Сынып сағатының
тақырыбы: Мектебім Ғали ата атымен
аталады
Мақсаты: Мектебіміз Ғали Орманов атында
болғандықтан, мерейтой аясында ақын өмірі мен шығармашылығынан
хабардар ету, ақын өмірінен мағлұмат беру, таныстыру. Ақынның
өнегелі өмірі үлгісінде тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кітап көрмесі, бейнежазба,
таныстырылым
І. Алғашқы ынтымақтастық
атмосферасын құру:
Біз бақытты
баламыз,
Оқып, білім
аламыз.
Жетілсін деп
санамыз,
Оқып білім аламыз. –дей келе
сынып сағатымызды бастаймыз.
Әр топқа үлестірілген құпия
суреттерді жинақтау арқылы бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбын
ашып алайық.
ІІ.Ой
қозғау:
ІІІ.Мұғалім
түсіндірмесі:
Сен ерімсің шығарған елдің
атын,
Ел аманда бітпейді әл
қуатың.
Елу, алпыс, жетпісің
желкілдеді,
Жүзіңді де тойлайды енді
халқың- деп Тұманбай Молдағалиев атамыз жырлағандай биылғы жылы біз
Ғали атамыздың 110 жылдығын атап өтіп
жатырмыз.
Ғали
атамыз ХХ ғасыр ақындарының ішіндегі
шоқтығы биік ақынымыздың бірі. Жалпы мақсатымыз Ғали Орманов туралы
мәліметпен таныстыру, шығармашылығын өскелең ұрпаққа насихаттау,
патриоттық рухта тәрбиелеу.
Мен сендерді толықтыра
кетейін, Ғали Орманов 1907жылы бұрынғы Талдықорған облысы, Қапал
ауданы, «Ешкіөлмес» тауы етегінде дүниеге келген. Ол он жасында
әке-шешесінен айрылып, жетім қалады да, туысқандарының қолында
тәрбиеленеді. Ғали бала кезінде жыршылардан өлең-жыр,
қисса-дастандар үйреніп, өзінің әдебиетке құмарлығын байқатады.
«Мұңлық-Зарлық», «Шәкір-Шәкірат», «Алпамыс» сияқты қисса
дастандарды, «Біржан мен Сара», «Кемпірбай мен Шөже», «Бақтыбай мен
Мәйке баланың» айтыстарын жаттап алып, домбыраға қосып
жиын-тойларда айтып жүрген ол жастайынан жыршы бала
атанады. 1920 жылы Талдықорғандағы, кейін Алматыдағы Абай
атындағы балалар үйінде тәрбиеленіп, сонда білім
алады.
1923-28 жылдары Алматыдағы
Қазақтың халық ағарту институтында оқиды. Институтта оқып жүргенде
Ғали қазақ, орыс әдебиеттерінің үлгілерімен
танысады.
“Социалистік
Қазақстан”(қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде әдеби
қызметкер, бөлім
меңгерушісі, Жамбыл
ақынның әдеби
хатшысы, “Майдан”альманағының
редакторы, “Әдебиет
және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”)
журналының жауапты редакторы, Қазақ мемлекеттік
көркем әдебиет баспасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар
одағының хатшысы, секция меңгерушісі қызметтерін
атқарған. Тұңғыш
өлеңдер
жинағы “Шеңбер” деген
атпен 1934 ж. жарық көрді.
“Шәуілдір” (1934), “Алынған қамал”
(1935) поэмалары, “Көтерме” атты
прозалық
жинағы (1935) жарыққа
шықты. ““Абысын сыры”
(1936) жыр
кітабы шықса,
«Халық – қаһарман” (1941),
“Емен” (1944) атты жыр
кітаптарында соғыстың ауыртпалығын,
жауынгерлердің Отанға деген
сүйіспеншілігі жолындағы
ерліктерін, тылдағы тынымсыз еңбекті сөз
етті. “Өмір дастаны” (1948), “Бөбек жүрегі” (1949),
“Сәт сапарда” (1957), “Ой қанаты” (1961), “От өзен” (1965), “Жер
қазығы” (1972), “Жыр қанаты” (1975), “Жылдар жыры” (1976),
т.б. өлең
жинақтарында әлеуметтік оқиғаны
суреттеуде ақындық шеберлік
танытты.
Аудармашы
ретінде қырғыз
эпосы
“Манастың” 1-кітабын, А.С.
Пушкиннің, М.Ю.
Лермонтовтың, Ян
Райнистің,
Ф.Мақтымқұлының,
А.Тоқомбаевтың бірқатар
поэмаларын, Л.Н.
Толстойдың “Анна Каренина”
романын, Н.В.
Гогольдің “Нева проспектісі”
повесін, А.П.
Чеховтың әңгімелерін, М.С.
Бубенцовтың “Ақ қайың”
романын, М.Тұрсын-Заденің “Үндістан балладалары” өлең
кітабын қазақ тіліне аударды. Ормановтың
көптеген туындылары шетел тілдеріне
тәржімаланған.
ІҮ. Мұражаймен таныстыру
бейнежазба:
Сонымен қатар мектебімізде
ақын атамызға арналған не бар?
Ендеше бейне жазбаға назар
аударайық.
Ү. Көркем
сөз.
Ақынға
арнау. Оқушылар Ғали Ормановтың
өлеңдерін мәнерлеп ортада
оқиды.
ҮІ.
Қортынды.
«Ғали атамыз жақсы жыр жазуды
өмір бойы армандап өткен және сол арманына жеткен ақын.» Ақын өмірі
қашан да өнеге, үлгі. Есімі ешқашан
ұмытылмайды.