Тәрбие сағаты "Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген" 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш та, жоғары сынып жетекшілеріне қажет материал. Биыл Ұлы Отан соғысына алпыс үш жыл толады. Жыл сайын тоғыз мейрамы қарсаңында әр сыныпта Ұлы Отан соғысына байланысты тәрбие сағаттар өткізіледі. Еліміздің Ұлы Отан соғыс ардагерлерін құттықтап, жылы лебіздер білдіреді. Балалар ешқашан соғыс ардагерлері мен батырларды ұмытпау керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Естелік кітабы. Бақытты балалық шақ үшін үлкен рахмет!

Мақсаты: Ұлы Отан соғысы туралы мағлұмат беру, соғыс батырларының ерлік істеріне тереңірек үңіле түсу, ерліктерін оқып үйрену, тарихи деректер бойынша тұжырымдай білу, оқушыларды өзін өзі басқаруға, еркін сөйлеуге ерік беру, Отанын, елін, туған жерін сүюге, қорғауға, ерлікке баулу, патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: портреттер, күннің көзі, стикерлер, суреттер, кітап көрмесі

Барысы: Балалар, біз күн сайын теледидардан, әдебиет көздерден, аталар мен әжелердің әңгімелеуден әр түрлі ақпараттар алып жатырмыз. Міне, осынау елімізге лаң салған соғыстың жеңіспен аяқталғанына биыл қанша жыл толып отыр? ...

1-оқушы:

Күркіреп күндей өтті ғой соғыс! Иә, содан бері 70 жыл артта қалды.

70 жыл бейбіт көктем таң атқалы,

70 жыл шуақты күн таратты әнін.

Есімде сонан бері 70 рет

Ашылды жеңіс күннің парақтары.

Осы соғысқа қатысқан батырларды атаңдаршы?

Әр сыныпқа жеке қағаз беріледі. Қағаздағы жазу бойынша үш топқа бөлінеді.

Әр топ өз батырлары туралы мағлұмат береді.

Соғыс қашан басталды?

1 топ:

1941жылы 22 маусымда Фашистік Германия Кеңес Одағының шекарасын бұзып басып кірді, соғыс басталып кетті.

Мәншүк Мәметова 1922 жылы дүниеге келді. Шын аты Мәнсия. Мәншүктің әкесі Ахмет дәрігер болатын. Мәншүк кішкентай кезінен «Дәрігер боламын» деп әкесіне еліктеп өскен. Мәншүк соғысқа өз еркімен аттағанда он тоғыз жаңа шыққан, талдырмаш, пысық, жігерлі қыз еді. Пулеметші болған Мәншүк он бесінші қазанда ерлікпен қаза тапты. Невель қаласында оған ескерткіш орнатылған.

2 топ:

Әлия 1924 жылы Қобда ауданы Көкбұрақ деген жерде туған. Екі жасында жетім қалып, Әубәкір деген ағасы өз тәрбиесіне алады. Кейін Орынбор қаласына келіп, сол қалада оқиды. Кейін балалар үйінде тәрбиеленген. Соғыс басталғанда небәрі он жеті жаста болған. Майданға өзі сұранып, атқыштар даярлайтын бөлімді бітіреді. Әлия Казачиха деревнясы үшін болған ұрыста қаза болды.

3топ: \портретін көрсете тұрып, таныстырады\

Бауыржан Момышұлы 1910 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде дүниеге келген. Ол жеті жылдық мектепті бітіріп, біраз уақыт мұғалім болып жұмыс істеді. 1941 жылы соғыс басталысымен генерал -майор И.В. Панфиловтың басшылығымен Алматы маңындағы атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанды, батальон, полк командирі болған. 1982 жылы халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы қайтыс болады. 1990 жылы Кеңес Одағының батыры, содан елбасы жарлығымен оған Халық қаһарманы деген атақ берілді.

Қорытынды:

Балалар, бүгін соғыс туралы, батырларымыз туралы білетіндерді көрсетіңдер.

Енді рефлексия ретінде 1 топ өлең шығарса, 2 мен 3 топ эссе мен тілек жазды. Ал 1 сынып оқушылары сурет салды.

1 оқушы:

Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған,

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталған.

2 оқушы:

Арылтып жаудан жерімді,

Табанға шанжып өлімді,

Жеңіспен желпіп өмірді,

Оралды ерлер көңілді.

Десеңдер бұл қай күні?

Тоғызыншы мамыр күні.

3 оқушы:

Ешқашан соғыс болмасын,

Аспанымызды соғыс бұлты торламасын,

Аналар жесір, балалар жетім қалмасын,

Бар әлемде бейбітшілік орнасын!

Барша халық жеңіс тойлайды.

Жас сәбилер думандатып ойнайды,

Ардагерлер көздеріңе жас алып,

Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.00.2018
934
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі