Тәрбие сағаты "Ол кім? Бұл не?"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Ол кім? Бұл не?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналаған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ол кім? Бұл не?

Сынып: 4 «А»

Мақсаты: Оқушылардың кітапқа құмарлығын арттыру, өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.Ой-өрісін,тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу.

Түрі: зияткерлік ойын.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: — Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар! Сайыстан тыс қалмаңыздар! Мұнда қызық табылар, Білім нұры шашылар. Ақыл, тілі дамыған, Үлгі алайық 4 а-сынып оқушыларынан! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен  2-ші сынып оқушыларының арасында  «Ол кім? Бұл не? » зияткерлік ойынын өткізгелі отырмыз.

Топқа бөліну. Қызыл түс – Алғырлар Көк түс – Тапқырлар

Сайыс 4 бөлімнен  тұрады. І бөлім  — “ Кім білгір?”. ІІ бөлім – “Полиглот”. ІІІ бөлім – “Озық ойлы оқушы”

І бөлім – “Кім білгір?” Шарты: 5сұрақ, әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

Қарап тұрмай  бәйгеге  еріңіз, Шәкірттерге  әділ  шешім  беріңіз. Жүзден  жүйрік, мыңнан тұлпар  шығарар , Бәйге, бәйге, бәйгелерді  көріңіз .



1. .Қойдың төлі(қозы)

2.Қара алтын деген не?(көмір)

3.Киіз үйдің қабырғасын қалай атайды?(Кереге)

4.Сенің әкеңнің шешесі кім болады?(Апа)

5.Кекілік құс па,жануар ма?(Құс)



1..Қазақтың ұлттық ойындары?(арқан тартыс,орамал тастау,асық ойнау)

2.Қыста түрін өзгертпейтін ағаш(шырша)

3. Қазақша жылдың басы не?

4. Жылқы төлі (құлын)

5..Жеті күн(апта)



ІІ бөлім – “Полиглот”. Шарты: 3 жұмбақ, әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.



Шарты: Жұмбақтардың шешуін тауып, жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айту.



Келді  кезек  жұмбақты  шешуге, 

Жауаптарын  беруге  екі  тілде.

Игерсеңіз қазақ, орыс, шет тілін

 Жақсы баға өздеріңе несібе.



  1. Мен – ақ қалам, ақ қалам,

Жазған сайын жоқ болам. ( бор – мел)

  1. .Күндіз бәрі қашады, түнде аспанды басады. ( жұлдыз – звезда)

  2. Ағайынды бәрі. Шықса жасыл, Түссе сары. ( жапырақ – листья)

  3. Шидиген ұзын сирағы, тастай керең құлағы. Сөйтіп жүріп көп жерге, Аспалы торлар құрады. ( өрмекші – паук)

  4. Жазда қыдырады, қыста тынығады. ( аю- медведь)

  5. .Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. ( қар – снег )



ІІІ- бөлім. . « Озық ойлы оқушы»

«Ол кім?» Шарты: Суреттегі адамды атау, 1 ұпай

«Бұл не?» Шарты: Көрсетілген заттарды атау, не үшін пайдаланады? 1 ұпай

Қорытынды:

Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы өнерді сөндірмей,
Біліміңмен шарықтай бер әрдайым.

Сайыс нәтижесімен таныстыру

Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ - дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман - сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.05.2021
1650
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі