Тәрбие сағаты Мен патриот азаматпын 9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты Мен патриот азаматпын 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ оқушылардың патриоттық сезімін оятуға бағытталған. Материалда жеке, топтық жұмыстар, әртүрлі әдістер қолданылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы :

9

Күні


Мұғалім :

Бейсеуова Н.Б.

Сабақтың тақырыбы

Мен патриот азаматпын

Сабақтың мақсаты

өскелең ұрпақтың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және одан әрі арттыру. Жас ұрпақты Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер аға-апалардың ерлігін үлгі ету.

Сабақтың міндеттері

Оқушылардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру

Қазақстандық патриотизм мен белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру

Қолданылатын стратегиялар

Жеке, топтық жұмыстар, «Миға шабуыл» әдісі, «Қоржын әдісі», «Блумның алты қадамы әдісі», «Полиглот»

Рәсімдер

Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту бейнеленген плакаттар

Қазақстан Республикасының картасы,

Музыкалық және бейне көркемдеу

Мемлекеттік Гимнің аудиожазбасы, «Мен елімнің патриотымын» бейнеролигі

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

ноутбук

Үлестірмелі материалдар

Кеспе қағаздар, суреттер

Эпиграфтар

Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”

Н. Ә. Назарбаев

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

«Мәңгілік ел- Жалпы ұлттық идея»

Дайындыққа арналған әдебиет

Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы 2017 12 сәуір

2016 жылы 26 сәуірдегі Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХХІҮ сессиясында қабылданған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі

І. Оқушылармен амандасады, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтайды.

ІІ. Мемлекеттік Гимнін ойнатады.


ІІІ. Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. Тәрбие сағатымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын  “Біз “Ұлы Дала елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын”.
Елбасының 
«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы – болашақ табыстардың негізі. Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.Осының барлығы дамыған 20 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Мәңгілік ел-ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып,әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман -тұрмысы бақ-қуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық.

Мәңгілік елдің іргетасын қаладық.

ІҮ. Топқа бөледі.

Мұғаліммен амандасады, көңіл-күйлерімен бөліседі.

Мемлекеттік Гимнің аудиожазбасын тыңдайды, қосылып айтады.









Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдайды. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысады.































«Ұшқын», «Жалын» топтарына кеспе қағаздар алу арқылы бөлінеді.

ІІ. Мағынаны тану

І. Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан-бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды қорғау үшін адам қандай болу керек ? Әрине патриот.

«Миға шабуыл» әдісі

Оқушыларға кесте таратады.

Патриотқа тән қасиет

Патриот

емес адамның қасиеті

Маған тән қасиеттер




ІІ. Сұраққа жауап алу

Сен қандай қасиетті ең басты деп ойлайсың және неге ?

Оқушылар кестені толтырады.







Оқушылар сұрақ бойынша өз ойларын айтады.

ІІІ. Ой қозғау

І. Кіріспе сөз

Қандай бір халық болмасын Отанын, елін, жерін сүймейтіні жоқ. Соның ішінде қазақ халқы да жалпы шығыс, оның ішінде түркі тілді халықтардай Отанын, жерін, суын, табиғатын сүюге жастарды тәрбиелеу көне заманнан өзімен бірге дамып келеді. Отансүйгіштік қай елдің болмасын алтын босағасы. Адам тәнін жан билесе, Отан тәнін халқының оған деген сүйіспеншілігі билейді. Бұған ешкімнің күмәні жоқ.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «Өз бойымызда және бабаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек». Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады», - деген сөзінің өзі «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен дәлме-дәл келгендей.

«Мен елімнің патриотымын» бейне көрініспен таныстырады.

ІІ. Бейнекөріністі көре отырып қандай ой түйдіңдер ? Қандай сезімде болдыңдар ?

ІІІ. Топтық жұмыс

Негізгі ұғымдармен жұмыс

«Ұшқын» тобы «Патриотизм»

«Жалын» тобы «Патриот»

ІҮ. «Жадыңа сақта»

Патриотизм негізгі үш құрылымды қамтитын тұлғалық қасиеттерден тұрады.

І. Сезімдерді қамтитын сезімдік-эмоционалдық қасиеттер:

- кіші Отанына деген сүйіспеншілік;

- өз халқының мүмкіндіктері мен күштеріне сену;

- өз ұлтына тиеселі болғанына мақтаныш;

- Отанның тарихтағы ролі менұлылығын түсіну;

- ұлттық мәдениетке деген махаббат;

- Отанын қорғауға дайын болу

ІІ. Тұлғалық құндылықтар жүйесінің көрсеткіштерін қамтитын рухани-құндылықтың қасиеттері:

- Отан игілігі үшін өзін –өзі құрбан ету;

- Отан мүддесін жекеден жоғары қою қабілеті;

- ұлттық рухани –адамгершілік мұрасын құрметтеу;

ІІІ. Тұлғаның париоттық санасын көрсететін, практикалық қызметін қамтитын қасиеттер :

  • - өз өміріне қауіппен Отан мүддесін қорғауға шынымен дайындығы;

  • - белгілі бір этникалық топпен және ішкі ұлттық бірлігін жоғары дәрежесімен өзін-өзі сәйкестендіру

  • Ү. Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына шолу жасау

  • ҮІ. «Ұшқын» тобы «Қоржын әдісі»




«Жалын» тобы

«Блумның алты қадамы әдісі»

Патриот азамат ретінде сені туған жеріңнің табиғатының жағдайы ойландырады

ма ? 1. Неге ? 2. Түсіндір 3. Ата

4. Ұсын 5. Ойлан тап 6. Бөліс

Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдайды.























Бейне көрініспен барысын көреді, ой түйіндейді.


Сұраққа ой ойларын білдіреді.



Оқушылар берілген сөздерге анықтама береді.




Дәптермен жұмыс

Оқушылар қажетті ұғымдарды дәптерге жазып алады.


























Мұғалімді мұқият тыңдайды.


Топ оқушылары осы қасиеттер бойынан көрінетін тұлғаларды, фактілерді, оқиғаларды т,б салады.





Топ оқушылары сұрақтар бойынша өз ойларын жинақтап жауап береді.

Ой қорыту

Батыр атамыз Баубек Бұлқышев : «Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның дегенін істеу-қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты бізде өлшеуге болмайды», деп Отанды анасындай қастерлеуге тәрбиелейтінін айтса,Елбасымыз өзінің «Болашаққа бағдар- рухани жаңғыру» атты мақаласында «Отандық мәдениет БҰҰ-ның 6 тілі»ағылшын, испан, араб, қытай, орыс және француз тілдерінде сөйлеуі үшін мақсатты ұстанымы болуы шарт деген. Ендеше мына сөйлемдерді үш тілде айтып көрелік.

  1. Мен патриот азаматпын.

  2. Менің Отаным Қазақстан.

  3. Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін

  4. Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін.

  5. Мен Отанымды мақтан етемін.

  6. Мен Отанымды қорғаймын.

  7. Қазақстанның болашағы біздің қолымызда

Қорытынды: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың мына сөзімен қорытындылаймыз. «Еліңнің ұлы болсаң,еліңе жаның ашыса,азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында Жан теріңмен еңбек ет,Жердің де,елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» деген болатын. Олай болса жүрегі елім деп соққан азаматтарымыз көбейе берсін демекпіз!





















Сынып оқушылары осы сөйлемдерді үш тілде айтады.

Рефлекция

Мен.................................. таныстым.

Маған .........................оңай болған жоқ.

Мен ............................. қол жеткіздім.

Мен ................................істей алдым.

Менің ...............................есімде қалды.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2018
2161
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі