Тәрбие сағаты "Мамандықтың бәрі жақсы!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Мамандықтың бәрі жақсы!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі, қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Баяғыда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болған жоқ. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы

Мақсаты:

  1. Білімділік – мамандық туралы түсінік беру, оқушыларға қолдау көрсету, жоспарларын анықтау, мамандық таңдаудың қыр-сырларын меңгерту;

  2. Дамытушылық – оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.

  3. Тәрбиелік – оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: тәрбиелік

Сабақтың көрнекілігі:


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару..

- Балалар, көңіл-күйлерін, сабаққа дайындықтарын қалай? Ендеше, балалар, тәрбие сағатымызды бастайық! «Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергенің» қонақтармен амандасу.

«Сәлемдесу» ойыны:
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

ІІ. Негізгі бөлім

- Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мамандықтың бәрі жақсы» деп аталады. Яғни, бүгін сендермен мамандықтың түрлерімен танысамыз!


- Балалар, жаңа айтқандай бүгін біз мамандық туралы әңгімелесеміз. Айтыңдаршы, маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек?

- Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық.

- Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.

Әсмепаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан, – деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.


- Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.


- Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі, қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Баяғыда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болған жоқ. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп,  қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді. Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі — маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын алуыңыз керек болса, екіншісі — еңбегіңізге ақының төлені қажеттілігі. Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандыққа деген махаббат керек. Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, жазушы, тілші,  мүсінші, суретші, сәулетші, экономист, есепші, ұшқыш, ғарышкер, кенші, металлург, жүргізушы, балташы, құрылысшы, тоқымашы, тігінші, аяқ киім жөндеушы, сатушы, шаштараз, сағат шебері зергер, әнші,биші, музыкант, композитор, режиссер т.б.

 

Мұғалім: Ал, балалар, кім мамандық пен еңбек туралы өлеңдер біледі?

1 – оқушы 
Ақ халатты киемін

Аппақ болып жүремін

Аппақ болып жүргенді


Өзім жақсы көремін

Дәрігермін мен деймін

Кәрі әжемді емдеймін
Көп – көп дәрі ішіп

Кәрілікті жең деймін
2 – оқушы
Дауылға қарамай

Сазанның дәмін – ай
Жауынға қарамай

Шабағының бәрі ма
Балықшылар жағада

Қортпалары танадай
Ау тартады жағалай

Шоқырлары баладай
3 –оқушы
Мен тігінші боламын

Сәнді киім киемін

Қандай әсем қарашы

Менің тіккен жейделер
Қандай әсем қарашы

Киген кезде балалар
Риза боп жүреді
4- оқушы 
Үйреткен талайды
Анадай аяулы

Есепке төсілткен
Мәпелеп өсірген

Білімге жол ашқан
Әліппе оқуға

Мұғалім болам мен
Үйреткен талайды
5 –оқушы
Сүт сатамын алыңдар

Сүт дегенің күш қуат
Сүт емес- ау балым бар

Бал татыған бал қаймақ
Қане,қане алыңдар

Сүт дегенің денсаулық
Алыңдар тез алыңдар

Сүт сатамын алыңдар
6 –оқушы

Тапқан жақсы дос талай 
Мен боламын Почтабай
Қорықпай қардан,жаңбырдан
Әкелемін «Балдырған»
Жұртты аузына қаратқан
Жақсы хабар таратқан
Күнде жүз хат таратқан
7 –оқушы

Кітаптарды сүйемін

Абай,Мұхтар дананың

Мен өскенде сондықтан

Кітапханашы боламын

8 – оқушы

Әжеме тіс саламын,
Көзіне әйнек тағамын,
Сондықтан да өскенде
Мен дәрігер боламын
10 – оқушы
Төле би мен Қазыбек би

Әйтеке би ізімен
Әділ шешім шешетін
Сот боламын ертең мен
Шаршадым деп айтпаймын
11- оқушы 

Шофер болып қанбаға

Жеткіземін астықты

Апарамын уақытында

Жұмысына бастықты

Түн демеймін түнді де

Күн демеймін күнді де

Шофер болам білдің бе?

12- оқушы

Ойлан досым ойланда
Жақсы болсын әманда
Тазалықтың өзіндей

Иіс су да шашамын
Аламын да шашыңды

Мұртың болса қырамын

Шалқайта ұстап басыңды
Мына біздей маманға


13 – оқушы
Тәтті тоқаш жейсің бе?

Тәтті самса пісірді
Кепкен нанды жейсің бе?

Енді ғана түсіндім
Маған көмек берді анам
Бауырсақ па керегі

Еңбек деген жақсы екен
Бәрінде жеп беремін

Көкке ұшамын - 
Ұшқыш болар баламын.
Соңына ерем
Ер ғарышкер ағаның

14– оқушы

Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.
Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!

  • Жарайсыңдар, балалар, қазір біз сендермен кішігерім сайыс өткізейік. Балалар, ең алдымен барлығымыз тақтаға шығып, өзідерің ұнатқан түсті таңдандар! Енді балалар, түс бойынша топқа бөлінеміз!

  • Бірінші топ «Сұңқар», екінші топ «Қыран» деп аталады. Сайысымыз 3 кезеңнен тұрады.

1 кезең: мақал-мәтелдер сайысы

2 кезең: жұмбақтар сайысы

3 кезең: «Әрқашан күн сөнбесін» деп аталады

  • Балалар, сайыстың шарты. Егер, сайыстан алған ұпайларын арқылы мына себеттерге жұлдызшалады саламыз! Қай топтың жұлдызшасы көп болса, сол топ жеңіске жетеді! Балалар, сайыстың шарты түсініктіме? Екі топқа да сәттілік тілеймін!

  • 1 кезең «Мақал-мәтелдер» сайысын бастайық. Мында сендер тек мамандық туралы және еңбек туралы мақал-мәтелдерді айтамыз!

  • Балалар, енді сәл серігіп алайық!

  • 2 кезең «Жұмбақтар» сайысы.

Тарағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (шаштараз)

Қалағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)

Ожауы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Аспаз)

Күрегі бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Диқан)

Айдында жүзеді,

Тірі күміс сүзеді. /Балықшы/

Маңдайға жағып шырақты,

Лавалардан тұрақты.

Ағызып отын өзенін,

Жылытқан кім өз елін? /шахтер/

  • Жарайсыңдар, балалар, бұл кезеңнен де өттік! Келесі кезең «Әрқашан күн сөнбесін» деп аталады. (Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінед. Әр бұлтта тапсырмалар берілген . Соларды орындау барысында күннің көзі ашылады).

  • Жарайсыңдар, балалар! ___ топ жеңіске жетті. «Қандай мамандық» ойыны: Оқушылар мамандықтарды (үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) атап, қысқаша мағлұмат береді.

ІІІ. Қорытынды бөлім

  • Балалар, бүгін сендер сабаққа белсене қатыстыңдар, сол себепті сендерге мына смайликті беремін. Үйге «Мен болашақта кім боламын» атты шығарма жазып келеміз!

  • Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
8559
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі