Тәрбие сағаты Малдың төлін сүю Ересектер тобы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты Малдың төлін сүю Ересектер тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: Малдың төлін сүюі ( Жуан айтылатын сөздер)

Сабақтың мақсаты: Төрт түлік туралы ұғым қалыптастыру.

Білімділігі: Малдың төлін сүюі, жуан айтылатын сөздер туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: Ойлау, есте сақтау, сауатты жазу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа материалды түсіндіру.

Техникалық құралы: Интерактивті тақта.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау стратегиясы, семантикалық карта, ізденушілік, ойыншықтар дүкені.

Көрнекілігі: Суреттер, дидактикалық материалдар, ойыншықтар.

Сабақтың барысы: 1. Психологиялық дайындық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Құрметпенен бас иеміз,

Баршаңызға біз.

  • Балалар, біздің бүгінгі сабағымызда ойыншықтар дүкені ұйымдастырылды. Оны сендер тек қана сатып алмайсыңдар, сонымен қоса сабақта белсенділік танытқандарың үшін ойыншықтар тегін де таратылады.

  • Суреттер бойынша жаңа тақырыптың мазмұнын ашу (слайд көрсету)

  • Ой қозғау:

DrawObject1

- Балалар, малдар жылдың қай мезгілінде төлдейді?

- Көктем.

3. Үй тапсырмасын сұрау «Наурыз таңы».

4. Жылылықты сезіну:

- Сендерді әжелерің, аталарың, әкелерің, аналарың қалай еркелетеді?( балалардың жауаптары)

5. Мағынаны тану:

Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,

«Ештеңені білмейтін момыным!» деп.

Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,

«Қараңғыға баспаған қорқағым» деп.

Түйе сүйеді баласын «боташым» деп,

«Жаудыраған көзіңнен, тоташым» деп.

Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,

«Тастан – тасқа секірген шұнағым» деп.

Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп.

«Тұлпар болып жүгірер жұрыным» деп.

6. Өлеңді оқушыларға оқыту.

- «Тақ» орнына отырғызып оқыту.

- «Жаңғырық » оқыту.

- «Тізбектеп» оқыту.

7. Сұрақ – жауап, сөздік жұмысы.

8. Сергіту сәті.

Ешкі маған түбітін береді, -

Қолғап кидім.

Қой маған жүнін берді, -

Қалпақ кидім.

9. Төрт түліктің өсу жолын біліп ал!

10. Ойын: «Ойыншықтар дүкені».

11. Дәптермен жүмыс.

Сурет бойынша әңгіме құрастыру, жуан айтылатын сөздердің астын сызу.




12. Фонетикалық жаттығу.

А Қошақаны қойдың,

О Қайда қалып қойдың?

Ы Бұлтиып тұр бүйірің,

Ұ Қай өрісте тойдың?

13. Пысықтау.

Семантикалық карта. (Флипчарт қарындаш)


Төрт түлік

Қоңырым

момыным

Торпағым

қорқағым

Боташым

тоташым

Лағым

шұнағым

Құлыным

жұрыным

Түйе



+



Жылқы





+

Сиыр


+




Қой

+





Ешкі




+



14. Үй тапсырмасы.

«Малды құрметтеу» тыйым сөздер.

Мәтінді түсініп оқу. (Үй тапсырмасының орындалу барысын түсіндіріп өту).

15.Сабақ барысында ойыншықтар дүкенінен жинаған сыйлықтарын санау.

Оқушыларды мадақтап бағалау.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.00.2018
637
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі