Тәрбие сағаты: «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың негізі»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты: «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың негізі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың мамандық түрлері туралы түсініктерін кеңейту, педагогикалық мамандықтың маңызды екенін ұғындырып, мамандықтар туралы білуге деген ынта-ықыласын арттыру, барша мамандық иелерінің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өскемен қаласы әкімдігінің «№42орта мектебі»КММ

Сеитова Гульбану Турусбековна 3 «Д»сыныбының сынып жетекшісі


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың негізі»
Мақсаты: Оқушылардың мамандық түрлері туралы түсініктерін кеңейту, педагогикалық мамандықтың маңызды екенін ұғындырып, мамандықтар туралы білуге деген ынта-ықыласын арттыру, барша мамандық иелерінің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ассоциация құру ,
«ASHYQ ALAŃ» ток – шоу,

көрнекілік, сұхбат, ойын
Көрнекі-құралдар: интерактивті тақта, слайдтар, түрлі мамандық иелерінің құралдары

Тәрбие сағатының құрылымы:

I. Ұйымдастыру

II. Кіріспе. Тәрбие сағатының тақырыбын ашу

«Сұрақ – жауап» әдісі, ассоциация құру

III. Негізгі бөлім.

«ASHYQ ALAŃ» ток – шоуында мұғалімдер қонақта.

«Кімге ұқсағым келеді?» ойыны.

IV. Қорытынды.

Топтық жұмыс

Тәрбие сағатының барысы:
Кіріспе сөз:
Әзір ас жоқ дүниеде
Сабақ өзі оқылмайды,
Көйлек өзі тоқылмайды,
Тұқым өзі себілмейді,
Үйлер өзі салынбайды,
Кендер өзі табылмайды,
Кітап өзі жазылмайды.
Барлық істің батыры – біз,
Екі қол мен ақылымыз.
Осының бәрін кім істейді? 
Асты кім әзірлейді?
Сабақты кім береді?
Көйлекті кім тоқиды?
Тұқымды кім себеді?
Үйлерді кім салады?
Кенді кім табады?
Кітапты кім жазады?
Осы сөздерді бір атаумен қалай атаймыз? 
- Мамандық.

Мамандық деген не? Қалай түсінесіңдер? 
- Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

- Дұрыс айтасыңдар.

«Мамандықтың бәрі жақсы» ойыны арқылы топқа бөлінеді.(Әр мамандық иесі өзіне тиесілі құралдарын алады) аспазшы, мұғалім,дәрігер

  • Өз топтарын қорғау. «Аспазшы», «Мұғалім», «Дәрігер» ассоциация құру.

  • Жақсы, балалар, осы мамандықтардың барлығы кімнен білім алып шыққан?

  • Мұғалімнен, ұстаздан

  • Балалар, сендер білесіңдер ме, қазақтың тұңғыш ұстазы кім?

  • Ыбырай Алтынсарин

  • Әрине, өте жақсы.

  • Ал, өздеріңнің алғашқы ұстаздарыңды білесіңдер ме?


Олай болса, «Кәсіби сынып сағаты» қашықтық конкурсына арналған ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың негізі», яғни біз бүгінгі тәрбие сағатымызда мамандықтар туралы білімдерімізді кеңейтіп, олардың ішінде педагогикалық мамандық негізгісі екеніне тоқталамыз.

Негізгі бөлім.

«ASHYQ ALAŃ» ток – шоуында мұғалімдер қонақта.

«Кімге ұқсағым келеді?»(Балалар өздеріне сабақ беретін пән мұғалімдерінің қайсысына ұқсағалары келетінін айту)

  • Назарбаева Бақыт Муратовна, өзін – өзі тану пәнінің мұғалімінің роліне еніп,

Нұрға бөлену медитациясын өткізеді.

  • Әнуарбекова Назым Ерболқызына, ағылшын тілі пәнінің мұғалімінің роліне еніп, берілген суреттерді ағылшынша ататады.

  • Сергазинова Гульнар Орынбасаровна, орыс тілі пәнінің мұғалімінің роліне еніп, орыс тілінде өлең жолдары арқылы сергіту сәтін өткізеді.

  • Окимбаева Гульшат Кабиолдановна, музыка пәнінің мұғалімінің роліне еніп, Ұлы Абайдың 175жылдығына орай,Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындатады.

  • Даирбеков Дулат Тюлютаевич, дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне еліктеп,

акробатикалық жаттығулар көрсетеді.

  • Кемельбаева Назгүл Лунашаровна, мектебіміздің психологінің роліне еніп,

үлкен жүректі, сабырлы жандармен сыр – сұхбат жасайды.Ұстаздар алдарындағы жазылған нөмер бойынша тақтадағы гүлдерді алып сұрақтарға жауап береді.

«Сыр – сұхбат» сұрақтары:

  1. Ұстаздық өміріңіз сізге ұнай ма?

  2. Кешегі өзіңіз оқыған мектебіңіз бен қазіргі мектепте қандай өзгерістерді байқайсыз?

  3. «Ұстаз – мектептің жүрегі» деген сөзді қалай түсінесіз?

  4. Сабағыңызда оқушыңыз ұйықтап қалған кезі болды ма?

  5. Неліктен осы мамандықты таңдадыңыз?

  6. Ұстаздық өміріңіздегі жарқын белестер жайлы айтып берсеңіз?

Сіздерге көп рахмет. Біздің көкейіміздегі сұрақтарға жауап бергендеріңізге дән ризамыз.

Қорытынды.

  • Сынып жетекшісіне еліктеп, топпен жұмыс жүргізеді.

I топ. «Мұғалім» сөзінің әр әріпінен сөз жасау

II топ. «Мұғалім» бес жолды өлең құрастыру

III топ. «Мен ұстаз болғанда ...» жоба қорғау

Әр топ өз жұмысын қорғайды.

Ұстаз – ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,

  • деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымына ұқсағылары келген шәкірттеріміз жасай берсін.


Кері байланыс. «Ұстазыма гүл сыйлаймын»











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.11.2020
1595
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі