Материалдар / Тәрбие сағаты: "Наурызым-мерекем, Наурызым-берекем!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: "Наурызым-мерекем, Наурызым-берекем!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты: "Наурызым-мерекем, Наурызым- берекем!" 6-сынып. Мақсаты: оқушылардың Наурыз мерекесі жөніндегі білген- түйгендерін толықтыру, мерекеде айтылған ұлағатты салт- дәстүрді дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2022
1049
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М енлибаева Жанар Балтабайқызы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сайрам ауданы, № 12 Т. Рүстемов атындағы

мектеп- гиназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



«Наурызым- мерекем, Наурызым- берекем!»

Мақсаты: оқушылардың Наурыз мерекесі жөніндегі білген- түйгендерін толықтыру, мерекеде айтылған ұлағатты салт- дәстүрді дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!», «Еліме қуат, халқыма шуақ бер, Наурыз!», « Наурызым- мерекем, Наурызым- берекем» сөздері жазылған плакат.

Слайдтан көктем көрінісі мен құстардың сайраған үні естіледі. Әсем «Көктем» әуені қойылады. Ортаға екі жүргізуші шығады.

1- жүргізуші:

Армысыздар жамағат!

Ару көктем әз Наурызым, ақ күнім,

Ала келген бар әлемнің шаттығын,

Қазан- қазан көже жасап,

Азан-қазан көңілменен күй кешу-

Біздер үшін бақ бүгін.

2-жүргізуші:

Наурыз келді нұрландырып дүниені,

Жерге басын алтын тәжді күн иді.

Бүкіл әлем жаңарып түрленеді,

Кәрі дала жасарып гүлденеді.

Жан дүниемде ғажап сезім оянды,

Ой да қыр да алуан түске боянды.

1-жүргізуші:

  • Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Ұлыстың Ұлы күні келді! Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

2-жүргізуші:Ұлыстың Ұлы күніне арналған 6-«А» сынып оқушылары дайындаған «Наурызым- мерекем, Наурызым- берекем» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші: Олай болса ортаға Күн ананы шақырайық.

Күн ана! Төрлетіңіз!

Атар таңға , батар таңға тәу-тәу!

Күн: О, қасиетті Жер ана! Алла тағаланың әмірін қалт жібермей орындап, адамзат үшін саған бас иемін. Мен сен үшін табиғат байлығына енген тау- тасыңнан, жан-жануарыңнан бастап адамзатына дейін қуаныш нұрын себу үшін өзіңнің гүл көктеміңді , Ару Көктемді ала келдім.

2- жүргізуші:

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тіршілікке Құтты болсын қуанышың, Ару көктем, Шақыратын бәрімізді бірлікке.

Көктем Ару:

Армысыңдар, халайық, бармысыңдар, халайық! Наурыз тойын жұп жазбай, жылда қарсы алайық. Өшкен шырақ жағылсын, көктемнің әрбір таңы, Қуанышпен, жақсылықпен ашылсын.

1-жүргізуші: Жылы сөзіне рахмет көктем. Бүгін Ұлыстың ұлы күні! Ендеше Наурыз мейрамының салтанаты- Наурызды ортаға шақырайық.

2-жүргізуші:

Наурыз келсе –құт келгені халайық,

Есік ашып шын жүректен

Ел болып қарсы алайық!

Күн Ана:

Зарыға күткен жаңа жылым-

Наурызым келді-ау!

Жаңа жылым жарылқа, ескі жырым есірке.

Ұрпақтарым аман өт,

Жамандық әрі кет әрі кет,

Наурыз батыр төрлет!

Наурыз:

Сәлем, Анам алтын күн,

Нұр шуағы халқымның.

Ашық болсын аспаным,

Аман болсын жас-кәрің.

Құт- береке молшылық,

Дари берсін жеріме.

1-жүргізуші: Рахмет, Наурыз батыр, Күн ана, Ару көктем. Тойымызға келген қадамдарыңызға нұр жаусын!

2-жүргізуші: Бүгінгі тойымыздың сәні мен әні болыңыздар. Қазір қыздардың орындауында « Көктем биін» тамашалаңыздар.

1.Көктем туралы тақпақтар айтылады

2.Би --«Көктем биі» қыздар тобы

3. « Наурыз көктем» әні / Дилнура, Назанин, Мухлиса /

(Осы кезде желдің дауысымен жағаласып, домалап ұшып сахнаға Қаңбақ шал шығады)

Қаңбақ шал:

  • Армысыздар ағайын! Осы мен қайда келдім ?

Жүргізуші: Амансыз ба, ата! Жол болсын!

Қаңбақ шал: Әлей болсын., балам! Осы мектепте Наурыз той болып жатыр деп естіп, бір топ қонақтар жолға шығып едік. Содан бір кезде алай –түлей жел тұрып бір құйын мені ұшырып ала жөнелгені. Содан көзімді ашсам, сендердің араларыңда отырмын.

Жүргізуші: Е, ақсақал сіз Қаңбақ шал деген ата болдыңыз ғой. Онда бағытыңыз дұрыс. Наурыз тойын тойлап жатырмыз, төрлетіңіз.

Қаңбақ шал: Әлгі келіпгі жолдастарым келік қалуы керек еді... неге кешікті екен?

(Осы кезде құйындатып мыстан кемпір келеді)

Мыстан кемпір: Әй Қаңбақ шал! Сен бұл жерге менен бұрын қалай келіп қалдың а?

Қаңбақ шал: Ә .... ойбай , Мыстеке, амансыз ба? Наурызың құтты болсын!

Мыстан: Не дейді мына месқарын? Наурызшылын өзінің.

Қаңбақ шал: Ие, мыстеке! Тойға бір топ достарыммен шығып едім.... жел ұшырып әкетті де, достарымнан адасып қалдым.қазір келіп қалар.

Мыстан: Қайдағы той. Мыналар не бітіріп отыр? Әй балалар, тараңдар, ешқандай той да тамаша да болмайды. Қазір қар жауады,үйлеріңе қайтыңдар, тонасыңдар,тез, тез.....

Жүргізуші : Мыстан әже, сәл сабыр етіңіз. Сіз шатасып тұрған секілдісіз. Қыс аяқталып, күлімдеп көктем келді. Бізге қонақтар келу керек.

Мыстан: Ешкімде келмейді. (Қаңбақ шалды көрсетіп) Мынаның лшілерін сиқырлап тастадым. Бәрі менің үлкен ұлым- Қара дәудің үйінде.

Қаңбақ шал: Не дейді, мына Мыстан?

Жүргізуші : Оларға қалай көмектессем екен?... Е, әне біреуі келе жатыр.

Тазша: Ассалаумағалейкум, халайық! Жылда осылай мерекені бірге қарсы алайық!

Қаңбақ шал: Шырағым, өзіңмен орта толсын!

Тазша: Е, Мен елге Тазша атанған , халқыма қылығымммен жаққан Тазша баламын. Әжеке-ау, тойды бастамай не істеп тұрсыз?

Қаңбақ шал : Мына Мыстан тойға келе жатқан қонақтардың бәрін сиқырлап ұйықтатып тастапты. Не істерізді білмей тұрмыз.

Тазша: (қуланып, көзін қысып) Айтпақшы, Мыстан әжеке-ау, өзіңізге мерекеде айтам деп өлең арнап едім.

Мыстан: өлеңің де өзіңі, өзің де өзіңі. Білем мен сендерді. Бәрің мені жек көресіңдер. Ана шалдан бастап мына балаларға дейін.

Тазша: Сабыр етіңіз әже. Алдымен тыңдап көріңізші.

О, халайық жараңдар, Әжемді кім жамандар? Ақ тістері маржандай, Сенбесеңдер, қараңдар. Келбетіңе көз салсаң, Көктемнің аппақ қарындай. Оймақ ауыз, күлім көз, Өзі сұлу, ақылды, Сүйкімді менің әжем ай.

Мыстан: Ой, айналып кетейін, Тазшамай! Өлеңің маған жағып барады. Тіпті жүрегіме де жеткендей. Шынымен де сұлумын ба? Қой болмас. Мен барып қонақтарыңды сиқырдан арылтып, осында жіберейін.

Жүргізуші : Тазша, мына айлаңа мың да бір рахмет. Осыншама өнерді қайдан үйреніп жүрсің? Қонақтар келгенше өтірік өлеңнің біреуін мына көреңмен қауымға айтып берші.

Тазша:

Ақ тауыққа мініп ап, Айға жеттім зымырап. Құйынынын тауықтың Кетті бұлттар ыдырап. Сүтін сауып торғайдың Жетім тайды өсірдім. Аққу жегіп арбаға Бүкіл елді көшірдім. Инеменен жер қазып, Су шығардым шөл жерге. Елекпен құм тасып Бөгет салдым көлдерге.

Жүргізуші : жарайсың, тазша. Өлеңің өзіңе жарасып –ақ тұр. Төрлет , тойымыздың қонағы бол.Балалардың әзірлеген өлең-жырларын тыңдаңыз.

Ән. «Эргеш» қушиги

Би. « Гулбаһарим» қыздар тобы

Тазша: Балалар, сендер ұлттық ойнауға қалайсыңдар? Қандай ұлттық ойындар білесіңдер?

Балалар: « Көкпар», «Теңге тастау», « Арқан тарту» т. б.

1-Жүргізуші: Тазша бала, біздің бабалар ұлттық ойындарды жақсы біледі, және жақсы ойнайды. Қазір оған өзің де куә боласың. Ал, балалар ойын ойнаймыз ба?

« Арқан тартыс», «Қол басу» ойындары ойнатылады. Жеңімпаздарға сыйлық беріледі.

2- жүргізуші: Қаңбақ ата, сіздің қонақтарыңызды Мыстан әже босатты ғой деймін. Мына келе жатқан сұлу биші қыздар емес пе?

Би. «Өзбектің жігіттері» ұлдар.

Ән «Шах майлар» хор

Осы кезде ішке құлағы қалқандай Тыңшы мен көзілдік секілді көз киген Көреген келеді. Тыңшы жерге жата қалып тың тыңдайды да, Көреген қолын маңдайына қояды.

Тыңшы: Е, өзім де бір нәрсені сезгендей едім. Той осы жақта болып жатыр екен ғой.Амансыңдар ма, балалар. Жата қалып тың тыңдасам дүбірлі тойдың дыбысы құлағыма келе қалды. Содан Көрегенге көзіңді салшы десем, ол да осы жақты көрсетті.

Көреген: Иә, той деген де қу бас домалайды дегендй, екеуміз осы жаққа ат басын тарттық. Амансыңдар ма көпшілік қауым?тойларың тойға ұлассын!

2- жүргізуші: Зарина: Амансыңдар ма, қонақтар! Дұрыс сезгенсіздер, Наурыз тойын тойлап жатырмыз. Балалар, бұл кісілер «Жеті алып» ертегісінің кейіпкерлері болады.

Тыңшы:

Құлағым жер мен көкке сүйретілген, Құлақ емес зор қанат иретілген. Үн тартар жеті қабат жер астынан, Алты әлемнің жұмбағы тыңдағаным.

Мен де бір ағаларың тілді алғыш, Кәдімгі жарғақ құлақ жер тыңдағыш. Тықыр түгіл сыбдырды жібермейді, Мен – Тыңшы, өтірікті біліп алғыш.

Жүргізуші:

Естідіңдер ме, балалар! Өтірік сыбдырдың бәрін естимін дейді.

Тыңшы: Ия, мендердің жаман сөздеріңдң, бір- біріңді балағаттаған сөздеріңді бәрін естимін.

Жүргізуші: Тыңшы, біздің балалар инабатты. Бір- біріне жаман сөз айтпайды. Солай ғой балалар. Өтірік айтпаймыз, мазақтамаймыз да.

Тыңшы: жарайды, бұлар тәрбиелі бала екен ғой.. Онда жазаламаймын.

Көреген: Бала едім бүлдіршіндей зерек, білгіш,

Күндізді, қараңғыны артық көргіш.

Алты айшылық алыстан тілдесемін,

Жолбасшы , қасиетті хабар бергіш.

Жүргізуші: Ой керемет! Сонда сіз де осы той болып жатқанын алыстан көріп келдіңіз бе?

Көреген: Иә. Көріп келдім. Анау. Алатаудың басынан көз салсам ұлан асыр той болып жатыр екен. Тыңшыға айтсам ол да дүбірді естіп отыр екен, содан осылай беттедік.

Жүргізуші: Көреген , сонда біздің балалардың не істеп жатқанын көріп тұрасыз ба?

Көреген: Әрине , көріп тұрамын. Кейде алысып- жұлысып жатқандарын, ағаштардың жапырағын жұлып, бұтағын сындырып жатқандарын да байқаймын.

Жүргізуші: Көреген, басқа көшедегі балалармен шатастырған шығарсыз, біздің балалар ағашқа тиіспейді, алысып- жұлыспайды да. Қайта ағаш көшеттерін отырғызып, оларды күтеді. Гүлзардағы гүлдерді суарып, табиғатты қорғайды.

Көреген: түрлеріне қарап өзімде сондай тәртіпті балалар ма деп тұрмын.

Жүргізуші: Тыңшы, Көреген төрлетіңізер! Біздің балалар шетінен өнерлі, өнерлерін тамашалаңыздар.

Балалар, ертеде аталарымыз ер- азаматтардың есейе келе жасаған ерліктеріне , қасиеттеріне қарап екінші ат қойған. Сыбырды, дыбысты сезгіш болғандықтан Тыңшы деп, алыстан көргеш болғасын Көреген деп қойған. Өнерімізді жалғастырайық. Біздің ішімізде батыр балаларымыз да көп. Соларды ортаға шақырайық.

Балалар ортаға шығып, балуан күреске түседі. Жеңімпаз оқушыға сыйлық беріледі.

Ән: « Сәлем саған, туған ел!» Акбараова Аружан

Би: « Самал жел» қыздар

Сахнаға басына ақ орамал таққан Ақ әже кіреді. Бір қолында Наурыз көже құйылған ыдыс, екінші қолында, құрт, ірімшік, бауырсақ.

Жүргізуші: Армысың, Ақ әже! Қош келдіңіз!

Ақ әже: Амансыздар ма, құлындарым! Наурыз мерекелерің құтты болсын.Осы жақта Наурыз мерекесі өтіп жатыр дегенді естіп , наурыз көжемді, құрт- майымды алып жеткен бетім еді.

Адал астан бұйырған Дәм татсын ел жиылған. Бидай салдым көжеге Мол болсын деп биыл нан. Тары салдым көжеге Болса екен деп жент көп. Күріш салдым көжеге, Болсын тойда палау деп, Ауыздан ақ кетпесін, Келген риза, кеткен тоқ, Құтты қонақ жесін ет.

Жүргізуші: Ақ әже, сізге көп- көп рахмет!

Балалар, наурызкөжеге салынған әрбір тағамды ырым етіп, жақсылыққа жорып салады екен. Біздің халық ырымшыл халық қой, жақсылықтар бола берсін.біз наурызкөжені топқа барып ішеміз. Той тарқамас бұрын Ақ әжеден бата сұрайық.

Ақ әже: А, құдай бере бер,Еліме береке бер.Баянды бақыт бер, басқа амандық бер. Ырыздығың үйден,Абыройың түзден болсын!Өмірлерің ұзақ,Еңбектерің жемісті болсын.Не істесең қабыл болсын,Құдай тілеуіңді белсін, әумин

Би: «Папури»

1-жүргізуші:

Бұл жыл баршаңызға естеріңізде қаларлықтай қымбат естеліктерге тола болсын. Көңілдеріңізге берке, ынтымақ, достық пен к.лкі ұяласын!Ұлыс оң болсын!

2-жүргізуші: Осымен Ұлыстың ұлы күніне арналған 6- «А» сынып оқушылары дайындаған «Наурызым- мерекем, Наурызым- берекем!» атты кешіміз аяқталды.

1-жүргізуші:

Ой қосылсын ойыңа, Бой қосылсын бойыңа. Аман- есен жетейік Келесі Наурыз тойына.

Бірге: Қош сау болыңдар!








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!