Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағаты "Мерейлі - мүшел жас"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Мерейлі – мүшел жас.
Мақсаты:
Мүшел туралы қызықты пікірлермен балаларды
таныстыру.
Мүшелде қандай сыр
бар, ол қандай сөзден шыққанына түсінік беру.
Балалардың алғашқы мүшел жасына сипаттама беру. Олардың ата -
аналарын сыйлауға, мейрімділікке, қайрымдылыққа, әдептілікке,
сыйластыққа, достарын сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «13-алғашқы мүшел жас» презентация,
нақыл сөздер, шарлар, тақырып.
Сабақтың эпиграфы:«Бала болсаң, болғандай
бол,
Ағайынға қорғандай
бол!»
Тәрбие сағатының жоспары:
Психологиялық дайындық.
Ой
ашар.
І. Қызығушылықты
ояту.
Ой қозғау.
Мағынаны тану
“Ой жалғастыру”
«Ой түю»
Психологиялық дайындық.
1. «Ой ашар»
Мұғалім: Армысыздар, құрметті
қонақтар!
Ата - анаға көз қуаныш
Алдына алған еркесі
Көкірегіне көп қуаныш
Гүлденіп ой өлкесі, деп Абай атамыз ата - ана мен перзент
арасындағы байланысты тамаша жариялаған.«Адамның бір қызығы бала
деген! Деп
қазақ халқы шыр шертіп дүниеге келгеннен бастап балаға арнап
өткізетін жиын - тойы қаншама. Той — ізгіліктер мен жақсылықтарды, озық дәстүрлерді
жаңғыртып отыратын тәлімі мол тәрбие
мектебі.
Ой қозғау.
-Қандай бала тойларын
білеміз?
-Бүгініміз қандай той?
Жігіт болды балаңыз
Құрбан шалып, малды сой,-деп, бүгінгі орта
буын сыныптары оқушыларының 13 жас алғышқы мүшел жасқа толу
құрметіне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош
келдіңіздер! Ең алдымен мүшелге
толған оқушыларымызды ортамызға шақырып, өткен туған күндерімен
құттықтап қоялық!
Дана: Балалықты артқа тастап өткенге,
Жаңа белес тез-ақ келіп жеткен бе?
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді,
Жаңа күннің жаңа нұры төккенде!
“Ой жалғастыру”
Ақтілек: Балғын шағың – балалық шақ арттағы,
Өмір жаңа белесіне бастады.
Нық сеніммен болашаққа қарайды
Жас балғындар 13 мүшел жастағы.
«Бала болсаң болғандай
бол,
Ағайынға қорғандай бол!-дегендей бастамасы ата – бабамыздың
әстүрінен бізге жеткен қызықты дерек мүшел жас туралы
әңгімелейтін боламыз.
Гүлназ: Сәлеметсіздер ме, құрметті
қонақтар,мүшелі жас иелері, қымбатты балалар! Біздің бүгінгі
көрсеткелі отырған бастамамыз ата-бабамыздан қалған, бізге жеткен
қызықты дерек мүшел жас туралы болмақ. Мүшелдің таралу шеңбері өте
үлкен. Мүшел есебіндегі жылдар рет саны бойынша аталмайды. 12 түрлі
хайуанның атымен аталады. Әр жылға бір хайуанның аты берілген.
Мүшел жасты анықтағанда бір ерекшелікті есте ұстаған жөн. Бала 13
жасқа толғана бір мүшел деп қайырады да, кейінгілерге 12 жылды
қосып отырады. Сонда бір мүшел – 13 жас, екі мүшел – 25, үш мүшел –
37, төрт мүшел – 49, бес мүшел – 61, алты мүшел – 73, жеті мүшел –
85, сегіз мүшел – 97 деп қайырып, адам жасын оңай шығарады.
Нұрдаулет: 13 жас-жақсы мен жамандықты,
ар мен намысты, дос пен жолдасты айыра білетін кезең. Қазақ халқы
жас жеткіншектердің тәрбиесіне көп көңіл бөлген, олардың бойына
мейірімдік, қайырымдылық, әдептілік, сыпайылық сияқты жақсы
қасиеттерді сіңіре білген. Міне осындай қасиет сендердің
бойларыңнан да табылса деймін.
Гүлназ: Нұрдаулет, жыл қайыру туралы
аңызды білесің бе?
Нұрдаулет: Білмеймін, қане мына мүшел
жас иелерінен сұрап көрейік!
1 -оқушы:
Ертеде түркі қағандарының бірі өзінен бірнеше жыл бұрын өткен
атышулы бір соғыстың тәсілін үйренбекші болады. Бірақ ол соғыс қай
жылы өткенін білмей әбден шатасады. Сонда қаған өзінің қауымына
былай депті: «Біз тарихымызды анықтауда көп жаңылыстық, ал бұдан
кейінгілер бұданда жаман жаңылысады. Біз енді жылдарға ат қояйық.
Бұл біздің кейінгілерге қалдырған ескерткішіміз
болсын».
Сөйтіп Іле өзенінің екінші
басына ау құрғызып, жабайы хайуандарды өзенге қарай қууға бұйрық
береді.
Нөкерлер хайуандарды қаумалап үркіте бастайды. Бәрі бірдей өте
алмай, он екісі ғана судан аман шыққан екен. Ең алдымен судан өткен
тышқан болыпты. Осыдан жыл басы Тышқан аталыпты. Одан кейін судан
сиыр, сосын барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит,
доңыз өтіпті. Сөйтіп әр қайсысы бір-бір жылдың атын алыпты. Осылай
он екі жыл бір айналып шықса бір мүшел жас екі айналып шықса екі
мүшел жас болыпты.
2 -оқушы:
Кейбір деректерде «мүшел» сөзінің «мүше» сөзінен екені айтылады,
сонда мүшеге ие болған хайуан деген ұғымды береді, яғни барлық
хайуан емес, киелі, қасиетті хайуан ғана уақыт өлшеміне ие
болған.
Кейбір деректерде «мүшел» сөзі қатар деген ұғымды білдірген, мүшел
жылы сол адамда қатерлі жыл болады деп есептеген. Соған байланысты
жаратылыстан тыс тұрған күштерге жалбарынып, құдайы беріп, қан
шығарып, мүшелден аман-есен шығу үшін деп сол адамның қимас киімін
және матадан жыртып жарлы—жақыбайларға таратылады екен.
Мүшел жас күні мал сойып, құран оқыту да мүшел жастан аман-есен
шығып, ұзақ сүру үшін, бақытты болу үшін істелетін ырым екен.
3- оқушы
Жоғарыдағы мүшел жылдардың әрқайсысының адам өміріне тигізер әсері,
ықпалы болады. Алғашқы мүшел он үш жаста баланың ересектік шаққа
өту кезеңі айқындалады. Бұл кезеңде ер балалардың дауысы өзгеріп,
сүйегі іріленіп, қыз балалардың дене бітімі сүйкімді бола бастайды.
Халқымыздың осындай ес тоқтатып, етек жаба бастаған жасты «Он үште
отау иесі» деп дәріптеген. Балаларын отбасылық өмірге баулуды.
Қолға алған. Осындай жеткіншек шағын Ақтамберді
жырау:
Жасым жетіп он беске,
Кірер ме екем кең есікке,
Бұғана қатып, бел бекіп!
Ерегіскен дұшпанмен
Шығар күн туса күреске! – деп талпынса,
Алмажан Азаматқызы:
Он төртіме келгенде,
Салиқалы қыз болдым
Жібектей шашын талдаған, - деп ,
бойын күтіп, бойжеткендік шаққа жеткенін аңғартады.
4 - оқушы:
Ал жиырма бес нағыз жігіттік жас деп есептеледі. Бұл кезде бойдағы
күш-қуат кемеліне келеді. Тасыған күш-қайратты қайда жұмсарын
білмей жалындап тұратын кез. Бұл дәуірдегі Жүсіп Баласағұн:
Ең тәтті кез жігіттіктің шағы да,
Игіліктің о да берген, - деп дәріптесе ,
Абай: Жастықтың аты арындап
Тас қияға өрледің, - дейді.
Шал ақын:
Жиырма бес – енді келмес албырт жассың,
Қайратың қиратқандай таудың тасын, - деп тамсана жырына қосқан.
5 - оқушы:
Отыз жеті жас - өмірдің жақсы-жаманын, оң-солын танып, ақыл
тоқтатып, қырыққа жақындаған кез. Бұл уақытты Ж. Баласағұн:
Жаста келіп қырықпенен астасар,
Ерттеп қойған құр аттай, - деп бедерлесе, Шал ақын:
Қырық та бір жас екен, қырдан астым,
Көңілді тасып жүрген әрең бастым, - деп сабасына келеді.
6 - оқушы:
Қырық тоғыз жас-бойдағы күш қайта бастағанымен кәрілікті
мойындамаған, ақыл-ойы нағыз кемеліне келген нағыз ердің жасы.
Бұқар жырау Елу деген жасыңыз,
Ода бір көшкен ел екен, - деп толғанса, бұл кезеңді:
Елу де бір жас екен есептеулі,
Есептеп елдің жөнін білсек дейді.
Кешегі жиырма бес жас қайтып келіп,
Көңілім бұрынғыдай жүрсек дейді, - деп кейіптейд
7 - оқушы:
Алпыс бір жас – даналығы артып, өткеніне сын көзбен қарайтын,
тәубеге келетін кез.
Бұл мезгілді Бұхар жырау: Алпыс деген жасыңыз
Қайғылы – мұңлы кұн екен, - деп мойындаса,
Шал ақын: Алпыстағы жасыңыз
Қоңыр салқын күн екен...
Алпыс жас – бұл бір өткен өмір сәні,
Алпыста бойда қуат тұрмас бәрі, - деп тоқтамға
келеді.
8 - оқушы:
Жетпіс үш жас. Бұл мүшелдегі кәрілікті мойындап, бойы еңкіш
тартады, аяғы тұсалып, жүріп-тұруы қиындайды.
Бұл кезеңді Ж. Баласағұн:
Бұл дүние көздің жауын, нұрын алар,
Жасарып ап жас келіндей ырғалар.
Қуантар да, жалған салар сүргінге,
Теріс қарар мәз қып қойып бір күнге, - деп суреттесе,
Шал ақын:
Жетпіс те жер таянбай тура алмайсың,
Мойыныңды жан-жағыңа бұра алмайсың, - деп күрсінеді.
9 - оқушы:
Келесі мүшел жас – 85 жас. Бұл тіпті қызық. Бұл жаста адам
жүріп-тұрудан, ұйқыдан қалады. Бала сияқты өкпелегіш болып, күйбең
тірлікке түседі. Бұхар жырау бұл уақытты:
Сексен деген жасыңыз
Қараңғы тұман түн екен, - деп тұқыртса, Шал ақын:
Сексенде таяғыңды серіппейсің,
Селт етіп еш нәрсеге елікпейсің, - деп сынап
мінейді.
10 - оқушы:
Тоқсан жеті жас. Бұл мүшелге жеткен адамдардың кейбірі алжып, жас баладай жаутаңдап, қауқарсыз болып қалады.
Осы мезгілді Шал ақын:
Тоқсан,
сен таман жастың зоры екенсің,
Сүйегің қартайған соң бор екенсің .
Тоқтының баласына әлің келмей,
Балаңның баласына қор екенсің, - деп толғаса ,
Меделі Жүсіп Қожаұлы
Тоқсан бес тоқайласып жүз келеді,
Көктем,
жаз,
кезегімен күз келеді.
Күзден соң қаһарлы қыс сияқты,
Денеңе қызу емес, мұз келеді, - деп түйіндейді. Иә, бұл жасқа жеткенде бар, жетпеген де бар. Алладан сол жасқа жеткізсін деп тілейік.
11 - оқушы:
Месебіндегі
жылдар рет саны бойынша аталмай, 12 түрлі хайуанаттың атымен аталатынын білдік. Осы сияқты 12 айдың өзіндік жорамал аттары бар екенін білеміз. «Жұлдыз жорамал» тыңдайық.
1 оқушы: 21 наурыз бен 20 сәуір. Тоқты: Қызу қанды, алғыр, ақылды.
2 оқушы: 21 сәуір мен 21 мамыр, Торпақ: Өзімшіл, шындықты сүйетіндер.
3 оқушы: 22 мамыр мен 21 маусым. Егіздер: Кекшіл, жалқау,
4 оқушы: 22 маусым мен 22 шілде. Бүйі: Кекшіл, өзімшіл, өркөкірек.
5 оқушы: 23 шілде мен 22 тамыз. Арыстан: Ержүрек, тік мінезді.
6 оқушы: 23 тамыз бен 23 қыркүйек. Бикеш: алдамшы, алаяқ, бірақ алғыр.
7 оқушы: 24 қыркүйек пен 23 қазан. Таразы: Адамгершілігі мол, бірақ қу.
8 оқушы: 24 қазан мен 22 қараша. Шаян: Кекшіл, ешкімге жақсылығы жоқ.
9 оқушы: 23 қараша мен 23 желтоқсан. Мерген: Батыр, ержүрек, мейірімді.
10 оқушы: 22 желтоқсан мен 20 қаңтар. Тауешкі: Білімді, қайырымды, бірақ алаңғасар.
11 оқушы. 21 қаңтар мен 20 ақпан Суқұйғыш: Ұмытшақ, адал, алаңғасар.
12 оқушы: 21 ақпан мен 20 наурыз. Балық: Өте қу, дарыны аз, бірақ жолы өте жеңіл болады.
Нұрдаулет: Денің сауда жетерсің арманыңа
Жоспарлап алға қойған мақсатыңа,
Денің сауда көрерсің бұл дүниенің.
Бар қызық, рахатын, жарығында.
1-жүргізуші:
Денсаулық-шексіз бақыт,
Досым менің,
Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа.
Қолда барда біл оның қасиетін,
Күтіп,
баптап,
аяла әр уақытта.
Мұғалім: Осы орайда мүшел жасты кім қалай түсінеді, ерекшеліктері бар ма?
Мұғалім: Көңіл аудар даналардың сөзіне.
Адал жанды өнеге тұт өзіңе. - дегендей ұлы адамдар өміріне бір сәт
көз жүгіртейік.
1. Ұлытау өңірінен шыққан Қоңырбай батыр ұрпағы Ағыбай батыр 13 жасында елін қорғауға атқа қонды.
2. 13 жасында ұлы Абай атамыз ақындығымен, ақылдығымен елге таныла
бастайды.
3. Ж. Аймауытов алғашқы өлеңін
13 жасында жазған.
4. Қазақтың тұңғыш ғарышкері
Т. Әубәкіров 13 жасында өзінің болашақ мамандығын таңдап алдына
мақсат етіп қойған.
5. Исатай мен Махамбет бастаған топ Жәңгір ханның әскерін тас
талқан етіп жеңді. Осы кезде
Исатайдың Жақия деген батыр баласы да қатысты. Сол күнде Жақия 14
жаста еді.
6. Қазбек би 13 жасында
алмастай өткір тілімен қалмақ ханын састырып, қазақтың алдына жығып
беріпті
Сіздерде осы ардақтыларымыздай сөзге шешен, батыл ел басқаратын азамат болыңдар.
Мұғалім: Қазақ ұғымында кез келген мүшел жас қатерлі болып саналады. Бұл негізсіз жай сөз емес. Қазір ғалымдар әрбір он екі жылда адам ағзасында елеулі өзгерістердің болатынын дәлелдеп отыр.
Мүшел жастың біз сырын әлі жете білмейтін құпиясы бар. Пендешілікпен байқамаймыз, ойланбаймыз, тылсымға сене бермейміз. Өйткені жетпіс жылға жуық құдайсыз қоғамды бастан өткіздік. Байыптап барлап қарасаңыз, мүшел жаста өлім-жітім, апат, қырсық-кедергілер жиі кездеседі. Сол үшін бұрынғылар мүшел жаста құдайы беріп, дастарқан жайған. Обалды түсініп, сауап жасауға тырысқан. Кісі ақысын жемей, арамға қол созбай, өтірік-өсектен аулақ болуды парыз санаған. «Құдайы» дегенді талай адамдар тек Құран оқып, бет сипаумен байланыстырады. Шындап келгенде, бұл – әрбір адамның, ең алдымен, өз ар-ұятының алдында өзіне есеп беруі, тәубеге келуі мен азға да, көпке де қанағатты болып, шүкіршілік етуі деп түсінген жөн. Кейбіреулер «әйтеуір қайыр-садақа берсем, мүшелден кедергісіз өтемін» деп ағат ойлайды. Егер адамның ішкі жан дүниесі тазармаса, күншілдік, менмендік, мақтаншақтық, жалқаулық сияқты жаман әдеттерінен құтылмаса, басынан кесек алтын айналдырып садақа берсе де, көкірегі көр күйі қала береді. Өз басым осыны естен шығармаған жөн дер ем... Әр адамның өз пешенесі жазылғанын білсек, онда адам баласы үшін 37 жас ең қауіпті мүшел жас болып саналады. Себеп те бар?! Нағыз кемелденген кезеңде сырт көздің сұғы дегендей, адам баласы от пен жалынның ортасында ғұмыр кешіп жүреді. Алайда, оған дейін де 13 саны қауіпті болып табылады. Тарихқа көз жүгіртсек. Арыға бармай, XX ғасырдың бірінші 13 жылдығына, яғни бірінші мүшелінен бастап тізбектеп көрейік. Сол бір бір 1913 жылы қазақ халқы үшін де аса ауыр кезеңнің басталған шағы болды. Осы жылдары Ресейдің құрамындағы халықтарды қара жұмысқа алу туралы жарлықтар шығарылды. Ақ патшаның бұндай арам пиғылына көнгісі келмегендіктен, қазақ елінің әр түкпірінде бас көтерулер, қақтығыс-ұрыстар бой көрсете бастады...
-Балалар, мүшел жастың ерекшеліктерін, қауіптерін, берілетін садақаның негізін түсіндік. Айтылмаған қандай кәде қалып қойды? Мүшелге келген әрбір адам мүшелік таратады. Мүшелік – мүшелге келген адамның жақынына, немесе жанашыр досына «мүшел жастан аман-есен өтейін» деген ниетпен, немесе өзінен жасы кіші інісіне не сіңлісіне «сен де мүшелге жет» деген ниетпен тарту ететін киімі. Онда біз қазір осы кәдені де жасамасақ болмас.
Мынау қораптардағы сыйлықты алу үшін, алдымен сұрақтарға жауап берулерің керек.
1. Мүшел деген не, алғашқы мүшел қай жастан басталады?
2. Мүшелге келгенде қандай той жасалады? Мүшел неше жыл сайын қайталанады?
3. Мүшелге келгенде қандай ырымдар жасалады? 2 мүшелге қай жаста толады?
4. Адам өмірі қандай кезеңдерге бөлінеді? 13-ке келгенде қандай өзгерістер болады?
5. Мүшелге толған достарыңа қандай тілек айтасың? Ұл бала туралы мақал айт.
-Балалар, сендер бүгін мүшелге келгенде жасалатын жоралғылар мен кәделер туралы білдіңдер.
Өмірдің бір белесін болдырған шақ,
Санасын нұрлы ақылмен толтырған шақ,
«13- те – отауға ие» деген қазақ,
Балиғатқа бас болдырған шақ ...
Барлық оқушы.«Тамаша» әнінің әуенімен ән айтады.
Тамаша бүгінгі күн біздер үшін
Аталып отыр міне бір мүшелім
Тамаша осы тойда ақ көңілден
Достардың ақтарылса ақ тілегі
Тамаша мектептің біз алды болсақ
Бауындай тонның ішкі тату болсақ
Тамаша болар еді сыныптастар
Тамаша бүгінгі күн, мүшел тойым
Балалық шақтан өтіп өскен ойым
Тамаша осы тойда ақ ниетпен
Ақтарса келген жиын жиға ойын
Тамаша ақылға ақыл қоса берсек
Біліммен биіктерге ұша берсек
Тамаша жақсылықпен ата - ананы
Қуантып, Адам атын иеленсек.
Түгел оқушы:
Сарыарқаның самалындай есеміз,
Тайсалмаймыз, талай сынды кешеміз.
Бізді
өсіріп, еркелеткен туған ел
Мақтан етер перзентің боп өсеміз!
Соңы.