Материалдар / Тәрбие сағаты «Менің тату отбасым»

Тәрбие сағаты «Менің тату отбасым»

Материал туралы қысқаша түсінік
: Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру. Отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді дұрыс, анық айтуға жаттықтыру. Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: «Менің тату отбасым»

Мақсаты: Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін  дамыту. Сөздерді дұрыс, анық айтуға жаттықтыру.

Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің суреттері,суреттер, мысық ойыншық,

Билингвальді компонент: ата, әже, әке, ана, аға, іні, әпке, сіңілі, қарындас.

Тәрбиеші: Балалар қонақтармен амандасайық..

Көтеріліп шаңырақ (қолдарын жоғары көтереді)
Уықтары шаншылып (қолдарын жоғары көтереді)
Керегелер керіліп (алақандарын ашады )
Өрім дей болып өрілер (қолдарын белге қояды)
Бәріміз бірге жүрсек айналып, киіз үй болып көрінер.

- Балалар, біз қандай заттың бейнесін жасадық?
- Ал, киіз үйде кімдер тұрады?
(ата, әже, әке, ана, аға, әпке )
- Оларды бір сөзбен қалай атаймыз? Отбасы
- Дұрыс айтасыңдар.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ
- Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.
- Иә, балалар, барлық үйдің өз отбасы болады олар бір - бірімен тату - тәтті тұрады. Ал кім өз отбасы туралы айтып береді екен.

Есік қағылады ( марғау кіреді)

Сәлеметсіздерме балалар, Менің атым Барсик.Мен сіздердің отбасы туралы айтып жатқандарыңды естідім. Отбасы деген не?

Жұмбақ: Онсыз қызық жоқ маған, онсыз бақыт жоқ маған.
Ол әр баланың панасы, ол не екен, балалар? (отбасы)
- Міне балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен
Тәрбиеші: - отбасы туралы білгің келсе қалағой.

Саусақ ойыны

Бармақ әке,бармақ әке қайдасың? Мындамын,осында, калың ,қалай!

Бармақ ана ,бармақ ана қайдасың? Мындамыносында, калың, қалай!

Бармақ аға ,бармақаға қайдасын ?Мындамын,осында, қалың ,қалай!

Бармақ әпке,бармақ әпке қайдасың?Мындамын ,осында ,калың, қалай

Бармақ бөбек, бармақ бөбек қайдасың? Мындамын, осында,қалың, қалай!

Ойын-жұмбақ: «Кім ол?»

Балаларға отбасы мүшелерін жұмбақ арқылы жасыру және оларды орысша атау.

1.Кітапты көп оқитын,

Жырларды жақсы білетін.

Немересін еркелетіп,

Жанында әрқашан жүретін кісіні кім дейміз? (ата)

Өлең «Жайлауда»

Нұриман

Үнемі ақыл беретін

Аташым менің тірегім.

Көп еді- ау сенің тілегің.

Атыңды сенің  ардақтап,

Жүремін әр кез мақтанып.

Мағжан

Күнде үйдің қасынан

Көрші атамды көремін

Жүгіріп кеп асыға

Оған салем беремін

 

2. Ол өте мейірімді, ақ шашты, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап,шұлық тоқиды. Ол кім? ( Әже)

Ойын жіптерді жинау

Айнұр

Шай қайнатып келейін,

Шекер салып, жан әжем.

Өзім құйып берейін.

Балдай тәтті бал әжем

Дильназ

Менің әжем гүл әжем

Алтын әжем күн әжем

Анам үшін, мен үшін

Нағыз әже сіз әже

3. Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді, отбасын қорғаушы, сақтаушы ол кім? ( әке)

Бағылан

Үнемі ақыл беретін,

Мен үшін әкем бәйтерек.

Әкенің алып тәрбиесін,

Азамат болып өсемін.


Сарбиназ

Әкетайым әкешім

Жақсы көремін мен сізді

Құрметтеп мәңгі өтемін

Мәпелеген өзімді.
Би

Бала,бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған. ( Ана)

Айнұр

Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз

Жан

Ана біздің гүліміз

Ана біздің гүліміз

Ұландары қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Ойын: «Көже, компот»

Ойын шарты: Телефон шырылдайды Сәуленің анасы бізден көмек сұрайды,

көмектесулерін сұраймын. Тақтаға банка мен кастрюлдің суреті

ілінеді.Балалар банкаға жемістерді жапсырып компот жабады ,ал кастрюлге

көкөністерді жапсырып көже пісіреді.

- Сенің өзіңнен үлкен, сені серуенге бірге алып шығарып ойнататын ер бала немесе қыз баланы кім деп атаймыз? -Аға, апке.

- Саған апкешім , ұлдарға ағатайым  деп еркелейтін, балабақшаға баратын өзіңнен кішкентай ұл бала немесе қыз баланы  кім деп атаймыз?

- Іні, қарындас.

- Сен оларға қандай қамқор көрсетесің? (балалардың жауабы)

Дидактикалық ойын: « Кім жоқ?»
Тақтаға (ата, әже, әке, ана, аға, қарындасты) іліп қоямыз. Біреуін алып тастаймыз, балалар кім жоқ екенін айтады. (өздері орналастырады.)

-Балалар,  бұл суреттердегі адамдарды бір сөзбен қалай атаймыз?

- Отбасы .

Қортындылау

-Балалар біздер бүгін  кімдермен таныстық?
- Отбасы мүшелерімен.
Отбасы мүшелеріне кімдер жатады екен?
- Ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні, қарындас жатады.
Біз қандай отбасымыз?
- Біз бақытты отбасымыз.
Біз қай елде тұрамыз?
- Тәуелсіз Қазақстан елінде.
Өте жақсы, балалар отбасы туралы танысып, білдік. Отбасы кіші Отаның. Сол Отанда тату - тәтті өмір  сүру үшін туысқандардың,  әсіресе, бауырларыңмен бір - бірің мен тату болыңдар.

Мяу –мяу мен түсіндім түсіндім. Менің де отбасым бар. Рахмет сендерге.

Сау болыңдар




21 Желтоқсан 2017
5436
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі