Тәрбие сағаты "Кішіпейілділік-кішілік емес кісілік"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Кішіпейілділік-кішілік емес кісілік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік

Мақсаты:

-         «Кішіпейіл» сөзінің мағынасын түсіндіру;

-         Оқушыларға адам бойындағы ең жақсы асыл қасиеттер жайлы кең тұрғыда түсінік қалыптастыру,ой толғаныс жасату.

-         өзінің және өзгенің қылықтарын талдай білуге үйрету

Әдісі: көрнекілік, проблемалық

Көрнекілігі: Слайд, фотосуреттер, қима қағаздар

Түрі: Пікірталас.


Өтілу барысы:

І.Сабақтың басы:

Көрініс көрсету

«Сары тауық пен балапандары» М.Төрежанов
Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес.
Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді.Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.
— Оны неге шығармайсыз?- деп сұрады бір ақ балапан.
— Ол тым жас.
— Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.
— Cырқаттанып қалады.Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне, мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.
— Мен,-деді тұңғышы.
— Мен барайын?-деді оған тетелесі.
— Кезекті маған беріңіз!-деді одан кішісі.
— Мен қалам ба сонда?-деді алғашқы қарсылық білдірген балапан.
— Қатесін түсінген сенің барғаның жөн!- деді сары тауық балапанда тысқа қарай ысырып.

Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.
Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.


-Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

-Дұрыс. Бұл аталған қасиеттердің барлығы адамгершілікке жатады. Бүгін біз биік адамгершілік қасиеттердің бірі- кішіпейілділікке тоқталамыз. Ең алдымен осы сөздің мағынасына үңілейік. Пейіл деген көңіл, ниет деген мағынаны білдіреді, яғни кішіпейіл адам кішіге деген ақ пейілді, мейірімді, адамгершілігі мол, мейірбан болады. Кісіге қарасуға, қол ұшын беріп, жәрдемдесуге дайын тұрады. Кішіпейілділік жай нәрсе емес, ол – мінез, әлеуметтік мәртебе, көп қошемет тұтатын асыл қасиет болып табылады. Сол үшін де халық: «Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік» деп оның мәнін өте дұрыс айтып жеткізген.


ІІ. Сабақтың ортасы

Кішіпейілділік сөзінің мағынасын одан әрі терең ашу үшін топтық жұмыс жасаймыз.

«Фотомен байланыс» деп аталады. Әр топ өзіне берілген мақалдың мазмұнына сай фотоны таңдап алу керек. Постерге жапсыра отыра, мағынасын түсіндіру керек

  1. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет»

  2. «Ұлық болсаң, кішік бол»

  3. Кішіпейілділік — кісі көркі.

  4. Ана алдында – құрмет, Ата алдында қызмет.

  Кішіпейіл болып, адамдарға көмектесіп жүрсең олардың рахметін аласың, жолың ашылады, бүкіл адамдар сені сыйлап, саған қызыға қарайды. Ал, менменсіп кетсең, өзгелерге жеккөрінішті болып, түбінде қу тізеңді құшақтап жалғыз қаласың. Сондықтан, адам əр уақытта үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, қолынан келсе көмектесіп, əрқашан қарапайым бола білу керек. Сонда ғана сен елге сыйлы, елім - жерім деп жүретін, биік-биік белестерді бағындырып, үлкен жетістіктерге жететін нағыз азамат боларың анық!


Қаншалықты бай болсаң да, атақты болып, даңқың жер жарып бара жатса да адам кішіпейілділікті, қарапайымдылықты ұмытпауы керек. Өзгелерді өзінен төмен санап, менменсіп кету ең жаман қасиет. Қанша бай болсаң да, Алланың алдында жай ғана пенде екеніңді, Алланың алдында бүкіл адамзаттың бірдей екендігін ұмытпау керек.

Кішіпейілділік– адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Бұл қасиет адамның барлық іс-әрекетінен, қимыл-қозғалысынан, өзін ұстауынан, мінез-құлқынан, тәртібінен, сөзінен, киген киімінен де аңғарылып тұрады. Сондықтан мұндай адам өзгелерді сыйлайды, әрі олардың көңіліне қарап, көзқарасымен санасады.


Ата-ана алдындағы әдептілік – баланың бармақтай кезінен бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау – елді сыйлау. Ата-әжесін құрметтеу - өмірді құрметтеу. Ата-ананы сыйлау - сәби шағында олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек. Ата-ананың қадірін білмеген, халық қадірін білмейді.


Сергіту сәті: «Жақсы және жаман қасиеттер» ойыны

Оқушылар би музыкасымен шеңбер жасап тұрады. Оң жақтан қызыл, сол жақтан көк жүректің суреті жіберіледі. Музыка тоқтағанда қызыл жүрек қолында қалған бала өзінің жақсы қасиетін, көк жүректі ұстап қалған бала өзінің жаман қасиетін айтады.


-Балалар, біз өзіміз жайлы айтсақ. Кішіпейілділік таныта алып жүрміз бе? Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп жүрсіңдер ме?

Мысалдар келтірту

-Ал енді, біздің лицейде түсірілген видеоларды тамашалайық.

- Біреу қағып кеткенде сабырсыздық танытып, оған айғайлап жатамыз. Кішіпейілділік – сабырлы болу, сырлы сұхбатта сөзді бөлмеу, үлкендерді құрметтеу деген сөз. Үлкен адамға сен деп сызданбай, сіз деп сөйле. Сіз деп сөйлеу – кішіліктің емес, кісіліктің белгісі.

Баяғыда біреу шығыс данышпанынан сұрапты: Әдептілікке қалай үйрендіңіз? деп. Ол «Тәрбиесіздерге қарап» деп жауап беріпті. Мен олардың істегенін істемеуге тырыстым депті. Осы данышпанның сөзін ұмытпауға шақырамын.


ІІІ. Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау үшін топтарға тапсырма берейін деп тұрмын. 1,2 топ – «Фрейер моделін» толтырады. Ал3,4 топ мүшелері- Кішіпейіл адам моделін құрастырады.


-Құрметті, оқушылар. Лицейімізде «Рухани жаңғыруда- ұлт болашағы» атты айлық өтіп жатқанын білесіңдер. Рухани жаңғыру - мәңгілік ел болудың кепілі. Яғни ұлттық салт-сана, әдет-ғұрып, мәдени дәстүрлерді берік сақтай отырып, оны жаңа заман жетістіктерімен және жалпыадамзаттық құндылықтармен байыту. Қазақ халқына тән қонақжайлылық, инабаттылық, имандылық, кішіпейілділік деген қасиеттерді жоғалтпауымыз керек. Қазақтыңы ырым, тыйым сөздерінің өзі әдептілікке,инабаттылыққа шақырады. Теріс мінез-құлықтан,жаман қасиеттерден аулақ болуға үгіттейді. Кішіпейілділік- адамның көркі. Сырт адамдар сені сыйласа, құрметтесе сол сенің кішіпейілділігіңнің нәтижесі. Өзі кішіпейіл адамның ешқашан өтініші жерде қалмайды, барлығы саған көмектесуге дайын тұрады. Сондықтан жақсы қасиеттерден арылмай, рухы биік, рухани дүниесі бай ұрпақтар болып өсуге тырысыңдар.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.05.2020
3486
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі