Нұр төккен, гүл
көктем.
Тәрбиеші:
Армысыздар құрметті қонақтар, апайлар.
Нұр төккен, гүл көктем атты
ертеңгілігіміздің ашылу
салтанатына қош
келдіңіздер!
Апалығымыздың ашылу
салтанатының сөз кезегі уақытша мектеп
директорының
міндетін атқарушы Каренеева
Ғазиза Алпыспайқызына береміз.
Олай болса апталығымыздың
ашылуына арналған шағын концерттік
бағдарламамызды бастауға
рұқсат етіңіздер.
Хор:
Ән
ұран.
Балалар:
Шаттық
шеңбері.
Арайлап таң
атты,
Алтын сәуле
таратты.
Жарқырайды
аулымыз,
Жарқырайды
балабақшамыз.
Қайырлы таң
қонақтар,
Қайырлы таң
апайлар.
Біз ерекше
баламыз,
Айтқан тілді
аламыз.
Досымызды
көргенде,
Қуана қарсы
аламыз.
Самғат:
Сәлемдесе
білетін,
Мен әдепті
баламын.
Сауат ашып
бақшадан,
Білімге бастау
аламын.
Айару:
Білім
ғана көтерер,
Биігіне
адамды.
Көзін ашып
үйретер,
Жақсы мен
жаманды.
Нұрзат:
Жамандықтан жирентіп,
Жақсылыққа
үйреткен.
Тілімді таза
сөйлетіп,
Ән салдырып
билеткен.
Ерасыл:
Думандатып бақшада,
Қызықты той
бастайық.
Келіңдер енді
бірігіп,
Жаттығу жасап
тастайық.
Жаттығу
биі: Нәй-нәй.
Балнұр:
Ертеңменен ерінбеймін,
Балабақшама
келемін.
Көп жайлардың сырын
ұғып,
Аты-жөнін
білемін.
Толғанай:
Бәрін
өзім талаптанып,
Үйренемін
бақшадан.
Балапанмын
білімімен,
Биік ұшар
басқадан.
Жаннұр:
Мен
әдепті баламын,
Биыл беске
толамын.
Қурет алып, сурет
салып,
Бірге өсті
талабым.
Ақмаржан:
Ал мен
болсам, бестен асып,
Алты жасқа
толамын.
Буынды қосып
сөздерден,
Сөйлем құрай
аламын.
Тәрбиеші:
Балалар
мен сендерге коммуникация саласы бойынша
сұрақ қойып білімдеріңді
тексеріп көрейін.
Бірінші:
Бір жылда
қанша мезгіл бар?
Балалар: Төрт мезгіл
бар.
Тәрбиеші:
Кім
айтады қандай мезгілдер?
Балалар:
Жаз,күз,
қыс, көктем.
Тәрбиеші:
Дұрыс
айтасыңдар балалар.Қазір қай мезгілі?
Балалал:
Көктем.
Тәрбиеші:
Көктем
мезгіліне қай айлар жатады?
Балалар:
Наурыз,
сәуір, мамыр.
Тәрбиеші:
Көктем
мезгілінде қандай мерекелер болады?
Балалар:
Аналарымыздың мерекесі,қазағымыздың жаңа
жылы,жеңіс
күні,бірінші мамыр ынтымақ
күні.
Тәрбиеші:
Дұрыс
айтасыңдар балалал. Олай болса әнімізді айтып
жіберейік
Хор:
Асқар
тауым шалқар көлім.
Тәрбиеші:
Балалар,
біз енді көп нәрселерді білдік.Ненің жақсы, ненің
жаман екенін ажырата алатын
қалге жеттік.Енді біз мектеп
деген үлкен жолға қадам
басқалы тұрмыз.
Ендеше, балалар қазір біз
өзіміздің балалардың бойындағы қасиеттері
жайлы не айтар екен тыңдап
көрейік.
Сөз кезегін «Дұрыс па осың»
атты диалогымызға берейік.
Абдулах:
Жүрмін
бәрін жоғалтып,
Балабақша
ішінде.
Кітап жыртық, киім
кір,
Өнбей қойды
ісімде.
Жаннұр:
Өзің
айтшы
Дұрыс па
осың?
Жалқаулықты тасташы
досым.
Айым:
Қараймын
да айнаға,
Таң қаламын
өзіме.
Шашбауымды
жоғалтып,
Шашым түсті
көзіме.
Әділбек:
Өзің
айтшы,
Дұрыс па
осың?
Жалқаулықты тасташы
досым.
Айару:
Құрбыларым келіңдер,
Маған көмек
беріңдер.
Өнер білім
үйренер,
Мектепке
жіберіңдер.
Ерасыл:
Жаса
досым көмектесеміз,
Мектебіме бірге
кетеміз.
Би:
Қуыршақ.
Тәрбиеші:
Енді
балалар таным саласы бойынша қарапайым
математикадан не
үйренгенімізді ортаға салайық.
Бірден оңға дейін санау,кері
санау.
Бір аптада қанша күн
бар?
Балалар :
Санайды,
айтады.
Тәрбиеші:
Балалар
мынау қандай пішіндер?
Балалар:
Төрт
бұрыш, үшбұрыш, домалақ.Енді осы үшбұрыштан
кім үй құрастырып
береді?
Ән: Лағым-ау ,
лағым.
Би:
Вальс
Қорытынды: Құрметті бүгінгі
апталығымыздың ашылуына келген
Қатысушы
қонақтар.
Сіздерге көп , көп рахмет айта
отырып
Сөз кезегін «Айгөлек» шағын
орталығының бас тәрбиешісі
Есенова Нурпия Қыдырәліқызына
береміз.
Зейін қойып тыңдағандарыңызға
рахмет.
«№2 Жамбыл атындағы орта
мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық
мекемесі».
«Айгөлек» шағын
орталығы.
Ертеңгілік
Тақырыбы: Нұр төккен, гүл
көктем.
Тәрбиеші: Кумабекова Жанат
Жалгасбековна