Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағаты: "Өнер -білім бар жұрттар"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Өнер - білім бар жұрттар»
Мақсаты:
1. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру. Оқушылардың жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту.
2. Сыни тұрғыдан ойландыру арқылы түйінді ой айта білуге, өзіндік пікірін қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
3. Оқушыларды талаптылыққа, білімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі: шығармашылық сабағы
Тәрбие сағатының әдісі: сын тұрғысынан ойлау, мәнерлеп оқу, ән айту, би билеу, сахналық қойылым.
Көрнекілігі: слайдтар, суреттер, қуыршақтар, көрме заттары.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
1841 - 2021 жылы ұлы ағартушы , ұстаз – жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл.
Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Өнер – білім бар жұрттар». Тәрбие сағатына қызығушылықпен, ізденіспен қатысайық.
Жүргізуші:
-
Құрметті оқушылар және қадірлі қонақтар!
4 «Г» сыныбының «Өнер- білім бар жұрттар» тақырыбындағы шығармашылық тәрбие сағатына қош келіпсіздер!
Ендеше тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Ән: «Мектебім, аяулы мектебім!»
Орындайтын: Мұрат Айнұр
Жүргізуші:
Алтынсарин- мазмұнды өмір әні,
Үлгі болып алдыңнан жолығады.
Шырт ұйқыдан оятқан бабамызды
Алтынсарин – даланың қоңырауы.
Бүкіл қазақ елінің ұстазы, ұлы тұлға Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толып отырған мерейтойымен құттықтай отырып, Ыбырай Алтынсариннің өмір жолынан мәлімет тыңдайық.
Нұрсила, Тоғжан:
Ыбырай туралы мәлімет
Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай қаласында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының белгілі би Балқожаның
қолында тәрбиеленді. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық
тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.
Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы, ғалым
В.В Григорьевпен жақын танысып алды.
Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар жазушының бірі-Ыбырай Алтынсарин. Ол – заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог жазушы, қазақ балалары үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұңғыш қазақ мектебін ашушы. Қазақ елін қараңғылық бұғауынан алып шығып, көзін ашып, көкірегін оятуды көздеген халық қамқоршысы. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады.Алған білімін өз халқының пайдасына асыруға талпынды.
Жүргізуші
-
Ал ендеше өлең шумақтарға кезек берейік! Қаншалықты Ыбырайдың өлеңдерін жатқа білетінімізді тексерейік.
-
«Кел, балалар, оқылық!» өлеңін мәнерлеп оқыту.
-
К
Ақ, қараны танымас.
Аяңшыл ат арымас,
Білім деген қарымас.
Жөн білмеген наданға
Қыдыр ата дарымас.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқу деген шыны – ды,
Тұрған сайын шыныққан.
Оқу білген адамдар
Май тамызған қылыштан.
Білмегенді білуге
Есті бала тырысқан,
Есер бала ұрысқан.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Әлпештеген ата–ана
Қартаятын күн болар.
Қартайғанда жабығып,
Мал таятын күн болар.
Ата–енең қартайса -
Тіреу болар бұл оқу,
Қартайғанда мал тайса
Сүйеу болар бұл оқу.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқу білген таниды
Бір жаратқан құдайды,
Танымаған құдайды
Не ғылғанда ұнайды?
Шырағым абай болгай деп,
Ата–енең жылайды,
Баладан қайыр болмаса,
Баланы неге сұрайды.
ел, балалар, оқылық
Бір Аллаға
сиынып,
Кел, балалар,
оқылық,
Оқығанды
көңілге,
Ықыласпен
тоқылық.
Істің болар
қайыры
Бастасаңыз
Аллалап.
Оқымаған
жүреді
Қараңғыны
қармалап.
Кел, балалар,
оқылық,
Оқығанды
көңілге
Ықыласпен
тоқылық.
Оқысаңыз,
балалар,
Шамнан шырақ
жағылар,
Тілегенің
алдыңнан
Іздемей-ақ
табылар.
Кел, балалар,
оқылық,
Оқығанды
көңілге
Ықыласпен
тоқылық.
Мал дәулеттің
байлығы,
Бір жұтасаң жоқ
болар,
Оқымыстың
байлығы,
Күннен- күнге көп
болар,
Еш жұтамақ жоқ
болар.
Кел, балалар,
оқылық,
Оқығанды
көңілге
Ықыласпен
тоқылық.
Сиса көйлек
үстіңде
Тоқуменен
табылған.
Сауысқанның
тамағы
Шоқуменен
табылған.
Өнер-білім бәрі
де
Оқуменен
табылған.
Кел, балалар,
оқылық,
Оқығанды
көңілге
Ықыласпен
тоқылық.
Надандықтын белгісі
-
Еш ақылға
жарымас.
Жайылып жүрген
айуандай
Өнер-білім бар жұрттар
Ө
Ат өнері
білінбес
Бәйгеге түсіп
жарыспай;
Желкілдеп шыққан көк
шөптей
Жаңа өспірім
достарым,
Қатарың кетті-ау
алысқа-ай,
Ұмтылыңыз,
қалыспай.
Біз надан боп
өсірдік
Иектегі
сақалды.
Өнер – жігіт көркі
деп
Ескермедік
мақалды...
Біз болмасақ сіз
барсыз,
Үміт еткен
достарым,
Сіздерге бердім
батамды.
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр
арбаны
Мың шақырым
жерлерге,
Күн жарымда
барғызды.
Адамды құстай
ұшырды;
Мал істейтін
жұмысты
От пен суға
түсірді;
Отынсыз тамақ
пісірді,
Сусыздан сусын
ішірді.
Теңізде жүзді
балықтай,
Дүниені кезді
жалықпай,
Білгендерге
осылар
Бәрі - дағы
анықтай,
Білмегенде
танықтай;
Біз де бекер
жатпалық,
Осыларға
таныспай;
Өзен
Таулардан өзен ағар
сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп
жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір
қалыпта,
Аралап тау мен тасты
арқыраған.
Көңілің суын ішсең
ашылады,
Денеңде бар дертінді
қашырады.
Өксіген оттай жанып
жануарлар
Өзеннен рақат тауып
басылады.
Қынарда тілсіз тұрған тоғайлар
да
Шуылдап желмен бірге бас
ұрады...
Он мың мал айдап өтсең лай
қалмайды,
Тасыса су бармаған сай
қалмайды.
Тасыған өзен судың
қуатымен
Көк шығып шөп бітпеген жай
қалмайды.
Ел қыстап күн көреді
жаныбында,
Дәм болар алуан - алуан
балығында...
Тас таста, алтын таста
сынамаққа,
Сонда да аққан өзен
қалыбында.
Құдіретін құдайымның көресін
бе?
Не нәжіс тоқтар өзен
денесінде...
Арыстан демалуға суға
кірсе,
Балықтар шымшып ойнар
терісіне..
Жүргізуші: Алтынсарин – қазақтың жарық шамы,
Ойлағаны аяулы халық қамы.
Жап-жасыл жайқалатын жапырағы,
Алтынсарин – елімнің алтын бағы.
«Балдырған» қуыршақ театрының қойылымы
«Баланың айласы» Ы. Алтынсарин.
Күтілетін нәтиже: Бұл көріністен өзіндік пікірін қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерінің көзін шығармалар оқиғалары негізінде аша отырып, мейірімділікке, талаптылыққа, еңбексүйгіштікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Баланың айласы
Ыбырай Алтынсарин
Бір әлім адам жапанда келе
жатып, аяғы астында бір үлкен тасқа сүрініп жығылып, ойлады: бұл
тас адамға зиян келтіретін тас екен, жолдан алып тастайын деп. Сол
оймен тасты көтеріп еді, астынан бір сандық шықты, сандықты ашып
еді, ішінен бір жылан шығып, шағамын деп әлімге ұмтылды, әлім
айтты:
- Мен сені қараңғы, тар жерден, тұтқыннан
шығардым, жақсылыққа жамандық бар
ма?
Жылан
айтты:
-
Бар.
Әлім
айтты:
- Олай болса біреуге жүгінелік, төре саған
тисе шағарсың,- деп.
Жылан да бұл сөзге тоқтап, екеуі келе жатып,
түйеге жолықты. Түйеге бұлар істерінің мәнісін айтып еді, түйе
айтты:
- Жақсылықка жамандық бар; не үшін десеңіз:
мен адамның қанша ауыр жүгін, мүлкін тасып, өмірімше қызмет істесем
де, адам қай уакытта шамамнан тысқары жүк артады да, жүре алмасам
ұрып-соғып
ренжітеді.
Жылан мұны есітіп, әлімнің мойнына бір
оралды. Мұнан шығып жеміс ағаштарына келіп жүгінді. Бұл ағаш та
айтты:
- Жақсылықка жамандық бар; не үшін десеңіз:
менің жемісіммен қанша адам күн көріп пайдаланып тұрса да,
жемісімді жан ауыртпай қолымен алмай, түбімнен қатты орып,
жемісімді жерге түсіріп алып жейді,-
деді.
Жылан әлімнің мойнына тағы бір оралды. Онан
кетіп бір итке
жолығысты.
Ит те
айтты:
- Жақсылыққа жамандық бар, мен иеме қанша
түн-күн ұйықтамай мүлкін, малын, өзін бағып қызмет қылып