400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Наурыз - жыл басы" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдерге керек. Тәрбие сағаттың мақсаты: 1) Білімділік: Оқушыларына Ұлыстың ұлы күнінің мән-мағынасын түсіндіру. Қазіргі қоғамдағы тіліміздің дәрежесін көтеру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дарьинск жалпы орта білім беретін мектебі



«Наурыз – жыл басы» атты бірлескен тәрбие сағаты

Shape2

Shape1

Өткізілді: қазақ тілі пәні

мұғалімі С.П. Горячева




«Наурыз – жыл басы» атты бірлескен тәрбие сағаты

4 сыныпта

Тәрбие сағаттың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларына Ұлыстың ұлы күнінің мән-мағынасын түсіндіру. Қазіргі қоғамдағы тіліміздің дәрежесін көтеру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды тілдік норманы сақтай отырып, дұрыс, анық сөйлеуге, өз ойын толық жеткізуге тәрбиелеу.



Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Наурыз – жыл басы»

Наурыз мейрамы— ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды. Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамыжәне жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.

«Ой қозғау»



КShape3 ластер сызу

Shape5 Shape4

наурыз







Shape7 Shape6





Shape8 Shape9







«Блиц-турнир»



  • Оқушыларды үш топқа бөлу, әр топқа сұрақтарды қою.



  1. Балалар, 22 наурыз қандай мейрам?



  1. Адамдар Наурыз мейрамда не істейді?



  1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қай тіл?



  1. Ал орыс тілі қандай тіл? (ұлтаралық қатынас тілі)



  1. Қазір біздің елімізде неше ұлт өкілдері турады?



  1. Қазақстанда қандай ұлт өкілдері турады?



  1. Олар қандай қарым-қатынаста тұрады? (достықта, келісімдікте)



  1. Қазақстан Республикасының Президенті



  1. Қазақстан Республикасының рәміздері



Өлеңдер сайысы



Кәне, достар, биле, биле,
Құлағың сал ән мен күйге.
Наурызды тойлағанда
Отырмаңдар босқа үйде.
Наурыз! Наурыз! Наурыз!



Таң шапағы қарсы алып наурызда,
Құт-береке тілейміз ауылымызға.
Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық,
Шат көңілмен бәріміз ән салайық.
Наурыз! Наурыз! Наурыз!
Құтты болсын!
Наурыз! Наурыз!
Құтты болсын Наурыз!

Тілеймін мен бар адамға

                                        Жана бақыт, жаңа жыр.

                                        Ата ,әже ,әке ,ана,

                                        Құтты болсын Наурыз!

Наурыз тойын әдемі,

Әжем еске түсірді,

Бізге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

                                         Ашылды да кебене ,

                                         Дәм әзірлеу басталды.

                                         Әжем наурыз көжеге,

                                         Жеті түрлі ас салды.

  Жарқырап тұр күніміз,

Жайқалсын жас гүліміз.

Бақта бұлбұл сайрасын ,

Сәнді көктем нұрымен.



Ұлттық ойындар



«Көтермек»

  1. Балалар шеңберге тұрады. Өз ерігімен сайысам дегендер екі бала ортаға шығады, бір-біріне құрамалар бойынша қарама-қарсы тұрады және қарсыласты өзінің арқасына көтеріп алуға тырысады. Ойын күшті дамытады. («Кто сильнее». Два игрока становятся друг к другу спиной, сцепливаются руками и каждый старается поднять себе на спину противника.)

  2. «Ұшты-ұшты». Ойын бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Ойын бастаушы негізінен адамдарды былайша жаңылыстырады:
    - Ұшты, ұшты – тарғақ ұшты! (ұшады).
    - Ұшты, ұшты – жарғақ ұшты! (ұшпайды).
    - Ұшты, ұшты – тырна ұшты! (ұшады).
    - Ұшты, ұшты – тырма ұшты! (ұшпайды).
    «Соқыртеке». Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған адамды – «соқыртекені» шы-ғарады. Шеңбер бойынша тұрған ойынға қатысушылар «соқыртекені» түрткілейді. Ол сол кезде түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуға тиіс. «Соқыртекенің» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған ойыншы «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді.



  1. «Теңге алу» - Қазақ ұлттық ат спорты. Ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Теңге ілу де ат спортына жататын ойынның бірі. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. Ойынға жасы 18-ден асқан адамдар ғана қатысады. Ол ертеде үлкендігі ақ тоқымдай киіздің үстінде 50, 20, 15 тиындық майда ақшаларды салып қоятын болған. Қазір тақыр жердің ойықтау тұсына ақ шүберекке түйілген зат тасталады. Ойыншылар қос тартпалы мықты ерттелген атқа мініп 30-40 метрдей жерден шауып бара жатып, ақ киіздің үстінде жатқан тиынды немесе ақ шүберекке түйілген затты еңкейе беріп, іліп алып кетулері керек. Аңшаны ат үстінен алған адам иеленіп кетеді. Қазір шүберекке түйілген тиын, не сондай кішірек затты ат үстінен еңкейіп көтеріп әкеткен адам жеңімпаз атаңып, жүлде алады.



























Кәне, достар, биле, биле,
Құлағың сал ән мен күйге.
Наурызды тойлағанда
Отырмаңдар босқа үйде.
Наурыз! Наурыз! Наурыз!



Таң шапағы қарсы алып наурызда,
Құт-береке тілейміз ауылымызға.
Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық,
Шат көңілмен бәріміз ән салайық.
Наурыз! Наурыз! Наурыз!
Құтты болсын!
Наурыз! Наурыз!
Құтты болсын Наурыз!

Тілеймін мен бар адамға

                                        Жана бақыт, жаңа жыр.

                                        Ата ,әже ,әке ,ана,

                                        Құтты болсын Наурыз!

Наурыз тойын әдемі,

Әжем еске түсірді,

Бізге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

                                         Ашылды да кебене ,

                                         Дәм әзірлеу басталды.

                                         Әжем наурыз көжеге,

                                         Жеті түрлі ас салды.

  Жарқырап тұр күніміз,

Жайқалсын жас гүліміз.

Бақта бұлбұл сайрасын ,

Сәнді көктем нұрымен.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
04.01.2019
1606
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі