Материалдар / Тәрбие сағаты: Мен Елбасыммен мақтанамын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: Мен Елбасыммен мақтанамын

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен бұл тәрбие сағатымды Елбасымыздың ерен еңбегімен, жазған шығармаларымен естеліктерімен таныстырдым
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2018
1720
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен Елбасыммен мақтанамын»
Тәрбие сағатының мақсаты
:
Мақсаты:

  • 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

  • Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;

  • Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.

Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, сұрақтар, қима қағаздар, түрлі - түсті конверттер, шағын екі киіз үй, ұлттық нақыштағы оюлы себет.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: интеллектуалды ойын - сайыс
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы мен халықтық педогогика

І. Ұйымдастырукезеңі.

Мұғалім:Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!

Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген елбасы!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

- Құрметті оқушылар,ұстаздар! Барша Қазақстан халқы 1-желтоқсанда Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлауға дайындалып жатыр.Осыған орай біз де «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізіп отырмыз.

-Неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі 1-желтоқсанда аталып отыр?

(1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Президенті етіп сайланды)



Бар әлемге шын танылдық міне,біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан,

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.


Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,

Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.

Елбасыны құрметтейтін ерекше,

Армысыздар,ақ пейілді көпшілік!


Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш президенті күніне арналған мерекелік тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.(Әнұран қосылады)

Мұғалім:

-Ал Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы не білесіңдер?

Оқушылар өздері білетін мәліметтерін айтып шығады..

Балалық шағы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп,отын жарды. Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алады.

Жұмысшы Нұрсұлтан

Ол ерте есейді. Орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді. Шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.


Ал,енді викториналық сұрақтар:

1.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кім? Ол қашан, қай жерде туды? (1940 жылы,6-шілдеде Алматы облысы,Қаскелең ауданы,Шамалған ауылында)

2.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғашқы еңбек жолын қайда бастады?(1960 жылы Теміртау қаласындағы металлургия тресінде жұмысшы болып бастады)

3. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қашан президент болып сайланды?(1991 жылы 1-желтоқсанда)

4.Біздің еліміз қашан тәуелсіздігін алды? (1991 жылы 16-желтоқсанда)

5.Астана қаласының тұсаукесері қашан болды? (10-маусым 1998 жылы)

6.Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай жеке еңбектері бар? («Еуразия жүрегінде», «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында», «Бейбітшілік кіндігі», «Тәуелсіздік белестері», «Сындарлы жыл»)

7.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады? (Елтаңба,Әнұран,Ту)

8.Ту мен Елтаңбаға сипаттама беріңдер. (Елтаңбада шаңырақ,қос тұлпар бейнесі,бес жұлдыз, «Қазақстан» сөзі бар.Туда қыран,күн,қазақтың ою өрнегі бар).

9.Әнұран қашан қабылданды? (2006 жылы 7-қаңтарда)

10.Авторы кімдер? (Әні Шәмші Қалдаяқовтікі,сөзі Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі)





1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сендер қандай үлес қосып жүрсіңдер?

2. Басшыадамқандай болу керек? (оқушылар сұрақтарға жауап береді)

Қ- қазаққа қызмет ететін - Наргиза
А- арманына жететін - Наргиза
З- заңды жақсы білетін - Нариман
А- алға қарай жүретін - Мадина
Қ- қайырымды елімнің - Самат
С- салтанатты жерімнің - Тамирлан
Т- толықтырам сенімін – Максат
А- абыройын,жігерін - Айаулым
Н- намысын қолдан бермейтін –Айаулым


Сан ұлттың басын қосып Қазақстан

Бекемдеп саясатын іш пен тыстан

Елбасы, алдын ала болжай біліп,

Сүрінбей аман өттік дағдарыстан

Жыл сайын табыс қоссын табысыңа

Әр қазақ берік болсын намысына

Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,

Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!


Қортынды:Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың« Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз.

Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті

сақтаңдар» деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.

Әрқашан елін сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе тілектеспін. Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!