Тақырыбы:
Жол белгілері
достарымыз!
Мақсаты: Жолда
жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі
бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің
атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау
қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған
тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер,
бағдаршам, жол белгілері.
Барысы: І
Кіріспе
Арманға алда
күткен асығамыз,
Біз қалай
толқын атпай басылармыз.
Жол жүру
ережесін жақсы біліп,
Сақтықпен жүре
алатын жас ұланбыз!
Сабағымызды жұмбақпен бастайық
Аяғы бар жүрмейді,
Аузы жоқ сөйлейді. (Бағдаршам)
- Бағдаршамның қызметі қандай?
- Жол тәртібін реттеуші.
Ойын: «Бағдаршам құрайық»
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба.
ІІ Негізгі
бөлім
1 -
оқушы:
Қазіргі таңда балалар өмірін кездейсоқ жол -
көлік оқиғаларынан қорғау – мәні зор мәселелердің бірі болып отыр.
Еліміздің барлық қала, ауылдарына ортақ көше қатынас ережесі
енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін
жүргізушілер де бұлжытпай орындауы
керек.
2-оқушы
Жолда жүру ережелерін бұзбас үшін сол
ережелерді орындау қажеттілігін түсіну аз, оларды нақты білу керек.
Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді.
Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде.
Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп
келеді.
3-оқушы
Жол - көлік
оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу
адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы
қажет. Жол - көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап
шегуде.
Сұрақ-жауап.
- Балалар жүргіншілер мынадай
сұрақ қойыпты.
- Жүргіншілер қай жолмен жүру керек?
- Жиек жолмен жүреміз.
- Жиек жол болмағанда ше?
- Жер асты жолымен.
- Жолдың қай жағымен жүру керек?
- Оң қол жақпен жүреміз.
- Қоғамдық көліктерге қай жерден отырамыз?
- Аялдамадан отырамыз.
- қандай белгілерді білеміз?
1.Ескерту
белгілері.
Үшбұрышты қызыл бояумен
көмкерілген бұл белгілер жол бойында жағдайсыз, яғни қауіпті жерлер
бар дегенді білдіреді.(суреттерін көрсете отырып әр оқушы екіден
ескерту белгілерін атап шығады).
• жаяу жүргінші өтпесі
• балалар
• тайғақ жол
• жол жөндеу жұмыстары
• екі жақты қозғалыс
• велосипед жолымен қиылыс
• шлагбаумы бар темір жол
• шлагбаумы жоқ темір жол
2.Басымдылық
белгілері – бұл белгілер жүріс бөлігінің
немесе жолдың жіңішкерген бөліктерінің көше қиылыстарын өтпелерін
кесіп өту керектігін бейнелейді.
• басты жол
• басты жолдың аяқталуы
• жол беріңіз
• аялдамасыз қозғалуға тыйым
салынады.
3. Тыйым салатын
белгілер.
3 - оқушы: Дөңгелек шеңбер
түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым
салады (суреттерін көрсете отырып әр оқушы екіден ескерту
белгілерін атап шығады).
• кіруге тыйым салынады
• қозғалысқа тыйым салынады
• велосипедпен жүруге тыйым салынады
• жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым салынады
• аялдауға тыйым салынады
4 . Нұсқау
белгілері – бұл топтағы белгілер жаяу
жүргіншілер мен велосипедшілер жүретін жерлерді көрсетеді, қандай
да болмасын көлік түрлерінің біреуінің нақты бағыттағы қозғалысына
рұқсат береді.
• түзу қозғалыс
• оңға қозғалыс
• айналма жол
• велосипед жолы
• жаяу жүргінші жолы
• ең төменгі қозғалысты шектеу
5.Ақпараттық көрсеткіш
белгілері.
Бұл топтағы белгілер жол
қозғалысына қатынасуларға, жаяу жүргіншілер өтпесі орналасқан жер,
қоғамдық көлік аялдамасы, көлік тұратын орын туралы хабарлайды.
• автобус немесе троллейбус тоқтайтын жер
• трамвай тоқтайтын жер
• біржақты қозғалыстағы жол
• тұрақ орны
• жаяулар өтпесі
• жер асты жаяулар өтпесі
6. Қызмет көрсету
белгілері.
Қызмет көрсету белгілері - тиісті объектілердің орналасуын
хабарлайды.
• алғашқы медициналық көмек пункті
• аурухана
• телефон
• тамақтану орны
• ауыз су
• демелыс орны
7. Қосымша ақпарат
белгілері (табличкалар) - өздерімен
бірге пайдаланылатын белгілердің ықпалын нақтылайды немесе
шектейді.
• объектіге дейінгі арақашықтық
• ықпал ету аймағы
• қолданылу бағыттары
Топтық
жұмыс
1 - топ: Көшедегі кездейсоқ қауіп - қатерден
аман болу үшін нені білуіміз қажет? (қауіп - қатерден аман болу
үшін жолда жүру ережесін жақсы білуіміз
керек.)
2 - топ: Бағдаршамның түстері қалай
орналасқан? (бағдаршам түстері тігінен 1) қызыл, 2) сары, 3) жасыл
болып орналасқан. Қызыл түсі жүруге тыйым салады; сары түсі назар
аударыңыз, жасыл түсі жүруге рұқсат дегенді
білдіреді.)
3 - топ: Кешкі уақытта жаяу жүргіншіге
жақсы,, анық көрінуі үшін қандай киім киген дұрыс? (ашық түсті
киімдер киген дұрыс және қол фонары болғаны дұрыс. Ал балаларға
арнайы фосфорлы білезік не смайликтермен жүрген
дұрыс.)
1-топ: реттелген жол қиылыстары және
реттелмеген жол қиылыстары деген не? (реттелген жол қиылыстары деп
бағдаршаммен реттелетін жол қиылыстарын айтамыз. Реттелмеген жол
қиылыстары деген - бағдаршаммен реттелмейтін жол
қиылыстары.)
2 - топ: жаяу жүргіншінің жолды кесіп өтуге
болатын жерлерін атаңыздар. (жол асты өтпесі, реттелген жол
қиылыстарында; зебра, жолақ не «жаяу жүргінші өтпесі»
арқылы).
3 - топ: Жолды кесіп өту ережелерін
атаңыздар. (жолды кесіп өту үшін алғаш екі жаққа қарап алып, жақын
маңда машина жоқ болса, 1 - жол ортасына дейін сол жаққа қарау
керек, ортаға жеткен соң оң жаққа қарау керек.
)
Жұмбақтар
шешейік.
1 - жұмбақ: Көзін ашып
жұмады.
Бағыт сілтеп тұрады.
(Бағдаршам)
2 - жұмбақ: Ала таяқ
ұстаған,
Жол тәртібін
нұсқаған.
Өміріңді
күзеткен,
Ысқырығы күшті
адам.
(Автоинспекция
қызметкері)
3 - жұмбақ: Арқаным бар тым
ұзын,
Ала алмайсың бір
үзім.(Жол)
Ортаға оқушыларды
шақырайық.
4 - оқушы:
Бағдаршам
аты
Көп көзі бар
батыр
Тоқ болғанмен
заты
Өзінде көп
ақыл
Тұрады ол
дәйім
Бұрышында
жолдың
Қиып өткен
сайын
Қарайтұғын
балғын
5 - оқушы:
Көшедегі бағдаршам
болмаса,
Кісі жоқ өзіңе жол
сілтер.
Кідірме, абыржып онда
аса,
Сенгейсің өзіңнің
көзіңе.
6- оқушы:
Көшеде ортаға
жеткенше,
Әуелі көзің сол
жаққа.
Балақай, ортадан өткен
соң.
Мойының сол жақтан оң
жаққа.
ІІІ
Қорытынды.Көшеде жүру тәртібін орындамау
көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа,
оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде
жетпеуі мүмкін.
Көшеде жүру тәртібін білмеудің салдарынан адамдар жол апатына
ұшырап жатады.
Жолда жүру ережелерін білмеген оқушылар көлік астына түсіп,
қыршыннан қиылып та жатады.
7-оқушы:
Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден,
Сау - саламат жүреміз.
8 -
оқушы:
Сөз кезегі
қонақтарда.
4 - оқушы:
Оқушылар,
Мен білем, бәрін мен -
деген.
Отырған жоқсың
бөлмеде,
Машина өтіп кеткен
соң.
Жолаушы алға
беттесін.
9 - оқушы:
Балалар, ұшқалақ бала
ұрыншақ.
Ойлалық, соны
ұғынсақ.
Машина өтіп
кеткесін.
Балақай алға
беттесін.
10 -
оқушы:
Балалар,
жыламасын, аналар.
Жас ұландар өсе
бер.
Сақ болыңдар
балалар.
Сақ жүріңдер,
көшеде!
11 -
оқушы:
Қай көше, қай
қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл
өлшеміне салсаңыз да.
Жолда жүру
ережесі заңды тәртіп.
Ол ортақ үлкен
- кіші баршамызға.
Басталар әр
қадамың аттауменен,
Жолда жүру
ережесін сақтауменен.
12-оқушы
Футбол деген
жақсы ойын саналар,
Стадионда
ойнасаң, тек, балалар.
Көшеде доппен
ойнама,
Қатерге басты
байлама.
13-оқушы
Асфальтта
көлденең
Сызылған ақ
жолақтар
Бар жерінен
өткейсің.
14-оқушы
Алдыңдағы
бағдаршам
Жасыл көзі
жанғанда,
Абайлап барып
өткейсің.
Абай болшы
мұндайда
Жаяу жүргінші
болғанда!
Осымен тәрбие
сағатымыз аяқталды. Көшеде жүру ережелерін әрдайым сақтауымыз
керек, көше белгілері біздің досымыз. Олар біздің амандығымызға,
жақсы өмір сүруімізге септігін тигізеді. Келесіде кездескенше қош,
сау болыңыздар!