тәрбие сағаты "Өрт - тілсіз жау"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

тәрбие сағаты "Өрт - тілсіз жау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Естеріңде болсын: «Отпен ойнама күйерсің», «Өрт –тілсіз жау».
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шалқар ауданы,Сарысай негізгі орта мектебі

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

Жубатканова Гулдана Кеулимжаевна

Тақырыбы:«Өрт - тілсіз жау!»

Тәрбиеші: Біреу есікті қақты , қызық екен ,келген бұл кім екен?

Тәрбиеші: Өрт сөндіруші

Өрт сөндіруші: Сәлеметсіздерме , балалар жарайсыңдар, мені біліп қойдыңдар.Өрт сөндіру бөлімшесі туралы айтып бергенімді қалайсыздар ма?

Өрт сөндіруші: Біздің пәтерлерде, балалар тез жанып кетуі мүмкін қауіпті заттар көп, сондықтан барлық үлкендер және балалар отпен өте сақ болулары қажет.Ауқымды жиҺаз, киім, ойыншықтарын және адам да жанып кетуі мүмкін.Балалар , егер бұндай өрт болған жағдайда біз қайда телефон соғуымыз керек?

Балалар: Өрт сөндіру бөлімшесіне

Өрт сөндіруші: Қандай нөмірге? (101)

Әр азамат біледі,

Өрт кезінде, өрт кезінде

«101-ді» тереді.

Өрт сөндіруші: Бұл нөмерді бірге теріп көрейік.

Балалар: Телефоннан 101 нөмерін тереді.

Өрт сөндіруші: Өрт сөндіретін машинаны қалай атайды?

Балалар: Ойыншық өрт сөндіретін машинасын көрсетеді

Өрт сөндіруші: Қарап өрт сөндіру машинасы басқа машиналардан ерекшеленетінін айтыңдар.

Балалар:Ол қызыл түсті,сатысы бар, жүріп бара жатқанда дабыл шығады.

Өрт сөндіруші: Дабыл қалай? (У-у-у, у-у-у)

Тәрбиеші: Өрт сөндіретіндерді қалай атайды?

Балалар: Өрт сөндіруші

Тәрбиеші: «Өртті сөндіру» ойыны.Екі команда тұрғызылады (5 адамнан ).Шартты сигнал бойынша ойыншылар бір сыйымдылықтағы суды шелекке құйып,қолдан қолға береді.Соңғы ойыншы суды бос сыйыддылыққа құяды.Суды төкпей,тез бос сыйымдылықты толтырғандар жеңеді.

Өрт сөндіруші: Өрттің шығу себептері:

1.Шылымның тұқылын сөндірмей тастаса;

2.Шырпымен ойнаса;

3.Үтікті қосып кетіп қалса;

4.Газды ашық қалдырып кетсе;

Тәрбиеші: Ойын : «Болады - болмайды»Ойынның шарты:Қолдарыңа бағдаршам алыңдар .Қызыл түсті –болмайтын жағдайда көтересіңдер,ал жасыл түсті- болатын жағдайда көтересіңдер.

Өрт болғанда 101 нөміріне қоңырау шалуға.......................

Жанып тұрған сіріңкені тастауға .................

Үлкендерді айқайлап көмекке шақыруға................

Өрт шыққан жерде қалуға ................

Өрт кезінде керует астына , шкаф ішіне тығылуға ................

Өрт кезінде жарға, еденге су шашуға.................

Қорықпай өрт сөндірушінің айтқанын тыңдауға ...................

Өрт кезінде газды ,жарықты,тоққа қосылатын құралдарды қосуға.....................

Тәрбиеші:Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады.Бүгін сендер оттың дос та ,жауымыз да бола алатынына көз жеткіздіңдер.Естеріңде болсын: «Отпен ойнама күйерсің», «Өрт –тілсіз жау».















Сарысай негізгі орта мектебі















«Өрт- тілсіз жау!»









Орындаған: Жубатканова Г





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.00.2018
5157
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі