсаулық - зор байлық.

Жарлының байлығы - денінің саулығы.

Ауру атанды да шөктірер.

Ауру кірді - әлек кірді.

Қотыр қолдан жұғады,

Таз тақиядан жұғады.

Батыр бір оқтық,

Бай бір жұттық.

Ағын судың арамдығы жоқ.

Бас ауырса жан қорқады.

Жұғын бар жерде - шыбын бар,

Шыбын бар жерде - шығын бар.

Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.

Жан ауырса - тән азады,

Қайғы басса - жан азады.


Талдау жасау арқылы тақырыптың мағынасын түсінеді

Салыстырады, сараптайды

Жинақтау

« Тәні саудың , жаны сау » ( зиянды әдеттер тақырыбындағы сұрақтарға жауап беру )

  1. Есірткінің әлеуметтік салдары қандай ?

( Отбасының бұзылуы , қылмыстың артуы.)

  1. Құрамында этил спирті бар. Ол не ?

( Ішімдік )

  1. Темекі құрамындағы улы зат ?

( Никотин )

  1. ЖИТС неліктен қорқынышты ?

(Ауырғаннан кейін ең көбі 5-7 жыл өмір сүреді,ең жаманы емі жоқ. )

  1. Салауаттылық сөзінің негізгі мағынасы ?

( Парасатты , байыпты , ақылды , ойлы , сабырлы.)

  1. ЖИТС нашақорларға қалай жұғады ?

( Ортақ пайдаланған ине арқылы )

  1. Дүние жүзілік ЖИТС – пен күрес күні ?

( 1 желтоқсан.)

  1. Шылымның зияны тиетін ағза ? ( Өкпе )


Берілген тапсырманы орындайды,білімдерін жинақтайды, сараптайды


Бағалау

Жаңа тақырыптың маңыздылығын, қажеттілігін сұрайды.

Алған білімдерін жинақтап, түйіндеу арқылы, тақырыпты бағалау.

Рефлексия

Кері байланыс

Сабақтан алған әсерлерін сұрайды.

Бағдаршам

Қызыл.Түсініксіз

Сары.Азғана түсінікті

Жасыл.Түсінікті


Қорытынды:

Денсаулықты сақта, түзу өсесің

Күнәдан пәк жәннат өмір кешесің

Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса

Харамменен тәніңді улап не етесің?

Жаман әдет көп шектірер қасірет

Сақта өзіңді, жақсылыққа жетесің


Сонымен оқушылар бүгінгі сабақта жат қылықтың аяғы неге апарып соғатынына көздеріңді жеткізгім келді. Жақсы әдетті айтып, салауатты өмірдің өз қолымызда екенін түсіндіруге тырыстым, біздің көшпенді тіршіліқ кешкен ата-бабамыз салауатты өмір сүрді, ұрағының аман сау , азып тозбауын қадағалады. Сол дәстүрді сақтап, бүінгі ұрпақ біздер қоршаған ортаны, денсаулығымызды күтіп , терең білім алып , саналы азамат болуға ұмтылуымыз керек.

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты өмір» деген нақыл сөзбен қорытындылағым келіп отыр. Міне , « Арақ – арыңа нұсқан , темекі – тегіңе нұқсан », жаман әдеттерден аулақ болыңдар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!