Тәрбие сағаты "Мен – өз елімнің патриотымын" 7 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Мен – өз елімнің патриотымын" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл тәрбие сағаты төменгі сыныптарға өте қажет. жас мамандарға берер көмегі көп.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Мен – өз елімнің патриотымын

Сабақтың мақсаты: оқушылар үшін,ең басты қажеттілік сапалы білім алу арқылы өз Отанының көркеюіне жол ашылатындығын түсіндіре отырып,өз елінің нағыз мақтанышы және патриоты бола алатынын түсіндіру.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,топтық жұмыс

Технологиясы: СТО стратегиясы

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі:

Сыныппен амандасу,түгендеу

ІІ. Ой-қрісін ояту:

Сабақты оқушыларға сұрақ қоюдан бастау.

  1. Білім деген не?

  2. Білімді болу үшін не істеу қажет?

  3. Білімді бола отырып біз неге қол жеткіземіз?

  4. Патриот сөзінің мағынасын қалай түсінесің?

Осындай сұрақтарды қою арқылы оқушылардың сабаққа деген ынта ықыласын аудару.

Мұғалім сөзі: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында басты басымдықтардың қатарына осы заманғы білім беруді дамыту аталып және ол жолға қойылып,әр бала мектеп қабырғасынан бастап білімге құштарлана отырып өз елінің патриоты болуға талпынатындығын ерекше атап өткен. Бұл дегеніміз жақсы сапалы білім ала отырып,болашаққа нық қадаммен бара аламыз деген сөз.

Патриот сөзіне қысқаша түсінік беру.

Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, өз Отанын қорғауды мақсат тұтатын, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі. Патриотизм мәселелері жаңа мемлекеттердің құрылуы, ұлттың қалыптасуы...

Олай болса оқушылар бүгінгі сабақты «Мен патриотпын» , ал ұранымызды «Ел болашағы-білімді ұрпақта » деп бастайық. Сабақ әрі қарай жарыс түрінде жалғасады. Сынып екі топқа бөлінеміз.

Ең бірінші оқушыларды қатар тұрғызып ортаға екі түрлі жеміс қою. Сыныптағы оқушылар сол жемістер бойынша екі топқа бөлінеді. Содан соң шеңбер жасап әр оқушы өз атының бастапқы әріпінен басталатын жақсы сөздерді айтып сабақты бастаймыз. (мысалы Жаңылсы-жолың болсын,Рүстем-ризамыз деген сияқты).

Сынып топқа бөлінген соң өз топтарына ат қояды және ұран айтады.

  1. кезең: «Білімге жол». Ауызша сұрақтарға жауап беру арқылы ұпай жинау.

  1. Қ. Р тұңғыш президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)

  2. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)

  3. Қазақстанда бірінші бүкілхалықтық президенттік сайлау қашан болды? (1991 ж 1 желтоқсан)

  4. Қ.Р қашан өз тәуелсіздігін жариялады? (1991 ж 16 желтоқсан)

  5. Қ.Р ұлттық волютасын ата (теңге)

  6. Қ.Р астанасы қалай аталады және бұрыеғы атауы? (Астана-Ақмола)

  7. Қ.Р Конституциясы қай жылы,қай айда бекітілді? (1995 ж 30 тамыз)

  1. кезең. «Ойды аяқта» мақалдың жалғасын табу.

  1. Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды

  2. Тура биде туған жоқ,туғанды биде иман жоқ

  3. Заңның құрығы бәрінен ұзын

  4. Әділ істің арты игі

  5. Атаның баласы болма,адамның баласы бол

  6. Туғанына бұрғаны,биді құдай ұрғаны

  1. кезең: Екі топқа тапсырма. Әр дұрысжауапқа 10 ұпай

екі тарих бойынша салыстыру және білгенін айту.

Дүниежүзі тарихы:

  1. Хаммурапи заңдары:

  2. Ману заңдары:

  3. Вавилон заңдары

Қазақстан тарихы бойынша:

  1. Шыңғыс ханның «Жаса»заңы

  2. Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңы

  3. Есім ханның ескі жолы

  1. кезең: «Болашаққа қадам» екі топқа бір сұрақ беріледі,сол сұрақ төңірегінде қағаз бетіне сурет салу мақсатында өз ойларын жеткізу. Уақыт: 7 минут.

Сұрақ: «Мен өз елімнің патриоты бола отырып,өз елімді қалай көркейтемін?»

  1. кезең: Екі топ өздері білетін қазақ елінің патриоттық бес әнінің аттарын атау.

Қорытынды:

Бүгінгі сабағымызда не үйрендік,не білдік? Оқушылар бүгінгі «Мен патриотпын» аясында өткізілген тәрбие сағатымыз осымен аяқталды.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2018
871
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі