тәрбие сағаты "Менің Отаным-Қазақстан"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

тәрбие сағаты "Менің Отаным-Қазақстан"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Менің Отаным-Қазақстан" атты ашық тәрбие сағаты бастауыш сынып оқушыларын арналған.Оқушылардың Отаны туралы білімін кеңейті,тәуелсіз,бейбіт ел туралы ұғым қалыптастыру.Еліміздің рәміздерін қастерлей білуге үйрету.Отанын туған жеін қорғай білуге,ұлтжандылыққа,атамекенін көздің қарашығындай сақтай біліуге жетелеу.Отан сүйгіштікке баулып, патриоттық тәрбие береу. Туған еліне Жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббатсезімін ояту.Оқушыларды достыққа, адамгкершілікке,елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелейді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты:

Білімділік: Отаны туралы білімдерін кеңейту. Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғым қалыптастыру. Еліміздің рәміздерін қастерлей білуге үйрету.

Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге жетелеу. 
Тәрбиелік:  Отан сүйгіштікке баулып, патриоттық тәрбие беру. Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке,  елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.  
Көрнекілігі: «Менің Отаным – Қазақстан» слайд. Елбасы суреті, рәміздері, қанатты сөздер, буклет.
Сабақтың барысы.
1-жүргізуші:Бүгінгі жастар- еліміздің ертеңі.Ұлттық санамыз сілкініп,саяси ой-өрісіміз өрлеу жолына түскенде біздің кім екенімізді, ата-бабамыздың қандай болғанын,кең байтақ өлкені қалай қорғағанын, қалай қастерлегенін,тегіміздің мызғымас мықты екенін осы ұрпаққа ұғындырып,келер ұрпаққа мирас етіп қалдыру-бізге парыз.

2-жүргізуші:Отанның азаттығынан,тәуелсіздігінен асқан дәулет жоқ.Оқушыларды ұлттық патриотизмге тәрбиелеу қазақ халқының өзіндік тарихы,әдебиеті, мәдениеті бар тәуелсіз ел екенін түсіндіру мақсатында 1б сынып оқушыларының"Менің Отаным-Қазақстан"атты ашық тәрбие сағатын көріп тамашалаңыздар.

1-жүргізуші:Армысыздар,құрметті ұстаздар,оқушылар!Сіздерді еліміздің ең үлкен мерекесі 16-желтоқсан тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.

2-жүргізуші:Қазақ батыры Бауыржан Момышұлы айтқан:"Отан үшін отқа түс күймейсің".Отан-қасиетті ұғым.Отанымызға,туған халқымызға адал қызмет ету-біздің перзенттік борышымыз.

1-жүргізуші:Біздің Отанымыз Қазақстанның 1991жылы толық тәуелсіздік тұғырына шыққанына 26жыл толып отыр.Қазақстан Республикасының туған күні алтын әріппен жазылды.Бұл мерекенің орны да бөлек.Өйткені,қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы жүзеге асты.Дүниеге жаңа мемлекет тәуелсіз Қазақстан Республикасы келді.

2-жүргізуші: Аңсап халық көп күткен,

Егеменді ел болдық.

Көңіл-күйі тоқ жұртпен,

Тереземіз тең болдық.

1-жүргізуші: Асқақтатып саз,әнге

Сал өнерпаз кіл дүлдүл

16-желтоқсан,

Тәуелсіздік күні бұл

2-жүргізуші: 1992жылы 4-маусымда қазақ елінің мемлекеттік рәміздері дүниеге келді.

1-жүргізуші:Қазақстан рәміздері-елдігімнің белгісі

Білу керек балаға ең кіші,

Ән ұран, көгілдір ту, елтаңба,

Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.

2-жүргізуші: Балалар, Республикамыздың қандай рәміздерін білесіңдер?

1-оқушы:Ашық аспанды көгілдір туымыз бар.

2-оқушы:Айбынды елтаңбамыз бар.

3-оқушы:Мағыналы ән ұранымыз бар.

4-оқушы: Елбасы,тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

1-жүргізуші: 1991жылдың 16-желтоқсанында Қазақстан тәуелсіздігі салтанатты түрде жарияланды.Бұл-қазақ халқы үшін,қазақстандықтар үшін үлкен оқиға.Бұл оқиға-Қазақстанды Отаным,елім,жұртым деген әрбір азаматтың жүрегінен орын алатыны айдан анық.

2-жүргізуші: Біздің еліміз-жерінің кеңдігімен қатар,табиғи байлығы да мол мемлекет.Өріс толы малы, тайдай тулаған байлығы,теңіздей толқыған егіні,дала толы аң-құсы,таусылмас кең байлығы да жеткілікті,мол.(слайдтан көрсетіледі)

Хор. "Ақ көгершін"

1-жүргізуші: Отан дегеніміз-адамның туып өскен жері, жақын адамдарымен бірге тұратын мекені.Қазақ елінде тұратын адамдарың Отаны- Қазақстан Республикасы.

2-жүргізуші: Дұрыс айтасың,Қарақат,осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынандай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.

Оқушылар тақпақтар айтады.

1-жүргізуші:Біздің бір ғана Отанымыз бар.Ол -Қазақстан.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Олай болса, балалар Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күнін білеміз бе?

Хормен: 1-желтоқсан

2-жүргізуші:Хор:Сен үшін Астана

1-жүргізуші: Сүйем сені, туған жер,

Әжем жөргек жуған жер.

Шапқан жауды еліме,

Батыр бабам қуған жер.-дегендей туған жерін сүймейтін адам жоқ.(слайдтан көрсетіледі)

Олай болса, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер біледі екенбіз?

Оқушылар мақал-мәтелдер айтады.

2-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең,менше сүй,-деп Абай атамыз айтқандай ендігі кезекті ән мен биге береміз.

1-жүргізуші: "Елім менің" Орындайтын: Тұрғанбай Бидәулет

2-жүргізуші: Би.Орындайтын қыздар тобы

1-жүргізуші: Атамекен әні.орындайтындар ұлдар тобы

2-жүргізуші: "Біз балдырған баламыз"әні.Орындайтындар:қыздар тобы

1-жүргізуші:Би.Орындайтындар: ұлдар тобы

2-жүргізуші:Ән.Ыдырыс Асыл

2-жүргізуші:Хор.Көк тудың желбірегені

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,ата-аналар және оқушылар 1б сыныбының "Менің Отаным-Қазақстан" атты ашық тәрбие сағатын көріп тамашалағандарыңызға рахмет!










































































































































































 

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
751
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі