ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ
БӨЛІМІ
КММ «АХМЕР ОРТА ОРТА
МЕКТЕБІ»
ТАҚЫРЫБЫ:
«Өмір, сені мен сүйемін!»
балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алуына
бағытталған
трениг элементтері бар
сабақ
ДАЙЫНДАҒАН:
Педагог-психолог
Кубентаева Ардак
Курмангазиновна
Өскемен
қаласы
2018
жыл
Тақырыбы:«Өмір, сені мен
сүйемін!» тренинг элементтері бар
сабақ.
Мақсаты: Жасөспірімдерге, өмір
құндылығын сезінуге, оған бейімділікке, бір-бірлерімен жақсы қарым
- қатынаста болуларына шақыру, адамның өмірі өз қолында екендігін
түсіндіріп, өмірді сүюге дағдыландыру.
Міндеттері:
1.Өмір жолының, өз алдына
қойған өмірлік мақсат - мұраттары мен жалпы адамгершілік
құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;
2. Оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және
жақсы мен жаманның ара-жігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын
белгілей білуге үйрету;
3.Оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға
тәрбиелеу.
Қатысушылар: 8-9- сынып
оқушылары.
Қатысушылар
саны: 12
бала
Өткізілетін
уақыты: 45
минут
Өткізу
үлгісі: тренинг элементтері бар
сабақ
Қолданатын
әдіс-тәсілдер: «Сlock»,«Микрофон»,«Квест», «Модерация» әдістері,
жаттығу,ойын,пікір алмасу.
Жабдықтар: Интерактивті тақта, музыка,
бейнелі суреттер, микрофон, сандықша, айна, жіптен жасалған
бойтұмарлар, карточка, стикерлер,
маркерлер.
Күтілетін
нәтиже:
Оқушылардың әрбірі қайталанбас
тұлға екенін сезініп, өз бойларындағы адами құндылықтарды
бағалайды, бірін-бірі тыңдауға, бірігіп ойлануға үйренеді, өз
сезімдерін реттеуге үйренеді. Өмірге деген құштарлықтары
артады.
Барысы:
«Естелік бойтұмар»
ойыны
1. Сәлемдесу,
танысу.
2. «Сынық қарандаш»
жаттығуы
3. Бейнероликтер «Ник Вуйчич»,
«Құмаш Нұрғалиев»
4.Микрофон әдісі бойынша
бейнероликтермен сұрақ-жауап.
5.«Квест» әдісі арқылы
«Жасырлған сұрақ» ойынын жүргізу
6. Сергіту жаттығуы «Сағат
бойынша достар» clock әдісі
7.«Сиқырлы сандық»
ойыны
8. Модерация әдісі бойынша
тақырыпты қорытындылау
9.Рефлексия «Естелік
бойтұмар»
Барысы:
«Естелік
бойтұмарлар»
Қатысушылар аудиторияға кіріп жатқан кезде,
мойындарына бірнеше түрлі- түсті жіпшелер байланған «мойын алқасын»
тағып беріп, ойынның ережесі жазылған карточкаларды ұсыну, ойын
тренинг соңында ойнатылатынын айту және де түрлі халықтардың бір
сәлемдесу түрі жазылған қима қағаздарын
ұстату.
-
Сәлемдесу«Есімім-сәлемдесуім!»
жаттығуы
Жаттығу мақсаты: сергіту,
қатысушылардың бір-бірімен сәлемдесуі, эмоционалды
босаңсу.
-Балалар! Бүгінгі ерекше күн,
ендеше ерекше күнімізді ерекше сәлемдесуден бастайықшы! (алдын ала
таратылған қима қағаздағы әр елдің сәлемдесу дәстүрін көрсетіп соны
барлығымыз қайталау бір-бірімізбен)қолымыздағы қима қағаздарда
жазылған елдің сәлемін көрсетіп атымызды айтамыз. Мысалы: Менің
атым Ардақ, қазақ халқында – Ассалаумағалейкум! деп немесе қол
алысып қушақтасып амандасады ары қарай
оқушылар:
Сәл иіліп сәлемдесу (Кәріс
халқында)
Бимен сәлемдесу (
Австралиялықтар)
Отырып тұрып шапалақтау
(Замбези)
Көзімізге қарап қол қысу
(Германия)
Алақандарын маңдайға қойып
иілу (Индия)
Бразилияда бір-бірінің иығын
қағады.
Македонияда бір-біріне
шынтақтарын тигізеді.
Жаңа Зеландияда шекелерін
түйістіріп сәлемдеседі.
Тибет халқында тіл шығарып
амандасады.
Қытайда жана көрген таныстық
болып жатса, бір-біріне қол шапалақтайды екен, ендеше біз де
бір-бірімізге шапалақ соғып қояйық!
«Мен Астанаға
барамын....»
жаттығуы Бұл жаттығуда әркім өз
есімдерін айтып, Астанаға не алып баратындарын
айтады
Менің атым Ардақ, Мен Астанаға
барамын, өзіммен бірге ақыл алып барамын, ал сен не алып
барасын.....?
- Біз бүгін тренинг
элементтерімен өткізетін саббақа келдік
тақырыбымыз: «Өмір, сені мен
сүйемін!»деп аталады. Мақсатымыз-
тақырыптың өзі айтып тұрғандай өмірді сүю, қандай жағдай болмасын
өмірге деген құштарлығымызды арттыру.
2.«Сынық қарандаш»
жаттығуы
-
Балалар менің қолымда не көріп
тұрсыңдар?
Иә, сынық қарындаш?
(практикалық түрде қарындашты сындырып көрсетугеде
болады).
Қалай ойлайсындар, бұл
қарындаш енді іске жарайма? Қалай
жаратамыз?
Иә, дұрыс айтасындар,
қарындаштың екінші жағын ұштасақ, ол қалыпқа келіп, өз жұмысын еш
өзгеріссіз ары қарай жалғастыра береді. Мына суретте көріп
тұрғандай.
Иә,балалар біздің өмірімізде
осы қарындаш сияқты, қандай қиын қыстау кездер, қандай жағдайлар
болмасын өз мәнін жоғалтпау керек, дүниеде шешілмейтін мәселе жоқ,
әр нәрсенің шешімі болады, оны қарапайым ғана қарандашмысалынан
көрдіңдер.
Келесі бейнероликке назар
аударайықшы:
3.Бейнебаян Әлемге әйгілі
Ник Вуйчичтың өмір жолы
4.Микрофон әдісі арқылы
бейнеролик бойынша
сұрақ-жауаптар
Өмірі жайлы бір- екі ауыз сөз
айтсақ?
Бұл адамның бойында қандай
қасиеттер бар?
Келесі бейнебаян «Құмаш
Нұрғалиев» жайлы
Құмаш Нұрғалиев туралы кім
тағы не біледі, қысқаша тоқталсаң?
Бұл екі тұлғаның ұқсастықтары
барма?
Қандай ұқсас қасиеттер бар деп
ойлайсындар?
Қалай ойлайсындар оларға
тарихта қалуға не көмектесті?
Осы адамдардың өміріне ұқсас
тағы қандай өздерің таныс тұлғаларды
білесіңдер?
5.«Квест» әдісі
арқылы «Жасырлған
сұрақ» ойынын
жүргізу.
-Осы бөлменің ішінде,
кез- келген жерде, түрлі сұрақтар жасырылған, олар арнайы қима
қағаздарға жазылған. (орындық, парта шетінде, жалюзи, тақтаның
артында жасырылуы мүмкін, балалар іздеп табуы керек) Қанеки,
соларды іздеп тауып, сұрақтарына жауап берейік,сұрақтарға толық
және нақты жауап берген балалар, бүгінгі сабақтан өздеріне
сыйлыққа, естелікке бір құндылықа ие болып өзімен бірге алып
кетеді. ( Құндылықтар түрлі шаблондарда жазылған болады- алтын
балық, жеміс-жидек т.б) Ендеше іске
сәт!!!!
Жасырылған
сұрақтар:
1.Өмір несімен
қымбат?
2.Дыбыссыз яғни ауызбен
айтпай, мимика, жесс қимыл қозғалыс арқылы сөз жасыру:
Кинотеатр
3.Өмірдегі ең жақсы
көретініңіз кім және не?
4.Дыбыссыз яғни ауызбен
айтпай, мимика, жесс қимыл қозғалыс арқылы сөз жасыру:
Кітапхана
5.Дыбыссыз яғни ауызбен
айтпай, мимика, жесс қимыл қозғалыс арқылы сөз жасыру:
Асхана
6. Адам баласы не үшін өмір
сүреді?
7.Дыбыссыз яғни ауызбен
айтпай, мимика, жесс қимыл қозғалыс арқылы сөз жасыру:
Мұғалім
8. Жақсы көретін
ісіңіз?
Дыбыссыз яғни ауызбен айтпай,
мимика, жесс қимыл қозғалыс арқылы сөз жасыру:
Дәрігер
9. Жақсы көретін түсіңіз, ол
туралы не айта аласыз?
10. Сүйікті оқыған кітабыңыз,
шығарманыз барма?
11. Пір тұтатын
адамыңыз?
12.Өмірдегі ең қуанышты
сәттеріңіз?
Сыйлыққа берілетін
құндылықтар:
1.Денсаулы 6. Қуаныш 11.
Махаббат
2. Бақыт 7. Сүйіспеншілік 12.
Жақындарының саулығы
3.Білім 8.
Кешірім
4.Батылдық 9. Жарқын
болашақ
5. Шаттық 10. Отбасы
саулығы
6. « Сағаттық достар»
сергіту жаттығуы
Мақсаты: Эмоционалды босаңсу,
стресті түсіру, релаксация.
Балаларға «сағаттың» суреті
салынған қызыл, жасыл, сары, көк түсті текшелерді таратып беремін,
түстер бойынша 4 топ құрылады, енді сағаттың тілінде көрсетілген 4
цифрға 9,12,15,18, сандарына кім-кіммен қай уақытта кездесетінін
келісіп жазады, итерактивті тақтаға келесідей тапсырма
шығады;
Сағат - 9.00
кездесетіндер–күлімдейді.
Сағат -12.00 кездесетіндер-
ауада сүйіспеншіліктерін көрсетіп
жібереді.
Сағат -15.00 кездесетіндер -
қолдарын бұлғайды.
Сағат 18.00 кездесетіндер -
қолдарын шапалақтайды.
-Жаттығудан қандай әсер
алдыңдар?
7. «Сиқырлы сандық»
жаттығуы
Жақсы әуен ойналып
тұрады.
-Мен «1,2,3» дегенде көзімізді
жұмамыз, мен өзім әрқайсыңның қасыңа келіп,сиқырлы сандықты ашамын
«мұнда қара және оған жыми» дегенде көзіңді ашып жымиясың
(сандықшаның ішінде айна болады. Оқушы көзін ашқанда өзін көріп,
жымияды).Барлығы көздерін ашқанша ойынды солай жалғастыра
беремін.
-Жақсы балалар!(Жаттығу
бойынша ойларын тыңдау).
-Сиқырлы сандықтың ішінен
кімді көрдіңдер?
- Әрине,
өздеріңді.
-Біз әрқайсымыз
кімбіз?
-Дұрыс, әрқайсысың қайталанбас
тұлғасыңдар, айнадағы көрген адамдай сендер үшін ешкім күле
алмайды,сендер үшін дәл сен сияқты қайырымды
мейрімді,жомарт,ақылды,кішіпейіл бола
алмайды.
Қымбатты балалар! Өмір адамға
бір рет беріледі,оны мәнді өткізу өздеріңнің
қолдарыңда.
8.«Модерация»әдісі бойынша берілген
стикерлерге топтағы («Сағаттық достар» жаттығу бойынша бөлінген
топ) достар оқушылар «өмір» сөзіне қатысты сөздерді жазады. Топ
ішінде жазғандарын іріктейді, қайталанған сөздерді алып тастайды.
Ең көп сөз жазған топтан бір оқушы шығып, тақтадағы«күн шапағына»
жазғандарын оқып тұрып жапсырады, басқа топтар қайталанған сөздер
болса, алып тастайды. Солайша, барлық топтар сөздерді жапсырып
шығады.
9. Рефлексия : «Естелік
бойтұмар» ойыны
Тренинг басында, қатысушыларға
бірнеше түрлі- түсті жіп байланған бойтұмар таратылған. Енді қазір
әр қатысушы өзінің бойтұмарынан бір жіпті суырып, кез- келген
қатысушы адамның бойтұмарына тілек айтып, жіпті
байлайды.