Тақырыбы: Оқушылардың көшелерде және жолдарда өзін - өздері ұстауларының негізгі ережелері.
Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асырабілуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке,сақ болуға,көшеде өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: сайыс сабақ Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. 2.Кіріспе сөз.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. -Балалар ,бүгінгі сабақта біздер жол жүру ережелер қаласына барамыз. Жол ережелер қаласындағы сендерге дайындап отырған тапсырмалары бар. Сендерді жол тәртібі бойынша білімдеріңді сынамақшы. Сыннан өтуге дайынбыз ба? Ой қозғау. -Ендеше ,балалар КЖТ дегенді қалай түсінесіңдер? -Көшеде жүру тәртібі -Көшеде жүру тәртібі деген түсінікті қалай түсінесіңдер? жаяу жүргінші, жол белгілер, машиналар, бағдаршам, инспектор қиылыстар-Жол ережелер қаласының тапсырмаларын 3-топқа бөлініп ,сайысқа түсеміз. 1-оқушы: (бағдаршам болып киінген оқушы) Бағдаршам аты Көп көзі бар батыр Тоқ болғанмен заты Өзінде көп көзі бар Тұрады ол дәйім Бұрышында жолдың Қиып өткен сайын Қарайтұғын балғын -Сонымен балалар, біздер бағдаршамды «көп көзі бар батыр» екен дедік. Кім айтады бағдаршамның неше көзі бар? -Ендеше біздің топтарымыз осы бағдаршамның көздеріне байланысты атауларын алып отыр. Қай топтың мүшелері тапсырмаларын дұрыс орындаса, «Үздік жүргіншілер» атағына ие болады.
1.Өз орынды тап!
2.Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы
3. Қала әліппесі (топ басшыларымен жарыс)
4. МАИ емтиханы
5. Сен білесің бе?
6. Шығармашылық жұмыс. (өлең құрастыру)
Таңдап алған бағдаршамның көздерінің белгілеріне лайықты ма екенін білейік .
1-кезең бойынша «Орнын тап» ойынын ойнаймыз. Әр топтан өздерінің шартты белгілерімен бағдаршамдағы орнын табады және топтарын қорғайды.
Қызыл топ
Сары топ
Жасыл топ
Мұғалім: -Бағдаршамнан басқа жолда кім тұрады? Реттеуші инспектор қызметкері ала таяғымен тұрады.
Келесі сайысымыздың бөлімі «Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы» .Өздерін қалап алған ұпай бойынша сұрақтарға жауап бересіңдер.
1
. Мына
белгі нені білдіреді? (Абайла,балалар!) 5 ұпай
2.
Мына белгі нені
білдіреді? (қозғалысқа тиым салынады) 5
ұпай
3.Сымға асылып,жүр асығып. ( троллейбус) 10 ұпай
4.Мына көліктер қалай аталады,көлік оқиғасына тап болған адамдар қандай телефондарға қоңырау шалады? ( Өрт сөндіру-01,жедел жәрдем-03 МАИ-02 )
10 ұпай
5.Автобусқа қай есіктен мініп,қай есіктен түседі?( алдан түсіп,арттан мінеді)
15 ұпай
6. Жол белгілерін атқаратын қызметіне қарай неше топқа бөлінеді? (7 топқа)
15ұпай
-Балалар, жол ережелер қаласында да қала әлііппесі бар. «Жол белгілерді» қала әліппесі дейміз.
-Ендеше «Жол белгілер» бөлімізде топ басшылары сайысқа түседі. «Жол ережелері» қаласындағы жол белгілер бойынша білімдерін сыналады. Өздерін таңдап алған белгілер бойынша белгілерді тауып жинақтап МАИ бастығына тапсырасыздар.
Жол белгілерін тапқандарын тексеріп жіберейік:
Ескерту белгісі: Қып-қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам Қауіптен сақ бол дейді Сәт сапар жолдаған.
Тыйым салу белгісі Қызылмен боялған шеңберім аумақт Тыйымшыл белгімін,қаталмын,салмақты. Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге, Қауіп бар бағдарла,көз салып жан-жақта. Нұсқау белгісі :Баратын жерінің бағыты тұрағын Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын. Күндіз де, түнде де от болып жанады Көк түске боялған төртбұрыш шырағым. -Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек? Жүргізуші куәлігі. Ендеше келесі 4-кезеңіміз МАИ емтиханы. МАИ етиханын сәтті тапсырсаңдар МАИ бастығы жүргізуші куәлігін табыс етеді. Сауалнама 1.Жүргіншілер деген кім? А) машина жүргізетін адамдар В) көшеде жаяу жүрген адамдар С) белгілер
2.
Мына белгі нені білдіреді?
А) кіруге тиым салынады В)
басты жол С) жол беріңіз! 3. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен
сөйлесуге бола ма? А) болады В) болмайды С) білмеймін
4.Жолаушылар таситын қоғамдық
көлікті қай жерден күтіп,міну керек?
А) аялдамалардан В) кез-келген
жерден С) дүкен алдарынан 5. Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге
тиіс А) кез-келген жолмен В)
тротуармен С) автомобиль жолдарымен
6.
Қала
көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат
етіледі?А) 10 В) 12 С) 14 7. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл түспен белгіленген
белгілер қандай ұғымды білдіреді? А) ескерту белгілері В) көрсеткіш белгілер С) тыйым
белгілері 8. Мына жол неше
қозғалысты? А) 4 В) 2
С)1
9. Қай түс жанғанда
машиналар жүреді? А) сары В) жасыл С) қызыл 5-кезең «Сен білесің
бе?». Бұл кезеңде жол белгілермен таныстыру Келесі
соңғы 6- кезең «Шығармашылық
жұмыс.» Жол ережесіне байланысты тірек сөздермен өлең
құрастыру ------------
балалар -------------
тротуар
-------------- ұмытпа -------------- сақта!
Жол тәртібі кімге керек-бірге ойланып көрелік,
Әрқайсысың қылығына әділ баға берелік.
Ережені жақсы білген ортаға шық жас ұлан,
Әділқазы алқаларда келесі сөз кезегі деп сөзді әділқазыларға береміз.
«Үздік жүргіншілерді» анықтау.
Қорытынды
Қай көше,қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі Заңды тәртіп,
Ол ортақ! Үлкен-кіші баршамызға.
«Жол
тәртібін сақтайық!» тәрбие
сағатының
сценарийі
Тақырыбы: «Жол тәртібін
сақтайық!»
Мақсаты: -
Оқушыларға жол ережесі мен қауіпсіздікті
сақтауға
үйрету;
- Қоғамдық
орындарда өздерін алып жүруге баулу;
- Жол
белгілерін тани білу және дағдыларын
қалыптастыру;
- Оқушыларды
сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Жол белгілерінің суреттері, нақыл сөздер, кітаптар, слайдтар,
плакаттар.
Қатысушылар:
Үйірме жетекшілері және үйірме мүшелері.
Жоспары:
1.
Кіріспе
2. Топтарды
таныстыру
3. Белгілер
сөйлейді
4. Сұрақ -
жауап
5. Жұмбақтар
шешу
6.
Ойын
7.
Қорытынды
Барысы:
І
бөлім
Мұғалім:
Арманға алда
күткен асығамыз,
Біз қалай
толқын атпай басылармыз.
Жол жүру
ережесін жақсы біліп,
Сақтықта жүре
алатын жас ұланбыз!
Жалғайтын
достастырып бар елменен,
Жолдардан
тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге
келген қонақтарға
Сабағымыз
басталады сәлемменен!
Құрметті
ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Жол тәртібін сақтайық!» атты тәрбие
сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
1 – жүргізуші:
Шуақты
күндеріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік
атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар
тарту мүмкін емес
Жол жүру
ережесін білмей тұрып.
2 – жүргізуші:
Қай көше, қай
қалаға барсаңыз да
Қай ақыл
өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру
ережесі заңды тәртіп
Ол – ортақ,
үлкен-кіші, баршамызға!
Мұғалім:
Бүгінгі тәрбие
сағатымызға оқушылар екі топқа бөлініп, қатысып отыр. Бұл топтар
жол ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілерін
анықтап, сіздерді жолда жүру ережелерімен
таныстырады.
Сонымен
сіздердің алдарыңызда
«Бағдаршам»
тобы және «Жол белгілері» тобы.
ІІ бөлім. «Бағдаршам»
тобы
Ұраны: «Тоқта!,
Сақтан!, Жол ашық!
Жүрме жолға
таласып»
Бағдаршамның
шығу тарихынан баяндайды.
1–оқушы:
Балалар,
бағдаршамды кім ойлап тапты, білесіңдер
ме?
Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда
болды. Оны ойлап тапқан адамның аты тарихта
сақталмаған.
2-оқушы:
Оны көше
қиылысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инженер-механигі Найт
болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам
орнатты.
3-оқушы:
1914жылы
Американың үлкен қалаларында электрлі бағдаршамдар пайда болды.
Олар тек екі түсті: қызыл және жасыл
болатын.
4-оқушы:
1918 жылдан
бастап үш түс қолданылатын болды. Олар: қызыл, сары және жасыл
түстер.
5-оқушы:
Кеңес Одағы
бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен
Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.
6-оқушы:
Бүгінгі таңда
бағдаршамды электронды жүйемен басқарады. Бағдаршамдар Қазақстанның
барлық қалаларында, сондай-ақ Әйтеке би кентінің кейбір көшелерінде
де бар.
«Жол белгілері» тобы
Ұраны: «Үйрен
таппай тыным бір,
Белгілердің
тілін біл.»
Жол
белгілерінің шығу тарихынан баяндайды.
1-оқушы:
Көшелер мен
жолда жүру ережелерін сақтауға сонау ат-арба, пәуеске кезінде
талпыныс жасалған.
2-оқушы:
1683 жылы
Ресейде патшалар Иоанн және Петр Алексеевичтердің жеке Жарлығы
басылды. Онда атты божымен басқаруға тыйым
салынды.
3-оқушы:
1730 жылы Жаңа
Указ басылып, аттар жүгенделіп, тәртіп бұзбай жүру керек
болды.
4-оқушы:
1742 жылы
кімде-кім тәртіп бұзатын болса,жазаланатын
болды.
5-оқушы:
1812 жылы Жаңа
ереже қабылданды. Оң жақты қозғалыс, жылдамдықты шектеу, номерлік
белгілер қойылды.
6-оқушы:
1968 жылы
Венада халықаралық конференцияда «Жолда жүру» туралы конвенция
қабылданды. Осы құжат негізінде жолда жүру ережесі жасалып, 1973
жылы күшіне енді.
Сахналық қойылым
Ішке мысық келеді.Қолында үзілген құйрығы , қорқып аулаға келе алмай тұрады.
Бастаушы:Келе ғой , мысығым бізден қорықпа ,
Жараңды жазамыз , жылама ,зарықпа.
Бастаушы ұялы телефонымен жедел жәрдемге соғып шипагер Айболит атаны көмекке шақырады.
Ортаға шипагер ата келеді , балалармен амандасады.
Бастаушы: Кішіге , үлкенге , жасына , кәріне ,
Жансая қиналған жандардың бәріне.
Шипагер атаны біз жақсы көреміз ,
Өйткені ол үлкен дәрігер !
Шипагер атай жайласып отырады , басын шайқап:құйрығыңды қалай үзіп алып жүрсің , қазір орнына келтіреміз ,-деп тігіп береді.
Мысық:Доп қудық көшеде Қозы бар , лақ бар
Көп өткен машина бірақ та.
Кеп қалған машина басты да ,
Добымыз жарылды доңғалақ астында.
Достарым анда тұр , кіруге қаймығып.
Біреуі құлағын ұстап , екіншісі мүйізін ұстап аулаға келеді.Дәрігер көмек көрсетіп , ескерту жасап балалардан жол тәртібін үйренуге ұсыныс жасайды .
Бастаушы:Балалар , көшеде доп қуып ойнағанның ақыры немне бітерін байқаған боларсыңдар . Бір қуанарлығы өздері аман қалыпты.
Аулаға өкіріп аю келеді .
Бастаушы: Ататай , қараңыз мына бір сұмдықты ,
Маймаққа не болған , кім оны қынжылтты ?.
Шипагер ата: Маймағым , не болды , жасырмай айтшы өзің ?
Неліктен көкпенбек ісінген бас- көзің .
Дәрігер аюдың басын таңып ,бет-аузын сүртеді .
Аю (жыламсырап): Айтайын жасырмай шынымды ,
Сақтаңыз шыбындай жанымды..
Жармасып бал тасыр машина-қадаққа ,
Домалап түсті де , тап болдым азапққа.
Бастаушы:Аюжан , сенің түбіңе бал жететін шығар .
Балалар , жүріп бара жатқан машинаға жабысуға бола ма?
Балалар: Жоқ , болмайды .
Аю:Кешіріңізші , Ата ! Енді ұрлық та жасамаймын ,
жолда жүру ережесін де бұзбаймын .
ІІІ бөлім.
Топтар шартты белгілерімен
таныстырады.
«Бағдаршам»
тобы
1. Мен көзімді
ашқанда,
Ешқашанда баспа
алға.
Орыңда тұр,
қозғалма,
Ереже бұл «Сен,
тоқта!»
2.
Мен көзімді ашқанда,
Қарап қалма
аспанға.
Жүруге әлі
болмайды,
Дайындықты
сақтайды.
3.
Мен көзімді ашқанда,
Көліктер саған
тоқтайды.
Ережені білген
жандар
Өтуге еш
қорықпайды.
4.
Көрегенмін, қырағымын,
Үш көзім бар,
үш сыншым.
Сақтап халық
өмірін
Тәртіпті мен
орнаттым.
«Жол
белгілері» тобы
1. «Ескерту»
белгісі
Өзі қызыл
үшбұрышты ескерту белгісі мен
болам,
Хабарлайтын бар
қауіпті, оң сапарды жолдаған.
Маған қарап
жүрер болса, жүргізуші, жаяу да,a
Жолы болып,
сәтсіздікте ешқашан да қалмаған.
2.
«Тыйым салу» белгісі
Мен бәріне
әрқашан да тыйым салып тұрамын
Қауіп болса
алда тұрған, жібермеймін бір адам.
Түсім қызыл,
өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы
үндемейін, бар ма тағы сұрағың?
3.
«Нұсқау» белгісі
Белгімін
көрсетер жылдамдық, бағытты,
Ой-шұңқыр,
бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын
анықтап көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі
де мені тез таныпты.
4.
«Көрсеткіш» белгісі
Баратын
сапардың жақынын, қашығын,
Үн-түнсіз жөн
сілтеп, көрсетіп тұрамын.
Күндіз де,
түнде де от болып жанады,
Көкпенен
боялған төртбұрыш шырағым.
5.
Төрт топтан құралған белгілер
туыстай,
Жол сілтеп
тұрамыз у-шусыз, ұрыспай.
Кіршіксіз зор
міндет атқарып жүрміз біз,
Есіңде сақтап
қал, біздерді ұмытпай!
ІV бөлім.
Сұрақ-жауап
Бағдаршам
тобына
1. Бағдаршам
деген не? /жол қозғалысын реттейтін автоматты жүйеге қосылған үш
көзді қондырғы/
2. Бағдаршам
жоқ жерде жолдан қалай өтеміз? /алдымен сол жағымызға
қараймыз,жолдың ортасына жеткесін сол жағымызға
қараймыз/
3. Велосипедті
көшеде неше жастан бастап тебуге болады? /он төрт жастан бастап
болады/
4. Көлік
күтетін жер қалай аталады?
/аялдама/
5. Көліктің
бұрылатынын қалай білеміз? /поворотник
жағады/
«Жол белгілері»
тобына
1. Бағдаршам
сөзінің орысшасы қалай? /светофор/
2. Тротуар
дегеніміз не? /жаяу жүргіншілерге арналған
жол/
3. Жол
белгілерінің неше түрі бар? /126 түрі
бар/
4. Бағдаршамның
қызыл жарығы жанып тұрғанда кімдерге тоқтамай өтуге рұқсат етіледі?
/ 01 – өрт машинасына, 02 – полиция машинасына, 03 – жедел
жәрдемге/
5. Көшеде
жолдың қай жағымен жүру керек? /оң қол жағыңмен жүру
керек/
V бөлім.
Көрермендерге жұмбақтар беріледі. Ән орындалады. Жұмбақтардың
жауабы алынады.
VІ бөлім.
Оқушылармен бағдаршам ойыны
ойналады.
VІІ бөлім.
Қорытынды
Біз бүгін жолда
жүру ережесімен, бағдаршам белгілері мен жол белгілерін
үйрендік.
Жол ережелері
жазылған стенд көрсетіледі.
Оқушылардың
«Менің Оқушылар Үйіне дейінгі жолым» атты схемалары
түсіндіріледі.
Газет
қорғалады.
Айналайын,
абайла!
Жан-жағыңа
қарайла!
Жолда жүру
ережесін
Есте сақта
қалайда.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Жолда жүру ережесі" бастауыш сынып

шағым қалдыра аласыз