тәрбие сағаты Мұқағали Мақатев

Тақырып бойынша 31 материал табылды

тәрбие сағаты Мұқағали Мақатев

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты Мұқағали Мақатев
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мектеп: Атырау қаласы химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы жатақхана

Мерзімі: 5.02.2020

Тәрбиешілер: Абдигалиева Ж.Л

Қатысушылар: тәрбиешілер, оқушылар

Қатысқан оқушылар саны:____

Қатыспағандар:_____

Концепт (негізгі идея)

Мұқағали - поэзияның асқар шыңы

Тұжырымдамалық пайымдау:

Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттау; Ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру;

Бағыт:

Патриоттық , рухани адамгершілік тәрбие беру

Сабақтың тақырыбы:


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

- Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттау;

- Ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты патриоттық адамгершілік рухында тәрбиелеу, Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру;

·Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге ықпал ету

Сабақтың мақсаттары:

Жасбуынның тарихи танымдарын, дүниетанымдары мен сана – сезімдерін, өмірге көзқарасын қалыптастыру. Отанға, оның тарихына, мәдениетіне, дәстүріне, отбасына, қоғамға, еліне деген азаматтық жауапгершілікке тәрбиелеу

ОМ

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы алдына қойған мақсатына жетеді

Ұлы ақынды терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.

Мәнерлі сөйлеуге дағдыланады, ойлау қабілеті, шығармашылық ізденістері артады.

Өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамытады.

Пән аралық байланыс

тарих, қазақ әдебиеті,өзін – өзі тану

АКТ қолдану

АКТ мүмкіншіліктерін пайдалану (ноутбук)

Қосымша қолданылған әдіс

«Оқушы дарындылығын дамыту» бағдарламасының стратегиялары

Сабақта қамтылатын білім беру құндылықтары

  • жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға дегени құрмет;

  • командалық жұмыстарды орындау барысындағы ынтымақтастық;

  • өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;

  • топтық жұмыстар, кретаивті шығармашылық ізденістер барысындағы еңбек және шығармашылық;

  • білімін тереңдету, қажетті материалдарды табу, оған талдама жасау мақсатында өмір бойы оқу.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин.

Жаңа тақырыпқа қызығушылықты ояту кезеңі

Ой қозғау сұрақтары

1. Мұқағали нешінші жылы дүниеге келді?

2. Мұқағалидің туған жері.

3. Мұқағали Мақатаевтің әжесінің аты кім?

4.Анасының аты кім?

5.Мұқағали Мақатаевтің поэмаларын атаңыз

6. Мұқағали шығармаларының тақырыбы

Слайд

Негізгі бөлім

7 Мин

Ақынның өз даусымен жазылған өлеңдерін тыңдау

Ақын туралы деректер

Мұқағали Мақатаевтың балалық шағы қазақтың басына төнген қайғы-қасіреттің бірнешеуімен тұспа-тұс келді. 1932-33 жылдардағы ашаршылық кезінде ақын небәрі 1-2 жас шамасында болса, 1937 жылғы саяси қуғын-сүргін кезінде 6 жаста болады. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында Мұқағали Мақатаев 10 жастағы бала екен. Соғыстың салқын қабағы ақынның шаңырағына оңай соққан жоқ. Әкесі Сүлеймен қан майданда қаза тапты.

Болашақ ақын ер мінезді әжесі Тиынның тәрбиесін көріп, аңыз-ертегілермен сусындап өседі. Ол өзінің анасы Нағиманды жеңгесі сияқты қабылдап, Нақа деп атап кеткен. Мұқағалидің азат ойлы, ашық пікірлі болуына әжесінің тәрбиесі ықпал етті.

Мұқағали Мақатаев 14-15 жасында ақын болуға біржола бел байлап, қазақ әдебиетімен бірге әлемнің барлық классиктерін бір деммен оқып шығады. Соның ішінде Гейне, Гете, Шекспир, Данте, Бальзак, Драйзер, Гюго, Байрон, Лондон сияқты классиктерді жоғары бағалайды.

Ол өзінің заманындағы барлық адамның қолы жете бермейтін бірнеше оқу орнына жеке ізденісінің арқасында қабылданады. Алғашында ҚазМУ-дің филология факультетіне, содан кейін шет тілдер институтына, артынша ҚазМУ-дің заң факультетіне оқуға түседі. Жазушылар одағының жолдамасымен 1973 жылы Мәскеудің М.Горкий атындағы Әдебиет институтының студенті атанады.

Мұқағали Мақатаев еңбек жолын ауылдағы мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі болып бастады. Оның орыс тіліне жетік болуы, әлем әдебиетін оқуына септік болды. Кейін аудандық газетте тілші болып қызмет істеді. Ақын-жазушының басы қосылған рухани астанамыз Алматыға келіп, әдеби ортаға тап болады. Үлкен шаһарда пәтерден пәтерге, қызметтен қызметке ауысып, тұрмыс тапшылығымен бетпе-бет келеді. Бірақ, Мұқағали өзінің ақындық талантының пайдасын көп көрді . Жыл сайын кітабы шығып, қаламақыға қомақты қаржы алып отыратын еді. Оның талантты ақын екенін танып, бүкіл жұртқа «Қазақ әдебиеті» газетінде Әбділдә Тәжібаев алғашқы болып жария етеді.

Ақынның тағдыры оңай болмаған. Оның тұңғыш қызы Ләззат қайтыс болып, кейіннен сүйікті қызы Майгүл көлік апатынан қаза табады. Оның қыздарына арнаған өлеңдері қазақ әдебиетінің классикалық туындыларының қатарында тұр.

Мұқағали ауруға шалдығып, өмірінің аз бөлігі қалғанын дәрігерлерден біліп алады. Содан бар мүмкіндігін өлең жазуға арнап, 12 жылдың ішінде 8 жыр жинағы жарық көреді. Ақынның барлық тағдыры өзінің өлеңдерінде шынайы көрініс береді. Оның «Асығу керек, асығу керек қалайда! Уақыт саған қарай ма?!» деген өлеңі ауруға шалдыққан жылдары жазылған. Өмірге соншалықты ғашық болған ақын жаралы тәнімен қазаққа үлкен мұра қалдырды.

Ол жарты ғасырға жуық ғұмырында 1000-нан астам өлең, «Ильич», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек! Райымбек!», «Моцарт. Жан азасы» деген поэмалар жазды. «Құлпытас», «Марусяның тауы», «Өзгермепті», «Әже» әңгімелері мен «Қос қарлығаш», «Жыл құстары» повестерін, «Қош, махаббат» пьесасын жарыққа шығарды. Аударма салында да бақ сынап, Дантенің «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» деген бөлімін, Шекспирдің «Сонеттерін», Уолт Уитменнің өлеңдерін аударды.



https://www.youtube.com/watch?v=tHDr7qAgI



бейнебаян көрсетіледі

Қорытынды

5 мин.

«Ақын поэзиясына менің үлесім» – оқушылар өздерінің шығарған немесе ақынның кез келге өлеңін оқиды

Жексенбаева Гульжайна – М.Мақатаев «Отан»

Атиғолла Айханым – «Пай-пай өмір!»

Таңатова Ақерке - «Аласарып Ай батқан»

Баймағанбет Фарида - Мұқағалиға арнап шығарған өлеңін оқиды.






Сабақтың соңы: Түйін Кері байланыс 3 мин.

Өзіме не алдым?

Бүгінгі тәрбие сағатынан қандай түйін түйдіңіз?































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2024
209
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі