Е.А Сансызбаева
Бастауыш сынып мұғалімі
Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Қызылжар ауылы
Тақырыбы: Менің Отаным-Қазақстан
Мақсаты: 1. Оқушыларды Отанды сүюге, елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту.
2. Тәуелсіздікке байланысты туған еліміздің тарихымен,
рәміздерімен жете таныстыру, естерінде қалдыру.
3.Патриоттық тәрбие бере отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әдеби монтаж ұйымдастыру
Көрнекілік: Рәміздердің суреттері, нақыл сөздер
Барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.
Құрметті оқушылар! Бүгін сіздер «Менің Отаным-Қазақстан » атты тәрбие сағатына келіп отырсыздар. Мұндағы біздің мақсатымыз: Оқушыларды Отанды сүюге, елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Тәуелсіздікке байланысты туған еліміздің тарихымен, рәміздерімен жете таныстыру, естерінде қалдыру.Патриоттық тәрбие бере отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
2. Тәрбие сағатының барысы.
Данияр: Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауырда әділетсіз көтерілістің бірі 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.
Нұрай: Бұл оқиғаға жастарымыз бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысты.
Ерболат: Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың қарусыз жастарына қарсы жазалау үшін кеңес елінің басқа жерлерінен әскерлер әкелінді.
Камила:Жүздеген қазақ жастары оқудан, қызметтен қуылды.
Кәусар: «Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ, сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке», - деп Төле би бабамыз айтқан.
Дана:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі жарияланды.
Хормен:Егеменді ел атандық.
Ерзат: Міне, енді өз Гимніміз, Елтаңбамыз, Туымыз бар.
Жомарт: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болуын тілейміз!
Арайлым:
Әнұраным-жан ұраным,
Айтар әнім-сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика Гимнім.
Еркегул:
Елтаңбасы елімнің,
Неткен көркем әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Айдана:
Өзіңдікі-елің де,
Өзіңдіке-жерің де.
Өзіңдікі-өзің еккен бақ,
Тәуелсіздік төрінде!
Қайсар:
Көк аспандай туларың,
Желбірейтін күні бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні бұл!
Ән «Көк тудың желбірегені»
Ділмұрат:
Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс кейпін,
Достым білгің келе ме ?
Жансая:
Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жазда ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
Жанерке:
Отан-осы достарым,
Көңілге оны түйе біл!
Отан деп өсіп жас жаным,
Оны ардақтап, сүйе біл! «Солдат болам мен ертең» хор
Иманали:
Отан-тарих, Отан-тіл,
Жасаған елің, өз халқың.
Отан -өлең, Отан-жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Бекзат:
Отан -сенің ата-анаң,
Отан-досың, бауырың.
Отан өлкең, астанаң,
Отан -аудан,ауылың.
Жәңгір:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен-
Биік тау, орман, тоғай көлімізді.
Аяжан:
Отан дейміз кең байтақ Астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Ән «Отаным менің» Нұрай: - Дұрыс, балалар, Отан дегеніміз – адамның туып-өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын мекені.
Алуа:
Бір ата, бір ананың түлегіміз.
Бір болсын қайда жүрсек жүрегіміз.
«Бірлік барда тірлік бар»деген бабам.
«Бірлік»-деп бірге соғар жүрегіміз.
деп отырып, әдеби монтажымызды қорытындылаймыз!
Ән «Атамекен»
«Қолшатыр» биі қыздар
Моряк биі ұлдар
«Шашу» биі қыздар
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Менің Отаным-Қазақстан" 2 сынып
Тәрбие сағаты "Менің Отаным-Қазақстан" 2 сынып
Е.А Сансызбаева
Бастауыш сынып мұғалімі
Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Қызылжар ауылы
Тақырыбы: Менің Отаным-Қазақстан
Мақсаты: 1. Оқушыларды Отанды сүюге, елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту.
2. Тәуелсіздікке байланысты туған еліміздің тарихымен,
рәміздерімен жете таныстыру, естерінде қалдыру.
3.Патриоттық тәрбие бере отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әдеби монтаж ұйымдастыру
Көрнекілік: Рәміздердің суреттері, нақыл сөздер
Барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.
Құрметті оқушылар! Бүгін сіздер «Менің Отаным-Қазақстан » атты тәрбие сағатына келіп отырсыздар. Мұндағы біздің мақсатымыз: Оқушыларды Отанды сүюге, елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Тәуелсіздікке байланысты туған еліміздің тарихымен, рәміздерімен жете таныстыру, естерінде қалдыру.Патриоттық тәрбие бере отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
2. Тәрбие сағатының барысы.
Данияр: Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауырда әділетсіз көтерілістің бірі 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.
Нұрай: Бұл оқиғаға жастарымыз бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысты.
Ерболат: Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың қарусыз жастарына қарсы жазалау үшін кеңес елінің басқа жерлерінен әскерлер әкелінді.
Камила:Жүздеген қазақ жастары оқудан, қызметтен қуылды.
Кәусар: «Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ, сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке», - деп Төле би бабамыз айтқан.
Дана:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі жарияланды.
Хормен:Егеменді ел атандық.
Ерзат: Міне, енді өз Гимніміз, Елтаңбамыз, Туымыз бар.
Жомарт: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болуын тілейміз!
Арайлым:
Әнұраным-жан ұраным,
Айтар әнім-сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика Гимнім.
Еркегул:
Елтаңбасы елімнің,
Неткен көркем әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Айдана:
Өзіңдікі-елің де,
Өзіңдіке-жерің де.
Өзіңдікі-өзің еккен бақ,
Тәуелсіздік төрінде!
Қайсар:
Көк аспандай туларың,
Желбірейтін күні бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні бұл!
Ән «Көк тудың желбірегені»
Ділмұрат:
Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс кейпін,
Достым білгің келе ме ?
Жансая:
Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жазда ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
Жанерке:
Отан-осы достарым,
Көңілге оны түйе біл!
Отан деп өсіп жас жаным,
Оны ардақтап, сүйе біл! «Солдат болам мен ертең» хор
Иманали:
Отан-тарих, Отан-тіл,
Жасаған елің, өз халқың.
Отан -өлең, Отан-жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Бекзат:
Отан -сенің ата-анаң,
Отан-досың, бауырың.
Отан өлкең, астанаң,
Отан -аудан,ауылың.
Жәңгір:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен-
Биік тау, орман, тоғай көлімізді.
Аяжан:
Отан дейміз кең байтақ Астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Ән «Отаным менің» Нұрай: - Дұрыс, балалар, Отан дегеніміз – адамның туып-өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын мекені.
Алуа:
Бір ата, бір ананың түлегіміз.
Бір болсын қайда жүрсек жүрегіміз.
«Бірлік барда тірлік бар»деген бабам.
«Бірлік»-деп бірге соғар жүрегіміз.
деп отырып, әдеби монтажымызды қорытындылаймыз!
Ән «Атамекен»
«Қолшатыр» биі қыздар
Моряк биі ұлдар
«Шашу» биі қыздар
шағым қалдыра аласыз













