Тәрбие сағаты: «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты: «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні»

Материал туралы қысқаша түсінік
қосымша білім беру педагогтеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушылар шығармашылық үйі















Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні»

















«Жас ұлан» аула клубы

«Шебер қолдар» үйірмесінің

қ.б.б.педагогі: Джусибалиева Б.Л.













Тақырыбы: «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»

Мақсаты:Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, балалар, Наурыз мейрамы құтты болсын! Сіздерге денсаулық, бақыт тілейміз, ақ мол болсын! Олай болса бүгінгі наурыз мерекесіне арналған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сағатын бастайық!
Той дабылын қағып тұрған
Мұнда біз бар
Тыңдамағандарыңыз, тыңдаңыздар.
Наурыз тойы басталды,
Бір орында тұрмаңыздар.
Уа, жараңдар, жараңдар!
Көңілің бар алаңдар.
Ата менен анаң бар
Наурыз тойы басталды
Бәрің бері қараңдар.

Көрініс:Әжесі мен немересі

Әже: Махамбет, әжелерге көрістің бе, балам?

Баласы:Иә, әже, көрістім. Төлен атамдарға да кірдім.

Әже: Иманғали жезделерің де осы жаңа көрісіп шықты. Соларға бара ғой, құлыным. Түс болып қалды, үш үйдің есігін ашуға үлгермей қаларсың....

Баласы: Иә, әже, барып, көрісіп шығамын.

Әже: Әлгі Төлен кіріп шықпады ғой, жолым кіші демейді бұлар.

Келіні: Әжесі, бүгін келмесе, ертең кіріп көрісер.... Абыр-сабыр боп үлгермеген шығар, мүмкін келіп қалар.

(Осы кезде қонаққа өнерлі балаларын ертіп, әжей келеді)

Бибігүл әже: Сәлеметсіздер ме, Наурыз мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын! Ырыс – несібеміз арта берсін! Сәуле әжей, Наурыз мерекесі қарсаңында, өнерлі балаларымды ертіп, сізге арнайы көрісейін деп келе жатқан жайымыз бар. Балалар, әжелеріңізбен, қонақтармен көрісіңіздер.

Сәуле әже: Өркендерің өссін! Қош келдіңіздер! Төрге шығып, қонақ болыңыздар! Балалар сендер, осы Наурыз мерекесі, көрісу туралы не білесіңдер? Ендеше, мен сендерге өзімнің білгендерімді айтайын. (Сәуле әже әңгімелейді)

Балалар әжені тыңдайды.

Бибігүл әже: Әп, бәрекелді, білетінің бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз деген осы екен. Балалар, Сәуле әжеміздің әңгімесі өте керемет екен. Біз әжейге келе жатқанда, мерекеде өнер көрсетеміз деп келген болатынбыз. Ендеше, не отырыс, өнерімізді көрсетейік.

Жүргізуші: Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп келе жатыр маңайды.
Мал біткеннің бал татыған уызы,
Қуат болып қанымызға тарайды.
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.
Олай болса Сандыбаев Әділеттің орындауында Құрманғазының
«Адай» күйі, қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:Наурыз мерекесіне арналған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

Жансая: Наурыз айы келгенде,
Күн шуағы шашылып.
Жылғалардан су ағып,
Ақ әжелер құлпырып.
Наурыз көже пісіріп,
Қонақтарға тартамыз.

Хафиза:Ақ қар кетіп қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп,
Шаруаның ұлы кенелген,
Күн мейрамы ежелден—
Құтты болсын бұл Наурыз

Жүргізуші:Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй, демекші
«Наурыз» әнімен Жаулыбай Шахазза және Шұғыла қыздарымызды ортаға шақырамыз.

Аяжан:Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме,
Байлық, бақыт тілеймін.
Бүкіл қазақ еліне.

Эльвира:Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.

Жүргізуші:Ақ тілек бейбітшілік заман болсын!
Елім, жұртым қадірлі аман болсын!
Туғандай бір анадан жамағаттар,
Достыққа берік, мықты адал болсын!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Жүргізуші:Көшкінбай Нұрайдың орындауында «Қара жорға» биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Халық әні «Қоғалы- ай» орындайтын Жәнібек Жәния.

Жүргізуші:Тойымызды аша түсу үшін, біз ұлдар арасында ұлттық ойын ұйымдастырмақшымыз. Ойын «Күш сынаспақ» деп аталады. Екі бала ортаға шығып, қолдарымен күштерін сынайды.

Жүргізуші:Ұлы халқым есептескен
Ата салтын ешкім теппеген, аттап кетпеген
Мың пәледен құтқарады бір бата
Адам болмас бата естіп өспеген, - деп қазақта батаны көбінесе ер адам береді, міне біз де арамыздағы ұлдарымыздың бірінен бата беруін сұраймыз.
Ұлыс бақты болсын.
Әр күніміз жақсы болсын
Достығымыз берік болсын.
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын.
Қайда барсаң, жол болсын.
Ұлыс бақты болсын
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін.
Пәле-жала жерге енсін.      
Қайғы-уайым жоқ болсын.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын

Барлығы: Әумин!

Жүргізуші: Ән қосылсын сәніңе!
Ырысты боп жаңа жыл!
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа
Бас қосылып бойыңа
Аман-есен жетейік
Келер Наурыз тойына, - деп бүгінгі наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға көп рақмет. Сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.06.2021
513
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі