Тәрбие сағаты "Көктем келді көрікті" мектепалды даярлық тобы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Көктем келді көрікті" мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға көктем мезгілі туралы мәлімет беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: « Көктем келді көрікті»

Мақсаты:

  • Оқушыларды білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

  • Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, жарыса білу арқылы достыққа, ұйымшылдыққа шақыру;

  • Ұстаз бен оқушы арасында ынтымақтастық сезім ояту;

Қолданылатын құралдар: суреттер, интерактивті тақта, бояулар, альбом, т.б.

Әдісі: СТО технолгиясының әдіс-тәсілдері.

Барысы

Ұйымдастыру кезеңі

КӨКТЕМ КӨРІНІСТЕРІН ТАМАШАЛАУ (ВИДИОСЛАЙД)

Тамашалаған көрініс бойынша оқушылар ойларын ортаға салу арқылы , сабақ тақырыбын ашу.

Көріністен табиғаттың қандай өзгерістерін тамашаладыңыздар?

Қандай жыл мезгілі бейнеленген?

Соған орай біз бүгінгі сабақта «Көктем» тақырыбы аясынджа жұмыс жасаймыз.

Негізгі бөлімі

Оқушылар өлең шумақтарын оқиды.



Көктемде қандай құстар жылы жақтан ұшып келеді?

Жыл құстары дегеніміз-Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар.Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл,тоқылдақ,үйрек,қаз ,тырна.

Құстар туған жерге топ-тобымен ұшып келіп жатыр.Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді.Биік асулардан асады.Өздерінің таныс жолдарынан адаспаған.

Жыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралы әңгімелейік.Мысалы:қарлығаш-адамға дос.Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады.Оның өз әні бар.әні құлаққа жағымды.
Шарлап келіп даланы,

Үйіме үйін салады. (Қарлығаш)



Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді.Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.

Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап
Қыста алысқа кетеді
(Қараторғай)

Қараторғай-өзі кішкентай,өте пайдалы құс.Орман қорғаушысы.Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып,шырқаған.
Су бетін сызып,

Ақ құман жүр сүзіп. (Аққу)



Аққу-30-40 жыл өмір сүреді.Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс.Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген,адамдар да аққуды атпаған.Ол киелі құс.Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген.
Он екі айдың біреуі
Сірә оның атында
Өзге ұяға із тастап
Мен деп жар сап жүреді
(Көкек)
Халық көктем келсе көкек келді дейді.Осы бір құстың аты неге ең тамаша ай атына теңеу келеді екен.Не деген ғажап ,көкек деген.Өйткені көкек көктем келе салысымен көкек, көкек деп ән салады.Сондықтан сәуір айы көкек айы деп аталған.

Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт,қоңыз,аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам
(Тоқылдақ)

Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт-құмырсқадан тазартады.
Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс? 
(үкі)

     Кеудесі қайқаңдап,

Жүреді байпаңдап. (Қаз).

Норвег зоолог ғалымдары қай жануар суыққа төзімді екендігін зерттегенде мынадай тұжырымға келген екен. Сөйтсек кәдімгі адамның қолға үйреткен үйрек пен қазы суыққа ең төзімді құстары екн .Олар тіпті 110 градус салқындыққа төзімді келеді. Мысалы ақ аю мен итбалық 80 градусқа дейін өмір сүре алады екен.



Халқымыз құстардың келуіне,кетуіне қарап болжамдар жасаған.Енді солардың біразына тоқтала кетейік.

Қарлығаш жоғары ұшса,күн жылы болады,ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса,су тасқыны болады.
Жаңбыр жауарда қарғалар у-да шу болады.
Құс жүнін үрпитсе,жаңбыр жауады.
Шымшық ұя салса,қыс қатты болады.
Шағала келсе сең бұзылады.
Жыл құсы қаптап келсе,көктем ерте келеді.

Ойын: «Ұшты – ұшты». (Ойын шарты түсіндіріледі).



-          Ұшты, ұшты сұңқар ұшты! (қолды көтереді).

-          Ұшты, ұшты тұлпар ұшты! (қолды көтермейді).

-          Ұшты, ұшты қарға ұшты! (қолды көтереді).

- Ұшты, ұшта арба ұшты!

- Ұшты, ұшты ләйлік ұшты!

- Ұшты, ұшты әйнек ұшты!

- Ұшты, ұшты бүркіт ұшты!

- Ұшты,ұшты іркіт ұшты!

- Ұшты, ұшты аққу ұшты!

- Ұшты, ұшты гәкку ұшты!



Көктем көріністері.

Оқушылардың суреттерін тамашалау.

Оқушылар салған суреттерін әңгімелеп береді.

Өлең шумақтарын оқыту

Тұманбай Молдағалиев «Гүлдер»



Көктем мезгіліндегі қандай гүлдер алғаш өсіп шығады?

Бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ.

«Кім шапшаң?» ойыны. (Оқушыларға қима қағаздар тарқатып беру)7 Оқушыларға тірек сөздерін пайдаланып, шапшаң көктем туралы өлең құрастыру.

1.Көктем қандай көңілді

Күміс жаңбыр төгілді

Мөлдір аспан ашылып,

Күннің көзі көрінді.

2.Жыршы құстар көп келді.

Гүлдер жапты бөктерді.

Кел балалар әнменен.

Қарсы алайық көктемді.

3.Көктем келді далаға,

Құстар ұшты ,сайрады

Жаңбыр жауды селдетіп,

Нөсерлетіп көлдетіп.

4.Жасылкөктемкеледі
Самалбеттенөбеді.
Көктебұлттаркөбейсе
Мөлдіртамшытөгеді.

5. Гүлдер, гүлдер көктесін,
    Көбелектер көп келсін
    Ақ қанатты көбелек
    Ауламыздан кетпесін 

6.Табиғатым тамаша
Көз тоймайды қараса
Табиғатты аялап
Жүрейінші жараса

Ішіндегі біруін жаттату

Қорытынды:

Ойын «10 айырмашылығын» тап

Суретті тамашалай отырып, айырмашылықтарын таптырту.

Мадиева Салтанат «Жер адамның жүрегі» Жанат Кенебаев

1.Көктем қандай-------------

Күміс жаңбыр -------------

Мөлдір аспан -------------

Күннің көзі ----------------


Тірек сөздер: көңілді, төгілдіашылып,көрінді.


2.Жыршы құстар көп-----------------

Гүлдер жапты ----------------------

Кел балалар -----------------------

Қарсы алайық ---------------------



Тірек сөздер: келді, бөктерді, әнменен, көктемді,

3.Көктем келді -----------------------

Құстар ұшты ,------------------------

Жаңбыр жауды --------------------

Нөсерлетіп ---------------------------


Тірек сөздер: далаға,сайрадыселдетіп,көлдетіп.

4.Жасыл көктем -----------------------
Самал беттен ---------------------------
Көкте бұлттар --------------------------
Мөлдір тамшы ------------------------


Тірек сөздер:келеді, өбеді,көбейсе ,төгеді.

5. Гүлдер, гүлдер ---------------
    Көбелектер көп -------------
    Ақ қанатты -------------------
    Ауламыздан------------------


Тірек сөздер:көктесін,келсінкөбелек, кетпесін

6.Табиғатым
Көз тоймайды
Табиғатты
Жүрейінші


Тірек сөздер: тамаша, қараса, аялап, жараса













Күтілетін нәтиже: Зейіндерін қойып тындау.



Білу керек: Құстар тіршілігі, көктем ерекшелігі туралы біледі.



Түсінігі: Гүлдерді аяқпен басуға, жұлуға болмайтынын түсінді.



Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Бірлесіп, ұжым болып жұмыс істеуді меңгерді.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2018
2249
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі