Тәрбие сағаты "Наурыз - жыл басы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Наурыз - жыл басы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Құжат үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Наурыз - жыл басы
Мақсаты: Балаларға Ұлыстың ұлы мерекесі Наурыз мерекесі жөнінде түсінік беру. Қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту. Халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып, қазақ халқының салт - дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйі, бесігі суреттер.

Тәрбиеші: - Құрметті ұстаздар, ата - аналар, балалар!
Көктем шуағы мол, адам баласына мол ырыс
- құт әкелетін мезгіл. Көктемде адамның аузы аққа тиетін, жерге егін егіліп, диқаншылардың жүздеріне шуақ кіретін, үлкен - кіші шаттанып қуанатын мезгіл. Бұл мезгілде аспандағы күннің шуағы молайып, жердегі қарды ерітіп, жер дүр сілкініп, көгере бастайды. Міне, осындай керемет көктемді мұсылман халықтары «жыл басы» деп санаған. Бұл күндері бар адамзат пен бірге табиғатта «наурыз» тойын тойлайды. Наурыз - бұл парсы тілінен аударғанда «наурыз» сөзі «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді.

Жаңа күн дегеніміз - адамдардың өткен жылдағы өкпе реніші басылып, жаңа күнді қайта бастауы. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген

мерзімі 22 наурыз күніне сәйкес келеді.

Енді балаларымыздың Наурыз мерекесіне байланысты

тақпақтарын тыңдайық:
Арай: Наурыз тойы салтымыз
«Көгерсін» деп халқымыз,
Көшеге тал егеді.

Бағымызда бұлбұлымыз сайрайды.

Сырым: Наурыз тойы - елдің тойы,
Көктем тойы - төлдің тойы.
Ән айтамын күні бойы,
Жақсы көрем Наурыз тойын.

Ақерке: Армысыңдар халайық!
Әркез аман болайық.
Наурыз тойын қуанып.
Жылда қарсы алайық!

Балнұр: Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа көгереді.
Соны тойлар ел енді.

Қуанышқа кенеледі.

Айбек: Бақыт тілеп жолдастарға, 

Жаңа өмірді қарсы алайық. 

Ақ көңілмен, ақ тілекпен, 

Асқақтата ән салайық. 

Ән: «Әлди-әлди» Қыздар тобы

Сәбиді бесікке салып әлди айтылады:

Асель: Әлди-әлди бөпешім,

Әлпештейін көкешім

Тербетейін жата ғой

Тәтті ұйқыға бата ғой.

Тақпақтар:

Азамат: Наурыз көктем, наурыз жыр,  

Ана мейрім, шуақ нұр.  

Жан иесін жаңартқан,  

Аққан бұлақ, нәзік сыр. 

У. Айнура: Наурыз дала, наурыз гүл,  

Тентек сезім, үнсіз тіл.  

Ақ қайыңның аясында айқасқан,  

Балуан білек, қыпша бел.  

Лейла: Қуанайық халайық,

Келді міне жар салып.

Жаңа жылмен тойлайық,

Би билейік, ән салып.

Қанат: Наурыз әлем, наурыз құс,  

Сұлу дала, сағым түз.  

Самғай ұшқан қарлығаш,  

Аққу қаздар мамық төс.  

Д. Айнура: Сәнді көктем нұрымен

Наурыз тойы жырымен

Көңіл гүлдей жайнасын

Наурыз тойы тойлансын

Сәбидің тұсауын кесу рәсімі:

Бауыржан: Қаз-қаз, балам, қаз, балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Тәй-тәй балам, тәй балғын,

Жүре қойшы жай балғын.

Қарыс сүйем қаз бастың,

Қадамыңнан айналдым.

Тақпақтар:

Еламан: Наурыз құтты болсын ағаларға,

Наурыз құтты болсын аналарға

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи

Наурыз құтты болсын баршаңызға!

Т. Кәусар: Ата - бабам тойлаған
Наурызым армысың
Қызығына тоймаған
Дархан дала, қырлы шың
Нұршат: Жақсылыққа бас болып
Алдымызға ас болып
Келген Наурыз құт болсын
Берері тағы мол болсын!

А. Кәусар: Наурыз жауын, наурыз сән,  

Әсем әуен, сазды ән.  

Қыз бозбала қыдырған,  

Жаcыл желек, көк аспан.  

Асель: Сәнді көктем - Наурыз!

Наурыз тойы - жырымыз.

Көңіл гүлдей жайнасын.

Құлпырсын күн мен ай.

Құтты болсын Наурыз!

Акылбек: Наурыз келді тойға ұласқан,

Наурыз тойы құтты болсын!
Ырыс толсын берекелі,

Өмір сүрсін бақытты елім!

«Арқан тартыс» ойыны

Шарты: Балалар екі командаға бөлініп екі жақтан арқанды тартысады. Белгіні тартып алған команда жеңіске жетеді.

Енді батаға кезек берейік:

Бахытбек: Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыстың ұлы күнінде

Ұлыс оңға қонсын.

Құтты болсын Наурыз!

Менің берген бұл батам,

Алланың құлағына салынсын!

Әумин!

Қорытынды: Бүгінгі «Наурыз - жыл басы» атты наурыз мерекесіне байланысты тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Сау болыңыздар.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2018
817
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі