|
Пән: Математика Даму интеллектуалдық қабілеті төмен балаларға арналған Сынып: 3 №7 арнайы (түзету) мектеп-интернаты Мұғалім: Танабаева А.С. |
|
|
Сабақтың тақырыбы |
1-5 көлемінде «Қанша?» сұрағына жауап беру. |
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: 1-5 көлемінде тура санайды. Оқушылардың басым бөлігі: 1-5 көлемінде кері санайды. Кейбір оқушылар: 1-5 көлемінде берілген саннан тура, кері санайды. |
|
Тілдік мақсаттары: |
«Қанша ?» сұрағына жауап беру, сөйлеу тілін дамыту. |
|
Пәнаралық байланыс |
Оқу, жазу және тіл дамыту. |
|
Көрнекіліктері |
Суреттер, санау құралдары, интерактивті тақта. |
|
Алдыңғы оқу |
1-5 аралығында цифрларды атайды, осы аралықта санайды. |
|
Сабақ этаптары |
Жоспарланған жаттығулар, іс-әрекеттер |
ресурстар |
|
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі Үй жұмысын қайталау Тақырыптың өзектілігі Сабақтың ортасы Сабақтың соңы |
Күн ретін, аптаны , айды айту. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру. Психологиялық жағымды көңіл-күй қалыптастыру. Армысыз, құрметті қонақтар! Армысыз, менің достарым! Армысыз , менің ұстазым, Сабаққа міне, мен дайын!
Микртоптарға 1,2,3 цифрлары бойынша бөлу. 1-5 аралығында тура, кері санау.
1. Шарлармен жұмыс -Қызыл, сары , көк, Шарларымыз көп! -Балалар, менің қолымдағы не? Менде қанша шар бар, санайық! (5) -1 шарды Аялаға бердім. Менде қана шар қалды? (4) -2 шарды Даниярға бердім. Менде қанша шар қалды? (2) -Балалар, енді сендер айтыңдар, сендерде қанша шар бар? (оқушылар жеке-жеке өздеріндегі шар санын айтады. «Қанша?» сұрағына жауап береді. 2. Интерактивті тақтамен жұмыс Сурет бойынша «қанша?» сұрағына жауап беру. -Кірпіде қанша алма бар? -Қоянда қанша сәбіз бар? -Қанша бала ойнап жүр? -Қанша машина көріп тұрсыңдар? 3. Сыныптағы заттар санына (гүлдер, терезелер, шкафтар, тақта, парталар) «қанша?» сұрағын қойып, оқушылардан жауап алу. Сергіту сәті Жалқаулықты тастаймыз, Жаттығуды бастаймыз. Иілеміз оңға бір, Иілеміз солға бір. Отырамыз, тұрамыз 3 рет, Алақанды соғамыз 5 рет.
Санау құралдарымен жұмыс 1. Мұғалім оқушыларға қарындаштар таратады. Әр оқушы өзіндегі қарындаш санын айтады. 2. Санау таяқшаларымен жұмыс I топ: 3 санау таяқшасын санап алады. Берілген саннан тура, кері санайды.1 таяқша қосады/азайтады.Қанша таяқша болды? II топ: 4 таяқша санап алады. Берілген саннан тура,кері санайды. 1 таяқша қосады/азайтады. Қанша таяқша болды? III топ: 2 таяқша санап алады. Берілген саннан тура,кері санайды. 1 таяқша қосады/азайтады? Қанша таяқша болды?
Саусаққа арналған жаттығулар 1.Бас бармақ, Балаң үйрек, Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкентай бөбек. (Әр саусақты жеке атын атай отырып жеке-жеке партаға басу)
2. 6 қырлы қарындашты алақанға салып ысқылау. Дәптермен жұмыс 1-5 аралығында цифрларды ретімен жазу. Сергіту сәті Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті міне керегі, Екеуі қайың астынан, Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? Ойын «Вагондарды ретімен қою». Мақсаты: 1-5 аралығындағы сан қатарын дұрыс орналастыру. Әр топқа номерленген вагон суреттері беріледі. Ойын «Көршілер». Мақсаты: 1-5 аралығында сан қатарында жоқ цифрларды тауып орналастыру. Суреттермен жұмыс Әр топқа суреттер таратылады. Оқушылар суреттегі заттар санын санап «қанша?» сұрағына жауап береді. Сабақты бекіту 1.-Оң қолымызда қанша саусақ бар? -Сол қолымызда қанша саусақ бар? -Алақанымызды бес рет шапалақтайық! 2. Таратылған цифрларды кассаға орнын тауып салу. 3. 1-5 аралығында тура, кері санау, кез-келген саннан тура, кері санау. Бағалау -Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма? Онда өздеріңнің көңіл-күйлеріңе байланысты смайликтерді таңдап алыңдар!
|
Цифрлар Топтамасы Шарлар Слайдтар Санау таяқшалары Суреттер Цифрлар кассасы Цифрлар кассасы |
Даму интеллектуалдық қабілеті төмен балаларға арналған
№7 арнайы (түзету) мектеп-интернаты
Тәрбиелік сағат:
Қуыршақ театрының қойылымы: «Жыл басы»
Мұғалім: Танабаева А
Алматы
Мақсаты: Балалардың ертегі, әңгімелер арқылы кітапқа деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, аудитория алдында сөйлеуге дағдыландыру. Жағымды мінез-құлық қалыптастыру, достық қарым-қатынаста тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қуыршақтар, ширма, гүлдер
Әдіс-тәсілі: ойын, көрнекілік, әңгіме, сұрақ-жауап
Сөздік жұмыс: Ыбырай Алтынсарин, жыл басы
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе әңгіме
Балалар, бүгін біз «Жыл басы» ертегісін қуыршақ театрында көрсетеміз. Бұл ертегіні сендерге, сендер сияқты балаларға арнап алғашқы ұстаз Ыбрай Алтынсарин жазған. Ыбрай Алтынсарин қазақ ауылдарында мектеп ашып балаларды оқытқан алғашқы мұғалім.
Сөздік жұмыс
Ыбрай Алтынсарин – алғашқы ұстаз, жазушы
Жыл басы – жыл басының басталуы
Автор: Баяғыда барлық жан-жануарлар жиналып, жыл басы болуға таласып, дауласыпты. Әрқайсысы адамға қандай пайдасы бар екенін айтыпты.
Жылқы: Ихо-ихо, адам мені мініп алыс жақтарға барады. Сүтімді сауып қымыз жасайды. Адамға мен пайдалымын, жыл басы мен боламын!
Түйе: Ал мен болсам, ауыр жүктерді көтеремін. Су жоқ болса көп күн су ішпей жүре беремін. Жыл басы мен боламын!
Қой: Бә-бә, ал менің жүнімнен киім тоқиды, етімді жейді! Жыл басы мен боламын! Бә-бә!
Тауық: Ку-ка-ре-ку, мен адамды таңертең жұмысқа оятамын. Жыл басы мен боламын! Ку-ка-ре-ку!
Сиыр:Му-му, адам менің сүтімді сауып ішеді, айран, құрт жасайды. Етімді жейді, терімнен тон тігеді. Жыл басы мен боламын! Му-му!
Ит: Аф-аф, мен болмасам сендерді қасқыр жеп қоятын еді. Мен адамның досымын, жыл басы мен боламын! Аф-аф!
Тышқан: Шиық-шиық, бұлай таласқанмен ештеңе өнбес, күнді қарап тұрайық кім бірінші күнді көреді, сол жыл басы болады шиық-шиық!
Жануарлардың бәрі күнді қарап тұрғанда қу тышқан түйенің басына өрмелеп шығып алып: « Алақай-алақай мен күнді көрдім!» деп қулығының арқасында жыл басы болыпты. Ал түйе болса бойына сеніп жылдан құр қалыпты.
Хор
Тышқан деген батырың, Барлығың да қараңдар,
Таңды көзбен атырды. Енді үйге тараңдар.
Төбесінен түйенің, Жылды көрген тышқанды,
Жылды көріп қатырды. Жыл басы деп санаңдар.
Суретпен жұмыс
-Балалар, қандай жануарлар жылға қатысты екен, қандай жыл атаулары бар суреттен қарайық. Бірінші жыл басы неден басталды: Тышқан жылы, сиыр жылы, барыс жылы,қоян жылы, ұлу жылы, жылан жылы, жылқы жылы, қой жылы, мешін жылы, тауық жылы, ит жылы, доңыз жылы.
Жұмбақтар
1.Отырмайды, тұра алмайды,
Түзу жолда бұраңдайды. (жылан)
2.Кезікті бір жануар, үстінде екі тауы бар. (түйе)
3.Ешқашан сатпайды,
Жаман сөз айтпайды.
Адамға адал дос.(ит)
4.Қалқиған екі құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян)
5. Адам пішіндес,
Айтқанды түсінбес.
Киім тоқымас,
Кітап оқымас. (Маймыл)
7.Қос мүйізді, төрт сирақты,
Сыйлайды аппақ бұлақты. (Сиыр)
Мақалдар
Түйе- байлық, Мал өсірсең қой өсір,
Қой- мырзалық, Пайдасы оның көл-көсір.
Жылқы- сәндік,
Сиыр- ақтық.
Ойын «Тыңда, ойлан, тап!»
Ойын шарты: Оқушылар көздерін жұмып, қарамай отырады. Мұғалім қуыршақты алып, бір оқушыны иығынан түртіп, қуыршақты көрсетіп: «қалай дыбыстайды?» сұрайды. Ал қалған оқушылар бастарын көтермей отырады. Ал оқушы жауап береді. Қалған оқушылар бастарын көтеріп, бұл қандай жануар,кім дыбыстады табады.
Тақпақтар
Түйе, түйе, түемін, Бә-бә мен қоймын
Жануармын киелі. Көк шөпке тойдым.
Кім таласар бойыма
Жыл басына иемін.
Ыр-ыр барыспын бәріне таныспын,
Күшіме сенемін, бәрін де жеңемін!
Әндер
Жылқы әні Сиыр әні
Алысқа шауып барамын, «Мө» деп мөңіредім,
Адамның бабын табамын. Молшылық төңірегім.
Пайдасы мол жылқымын, Жыл басы боламын деп,
Жыл басы мен боламын. Ертерек келіп едім.
Әсем десең әсеммін, Көгалда тұрағым,
Сылаң қағып өсемін. Дайын тұр құрағым.
Кең далада көсіліп, Сүтіммен, етіммен,
Самал желдей есемін. Адамға ұнадым.
Қорыту
-Бүгін біз қандай ертегіні қуыршақ театрында көрсеттік?
-Жыл басы неден басталды?
-Ыбырай атамыздың тақпағын жаттап едік, еске түсірейік, қалай аталады?
-«Кел, балалар, оқылық!»
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар!
-Сабақ аяқталды, бәріңе рахмет!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Жыл басы" 3 сынып

шағым қалдыра аласыз