Тақырыбы: Көктем аруы
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу. Көрнекілігі: «Қыз - елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал - мәтелдер, қанатты сөздер.
Мейрамбек: Құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары және байқауға қатысушы арулар! 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!
Жалғас:
Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр,
бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш
тілеймін!
Мейрамбек: Ал, бүгінгі
қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау үшін «Көктем аруы»
атты байқауымызды ашуға мектебіміздің __________________________сөз
берейік.
Жалғас:
Олай болса бүгінгі «Көктем
аруы» қыздар байқауын ашық деп
жариялаймыз!
Мейрамбек:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран
бабам.
Жалғас:
Мың бұралған арулар билей
басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
3 А сынып қыздарын ортаға шақырайық
Мейрамбек
1.Қазбек Ақкербез
Жалғас:
2.Бектибаева Медина
Мейрамбек:
3.Хансултанова Аружан
Жалғас:
4.Дәурен Аяулым
Мейрамбек
5.Жұбайқанова Аяжан
Жалғас:
6.Ораз Айжан
Мейрамбек
7.Айдосқызы Даяна
Жалғас:
8.Тұрсынғожа Гүлтас
Мейрамбек
9.Мұсағали Инайя
Мейрамбек
Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.
1 - бөлім. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін - өзі таныстырады.
Жалғас:
2 - бөлім. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнерлер).
Мейрамбек
3 - бөлім. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі.
Жалғас:
4 - бөлім. «Анамның сүйікті асы». Арулар өздерінің үйден жасап келген ұлттық тағамдарын қалай пісірілуін айтып беріп, көрсетеді.
Мейрамбек
5 - бөлім. «Сәндік өнер» (көктем мезгіліне байланысты сән үлгісін көрсету)
Жалғас:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
______________________________________
_______________________________________
Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда тағы да қош келдіңіздер деймін!
Мейрамбек
Арулар келіп жетті танысуға
Сыпырды томағасын осы дуға
Ұшып келген қырандай керілтеді,
Әдеппен, ізетпен танысуға – деп олай болса байқауымыздың
1 - ші бөлімі «Сәлем – сөздің атасы» Арулар кезек - кезек өздерін таныстырады.
Жалғас:
Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыста .дей отырып келесі
2-бөліміміз «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады.Қатысушылар өз өнерін көрсетеді
Мейрамбек :
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.
Жалғас:
Арусыңдар таудай биік талабың,
Қызысыңдар еркін өскен даланың
Ал, қанекей мүдірмеңдер бұл сында
Ас әзірлеу, қыздар үшін қиын шаруа болып па?-дей келе
4 бөлім«Анамның сүйікті асы» деп аталады.
(тамақ дайындау, дайындалу жолдарын айтып түсіндіру).
Мейрамбек :
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы ай менен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,- келесі сайысымыз сән үлгісін көрсету.
Жалғас:
Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен сайысымыз аяқталсын,
Қазылар берсін енді шын бағасын.
Мейрамбек
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнерлі, білімділер жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Жалғас:
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді.
Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің бишілер
Көрінген көштің басынан-дей отырып,биші қыздарымызды ортаға шақырамыз.
Мейрамбек:
-Енді әділқазылар алқасы өз жұмысын қорытындылағанша:
Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің бишілер
Көрінген көштің басынан-дей отырып,биші қыздарымызды
ортаға шақырамыз.
Жалғас:
Ақыл құйған санама
Күннен артық расында
Күн алыста ,ал анам
Ылғи менің қасымда-дей келе,құрметті аналар,бүгінгі мейрамдарыыңызға арнап ән айтып берсек. Қабыл алыңыздар!
"Анашым қартаймашы жалынамын! "
Мейрамбек:
Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп,ойнаймыз
Қыздарды да құттықтап
Мерекесін тойлаймыз-дегендей біздің көктемдей құлпырған сыныптас қыздар. Сендерге де ұлдардың атынан сыйлықтарымыз бар. Соны табыс етейік.
Жалғас:
Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс - шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп - көп рахмет, келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты: "Көктем аруы"байқауы

шағым қалдыра аласыз